Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 11:32, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар», әсіресе, оның ішінде «мемлекеттік опасыздық» қазіргі кездегі әлеуметтік-құқықтық ортаға аса ауыр зиян келтіреді.
Осы қылмыстың басты қауіптілігі мемлекеттің әлемдік аренадағы және өз ішіндегі саяси жағдайын әлсіретуі болып келеді. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам өзінің іс-әрекетімен елдің тыныштығына, экономикалық дамуына, халықаралық беделіне, әлеуметтік дамуына балта шабады десек қателеспейміз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.............................................................6
1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының негіздері.............................................6
1.2 Мемлекеттік опасыздықтың зардабы................................................................7
1.3 Мемлекеттік опасыздықтың алдын алу, жолын кесу шараларын жетілдіру бағыттары.....................................................................................................................9
2. МЕМЛЕКЕТТІК ОПАСЫЗДЫҚ.....................................................................................12
2.1 Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы............................................................................................................................12
2.2 Мемлекеттік опасыздық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы............................................................................................................................14
2.3 Мемлекеттік опасыздық қылмысына жауапкершілік.....................................15
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ...............................................................24
ҚОСЫМША...............................................................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая1.doc

— 214.50 Кб (Скачать файл)

Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкіліне мемлекеттік құпияларды берудің зардаптары көп. Алайда оның эконмикалық және саяси зардаптары орасан зор болуы мүмкін. Мысалға алатын болсақ мәліметтерді беру  басқа елдердің сол мәліметтерді өзінің пайдасына  қолданып  елді әлемдік экономикалық және палитиқалық аренада  құлдырауына әкеліп соғуы әбден мүмкін.

Шпиондықтың басты зардабы ол  жиналған мәліметтердің сол елдің халқына және  беделіне тікелей қарсы қойылуы.

Мысалы осы бір жуырда болған оқиғаны қарастырайық: «Қарағандылық екі азамат отанына опасыздық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Жер өңдеумен айналысатын кәсіпорында геолог болып жұмыс істеген олар құпия құжаттарды сатып жіберген. Қызмет бабын асыра пайдаланған опасыздар мемлекеттік құпия саналатын қағаздарды Қытай азаматына саудалапты. Осы қылмыстары үшін геологтар 10 және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олардың ісі сотта жабық жағдайда қаралған. Сондықтан болар әзірге құқыққорғаушылар қандайда бір ресми мәлімет беруден бас тартып отыр»[5].

Міне осындай жалған құжаттар жасау, оны сату сияқты әрекеттердің арқасында мемлекетке опасыздық жасау орын алып отыр. Бұл екі Қарағандылық азамат осынау әрекеттерімен, яғни, геолог болып жұмыс істеп қылмыс жасап отыр.

Бүгiнде бюджет қаржысының уақытысында игерiлмей қалуы жырға айналғаны жасырын емес. Жергiлiктi жерлердегi мемлекеттiк органдар мен министрлiктердiң тендрдi тез ұйымдастыра алмай жатқаны өкiнiштi-ақ. Шыны керек бiрқатар министрлiктердiң тендрi әлi өткен жоқ. Ал мұның зардабын қарапайым халық тартуда. Ұзынқұлақтан естуiмiзше, кейбiр мекемелердiң басшылары тендрге бөлiнген қаржыны депозиттерге салып, сыйақы үшiн миллиондаған теңгенi қалтасына басады екен деген әңгiменi естимiз. Керек десеңiз мұндай келеңсiз жайдың орын алғанын Парламент қабырғасындағы Есеп комитетi де растап отыр. Қазiр бюджет қаржысын қадағалайтын және қаржының қалай жұмсалып жатқанын анықтайтын нақты жүйе қалыптаспай отыр. Сол себептi жергiлiктi жерлердегi ревизиялық комиссиялардың жұмысы дамымай жатыр. Алдағы уақытта ревизиялық комиссияның жұмысын заңдық тұрғыда нақтылап алған жөн. Әйтпесе, мемлекет қаржысы қалай жұмсалып жатқанын анықтау қиынға соғады. Бюджет қаржысын қадағалайтын Есеп комитетi мемлекеттiк органдардың бiрегейi. Өкiнiшке орай осындай дұрыс емес келеңсіз жағдайлардан мемлекетке зардап тиіп жатыр.

