Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 12:20, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде, олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

Автоколикти багалау жана нуска.docx

— 123.41 Кб (Скачать файл)

Өндіріс факторлары әсерінен құнның қалыптасу қағидасы келесіге негізделеді.Бағаланатын көлік кешені , оның көмегімен қандай да бір өнім өндіріледі немесе қандай да бір жұмыс орындалатын кәсіпорын өндіріс жүйесіндегі ішкі жүйе ретінде қарастырылады.  Таза табыс — барлық төрт факторлардың әрекеттесу нәтижесі, сондықтан табысты бағалау негізінде барлық өндіріс жүйесінің құны анықталады. Көлік кешенінің құнын бағалау үшін оның барлық жүйені қалыптастырудағы бөлігін (үлес) анықтау арқылы немесе қалдық тәсілін қолдану арқылы, яғни ізделіп отырған кешен құны барлық жүйе құнынан басқа активтер (жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, материалдық емес активтер және гудвилл) құнын алып тастау арқылы анықталады.

Үлес қағидасы көліктер мен жабдықтарға қатысты қолданылады, оның негізі мынада объектінің қызмет теу мүмкіндігін кеңейтетін қосымша құрылғылармен объектіні жабдықтау осы құрылғыларды сатып алу мен орнату шығындар көлемі объект құнын арттыруға әкелмейді. Қосымша құрылғылардың объект құнының өсіміне үлесі осы құрылғыларды пайдаланудан объект қызметінің табысы қаншаға арттатынымен анықталады. Мысалы, егер технологиялық көлікны қосымша операцияларды автоматизациялау үшін роботпен жасақтаса, онда алынған технологиялық кешен құны оның қызмет ету табысына әсер ететін өнімділік, сенімділік, экономикалық және де басқа да көрсеткіштермен анықталады. Сонымен, көлікға кез келген қосымша элементтерді қосу алынған көлік құнының өсімі осы элементтерді сатып алу шығындарынан артық болғанда өзін ақтайды.

Теңгеру (пропорционалды) қағидасы көліктер, жабдықтар мен көлік құралдарына қатысты қолданылады, оны былай түсіну қажет көлік кешеніне кіретін барлық объектілер бір бірімен жіберу қасиетімен және де басқа да сипаттамаларымен келесілген болуы керек. Осы қағиданы сақтамағанда кешенге бір немесе бірнеше объектілерді қосу  өндіріс қуаттылығын оң өсімін бермейді, демек көлік кешенінің құнын да арттырмайды.

Ең жақсы және ең тиімді пайдалану қағидасы объект құнын бағалауын іске асыру ең жақсы және ең тиімді пайдалану шартын қанағаттандыру міндетті. Көліктер, жабдықтар мен көлік құралдарына қатысты  осы қағидаға сәйкес көліктер тікелей бағытталуына сәйкес пайдаланылатыны, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу ережелері сақталатыны, пайдаланудың оңтайлы тәртібі сақталатыны, жұмыс персоналының сәйкес квалификациясы бар деген жорамалмен кез келген көлік бағалануы тиіс. Бұл қағиданы сақтау қиыншылықтары мына жағдайлар: бірнеше пайдалану шеңбері бар немесе көп функционалды объектілерді бағалағанда туады. Мысалға, трактор құрылыста, ауыл шаруашылық жұмыстарында, өндірістік кәсіпорындарда пайдалануы мүмкін. Трактордың табыстылығы әрбір пайдалану ортасында әр түрлі, соған сәйкес бағаланатын құн да әр түрлі болады. Тракторды бағалау үшін пайдалану ортасының негізі ретінде бағалаушы осы көлікның функционалды мүмкіндіктерінің толық іске асырылатын ортасын алады.[4]

Үшінші топқа нарықтық ортамен тікелей байланысты қағидалар кіреді.

Оған ең жақсы және ең тиімді пайдалану  қағидасы кіреді.

Ең жақсы және ең тиімді пайдалану  қағидасы – бұл жоғарыда қарастырылған  үш категориялар синтезі. Ең жақсы және ең тиімді пайдалану қағидасының  анықтамасын келесі түрде беруге болады: тиімді бағалау уақытына объектіні  пайдаланудан ең жоғарғы ағымды құн  алуды қамтамасыз ету. 

Бағалау теориясымен және тәжірибесімен үш әдістемелік негізгі тәсілдемелер жасалған: салыстырмалы, шығындық және табыстық.

Шығындық тәсілдеме — тозуды есепке алғанда объектіні қалпына келтіру не орын басу шығындарын анықтауға негізделген объект құнын бағалау тәсілдерінің жиынтығы. Құнды қалыптастыруда өте маңызды фактор – объектіні жасау мен оны сату шығындары. Шығындық тәсілдеме объектіні жасаудың толық өзіндік құнын және дайындаушы мен сатушының басқа да шығындарын міндетті бағалауын көрсетеді. Бұл тәсілді  ашық нарықта кездеспейтін және жеке тапсырыстар бойынша (арнайы және уникалды жабдықтарды) жасалатын объектілер үшін қолданады. Салыстырмалы тәсілдеме — Бағаланатын объектіні ұқсас объектімен (мәмілелерде бағалар туралы ақпараттар бар) салыстыруға негізделген құнды бағалау тәсілдерінің жиынтығы. Салыстырмалы тәсілдеме жоғарыда көрсетілген орын басу қағидасынан шығады, ал оның көмегімен алынатын құн көбінесе орын басу құны деп аталады.

Табысты тәсілдеме — бағаланатын объектіден күтілетін табыстарды анықтауға негізделген объект құнын бағалау тәсілдерінің жиынтығы. Табысты тәсіл тұрғысынан бағалауды жүргізгенде қазіргі объект құнының мөлшерін анықтайтын негізгі фактор ретінде оны пайдалы қолдану мерзіміне сәйкес объектіні пайдаланудан түсетін болашақ табыстар құрайды.

 

 

2 КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ

 

2.1 БАҒАЛАУ ҚҰНЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

Бағалау қызметі ғылымының  негізінде, бағалау бойынша кез  келген тапсырманы орындау үрдісін  қадағалайтын, бірқатар қағидалары бар. 
Кәсіпорынның мүліктік кешен құнын бағалау кезіндегі қажет негізгі экономикалық ортақ қағидаларын қарастырайық. Олар мыналармен байланысты және 3 топ қағидалар жүйелеріне келтіруге болады: 
- иесінің мүлік туралы көзқарасымен; 
- нарықтық ортамен; 
- мүлікті эксплуатациялаумен. 
Иесінің мүлкі туралы көзқарасымен байланысты қағидалар. Бұл топ мынандай қағидаларға ие: пайдалылық, орын басу, күту. 
Пайдалылық қағидасы. Меншік объектілерінің иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды меншіктенушіге пайдалы болған кезде ғана мүліктің кешеннің құны болады. Қағиданың анықталуы: пайдалылық – берілген уақыт периодтарында және берілген жерде меншік объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру қабілеті. 
Орын басу қағидасы. Иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және табыс әкеле алатын барлық меншік объектілері, өзінің әр түрлілігіне қарамастан, бір- бірімен байланысты. Меншік объектісі үшін оны қалпына келтіруге кететін шығындардың сомасынан көп ешкім төлемейді. Егер екі меншік объектілерінің қабілеті бірдей болса, онда біз баға төменін аламыз. Қағидалардың анықталуы: меншіктің максималды құны ең төмен бағамен немесе құнмен анықталады. Сөйтіп орнын басу құны бағаланатын мүлік құнының жоғарғы шегін анықтауға мүмкіндік береді. 
Күту қағидасы. Инвестор объектіге қаражатты салып, ол меншік объектілерінен болашақта табыс күтеді. Бағаланатын құн – болашақтағы барлық табыстардың ағымдағы құны. Қағиданың анықталуы: күту – болашақта меншікті иелік етуден түсетін табыстардың ағымдағы құнының орнатылуы. 
Нарықтық ортамен байланысты қағидалар – бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік, бәсеке, құнның өзгеруі. 
Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік қағидасы. Мүлікке деген бағаның өзгеруі сұраныс пен ұсыныс шамаларының өзгеруіне тәуелді. 
Негізгі заңдылықтар: 
Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс ұлғайса, онда бағалар төмендейді; 
Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс төмендесе, онда бағалар көтеріледі; 
Егер ұсыныс тұрақты болып, ал сұраныс өссе, онда бағалар өседі; 
Егер ұсыныс тұрақты болып, ал сұраныс төмендесе, онда бағалар төмендейді. 
Егер нарықта сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатылса, бағалар тұрақты болады. Қағиданың анықталуы: ұсыныс – құрамындағы белгілі баға бойынша тауарлар саны, сұраныс – белгілі баға бойынша қажетті тауарлар саны. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзара іс – қимыл бағасын анықтайды. 
Бәсеке қағидасы. Жал шарты немесе мүлікті сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасында, жылжымайтын мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады. әрбір объекті бәсекеде болады. Пайда бәсекені туғызады, ал артық пайда күйреген бәсекені ынталандыру тенденциясы бар. Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды туғызады. Қағданың анықталуы: нарықтағы пайда, өндіріс факторларын өтеу үшін қажетті деңгейден асып кетсе, онда ерілген нарықта таза табыстардың орташа деңгейінің төмендеуіне алып келетін бәеке өрлей бастайды. 
Құнның өзгеру қағидасы. Мүлік объектілері әр уақытта өзгерістерге ұшырайды. Жерді пайдалану мақсаты мемлекет пен жекеше сектордың әсерінен өзгереді және олар тозады, техника, технология және шикізат базасы өзгереді. Экономикалық шарттар жаңа мүмкіндіктерді туғызады, ақша массасының көлемі мен пайыздық ставкалары толқиды. Адамдардың талғамы мен ынталары өзгереді. Объектінің орналасу ортасы өсу, түсу, тоқырау мен жаңару фазаларынан өтеді. Барлық бұл өзгерістер берілген жердегі мүлік объектілерінің пайдалылық дәрежесіне әсер етуі мүмкін. Қағиданың анықталуы: мүлік объектілерінің құны көбінесе тұрақты болып қалмайды, ол уақыт ағымымен өзгеріп тұрады. 
Эксплуатациядағы мүлікпен байланысты қағидасы - берілген топ мынандай факторлар қағидасын ұсынады: өндірістік, қалдық өнімділік, салымдық, баластандырылған, неғұрлым тиімді пайдалану. 
Өндіріс факторларының қағидасы. Мүліктік кешен өндірістік жүйе болып табылады. Оның табыстылығы төрт фактормен анықталады: менеджментпен, еңбекпен, капиталмен және жермен. Таза табыс – осы барлық төрт фактордың нәтижесі болып табылады. Сондықтан табысты бағалау негізінде барық жүйелердің құны анықталады. Мүліктік кешенді бағалау үшін барлық жүйелердің табысын құрудағы әрбір фактордың үлесін білу қажет. 
Қалдық өнімділіктің қағидасы. Жердің құнын бағалау негізінде оның қалдық өнімділігі жатыр.экономикалық қызметтің кез келген түрі келесідей факторлардың болуын қажет етеді: менеджмент, еңбек, капитал және жер. әрбір фактор берілген қызметпен жасалатын таза табыстардан төленуі тиіс. Сөйтіп, қалдық өнімділігі, еңбек және капитал эксплуатациясына және менеджменттің шығындары өтелгеннен кейін, жер теліміне қосылғн таза табыспен анықталады. 
Салым қағидасы – кез келген бір жаңа факторларды ендіру нәтижесінде шаруашылық объект құнының өсім сомасы. Салымның анықталуы: шаруашылық объектілерінің құнының ұлғаймалы немесе төмен сомасы. Сөйтіп, мүліктік кешенге қосымша активтерді қосу тиімді болады, егер олар мүліктік кешеннің нарықтық бағасынан жоғары болса. Мүліктік кешенге кез келген қосылған элементтер өтеледі, егер мүліктік кешен құнының өсімі, бұл элементтерді алуға кеткен шығындардан жоғары болған жағдайда. 
Баланстандырылған қағидасы. өндіріс факторлары экономикалық баланстандырылған болса, онда меншік объектісінің құны максималды болады немесе сақталады.меншік объектілерінің құны төрт элементтердің баланстандырылуына тәуелді: рентаға, еңбекке, капиталға, басқару координациясына. Ең жоғарғы табысты қамтамасыз ететін әрбір меншшік объектісі үшін теоретикалық тепе-теңдік нүктесі бар. Қағиданың анықталуы: кез келген меншік объектісіне өндірістің әр түрлі факторларының оптималды сомасы сәйкес келеді. Олардың бір – біріне сай болуы арқылы мүліктің максималды құны пайда болады. Сөйтіп, әр түрлі мінездеме бойынша, мүліктік кешенді құрайтын үлестер бір – бірімен келісуі керек. Мүліктік кешен кез келген бір элементті қосу, берілген принципті бұзу, оның құнының өсуіне алып келмейді. 
Неғұрлым тиімді пайдалану қағидасы – барлық қарастырылған үш қағиданың синтезі мүмкін болатын варианттардың ішінен жеткілікті негізделген мүліктік кешеннің функционалды мүмкіндіктерін неғұрлым толығымен орындайтын және объектінің ең жоғарғы құнына алып келетін, мүліктік кешен неғұрлым тиімді пайдалану варианты таңдалады. Құнды бағалау үшін осы вариант қолданылады.

 

 

 

 

 

Бағалаудың мақсаты болып транспорттың нарықтық бағасын анықтау болып  табылады заңды тұлғаның кәсіпкерлігінен  траснпортты баланстан сызып  тасту үшін немесе автокөлік аптынан  кейінгі  транспорттың кеткен шығындарын бағалау заңды, жеке түлғалардың  немесе сақтандыру компаниялардың талабы бойынша заң оргындары үшін.

Бағалаушы – бағалау жүргізуге  құқығы бар арнайы лицензяланған  жеке немесе заңды тұлға .Бағалаушы  сақтандыру ұйымымен тікелей келісіммен жұмыс атқарса онда бағалау компаниясы Қазақстан Республикасының қаржылық қадағалау Агенттігінің бақылауынан  өту міндетті. Бағалаушы Екінші Деңгейлі Банктің акредидациясынан откен  жағдайда, басқа Банктерде бағалау  жұмысын атқара алады.[5]

Бағалау объектісі –құқығы бар, бағалау объектісі.

Жылжитын мүліктің бағасын анықтау.

Жылжымайтын мүлікті бағалаудағы  мәселелерді Нормативті құқықтық актілерге  байланысты эксперттер тәжірбие жүзінде  келесі мәселелрді шешеді:

    • Транспортты бағалау
    • Автокөлік апатты жағдайында нақты зақымдалған қосалқы бөлшектердің бағасын анықтау (сонымен қатар ұсақ бөлшектердің бағасын анықтау)
    • Транспортқа кеткен шығындарын, соның ішінде автокөлік апаты, стихиялық апатты жағдайындағы шығындарды бағалау
    • Автокөліктің әрбір зақым келген бөлшегінің шығынын анықтау

Жылжыйтын мүліктің жағдайын анықтау  тапсырыс бойынша келесі ретте жүргізіледі.

Тапсырыс бермей тұрып клиент берілген үлгі бойынша заң органдарына  өтініш жазады, соған сәйкес сақтандыру компаниясы мүліктің қандай жағдайда екніне анықтама береді

Автокөлікті бағалауда келесі құжаттар талап етіледі:

    1. Көліктің техникалық куәлігі
    2. Агрегатпен байланыстыра отырып техникалық паспорттың номерін салыстыру
    3. Спидометірлік көрсеткіш
    4. Бөлшек түйіншіктерінің агрегаттық бұзылу дәрежесін анықтайтын құжат
    5. Фотосурет материалдары

Фото сурет келесі түрде жасалады

Мысалы; автокөліктің алдыңғы бөлшегіне  зақым келген жағдайда оның міндетті түрде алдынғы жағын сол жақ  шетін оң жақ шетін және автокөліктің мемлекет ішіндегі номерін фото суретке  бейнелеу керек (содан әрбір зақым  келген бөлшекті жеке фотосурет жасау  керек)

 

«Автокөлік сатып алу  үшін» бағдарламасы «БТА Банк»

Мақсатты пайдалану:

Заемдар жаңа, сондай-ақ пайдаланылған  автокөліктерді сауда ұйымдарынан  және арнайы рыноктардан сатып алу  үшін беріледі. Осы бағдарламаның  шеңберінде берілген заемды мақсатты пайдалану міндетті болып табылады және қадағаланады.

Мақсатты топ:

Жеке  тұлғалар – ҚР резиденттері, олардың  Банктің жалақы жобасына қатысу /қатыспауына  байланысты емес.

Кредиттеу мерзімі

3 айдан  7 жылға дейін.

Сыйақы мөлшерлемесі:

автосалоннан  сатып алынатын автомобиль кепіліне – теңгемен 15,5% СТЖМ 17,1%-дан, доллармен - 13,0%, тиімді 14,2%-дан

рынокта сатып  алынатын автокөлік немесе жылжымайтын  мүлік кепіліне – теңгемен 16,5%, тиімді 18,2%-дан, доллармен - 14,0%, тиімді 15,3%-дан   

Кредит валютасы

Теңге, АҚШ  доллары

Заем сомасы

өтініш  берушінің төлеу қабілеттілігіне  байланысты.

Бастапқы жарна  

автокөлік құнынан 30%-дан кем емес (автосалондар желісі және «Astana Motors» мен «Mercur»  компанияларының серіктестерінен  сатып алынатын болса 20%-дан кем  емес)*

Табысты құжатпен растау

- өз қаражатымен  50%-дан жоғары қатысу жағдайында  – табысты құжатпен растау  қажет етілмейді,  от 30%-дан жоғары болса – табысты растау міндетті түрде. 

Клиенттерді «Astana-Motors» және «Mercur» автосалондары  арқылы автомобильдерді сатып алу  үшін кредиттеу кезінде:

- өз қаражатымен  50%-дан жоғары қатысу жағдайында  – табысты құжатпен растау  қажет етілмейді,  от 20%-дан жоғары болса – табысты растау міндетті түрде.

Кредит бойынша қамтамасыз ету: 

Банк  талаптарына сәйкес сатып алынатын автокөлік, сондай-ақ Банк талаптарына  сай қамтамасыз етудің басқа түрлері.  
Қамтамасыз етуді бағалау – жаңа, сондай-ақ пайдаланылған автокөлікті сатып алған жағдайда жүргізіледі.

Сақтандыру

Мүліктік  сақтандыру (кепіл мәнін) қолданыстағы тарифке сәйкес іске асырылады  

Кредит өтінімін қарастыру мерзімі

3 жұмыс  күні.


Сатып алынатын автокөліктің пайдаланылған мерзімі бойынша шектеулер:

ТМД елдері, Қытай, басқа елдер – 3 жылға дейін.

Корея, АҚШ – 7 жылға дейін.

Жапония, Еуропа – 10 жылға дейін. [6]

 

2.2 Автокөлік сапасының физикалық тозуды анықтаудың бағалық тәсілдерін талдау

 

Нарықтық құнды шығындық тәсілмен анықтау үшін қалпына келтіру  құнынан барлық тозу түрлерін алып тастайды.

Қалпына келтіру құны (қайта өндіру, орнын басу, алғашқы құны) дайындаушы заводтардың бағасы немесе дилерлер бағасы негізінде алынған мәліметтермен  анықталады. ОТҚ (орын басудың толық  құны) құрастыратын жалпы шығындарға автомобиль бағасынан басқа сауда  үстемесі және эксплуатация (сату) орнына дейін жеткізу шығындарының құны, сонымен қатар кедендік төлемдер, кедендік құнды анықтау жағдайынан басқа кіреді.

Шығарылатын автомобильдердің ағымды сатылар бағалары каталогтарда, прайс-қағаздарда, басқа экспресс-жарнамаларда келтіріледі. Жаңа шет елдік автомобильдердің бағаларын немістік фирманың DAT каталогінде  табуға болады.. ТМД мемлекеттерінің  дайындаушы-заводтардың сатылар  бағалары ҚҚС-пен көрсетілген және де ол базалық болып табылады. Олар партиядағы мөлшеріне, төлеу нысанына және т.б. байланысты өзгеруі мүмкін.

Дилерлер мен дүкендердің бағалары сауда үстемелерімен, сонымен қатар  сауда алдында дайындау мен жарнама  шығындарымен анықталады. Сауда үстемелері дилердің имиджіне, берілген модельге сұранысына, нарық конъюнктурасына  байланысты..

Жеткізу шығындары қашықтыққа, жеткізу  маршруты мен тәсіліне байланысты. Оларды есептеу шығындық немесе салыстырмалы (егер жеткізу теміржол көлігімен болса) тәсілмен жүргізіледі. Көлік шығындарын бағалау үшін сәйкес компьютерлік программалар қолданылады.

Жинақталған тозуды бағалау (Т)

Автотранспорттық құралдар үшін уақытқа  байланысты физикалық және моралды  тозулар, ал экономикалық тозу ешқандй  мәнге ие  болмағандықтан, көлік  құралдарын бағалау тәжірибесінде  жалпы жинақталған тозу есптеледі.

Жинақталған тозуды бағалағанда есептесу тәсілі қолданылады.

Есептесу тәсіліне РД 37.009.015-88 құжатында  отандық автомобильдерді бағалау  үшін жасалған автомобильдер құнын  есептеу жатады.. Тәсілдің негізіне тозудың пайыздық (Т)есебін анықтаудың екі негізіг параметрлері – жүріп  өткен жолы және эксплуатация ұзақтығы алынады.  Бұл жағдайда физикалық тозу мына формула бойынша есептеледі:

Т = И1 х Пф + И2 х Дф

Информация о работе Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау