Инновациялық - даму ғылым мен білімнің өркендеуінің бірден бір көрсеткіші

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 09:38, реферат

Краткое описание

Инновациялық мүмкіндіктерді іздестіру және өнеркәсіптік салалар үшін тиімді комбинациялар құру нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға әкеп тірейді. Кәсіпорынның инновациялық әлеуетін көтеруге жалпы өнім көлеміндегі жаңа технологияның үлесі немесе еңбек сыйымдылығы жоғары өнім, қолданылатын технологиялық үрдістің орташа жасы, шикізат пен материалдарды пайдалану коэффиценті, жоғары білікті мамандар саны әсерін тигізеді.
Мемлекеттік бюджетінен бөлінген қаржылардан құралған институттарды қалыптастыру арқылы жалпы мемлекет тарапынан экономикадағы дамуға шек қоя отырып, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді өркендетуде инновациялық экономиканы қалыптастыруда күрделі проблеманы шешуге мүмкіндік береді.

Вложенные файлы: 1 файл

Ұ.Н на конферен. Инновациялық даму.doc

— 133.50 Кб (Скачать файл)

 

 ИННОВАЦИЯЛЫҚ - ДАМУ  ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ӨРКЕНДЕУІНІҢ  БІРДЕН БІР КӨРСЕТКІШІ

Жаһандану кезінде көптеген мемлекеттер интеграциялық үрдіске қосылуына байланысты  сыртқы жағдайлар ел экономикасына қатты әсер ете бастады. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет мүмкіндігі мен әлеуметтік күтулер арасында тепе-теңдік қажет. Бүгінде Қазақстанда нақты секторға бағдар ұстана отырып, экономиканы дамыту қарқынды жүруде, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алға тартып отырған «инновациялық дамуда Қазақстанның өз базасын жасау қажеттігін, ең алдымен инноваторларды,  жаңа буынның технократтарын дайындау маңызды міндеттерді жүзеге асыру». Сондай-ақ, Жолдауда көрініс тапқан экономикамыздың жетекші бағыты болып саналатын шағын және орташа бизнесті қаржыландыру, жұмыссыздықты азайту, тілдерді дамыту, демографиялық ахуалды жақсарту, инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын жаңғарту секілді маңызды шараларын  ұйымдастыруын тапсырды [1].

Экономикасы дамыған  елдерде инновациялық қызмет кәсіпқой менеджментпен үйлестіріле отырып, өнеркәсіптік өндіріс пен өндірістің басқару тиімділігін көтерудің негізгі алға жетелеуші күшіне айналған. Сөйтіп, олармен ғылыми-техникалық жасалымдардың иелері, инновациялық өнімдерді тұтынушылар, несие-қаржы, патентті-лицензиялық, консалтингті, оқу-әдіснамалық және тағы басқа мемлекеттік және құрылымдар айналысады.

Шетелдің өнеркәсіптік кәсіпорындар тәжірибесінен кәсіпорын басшыларының инновациялық үрдісті жүргізуге, жаңалықтарды ашу мен енгізуде стратегиялық бағыт ұстануы басты мақсат болып табылады.

Инновациялық мүмкіндіктерді іздестіру және өнеркәсіптік салалар  үшін тиімді комбинациялар құру нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға әкеп тірейді. Кәсіпорынның инновациялық әлеуетін көтеруге жалпы өнім көлеміндегі жаңа технологияның үлесі немесе еңбек сыйымдылығы жоғары өнім, қолданылатын технологиялық үрдістің орташа жасы, шикізат пен материалдарды пайдалану коэффиценті, жоғары білікті мамандар саны әсерін тигізеді.

Мемлекеттік бюджетінен бөлінген қаржылардан құралған  институттарды қалыптастыру арқылы жалпы мемлекет тарапынан экономикадағы дамуға шек қоя отырып, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді өркендетуде инновациялық экономиканы қалыптастыруда күрделі проблеманы шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік деңгейде инновациялық басымдылықтарды таңдау критерийлеріне[2]:

  • жобаның жиынтық коммерциялық тиімділігі;
  • жаңалықтардың жалпы мемлекеттік және әлеуметтік мәні;
  • ғылыми және техникалық жаңалықтар деңгейі;
  • тиісті облыстарда өзекті техникалық және технологиялық міндеттерді шешуге бағыттау;
  • салааралық бағыттылық, инновациялық облыстарда жаңа технологияны дамытуға дайын бола білуі;
  • әлемдік нарықта тауарлар мен қызмет түрлерінің позициясын күшейту;
  • мамандармен қамтамасыз ету, санаткерлік әлуеттің өсуін ынталандыру;
  • ақпараттармен және патенттермен, лицензиялармен қамтамасыз ету дәрежесі;
  • қаржыландырудың әртүрлі көздерін тарту мүмкіндіктерін күшейту;
  • жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру-басқару механизмінің болуы;
  • қоршаған орта жағдайына әсер ету;
  • тәуекел деңгейі жатады.

Ғылымның  инновациялық  қызметін мемлекеттік қолдау шаралары[3].

Мәселен, елімізде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында биыл мұнай өнеркәсібіне химиялық реагенттер өндіретін – «Рауан Налко», газтурбиналық қондырғыларды дайындайтын «КазТурбоРемонт», металлпластикалық құбырлар шығаратын «Шеврон МұнайГазИнк»ЖШС, Балқаш ЖЭС-і секілді компаниялар жұмыс жасайды. Бүгінде 3D жеңілдетілген панельдер шығаратын – «Констракшн KZ», мұнай құрылысына нығыздауыш орнатулар мен болттар шығаратын «Новус Силинг Каспиан»ЖШС және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізін салуда, компаниялардың жұмыстары жүзеге  асырылып келеді. Олардың арасында “Тараз металлургиялық зауыты”, “Мыңарал Тас компани”, “ЕвроХим – удобрение”, “TENІR-LOGІSTІK”, “Хантау цемент зауыты”, “Казфосфат”-2 сияқты жобалар бар. Демек, аймақтарда және кәсіпорындарда индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы еліміздің дамуына даңғыл жол ашады. Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар барлық инновацияның шамамен жартысынан астамы және жұмысбастылықтың 70%-дан астамын қамтамасыз етеді.

Бүгінде  Қазақстан  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде орнықты даму жолын жалғастырып келеді. Сондықтан бүгінгі таңда еліміздің әлемдік қауымдастықтағы, экономикадағы бәсекеге қабілеттілігі, жалпы бүкіл қазақстандықтардың – ғалымдарымыздың, менеджерлеріміздің, кәсіпкерлеріміздің, жұмысшы мамандарымыздың бәсекеге қабілеттілігі күн тәртібіне қойылып отыр.   

Ал еліміздің индустриалды-инновациялық дамуына арналған мемлекеттік бағдарламалар ұлттық модернизацияны, яғни ұлттың бәсекеге қабілеттілігі мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін жаңа сапалық деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н. Назарбаев  «Болашақты бірге қалаймыз!» Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана қаласы, Ақорда. 28.01.2011ж

2. Ә.Н. Дәуренбекова  Қазақстанда инновациялық дамудың  жаңа бағыттары. ҚазҰУ хабаршысы, №2 (72). 2009ж

3. Сәбден О.  Қазақстан экономикасының инновациялық  дамуындағы ғылымның рөлі: Экономика, Алматы 2011ж.


Информация о работе Инновациялық - даму ғылым мен білімнің өркендеуінің бірден бір көрсеткіші