Мемлекеттік опасыздық мынадай әрекеттерден көрінеді – соғыс уақытында немесе қарулы жан-жал кезінде жау жағына өтіп кетуден құпияларды басқа мемлекетке беруден, ҚР-на қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетік ұйымдарға немесе олардың өкілдігіне өзге де көмек көрсетуден көрінетін ҚР-ң азаматының ҚР-ң сыртқы қауіпсіздігімен егемендігі немесе әлсірету мақсатында жасаған қасақана әрекеттердің зардабы [6].

Осындай сатқындықтардың салдарынан туындайтын қылмыстың осынау бір түрі қазіргі кезде қолға аларлық шаралардың бірі ретінде қаралуы тиіс. Көбінесе қарулы жан-жал кезінде орын алатын сатқындық, яғни, құпияларды жауға беріп қою сияқты іс-әрекеттер азаматтың өмірін, отанға деген адалдығына қарамастан жаcалады. Қыспаққа түсіп қалған ел қорғаушы не кез келген азамат өмірін сақтап қалуы үшін бәрін жария етуге даяр тұрады. Осындай осалдықтың әкелер залалы мемлекетке не кез келген тұлғаға ауыр тиеді.Бүгiнде бюджет қаржысының уақытында игерiлмей қалуы жырға айналғаны жасырын емес. Жергiлiктi жерлердегi мемлекеттiк органдар мен министрлiктердiң тендрдi тез ұйымдастыра алмай жатқаны өкiнiштi-ақ. Шыны керек бiрқатар министрлiктердiң тендрi әлi өткен жоқ. Ал мұның зардабын қарапайым халық тартуда. Ұзынқұлақтан естуiмiзше, кейбiр мекемелердiң басшылары тендрге бөлiнген қаржыны депозиттерге салып, сыйақы үшiн миллиондаған теңгенi қалтасына басады екен деген әңгiменi естимiз. Керек десеңiз мұндай келеңсiз жайдың орын алғанын Парламент қабырғасындағы Есеп комитетi де растап отыр. Қазiр бюджет қаржысын қадағалайтын және қаржының қалай жұмсалып жатқанын анықтайтын нақты жүйе қалыптаспай отыр. Сол себептi жергiлiктi жерлердегi ревизиялық комиссиялардың жұмысы дамымай жатыр. Алдағы уақытта ревизиялық комиссияның жұмысын заңдық тұрғыда нақтылап алған жөн. Әйтпесе, мемлекет қаржысы қалай жұмсалып жатқанын анықтау қиынға соғады. Бюджет қаржысын қадағалайтын Есеп комитетi мемлекеттiк органдардың бiрегейi. Өкiнiшке орай осындай осалдықтың салдарынан мемлекет пен қоғамқа әкелер зардабы сөзсіз.

 

 

1.3 Мемлекеттік  опасыздықтың алдын алу, жолын кесу  шараларын жетілдіру  бағыттары

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жас мемлекетіміздің алдында көптеген саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелермен қатар, дербестігіміздің кепілдігі – ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өзіне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылымын, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар жөніндегі «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заңы қабылданған болатын.

Тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ құрып бөлініп шыққан, аумақтық жағынан үлкен, табиғи жерасты кеніштері мен қазбаларға аса бай, экономикалық, өндірістік потенциалы жоғары жас Қазақстанға деген қызығушылықтың шетелдіктер тарапынан өте зор болатындығы белгілі. Осы орайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының алдында, ең алдымен шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау қызметін және өзге де қызмет түрлерін анықтау, алдын алу және тыю міндеттері негізгі басымдықтардың бірі болды. Сол уақыттан бері тікелей қауіпсіздік органдарының күшімен талай арнайы операциялар табысты жүзеге асырылды.

