«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:46, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

Содержание

Кіріспе
3
1
Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
5
1.1
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
5
1.2
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
15
1.3
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
21
1.4
Банктің тартылған қаражаттары
37
1.4.1
Банктің депозиттік операциялары

1.4.2
Банктің депозиттік емес ресурстары

2
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау

2.1
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

2.2
«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

2.4

3
3.1
«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстарын жетілдіру..doc

— 819.00 Кб (Скачать файл)
  • акционерлер үшін бұл оларға төленетін дивиденд мөлшерімен байланысты;
  • банктің қызметкерлері пайданың өсуіне мүдделі, себебі бұл олардың материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейін анықтайды;
  • банктің қарыз алушылары үшін банктік пайданың өсуі ресурстық базаны кеңейтуді білдіреді, ал бұл үлкен көлемде және жеңілдік шарттарында несие алуға мүмкіндік береді;
  • банктің кредиторлары пайданың өсуіне мүдделі, себебі бұл олардың табыстарының өсуіне банктің сенімділігінің жоғарлауына жағдай жасайды және де банктегі депозиттердің сақталу кепілдігінің деңгейін жоғарлатады.

Депозиттер және салымдар банктік ресурстардың көзі болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде депозиттерге мүлік иелері банктің клиенттері болып табылатын барлық ақша қаражаттарын жатқызуға болады, яғни заңды немесе жеке тұлғалардың атына ашылған, есеп айырысу, ағымдық және басқа шоттардағы ақшалар.

Мерзіміне байланысты депозиттердің 2 түрі бар: талап етуге дейінгі және мерзімді депозиттер.

Депозиттің әрбір түрі банк үшін де және клиент үшін де нақты артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Клиент үшін талап етуге дейінгі депозиттің артықшылығы оның жоғарғы өтімділігі болып табылады, яғни олар өзінің ақшаларын кез келген уақытта басқа да шотқа аудару формасында немесе қолма-қол формада алуға мүмкіндігі бар. Ал кемшілігі осы депозит бойынша пайыз түріндегі табыс төмен деңгейде төленеді немесе тіпті төленбейді. Банктер үшін басты кемшілік, ол жоғары өтімді активтерін талап етуге дейінгі депозиттер соммасымен бірдей деңгейде ұстауы қажет.

Банк үшін мерзімді депозиттердің артықшылығы – оларды ссуданы ұзақ мерзімге беру үшін пайдалану мүмкіндігі, ал клиент – үшін жоғары пайыз алу.  Клиент үшін кемшілігі – келісілген мерзімге байланысты айналымнан қаражаттарды алшақтату және ағымдық төлемдер үшін ақшаны пайдаланудың мүмкін еместігі.

Банктің депозиттік саясаты минималды шығындармен максималды мүмкін мерзімге депозитті тартуға бағытталған. Тартылған депозиттердің мерзімі мен салмағы шешуші деңгейде ұсынылатын кредиттердің мерзімі мен мөлшерін анықтайды. Осы міндеттемелердің күшіне байланысты банктер ұзақ мерзімге депозиттер мен салымдар тартады, бұл мақсаттар үшін пайызды ынталандырушы рөлін және түрлі қосымша қызметтерді ұсынуды пайдаланады.

Банктік статистика тартылған қаражаттардың 2 тобын бөледі: депозиттер және салымдар. Осы топқа ҚР-сы валютасындағы және шетел валютасындағы ақша қаражаттары, банктерге мүлік иелерімен нақты шарттарда сақтау үшін берілген ақшалар жатқызылады. Бұл топқа есеп айырысу ағымдық шоттардағы клиенттердің қаражаттары қосылмаған. Салым түріндегі депозит пен есеп айырысу шоты түріндегі депозиттің экономкалық айырмашылықтары бар. Есеп айырысу шотын ашушы тұлға өзінің еңбек қызметі нәтижесін табыс атуға мүмкіндік береді. Ал банктік салым (депозит) шотын ашушы тұлға еңбек шығынынсыз табыс алады. Ол үшін «ақша ақшаны жасайды». Банктік ресустарды, қалыптастыру кезінде депозиттермен бірге ағымдық және есеп айырысу шоттарындағы қалдық түріндегі ақшалар да маңызды роль атқарады. Мұны банктік жүйенің активін қалыптастырудың кейбір көздерін сипаттайтын мәліметтер куәландырады. Банктер жеке салымшыларды тартуға қызығушылықтары бар, себебі кәсіпорындар мен ұйымдардың шотымен салыстырғанда халықтың талап етуге дейінгі салымдары бойынша қаражаттар қозғалысының белсенділігі төмен. Ал банктерде халықтың мерзімді салымдарын орналастыру банк қызметі үшін аса қолайлы (тиімді) шарттар жасайды. Халықтың ақшасы банктік ресурстың маңызды көзі болып табылатынын ескере отырып, тартылған қаражаттар соммасын максималдау үшін банктер қызмет көрсету сапасын жоғарлатуға мүдделі және бұл қаражаттарды несиелік, қорлық және валюталық нарықтардағы операциялардан табыс алу үшін пайдаланылады.

