Билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:55, реферат

Краткое описание

Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзқарастарды ұстанады.
Билік – билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс-әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтерінде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1)Билік.Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымына анықтама.
2)Легитимділік.
3) Саяси биліктің түрлері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

referat.docx

— 32.26 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік құрылымның жүйесін айқындау екі түрлі жолмен белгіленеді: субординациялық-әкімшілік (командалық-бұйрықтық) және өкілділік-демократиялық (халықтың,  өкілдердің қатысумен) жолмен.

Мемлекеттік жүйелердің  бірнеше типі бар:  құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекеттер. Жоғарғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттер: автократиялық, олигархиялық, демократиялық  болады да, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республикалық болып бөлінеді.

Олигархия — мемлекетті басқару тетігінің азғана топ адамның  қолына көшуі. Оның  мәні: өздерінше тіл табысқан, түсініскен, мақсат-мүддесі ортақ бір топ адамның ашықтан-ашық немесе құпия әрі астыртын айламен мемлекеттік аппаратты, негізгі өндіріс құралдарды, банкілерді, қаржылық және әскери-жазалаушы күштерді қолына алу арқылы үстемдігін орнатуы.

Охлократия -  қара тобыр халықтың билігі. Саяси режимнің қолға сирек түсетін ерекше түрі – мұндай жағдайда мемлекеттік аппаратты басқару нормалық-құқықтық, моральдық құндылықтар мен дәстүрлер  тәжірибесінде сыналған  қатал негізде емес,  саяси демагогтардың  ықпалымен шапшаң өзгеріп отыратын қара тобырдың  көңіл-күйі негізінде жүріп отырады.

Биліктің халық тобырының қолына өтуі қоғам мен мемлекеттің  дамуының  аласапыран, өтпелі кезеңінде мүмкін болады, яғни  дәстүрлі биліктің  нағыз дағдарысы кезінле қоғамның мұндай жағдайы  барлық кезде тиянақсыз болады, елдің халқының  басым көпшілігінің тез арада-ақ наразылығын  қоздырады.  Және ол басқарудың, не демократиялық  немесе  авторитарлық түріне ұласып кетеді.  Мұндай жағдай тарихта көп кездеседі.

Плутократия – байлыққа  кенелген  алпауыттардың биілігі.  Біріншіден,  саяси құрылыстың биілігі қоғамның ең бай,  ықпалды  тобының  қолында болуы.  Екіншіден, биліктің  үстем таптың  ең ауқатты  тобының  жүргізуі. Аристотель мемлекеттің аталған үш түрін де  қолайсыз мемлекеттер деп атаған.

Сонымен қатар қызмет жасауы (функционирование) жағынан субординациялық-әкімшілік  және өкілділік-демократиялық болады,  биліктің әрекет жасау сипаты жағынан: деспотиялық, диктаторлық, либералдық, бюрократиялық болып келеді, ал ұлттық-территориялық құрылымы жағынан: унитарлық, федералдық, конфедералдық болып та бөлінеді.

Қорытынды:

Саяси биліктің негізін меңгеру арқылы әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық –саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс – әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр – сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға,басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады.


Информация о работе Билік