Ежелгі грекия мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 12:13, реферат

Краткое описание

Гректердің қоғамдық және жеке өмірінде музыка елеулі орын алды. Құл емес, яғни бос адам үшін гректің Афина, Спарта, Фивада азаматтық тәрбиелеу және білім беруге музыкалық өнерді, оның теориясын, эстетикасын, орындау тәсіллдерін үйрету кірді. Жеке әншілер, хорлар, аспапшылар, өлеі және ән шығаратын ақындар әр қала – мемлекеттен шығып, жарысқан. Музыка мемлекеттік, әскери де маңызға ие болға

Вложенные файлы: 1 файл

Ежелгі Греция музыкасы.docx

— 23.01 Кб (Скачать файл)

Ежелгі Греция музыкасы   

Гректердің қоғамдық және жеке өмірінде музыка елеулі орын алды. Құл емес, яғни бос адам үшін гректің Афина, Спарта, Фивада азаматтық тәрбиелеу және білім беруге музыкалық өнерді, оның теориясын, эстетикасын, орындау тәсіллдерін үйрету кірді. Жеке әншілер, хорлар, аспапшылар, өлеі және ән шығаратын ақындар әр қала – мемлекеттен шығып, жарысқан. Музыка мемлекеттік, әскери де маңызға ие болған.    

Ноталық жазу ежелгігректік әндік фольклорда болмады. Көп мәліметті әдеби поэтикалық бұлақта, скульптура, барельефтер, вазалық әшкерлеуден, сахна фрескаларынан аламыз. Ежелгі эпикалық поэмалар Тезиад «Еңбек және күндер»,  Гомер «Илиада», «Одиссея», осылардан халықтың музыкалық өмірі туралы білеміз.   

Тұрмыстық, ғұрыптық, хороводтық әндермен бірге бүкіл жерде еңбек әндері кең таралған – диқаншы мен малшылар, тігінші мен иіруші, ұсталардың орындайтын әрі өзіндік аттарына ие болған.  Бізге дейін гончар әнінің сөзі жетті. Антикалық авторлар лирикалық, әсірісе махаббат лирикасына жататын Элада әндерін еске салып отырады.   

Егіндіктер мен жүзім қолдаушылары құдайлады қолпаштау үшін егіншілік жұмыспен байланысты халықтық мерекелі әрекеттерінің ең маңызды да, әдемі бөлігі – би мен ән болған екен. Бұл мерекелік шаралардың бірі, Дионис құдайына арналған ән мен билерден классикалық афиналық трагедиясы өсіп шыққан. 

 

 

   Грецияның қаһармадық тарихи кезеңінде (шам. б. з. д.  XI – VII ғғ.) үлкен махаббат пен құрметке көшпенді әнші –  жыраулар.аэдтер мен рапсодтардың өнері ие болды. Олар туған жері үшін қаһармандық көрсеткен батырларын жырлайды. Әнші әнгімесін ішекті аспап – форминксте сүйемелдеді. Кейін кифарада тарта бастады. Ерте жыралардың әуендері речитативті болды, ал кейінгі рапсодтардың әуені әуезді декламацияға ойналды. Олар алғашқы гректің кәсіпқой музыканттары , нағыз халықтың ақындары мен әншілері болды.   

Гректік қоғамның класстарға бөлінуі – құлдар мен құлиеленушілер, байлар мен кедейлер – этикалық және көркемдік жаңа мотивтерді қмірге әкелді.   

Б. з. д. VII – VI ғғ. гректік лирика пайда болды – хорлық, жеке, философиялық және махаббаттық, азаматтық және әскери де түрі бар.   

Гректерде музыкалық өнер вокалдық жанрлар мен формаларды культтеді. Хорлық құрылым бірдауысты болды, унисонмен әндеткен. Ұқсас құрылысты жұппен қосылған екі тетрахорд «гармониялард» құрды. Негізгі үш саз түрі болды. Б. з. д. VII – VI ғғ. жаңа музыка мәнерлеу тәсілі енді – хроматикалық және энгармониялық ауытқулар. Хроматикалық тетрахорд бір жарым және жартытондық құрылысты, энгармониялық – бір екітондық және екі 2 4/1 тоннан тұрады. Грек әуендерінің метрлік құрылысы өлеңнің өлшемімен белгілі болады: хорейлік (– ^), ямбтық (^ -), дактильдік (-^^), анапестік (^^-) және т.б.   

Аспап негізіне ән сүйемелдеу үшін ғана қолданған гректердің сүйікті аспаптары боп ішекті шертпелі: форминга, лира және кифара, ол биік музицированиеге, тіпті сәйкесті аспап боп саналды.   

Трагедияда музыка белсенді драматикалық рөлге ие болды. Трагедиялық әуендік диалогтарды орындаған жеке орындаушы мен хор да, аспаптық сүйемелдеумен жеке кейіпкер де қатысады. Грек трагедиясының және оның музыкасының биік гуманизмі айқын. Бірақ оның демократиялығы мен гуманизмі шектелген сипатты. Ол тек еркін адамға ғана мүмкін болады.   

Ал комедияда музыка массалық халық өнерге жақындады.   

Грек музыка мәениетінің маңызды аумағын оның теориясы болып келеді. Оның ноталық фрагментіне  қарағанда көп ескерткіштер қалған.   

Ежелгі ұлы материалист Гераклит Эфесский  (б. з. д. VI – V ғғ.) музыканың диалектикалық табиғатына нұсқаулады («Музыкант өнері әртүрліні біріктіреді»).  Басқа ойшы  – материалист Демокрит (б. з. д. V ғ.), атомистикалық сипаты мен музыка басқа өнерлерге қатынасын зерттеді. Шығыстан «Жылжитын сфералар музыкасы» туралы мистикалық ілімді алған, оған бейнелік – пластикалық қасиет берген идеалист Пифагор Еуропада музыкалық акустика негіздерін айқындап, «пифанорлық қатарды» ашты. Антикалық идеализмнің басы Платон көнекті музыкалық білгір болған. Ол – сөздің шебері ретінде әдем пэтикалық формаға орайтын «Сфералар гармониясы» ілімінің белсенді қалаушысы болып табылады.    

Антикалық данышпан ойшылары Аристотель және оның шәкірті Аристоксен музыка теориясын кеңейте зерттейді. Аристотель өзінің ұстзы Платонға қарсы трудан сескенеді. Музыка бізге көркемдік ләззат беруден басқа, шындықты тануға көмектеседі. Аристотель музыка түрлі сазда және жанрларда тәрбиелік әсерін, яғни эпос туралы ілімді системалық  өңдеу жасады. Арисоксен Аристотельге сүйеніп, көрнекті музыкалық теоришы болды. Ол саз теориясын, ырғақ (ритм) және музыканың  элементтерін алпылай жүйеледі.   

Аристоксен қолдаушылары, яғни гармониктер мен Пифагор ізбасарлары, яғни канониктер арасында күрес ашылды. Канрниктер музыканы тек математикалық тұрғыдан түсіндірді. Гамониктер болса, музыка критетиін көркемдік қабылдау деп түсінді. Шындыық сол кезеңде Аристоксен жаында болды.    

Өмірді санасыз ләззатқа беріліп өткізушілік кең жайылып, көркемдік талғамдар өзгерді. Олар бай класстарға тән еді. Эилинисттік әлемнің орталығы боп Александрррия бекітілгенде, Шығыстан ауытқыған үкен әсерлер қысымы грек музыкасының өзіндік ерекшелігін мүлдем өшірді.         

Ежелгі Грек музыка әдебиеті Еуропа музыка мәдениетінің алғашқы тарихи кезеңін құрап, оның балалық шағы секілді. Антикалық гректің музыкалық мәдениеті өзіндік қайталанбас келбеті мен жеткен жетістіктеріне ие, олар Еуропалық ортағасырлық мәдениеті мен Қайта өрлеу кезеңінде аса айқын көрінеді.   

Сегіз ғасырға созылған (б. з. д. V – б. з. III) тарихи уақытта не бары 11 көне грециялық музыка үлгісі бар. Бұл Еуропадағы әуенді жазудың алғашқы қадамы.    

Көне Грек мәдениетінің маңызды ерекшелігі, музыканың басқа өнерлермен синкретикалық бірлікте болғанында жатыр. Музыка поэзиямен ажыратылмас байланыста (бұдан - лирика), музыка трагедияның ауыстырылмас қатысушысы, музыка және би – бұның бәрі көне гректік көркем өмірінің сипатты құбылыстары. Көне Грецияда поэтикалық сөзсіз, пастикадан тыс, немесе театрлық әрекетке кірмейтін, әсіресе асаптық музыка өнері жалпы халықтық құрметке бөлінбеді. Яғни ол тек басқа өнерлемен бірге өмір сүрген.   

Археологиялық қазбалар нәтижесіндегі мағлұматтар б – ша критомикендік кезеңде Көне Грецияда дамыған музыка мәдениеті орын алған. Систр, үрмелі, лира сияқты аспаптардың суреттері арғы көркем дамудың тек шығыстық әсерден ғана емес, жерілікті ежелгі мәдениеттің негізінде болуын айқындайды. Көне гректік мифтердің де – Орфей, Олимп, Марсия жайлылар – тамырлары ежелгі уақыттарға созылып жатыр.   