Бұл қаражаттарды экономикалық айналысқа тарту 2  мәселені шешуді талап етеді:

  • коммерциялық банктердегі салымдарды сәйкесінше кепілдікпен қамтамасыз ету;
  • заңды және жеке тұлғаларға қазіргі заманғы банктік қызметтерді ұсыну үшін банктік технологияларды жетілдіру.

Айтып кету керек, Қазақстанның банктік заңдарында азаматтардың салымдары мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Салым – бұл жеке тұлғалардың сақтау және табыс алу мақсатында ҚР валютасында немесе шетел валютасында орналастыратын ақша қаражаттары. Салым бойынша табыс ақша формасында, пайыз түрінде төленеді. Салым аталған салым үшін қарастырылған заңмен және сәйкесінше келісім-шарт тәртібімен салымшының алғашқы талап етуі бойынша қайтарылады.

Салымдар тек қана банктермен қабылданады, ҚР ҰБ берілетін лицензиясына сәйкес құқығы бар. Коммерциялық банктерде орналастырылған салымдардың кепілі ретінде ҚР ҰБ олар үшін экономикалық норматив енгізді, ол бойынша халықтан тартылатын қаражат соммасы банктің меншікті капиталы мөлшерінен аспауы қажет. Бұл көрсеткішті банктің салымды қайтаруын қамтамасыз етуші көрсеткіш ретінде пайдалану пікірталас тудырады. Себебі банктің капиталы мен салымдар соммасы өзара экономикалық байланысты емес. Бұлардың екеуі де банктің пассиві болып табылады.

Капиталды жоғары тәуекелді активтерге салып, оны жоғалту арқылы халықтың салымын қайтару қаупін тудырады.

Түрлі мерзімдері бойынша салым соммасымен өтімділік мерзімдері бойынша барабар активтер соммасы арасында нормативті арақатынасты бекіту экономикалық негізделген болар еді.

Соңғы жылдардағы жалпы әлемдік беталыс ретінде қалалардың экономикалық даму мәселелерін шешуге үкіметтік емес, мемлекеттік емес сипаттағы ұйымдарды тарту болып табылады. Мұндай ұйымдар жеке меншік бизнеске көмек көрсете алатын  және олардың дамуына әсер ететін, пайда алмайтын ұйымдар болып есептеледі. Аталған ұйымдарға жергілікті сауда өнеркәсіптік палаталар, даму бойынша арнайы агенттіктер немесе аймақ маркетингі бойынша агенттіктер жатады. Әкімшіліктің мұндай ұйымдармен бірлестігі аймаққа жалпы пайда әкеледі.

Аймақтың экономикалық даму үрдісін қамтамасыз ете отыра жергілікті әкімшіліктің басшылары делдалдар ретінде қызмет етіп, экономикалық дамуға көмектесетін әр түрлі әдістерін пайдаланады. Сондықтан экономикалық даму бойынша  жұмыс ірі кәсіпорындар басшылары мен және аймақтың жұмыс берушілерімен бірге жүргізілуі керек. Кәсіпорын басшыларымен бірге аймақтық әкімшілік персоналды оқыту, инфроқұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті ынталадыру мәселелерді тиімді шеше алады.

«Тұран Әлем» банкі АҚ үшін осылайша келесі шаралар қажет:

1) филиалдар қызмет ететін аймақтардың әлеуметтік экономикалық-дамуына жүйелі талдау жүргізу;

2) ШҚО дағы және Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы филиалдарды ірілендіру;

3) Қазақстан Республиасы  ШҚО оқу орындарында дайындалып  жатқан кадрлар мониторингінің  тиімді жүйесін құру.

«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстардың құнын басқарудың тиімді саясатын басқарудың тиімді саясатын басқаруды қалыптастыру мақсатында ШҚО-дағы филиалдарын ірілендіру үшін жеткілікті материалдық-техникалық базаға және кадрлық әлеуетке ие.

Жоғарыда аталған «Тұран Әлем» банкі АҚ өтімділігін және төлем қабілеттілігін жоғарлатуға көмектесетін келесідей қорытындылар шығаруға болады.

Біріншіден, «Тұран Әлем» банкі АҚ банктің ұйымдық құрылымын жақсарту қажет, яғни м менеджменттің дамуына көбірек көңіл бөлу керек. «Тұран Әлем» банкі АҚ балансын талдау барысында өтімділік көрсеткіштердің ауытқуы байқалған. Аталған банкке өтімділік көрсеткіштерінің нормативтік шамаларға ай ішінде сәйкестендіру қажет.

Бұл ең алдымен банкаралық несиелердің, кредиторлық берешектің және басқа да тартылған қаражаттардың ұлғаюы есебінен жүзеге асады.

Екіншіден, банк кем дегенде қысқа мерзімді болашаққа өтімді қаражатқа қажеттілікті анықтауы қажет. Бұл қажеттілікті болжау екі әдіспен жүзеге асырылады: несиеге қажеттіліктерді талдау арқылы және жетекші клиенттердің салымдарының күтілетін деңгейіне талдау жасау арқылы.

Үшіншіден, қажет деңгейде өтімділікті қолдау банктің пассив және актив операциялар саласындағы анықталған саясат жүргізу арқылы жүзеге асады, яғни банк актив және пассив операцияларды басқарудың сауатты саясатын жүргізуі керек. Активтерді басқаруда банкке келесілерге аудару қажет:

1) қолма- қол ақшаны басқару тиімдірек болуы қажет,яғни қолма-қол ақшаның ағымдарын жоспарлау және төлемдер кестелерін жасау қажет;

2) банктің қаражаттарды орналастыратын мерзімді аталған ресурстардың мерзіміне сәйкес болы қажет. Актив шоттардағы ақша қаражаттарын пассив шоттардағы ақша қаражаттарынан асуына жол бермеу керек;

3) жұмыстың жалпылама рентабельділігін жоғарылатуға және жекелеген операциялардың кірістілігіне көбірек көңіл бөлуі керек;

4) қарыз алушылардың несиеқабілеттілігін зерттеу қажет;

5) бір қарыз алушыға берлетін несие көлемін шектеу қажет;

6) несиелеудің жалпы көлемін сақтай отыра клиенттердің көп санына несие беру қажет;

7) сенімді қамтамасыз  ету есебінен несиелердің қайтарымдылығын жоғарылату қажет;

8) мерзімі өткен ссудалық  қарызды алу және несиелерді  пайдалану бойынша пайыздарды  алу бойынша шаралар қабылдау.

Пассивтерді басқару бойынша банкке келесілерді ұсынуға болады:

1) пассивтерді мерзімдері  бойынша орналастыру әдісін қолдану, ол банктердің міндеттемелерін басқаруға, олардың құрылымын болжауға және алмастыруға ресурстар шоғырландыруда салмақты саясат жүргізуіне көмектеседі және төлем қабілеттілікке әсер етеді;

2) резервтік капиталды  басқару саясатын жасау;

3) меншік капиталдың тартылған  капиталға қатынаын қадағалау.

Сонымен қатар, банктің депозиттік базасын жүйелі түрде талдау қажет:

- депозиттер құрылымына назар аудару қажет: мерзімді және жинақтық депозиттер талап етуге дейінгі депозиттерден өтімдірек;

- депозиттер тұрақтылығын  талдау стратегиясын анықтау  қажет. Мұндай стратегияның бір  бөлігі ретінде маркетинг есептеледі;

- жинақтық депозиттер  мерзімін жоғарылату және олардың  орташа сомасын жоғарылату дағдарыстан  дағдарыстар уақытында депозиттердің тербелісін жұмсартады;

- несиелік ресурстардың  есебін тәртіпке келтіру;

- депозиттердің тұрақтылығын ғана емес, олардың көздерін де есепке алу қажет, яғни жеке тұлғалардың депозиттері заңды тұлғалардың депозиттеріне қарағанда сенімдірек;

- басқа несие мекемелерінен алынған депозиттер мен қарыздардың сенімділігін бағалау;

- пассивтерді мерзімдері  бойынша қайта топтау көмегімен  талап етуге дейінгі міндеттемелерді  қысқарту.

Осылайша әрбір коммерциялық банк өз өтімділігін оның жағдайына негізделген экономикалық саясат негізінде қызмет нәтижелерін болжау арқылы қажет деігейде қамтамасыз етіп отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның камтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы кағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы кағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктің ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар катарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен каражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне карай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің меншікті капиталы.

2) Банктің заемдық және  тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

 

«Тұран Әлем» банкі көп жылдар бойы жеке тұлғаларға арналған депозиттер рыногында алдыңғы қатарда келеді. Қаржы - қаражаттарыңызды орналастыру мерзімінің өзіңізге тиімді түрін таңдай алу мүмкіндігі Нақты таңдалған уақытта қаржыңыздың қозғалысын жоспарлауға көмек береді. «Тұран Әлем» банкі Қазақстан Республикасы аумағында есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің кең желісіне ие, бұл бөлімшелердің кез келгенінде депозит рәсімдеуге болады. Сондықтан, депозит рәсімдеу үшін үйіңізден алысқа   ұзаудың   қажеті   жоқ.  ТӘБ   филиалдық   желісінің   тағы   да   бір ерекшелігі - кез келген жақын жерде орналасқан есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде (нақты бір ЕКБ-де ғана емес) депозитт ашуға да, жабуға да болады.

Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2009 жылда банк табыстарының негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен түскен табыстардың сомасы 2008 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2009 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.

 Банк шығындарының жалпы көлеміндегі үлкен үлесті (37%) процентік шығындар иеленіп отыр. Бұл шығындар несиелік мекемелердің және клиенттердің банк міндеттемелеріндегі қаражаттар үлесінің ұлғаюымен себепші болып отыр. Жоғарыда аталған «Тұран Әлем» банкі АҚ өтімділігін және төлем қабілеттілігін жоғарлатуға көмектесетін келесідей қорытындылар шығаруға болады.

Информация о работе «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар