Баяндама Жаңа акпарат технологиялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 20:44, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын.

Вложенные файлы: 1 файл

Баяндама Жаңа акпарат технологиялары.doc

— 215.50 Кб (Скачать файл)
  • психологиялық бағыттаушы мәтін;
  • модульді оқыту мақсаты;
  • білім беру сұрақтары;
  • білім беру материалдары;
  • модуль тақырыбы бойынша негізгі проблемелар жиыны;
  • алдыңғы жылғы оқушылрадың үлгілі жұмсытары;
  • оқушылардың жаңа жұмыстары;
  • өзін-өзі тексеруге және рефлексияға арналған сұрақтар;
  • модульдің құрылымды-логикалық схемасы;
  • модуль тақырыбы бойнша әдебиеттер тізімі және интернет сайттарына сілтемелер.

Мультимедиялық презентацияларды құру барысында компьютер экраннан ақпаратты қабылдау ерекшеліктрін  ескеру керек. Бір сабақ барысында  ақпаратты ұсынудың бірдей стилін ұстанып  және де оқу материалын ұсынудың құрылымы мен формасын унификациялауға тырысу керек. Стандартты Times, Arial қаріптерін қолдану ұсынылады. Ең жақсысы барлық презентация үшін екі немесе үш қаріп қана қолданған жөн. Мысалы, презентацияның негізгі мәтінін қаріпі – Times New Roman, cлайд тақырыбы – Arial. Мәтін элементтерін ерекшелеу түрлі маркерлерді (♦,● және т.б.) қолдану модульдің негізгі түсініктерін жылдам қабылдауға елеулі ықпал етеді.

    • Мәтін 1
    • Мәтін 2
    • Мәтін 3

Презентацияда түстерді қодану, әсіресе мәтіннің белгілі  бір бөліктерін және кесте ұяшықтарын немесе кестені түгелдей түпен ерекшелеу аса тиімді. Презентация түгелдей бір түсті палитра негізінде, көбіне бір шаблон негізінде орындалады.

Презентацияның компьютер экраннынан оқылуының ыңғайлылығын тексеру  маңызды. Презентация мәтіні өте  үлкен болмау керек. Материалды мазмұндау барсында қысылған, ақпараттық стильді қолдау ұсынылады.

Мультимедиалық презентацияны  құру барысында келесі сұрақтарды шешу керек: өнімнің қандай өлшемдегі  ақпараттық қанықтылығында білім алушыға  бағытталған оқу материалының ұйымдастырылуының максималды қарапайымдылығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге болады.

Мұның шешімдерінің бірі – оқу  материалдары мен навигациялық объектілердің  жиынын ұсыну тәсілдерін шектеу болып  табылады. Бұл кезде оқушы берілген прзентацияның интерфеисін бірден тез қабылдап, онан кейін алаңдамастан бар зейінін оқыту ақпаратының мазмұнына шоғырландырады.

Мультимедиялық презентацияны  құру барысында келесідегідей күрделі  сұрақтар реттілігіне тап боламыз;

  • білім беру ақпараты визуальді навигациялау құралдарымен ұштастырылатындай ететін қарапайым да, интуитивті түсінікті интерфейс құру қажеттілігі;
  • алға қойылған сәйкес педагогикалық мақсаттарға сәйкес оқу материалын ұсыну формалары мен ұйымдастыру процесін зерттеуге акцент қою.

Маңызды момент – презентацияның жалпы стилін таңдау. Презентация білім алушылардың қай сыныпта оқитындығы мен олардың білім деңгейі айқындалған болса, онда стильді таңдау оңай болады. Дұрыс стиль таңдау үшін мультимедиялық презентациялардың қай болмасын компонентінің практикада қолдану әдістері ентін эгрономика ұстанымдарын білу қажет. Берілген этапты қарастыруда бірнеше презентацияларды толық талдаудан өткізіп, оның кемшіліктерін шығарып, оларды жою әдістерін ұсынуға болады. Минимум сөздерге максимум көлемді ақпарат енгізе біліп, білім алушылар зейінін аудартып, сабақ бойы тұрақты назарларын ұстап отыру білігін меңгеру керек. Басқа ақпарат тасымалдаушылардан ақпаратты көшіріп, презентайияға орналастыра салу жеткілікті емес. Қандайда бір «ерекшелік» табылған соң презентацияның құрылымын жасап, навигациялық схемасын құрастырып, сабақтың деңгейі мен ойластырылуына сәйкес келетін саймандар таңдауға кірісуге болады. Оқу-методикалық комплекстің дидактикалық функцияларын қамтамасыз ететін мультимедиялық презентацияға қойылатын талптар төмендегідей:

  1. Мәтіндік фрагменттер негізгі акценттерді ерекшелеу мақсатында аудио- немесе видеоақпаратпен сүймелдеу. Әр түрлі немесе гипермәтінді ақпаратты ұсыну үшін көптерезелі интерфейс қолдану ұсынылады.
  2. Мультимедиялық презентацияда қосымша материалдар мен тақырыпты тереңірек түсінуге ұсынылған оқу материалдары енуі мүмкін.
  3. Мультимедиялық презентациялардың маңызды элементтерінің бірі көмекші ақпарат пен түсіндірмелер. Презентацияның анықтамалық материалдарында негізігі анықтамалар, информатиканың дамуындағы  маңызды тарихи кезеңдер, объектілердің белгілі бір қасиеттерін өзра салыстыруға арналған кестелер орналасады.
  4. Презентацияда оқу материалының белгілі бөлігін оқыған соң осы оқылған материалдың жалпы мазмұнын қысқаша түрде ұсынатын материал енгізілуі тиіс.
  5. Мультимедиялық презентация кезекті өзгерістер енгізуге, дамытуға болатындай болуы керек.
  6. Мультимедиялық презентацияның мәтіні көшіруге және баспаға шығару мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Мұғалім мультимедиялық презентацияларды құру кезінде Интернет, қазіргі заман талабына сай мультимедиялық энциклопедиялар мен электронды оқулықтарды қолдана білуі тиіс. Уақыт өтекен сайын желіде сабақты ұйымдастыру процесінде қолануға болатын ең жақсы мультимедиялық презентациялар ұсынылып отырады.

Сонымен қатар презентация  құру барысында оқу пәні мен «сыртқы» ақпараттық ағымдар арасындағы көптеген түйіскен жерлерін анықтай білуі  керек. Бұл презентацияның одан да қызықты, актуальді, әрі тартымды ете түседі. Прзентацияда қолданылатын мультимедия құралдары оқушымен өзара ықпалдастықты одан әрі арттыруға көмектеседі. Сол себепті оның аспектілерінің орындалу барысын алдын ала жақсылап ойластырған жөн.

Иілгіштік – жақсы  презентацияның негіздерінің бірі. Әрқашан  оқушылардың қабылдау реакциясына  жауап ретінде презентацияны  көрсету барысында өзгертулер енгізуге әзір болыңыз.

Презентацияның екі  түрі бар: мұғалімге және оқушыға  арналған презентация. Электронды презентациялар әрқашан жаңа материалмен толықтырылып, жетілдіріліп отырылады. Оқушы үшін оның презентацтиялары өз жұмыстарымен толықтырылады. Қазіргі заман бағдарламалық жіне техникалалық құралдар презентацияның мазмұнын оңай өзгертіп, үлкен ақпарат сақтау мүмкіндігін береді.

Мультимедиялық презентацияларды әзірлеу қадамдары (этаптары):

    • Оқу материалын құрылымға келтіру.
    • Жүзеге асыру сценариін құру.
    • Презентация дизайнын жасау.
    • Медиафрагменттерді әзірлеу (мәтін, лллюстрация, видеотүсірілім, аудиофрагменттер жазбасы).
    • Музыкалық сүймелдеуін әзірлеу.
    • Тестілеу–текстеру.

Мультимедиялық  презентацияны қолдану әдістері.

Сабақ барысында мультимедиялық презентацяларын қолданудың формалары  мен орны, әрине, осы сабақтың мазмұны, мақсатына және мұғалімнің қойған мақсатына тәуелді. Бірақта тәжірибеде көрсетілгенде мұндай құралдарды қолданудың кейбір жалпы, әсіресе тиімді әдістерін ерекшелеуге мүмкіндік береді:

  1. Жаңа материалды зерттеуде. Түрлі көрнекі құралдармен иллюстрациялау мүмкіндігін береді. Қандайд

Информация о работе Баяндама Жаңа акпарат технологиялары