Paint редакторы туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июня 2015 в 21:28, реферат

Краткое описание

Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген суретпиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой.doc

— 225.50 Кб (Скачать файл)

ComboBox компоненті - ListBox және Edit компоненттерінің функциясын біріктіреді. Пайдаланушы текстті енгізуге және тізімнен таңдап алуына болады.

Edit компоненті бір жолды текст енгізу үшін немесе көрсету үшін қолданылады. Тексті енгізіп шығаратын қасиеті Text. BorderStyle қасиеті арқылы компоненттің түрін көркейтуге болады.AutoSelect қасиеті барлық текст автоматты түрде боялатынын анықтайды. SelLength, SelStart және SelText қасиеттері боялған тексттің өзін анықтайды. MaxLength қасиеті енгізілетін тексттің максимальды ұзындығын анықтайды.

Label компоненті формада әртүрлі жазуларды немесе белгілерді көру үшін компоненті қолданылады. Бұл компоненттегі тізімнен пайдаланушы тек бір ғана жолды таңдай алады. Басты қасиеті Items.

ExcelApplication компоненті — бұл компонент Microsoft Excel программасын шақыру үшін қолданылады.

WebBrowser компоненті -бұл компонент htm кеңеймесінде сақталған құжаттарды көрсету үшін арналған.

 

 

 

 

 

 

2.7 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері

Delphi ортасы схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды экранға  шығаратын программаларды неғұрлым  қарапайым жолмен құруға мүмкіндік береді.

Графикалық элементтер объекттің үстіңгі жағында шығарылады (формалар немесе Image компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланымыз.

Мысалы:

form1. Canvas. Restangle (10,10,100,100);

Бет (Холст);

Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден-пикселдерден тұрады, олардың әр қайсысы көлденең (Х) және тік (Y) координаталар арқылы анықталады.

Қарандаш және қылқалам

Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.

Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шығарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.

TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:

Color – түзудің түсі(контуры)

Width — түзудің қалыңдығы (пиксель бойынша)

Style - түзудің түрі

Pen.Color – қасиетінің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlive, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy clSilver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhite.

Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:

psSolid – біркелкі түзу;

psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;

psDot - пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;

psClear – түзу көрінбейді.

Егер Pen.Width қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.

Қылқалам (Canvas.Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады.Қылқалам объект сыяқты екі қасиетке ие:

Color- тұйық облысты бояйтын түс;

Style — аймақты толықтыру стилі (типі).

Brush.color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен Tcolor типті атаулы тұрақтыларды қолдануға болады.

Brush.Style қәсиеті мынадай мәндерді қабылдайды:

bsSolid — біркелкі бояу;

bsClear – облыс болмайды;

bsHorizontal – көлденең штрих;

bsVertical – тік штрих;

bsFDiogonal – ілгері қарай көлбеген диоганалдық штрих.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.8 Мәтінді шығару

Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:

Объект. Canvas. TextOut(x , y , Текст);

Мұндағы x , y – шығатын мәтіннің координат нүктелері;

Текст – айнымалы немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін).

TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын,

PenPos қәсиетін пайдаланып алуға болады,

мысалы: TextOut(PenPos.x , PenPos.y , ‘Руб’);

2.9 Қарапайым графиктерді сызу әдістері

LineTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орынан координатасы көрсетілген нүктеге дейін сызады.

Объект. Canvas. LineTo(x , y);

MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге апарады.

Объект. Canvas. MoveTo(x , y);

Ellipse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәніне тәуелді болады): Объект. Canvas.Ellipse(x1 , y1,x2,y2);

Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – ішіне эллипс сызылатын тікбұрыш координаттары.

Arc әдісі доға сызады:

Объект. Canvas.Arc(x1 , y1,x2, y2, x3, y3, x4, y4);

Мұндағы: x1, y1, x2, y2 – эллипс параметрі, эллипс белгілі, яғни сызылатын доға болады.

Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:

Объект. Canvas. Rectangle (x1 , y1, x2 , y2);

Мұндағы: x1, y1 және x2, y2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астыңғы тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.

FillRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл структураның Trect типі.

Мысалы:

Var

R:Rect(20,20,150,150);

With Canvas do

begin

Brush.Color:=clRed;

FillRect(R);

End; End;

Canvas объектінің қасиеттері

Жоғарыда айтып кеткендей, программа орындайтын графиктерді бетке шығару үшін Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixels қасиетін пайдалана отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады. Мысалы (нұсқауы):

Form1.Canvas. Pixels [10,10]:=clRed;

Форманың бетіндегі нүктені қызыл түске бояйды.

 III.Жұмыстың барысы.

3.1Paint редакторын Delphi бағдарламалау тілінде құру.

Paint редакторын Delphi бағдарламасында құру үшін біз Panel, ColorBox, Label, SpeedButton, ScrollBox, PaintBox компоненттері қолданылады. Яғни бірінші TForm-ға Panel-ді Standard палитрасынан орналастырамыз. Сонымен қатар Объектілер инспекторының терезесінде қасиеттер вкладкасында 1-суреттегіндей өзгертулер енгіземіз.

1-сурет

Сонан соң форманың бетіне ScrollBox компоненті қойылады. Былайша айтқанда, Paint редакторын құрғанда Panel және ScrollBox басты компоненттер болып табылады. ColorBox1, ColorBox2 бұл компоненттерді Panel – де орналасады. ColorBox түсті таңдауға жауап береді. Палитраның(ColorBox) атын беру керек. Ол үшін біз Standard құрал-сайман тақтасынан Label-ді қолданамыз. Caption, яғни Объектілер инспекторының терезісінен қасиеттер вкладкасында «Цвет» және  «Фон» деп өзгертеміз. Түстер палитрасыннан басқа бізге құрал-саймандар қажет. Менің курстық жұмысымда құралдар SpeedButton-дар арқылы жасалған. Олар: қарандаш, тіктөртбұрыш, эллипс, және заливка.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келесі 2-суретте көрсетілген.

 

 

2-сурет

ScrollBox компонетіне PaintBox компонентін қоямыз. PaintBox-қа сурет салу үшін код терезесінде құрылымын жазамыз. Код терезесіне Объектілер терезесіндегі оқиға  вкладкасынан OnMouseDown,OnMouseMove, OnPaint арқылы өтеміз. Код терезісіне жазылатын қажетті құрылым қосымша бетінде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Paint редакторы(3-сурет) дайын:

 

3-сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі – объекті бағытталған программалау тілі. Delphi интегралды ортасы объекті программалау принципіне негізделген. Бұл ортада күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электрондық оқулықтар, мәліметтер қорын құруға болады. Менің курстық жұмысым осы программамен құрылған. Дәлілірек айтатын болсақ, Delphi компоненттері, графикалық мүмкіндіктері арқасында Paint графикалық редакторын құруға болады.

Қазіргі жоғарғы оқу орнындағы ақпаратты жүйелер немесе информатика мамандығы бойынша оқып жатырған студенттердің дипломдық жобасының өзі бір саланы автоматтандыруға немесе бір пән бойынша ақпараттандырылған жұмыс орны және тағы да сол сияқты үлкен жобаларды орындауды талап етеді.

Ақпараттық технологияларды жұмыс орнында пайдалану өте тиімді екенін сезінген адамдар оны қолданысқа енгізуге үлкен құлшыныс білдіріп отыр. Апталап жасайтын жұмысты компьютер көмегімен жылдам жүзеге асыруға болады. Сол себепті де ақпараттық технологияларды пайдалану өте тиімді.

Электронды мәлімет алмасу көптеген жолға кететін қаражатты үнемдейді. Оған қоса ақпараттың толық және жылдам жетуіне сенімді болуға болады. Есеп беру жүйесінің сол бойда берілуі ақпараттық технологияларға көшуге басқа мүмкіндік қалдырмай отыр. Қазіргі кезде жас студенттер өз басы дипломдық жұмыстарында көбіне жаңа бағдарламалар құру арқылы ақпараттық технологиялар ортасында аса дамытып отырады.

Себебін айтып жатудың өзі артық фирмалардың ашылу сәтінен бастап-ақ ақпараттық технологиялар бөлменің қайсі бір түпкірінде және көптеген отырып жұмыс жасайтын қызметкердің алдында болады.

Бұл жұмыста мен жай қарапайым стандартты Paint редакторын құруға болатынына көзім жетті. Жұмысым өте қызықты болды. Тек Paint редакторының бағдарламасын ғана емес оған қоса ДК-де берілетін стандартты бағдарламаларды құру оңайға соғады. Бұл бағдарламаларды тек Delphi-де ғана емес, сонымен қатар Pascal программалау тілінде де құруға болады. Delphi-де бұл редакторды құрғанда ең басты сурет салатын аймағы мен құрал-саймандар панелі болып табылады. Сонымен қатар сурет салған кезде туске бояу үшін қажетті Canvas объекті, ол программа орындайтын графиктерді бетке шығару үшін Canvas қасиеті келеді. Canvas объектісінің Pixels қасиетін пайдалана отырып, графикалық беттің кез келген нүктесін қажетті түске бояуға болады. Мысалы (нұсқауы):

Form1.Canvas. Pixels [10,10]:=clRed;

Форманың бетіндегі нүктені қызыл түске бояйды.

Әрине Delphi-де бағдарлама құрған Pascal-мен салыстырғанда әлдеқайда оңай болып есептеледі. Себебі:

  •   қосымшаны өндеу жылдамдығы;
  • Жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
  •   Жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап етуі;
  • Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;
  • Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі бар. Сол себепті осы Delphi-дің артықшыларына байланысты мен өзімнің курстық жұмысымды Delphi-да жасадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Архангельский.А., Тагин.М., Разработка по Delphi. 1999.  
2. Астраханский Н.В. Программирование в Delphi 4. М-1998. 
3. Байжұманов.М.Қ., Жапсарбаева.Л.Қ. Информатика. 
4. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б. Информатика 30 сабақ 1999ж. 
Ермеков.Н., Ермеков.М., Ногайбаланова.С., Информатика Алматы  
«Жазушы» 2002.

5. Виштынецкий Е. И., Кривошеев А. О. «Вопросы применения информационных технологий в сфере образования и обучения//Информационные технологии», 1998, №2 – с. 32-36.

6. Камардинов О. Информатика. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2006 
7. Компьютерная технология обучения: словарь-справочник/Под редакцией В. Ю. Гриценко, А. М. Довгялло, А. Я. Савельева-К.: «Накова думка», 1992

8. Культин Н. Delphi. Программирование на Object Paskal. Санкт- Петербург, 1998. 
10. Информатика негіздері. Журнал.

11. Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекетттестікті гуманизациялау құралы// «Информатика негіздері» республикалық журналы, №2, 2002.- 2-3 б.

12. Орлик С.В Секреты Delphi на примерах. М.:Бином, 1996 
13. Сливина Н. А., Фомин С. С. Компьютерное учебное пособие «Высшая математика для инженерных специальностей»//КомпьютерПресс.- 1997.- №8.- с.72-77.

14. Справочное руководство по Delphi 4. 
15. Тажигулова А. И. Конструирование электронных учебников//Научно-практический журнал «Информационные технологии в Казахстане», №1, 2000.- С. 42-43.

16. Фленов.М. Библия Delphi. Санкт-Петербург, 2004. 
17.Халықова К.З., Тұрғанбаева А.Р. Программалау тілдерін оқыту: Оқу құралы.-Алматы,2005. 
18. Халықова К.З., Паскаль тілінде программалау: Оқу құралы. – Алматы: АГУ им. Абая, 2002. 
19. Электронный учебник. 32 урока по Delphi.

 

 

 

 


Информация о работе Paint редакторы туралы түсінік