Грециядағы ерте музыка мәдениеті жайлы құнды мағлұматтары гомерлік эпос хабарлайды. Ол өзі музыка орындаумен байланысты. «Илиадада» тұрмыстық әндержайлы, поэма кейіпкерлері өздері ән салып, би билеп, форминксте ойнағаны баяндалады. «Одисеяда» халық музыканттары арасынан шыққан әнші – жыраулары, аэдтер туралы мәлімденеді. Олар эпостарды шығарып, адамдардың құрметіне бөленіп жүрген екен.             

VII – VI ғғ. Көне Грециядағы  поэтикалық – музыкалық айқын  бағыттары жайлы, әнші – ақындары  туралы нақты тарихи нақты  мағлұматтар жатады. Бізге таныс  көркем мектептердің ең ежелгісі  Лесбос аралымен байланысты.Онда  поэтиклық жарыстар өткізілетін  қала, Спартада өзінің жеңістерімен  әйгілі болған поэт және әнші Терпандр (VII ғ. соңы) шыққан. Аңыз бойынша кифарамен қосылып ән айту сол Терпандрдан басталды. Аэдтерге қарағанда кифарашылар музыкалық бастауға көңіл бөлді. Кифародиямен бірге авлодия да дамыды, бұл – авлоспен қосылып ән салу болып табылады. Ал авлистика VI ғ. дамыды, бұл  – тек аспаптық жанр.   

VII – VI ғғ. эпикалық  шығармаларды жеке орындаушылықпен  бірге айрықша хорлық жанрлар  да дамиды. Мысалы, Крит аралында хорлық әндетулер пластикалық қимылмен біріктіріп (гипорхема), кейбіреулеріне магиялық маңыз берілді. Мысалы, пеан (емдік ән – би). Тиртей Спартадағы мектептің көрнекті өкілі және әскери хорлық әндердің авторы.  Спартандықтар музыкаға мемлекеттік, тәрбиелік үлкен маңыз берген. Музыкаға баулу оларда кәсіби үйрету емес, жапы жастарды тәрбиелеуде берілетін. Осыдан эпос теориясы бастау алған.   

Көне Грецияда музыка – поэтикалық өнерде лирикалық тақырыпта алға шығарған жаңа бағыт ионийлік Архилок (VII ғ.) және лесбийлік мектептің өкілдері Алкит мен Софокл (VII мен VI ортасы) аттарымен  байланысты. «Лирика» сөзі лирада ойнаудан туады. Архилок крузисті қолданған, яғни «әндетуге еніп тұратынды» сүйемелдеу. Осылай вокалдық әуеннің бірге орындалып тұратын «нұсқамен» тоғысу мүмкін болды. VI ғ. лирикалық поэзиясында бірнеше  жанрлық түрлер бар: элегиялар, гимндер, үйлену тойы әндері. Анакреонт (VI ғ. ортасы) шығармашылығында аса үлкен орын махаббат лирикасына жатады. Сонымен қатар сколиялар (дастархан басында орындалатын әндер) және партениялар (культтық әндер) және эпиникиялар (жарыстар жеңісшілеріне орындалатын) әйгілі. Пиндар (522 – 448) өзінің партенияларымен танымал. Пиндардың пифийлік одасына кіріспе – біртума ескерткіш. Екінші ескерткіш V ғ. жатады. Еврипидтің «Орест» трагедиясынан үзінді болып табылады. Трагедия – бұрын болған өнерлердің (поэзия – музыка, пластика – музыка) биік синтезі деп айтуға болады.   

Трагедияның классикалық ғасыры боп  б. з. д. V ғ. саналады: оның соңғы үштен екі бөлігіне ұлы трагиктер – Эсхия (шам. б. з. д. 525 – 456 жж.), Софоклдың (шам. б. з. д. 496 – 406 жж.) және Еврепидтің (шам. б. з. д. 480 – 406 жж.) шығармашылық жолдары жатады.   

472 ж. Афинада трагедия  қойылатын, Дионистің зәулім театры  салтанатты түрде ашылды. Хор  трагедиялық сахнада халық атынан  қатысқан.   

Өзінің мазмұнында грек трагедиясы Эсхилда ежелгі мифологияға сйенсе, тұлғалық – қаһармандық, субъективті бастау Сфокл мен Еврепидте күшейе бастайды.    

Трагедия қойылымдары ұлы дионисияларда V ғ. Афинада трагиктердің сайысы сияқты өткен. Актерлар әнші де болған; хор әндетуі пластикалық қимылмен қосылған. Авлос пен кифара, гректердің сүйікті аспаптырымен, ән сүйемелдеді. Бірақ спектакль кілең музыкалық болған жоқ: диалогтар әуенді речитацияға көшті, мелодрамаға – әндетуге. Дрманың    әр эпизодын музыкалық – пластикалық хорлық стасималар аяқтады. Реніштер, «жылаулар » кейіпркерлердің коммасына ойнап отырған, актердің хормен қосылып айуын білдіреді.   

Эсхилде хорлық музыка басым болды. Хордың басында шығуы пародпен белгіленген: бұл драмаға хабарлауыш кіріспе және оның лирикалық  айындауышы. Сосын, әр эписодий    хордың стасимымен аяқталады, эскилдың трагедияларының  музыкасы ұстамды, қарапайым, диатоникалық б. т. деп жорамлдайды.    

Софоклда трагедияларының кернеулі дрматикалық даму, эпикалық және лирикалық элементтердің қысқарып, жеке актер маңызының өсуі, қаһарманның алға шығуы музыкада сәулеленеді. Софоклда хорлар лирикалық – драматикалық мазмұнды және жинақы, әрекет дамуында маңызды рөл атқарады.    

Софоклдың жаңа тенденциялары Еврипидте күшейе түседі. Драмадағы функциясын өзгерткен хордың мазмұнына жеке тұлғалық сезімнің енуі тән. Еврипид стилі бойынша   IV ғ. шыққан жаңа бағыттың өкілі, және оның музыкалық трагкдиялық театрдан асып, шекарасын аса кеңейткен.   

Ежелгі Грециялық трагедияның алдағы уақытына ықпалы, оның эстетикалық табиғатымен, синтетикаық сипатымен, драматургиялық концепциямен байланысты.   

Грек комедиясы музыкасының рөлі туралы тарихи мәлімет онша көп емес. Бірақ онда да хор қатысөаны белгілі. Комедия музыкасы жанрдың сипатына қарай – жеңіл, вакхтық кордакс болды.   

Элминисттік кезеңде өнер халықтың көркемдік өмірінен шыққан емес, ол толығымен кәсіби түрде дамыған. Дәл осы уақытта Филоксен, Цитера өкілі (435 – 380)хорлық дифирамбтарды үлкен виртуоздық соло қосып жасайды. Милет өкілі Тимофей (449 – 359) кифарада ішек санын көбейтіп, шығарманың виртуоздығымен тыңдаушыларды тамсандырған.   

Ежелгі Греция музыкасы айлы жазылғанның барлығы, сақталған материалдарға қарап отырып мелодиканы сипаттау болды деп айта аламыз. Ежелгі Греция  музыкасына бірдауыстылық тән. 

 

 

   Платонның алға шығарған, Аристотель тереңдеткен эпос теориясы антикалық музыка туралы ой аса қызықты.   

Платон өзінің кіршіксіз мемлекетінде (басқа өнер арасынан) музыкаға басты рөлді жақсы азаматты тәрбиелеуде бекіткен. Платон көзқарасы бойынша эпостың маңызы шығармада немесе оның бейнелігінде, мәнерлеу тәсілдері системасында емес, тек аспаптың сазы (лад) мен тембрінде жатыр.   

Аристотель музыкасы, бір емес, бірнеше мақсатта қолдануы керек деп санайды. «1)  тәрбиелеу үшіін, 2) тазару үшін, 3) интеллектуалдық сауық – сайран үшін, яғни кернеулі жұмыстан дем алып, сабырлы олу үшін.   

Гректің ойшылдарының  арасындағы музыка жайлы жазған алғашқы философ, математик – Пифагор (б. з. д. VI ғ.). Ол бастапқы музыкалық интервалдардың зерттеулерінің иесідеп саналады. Бұл толығымен математикалық қатынастарға, ішекті бөліп санау арқылы болған. Және адам есту қабілетінің талаптарына, әуезділікке мүлдем жауап бермеу болды.   

«Пифагоршы – канониктерге» соңыра «гармониктер» бағыты қарсы тұрды. «Гармониктер» – IV ғ. Таренттен шыққан Аристоксеннің, Аристотель оқушысының ізбасары. Аристоксен жетістігі – музыка теориясының талаптарын белгілеп, жуйелеу.   

Ежелгі гректік саз туралы ілім бірнеше ғасыр бойы күрестіріліп, александрийлік ғалым Клавдий Прюломейдің қолымен қорытындыланды. Ол б. з.  II ғ., антикалық дыбыс тізбектерінің теориясының толық мәлімдемесін қалдырды.   

Информация о работе Ежелгі грекия мәдениеті