Жаман ниеттерін іске асырмақ болған қаскүнемдердің жолын кескен кездеріміз аз болған жоқ десем, асыра айтқандық болмас. Солардың бірнешеуін мысалға келтіре кетейін. Қазақстандық Р. деген азаматтың пайда табу үшін, мемлекетіміздің сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру және әлсірету мақсатында, еліміздің қарулы күштерінің іс-шаралары жөніндегі құпия құжаттарды жинаумен айналысқаны анықталып, бір шет мемлекеттің арнайы қызметінің органдарымен ынтымақтасып, тыңшылық жасау әрекеті кезінде ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қолына түсті.

Тағы да бір мысалға назар аударайық «шетелдік Ч. деген азамат Қазақстан Республикасының аумағында 1 жыл бойы кәсіпкерлік қызметті бүркеніп, мемлекетіміздің сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіретін мәліметтерді жинап, заңға қарсы барлау қызметімен айналысқан. Мемлекеттік құпия саналатын мәліметтерді жинауды, сақтауды және беруді жеңілдету үшін ол бұрынғы танысы Т. деген қазақстандық азаматқа барып, екеуі алдын ала сөз байласып, мемлекеттік құпияларды алып, ол мәліметтерді белгілі бір шет елдің арнай қызметіне беру әдістері мен шарттарын өзара келіседі. Нәтижесінде екеуін алдын ала белгіленген әскери қызметшіден құпия құжаттарды алып жатқан жерінен ҰҚК қызметкерлері қолға түсірді.

Сонымен қоса Павлодар қаласындағы Мәшһүр-Жүсіп мешітінің аумағында «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының екі мүшесі қазақ және араб тілдерінде діни араздық, алауыздыққа шақыратын идеялар жазылған үнпарақтарды таратып жүрген жерінде ұсталып, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын».

Берілген мысалдан көретініміз, жасаған қылымыстары үшін Ч. және Т. деген азаматтар, қылмысты аяқтау кезінде қолға түскен. Қылымыстарды ашу барысында Т. деген азамат мемлекетке опасыздық үшін қылымыс жасап отыр. Себебі, ол құпия құжаттарды басқа шет елдік азаматқа беруі.

Ал енді «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының екі мүшесі қазақ және араб тілдерінде діни араздық, алауыздыққа шақыратын идеялар жазылған үнпарақтарды таратып жүргені де мемлекетке кері әсерін тигізеді. Себебі, осындай әрекеттердің салдарынан қоғамға келер зиян да, мемлекетке келер зиян да өте жоғары. Бұлай болуы біз діннен ажыратылған мемлекет болуымыздан емес, азаматтардың осындай заңсыз ұйымның құрамына кіруі, ол өзіне тигізер әсері мол.

Бүгінде еліміздің аумағында кездесіп қалатын осындай ірілі-ұсақты экстремистік ағымдағы діни ұйымдардың іс-әрекеттері қауіпсіздік органдарының қырағы бақылауына алынған. Мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігіне қол сұғуға бағытталған қылмыстарды анықтап, олардың алдын алу және тыю міндеттері де ұлттық қауіпсіздік органдарының құзырында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 МЕМЛЕКЕТТІК  ОПАСЫЗДЫҚ

2.1 Мемлекеттік  опасыздық қылмысының объектісі  және  объективтік жағы

Өз Отанына сатқындық жасау әр уақытта да ең ауыр мемлекеттік қылмыс ретінде қарастырылған, Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстың атауы — Отанға опасыздық деп көрсетілген еді. 1997 жылғы Қылмыстық кодекс бұл атауды Мемлекеттік опасыздық деп жаңа атаумен алмастырды. Өйткені Отан деген ұғым мемлекеттік емес аумақтық ұғымды, яғни адамның туған жерін бейнелейтін ұғым ғана еді. Қазақстан Республикасының азаматы болып оның аумағынан сыртқары жерде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кез келген ұлттың өкілі танылатыны баршаға аян. Осыған байланысты дүниежүзілік құқық стандарттарына сәйкес Отан деген түсінік мемлекеттік деген түсінікпен алмастырылуы заңды құбылыс.

Жоғарыда атап өткеніміздей мемлекетке опасыздық дегеніміз — соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасаған қасақана әрекет.

Мемлекеттік опасыздықтың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігі болып табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең маңызды мүдделері — конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы, сыртқы және ішкі қауіпсіздігі жатады. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам басқа бір нақты мемлекеттің пайдасына іс-әрекеттер істейді.

Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері, экономикалық қатынастар, қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы (1-баптың 1-тармағы), республика қызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармағы), республика егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармағы), мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі (3-баптың 1-тармағы), биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі (3-баптың 4-тармағы), идеологиялық және саяси әр алуандылықтың танылуы (5-баптың 1-тармағы), меншіктің әр түрі және оның бірдей қорғалатыны (6-баптың 1-тармағы) т.б. мәселелер нақты айқындалған.

Конституцияда көрсетілген осындай және басқа ережелердің мазмұны конституциялық құрылыстың мәнін білдіреді.

Жоғарыда көрсеткенімдей республиканың егемендігі дегеніміз — ел ішіндегі мемлекеттік өкімет билігінің үстемдігі және оның сыртқы саяси жағдайларға тәуелсіздігі болып табылады. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды [2, 4б.].

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес өз аумағының тұтастығын, оған қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің аумағының түсінігі, оның шекарасы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік шекарасы туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы арнаулы Заңында көрсетілген.

Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 165-бабының диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттік құпияларды жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсету. Осы іс-әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың объективтік жағының орын алғандығын көрсетеді.

Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету дегеніміз — Қазақстан Республикасы азаматының жау басып алған аумақта орналасқан жау жағына өз еркімен өтуі, жауға көмек көрсетуі, жау жағының тапсырмасымен өзі тұратын аумақта әр түрлі іс-әрекеттер істеуі; жау жағына ерікті түрде шығып кетуі; тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады. Жау жағына ез еркімен өту соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде ғана орын алады. Бейбіт кездегі мұндай іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 330-бабында көрсетілген — Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өтуі қылмыс құрамын құрайды.

Мемлекетке опасыздықтың бұл түрі — Қазақстан Республикасы азаматының шпиондық жасауы болып табылады. Қылмыстық кодекстің 166-бабында шпиондықтың түсінігі берілген. Бұл түсінік Қылмыстық кодекстің 165-бабындағы шпиондық деген ұғыммен объектісі, объективтік жағы және субъективтік жағы бойынша ұқсас. Осы екі бапта көрсетілген ұғымның айырмашылығы тек қылмыстың субъектісінде ғана. Қылмыстық кодекстің 165-бабындағы шпиондық субъектісі — Қазақстан Республикасының азаматы, ал 166-баптағы субъекті шетелдіктер, азаматтығы жоқтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары болуы мүмкін. Шпиондықтың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 166-бабына талдау жасағанда толық тоқталамыз.

Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкіліне мемлекеттік құпияларды беру дегеніміз — Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкілдеріне қасақана түрде хабарлауы болып табылады. Мемлекеттік құпиялардың түсінігі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы наурыздың 15-індегі «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңында көрсетілген. Осы заңға сәйкес «Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әскери саладағы, сыртқы, саяси, экономикалық, барлау, қарсы барлау және оперативтік іздестіру қызметіне байланысты мәліметтер мемлекеттік құпияларға жатады».

Информация о работе Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы