Мемлекет және азаматтық қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 09:31, реферат

Краткое описание

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

мемлекет.docx

— 25.36 Кб (Скачать файл)

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

Тақырыбы: Мемлекет және азаматтық қоғам

Орындаған: ИС-21к тобының студенті Шәмен Дархан

Қабылдаған: Исабекова А. С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды – 2014

1. Мемлекеттің  шығу тегі және болмысы.

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз. 
Мемлекет — саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол — керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, оз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизмі. 
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және 
мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың, ішінде ең кең тарағандары мыналар: 
1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді. 
2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын. 
3. Қоғамдық келісім теориясы (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо) егеменді әміршіл мен оның қол астындағы келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді. 
4. "Зорлық жасау" теориясы (Е. Дюринг, К. Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды. 
5. Географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауарайы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді. 
6. Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мінгі бақи тән болған дегенді айтады. 
7. Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады. Ол экономика жағынан үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету үшін және басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек деп санайды. Ф. Энгельс мемлекет әрдайым "ең қуатты, экономикалық жағынан үстем таптың мемлекеті болып табылады, сондай-ақ ол тап мемлекеттің көмегімен саяси жағынан да үстем тап болып алады және осы арқылы езілген тапты басып жаныштау және қанау үшін жаңа құралдарға ие болады" деп жазды. (К. Маркс пен Ф. Энгельс. Шығармалар, 21-том, 171-бет). 
8. Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ термеші сияқты болуы керек дейді.  
Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз. 
1. Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер-азаматтар кар уын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған. 
Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірістің еркіндеуі, еңбектің бөлінуі, сауданың есуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқару, тайпалардан көптеген халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекеттің зандарды мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты. 
2. Ерекше өкімет аппараты (жария билік). Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана күл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған. 
3. Мемлекеттің егемендігі. Ол — ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар. 
4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дей есе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар. 
5. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын. 
6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында (жерінде) тұратын халқы болуы керек. Ол халық бір ұлтты немесе көпұлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының әлі күнге дейін өз мемлекеті жоқ. 
Мемлекетте тұратын адамдар сол ел дін азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т. кір сен, де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады. 
Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшелендіреді. 
Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері (функциялары) болады. 
Ішкі қызметтеріне мыналар жатады: 
а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады; 
ә) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады; 
б) заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т. с. с. басшылық етеді; 
в) мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. 

2. Азаматтық қоғам  түсінігі. Азаматтық қоғамның генезисі және эволюциясы.

Азаматтық коғамның пайда болуы жентінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді. 
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. 
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т. Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтық коғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты философы — Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың. мақсаты қоғамның өмір шендігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. 
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді. 
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың, өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді. 
Азаматтық. қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін тан дауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қаттан тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. 
Азаматтық қоғам экономикасының негізі — әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бүл коғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. 
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады: 
— ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалау шылыққа жол берілмейді; 
— жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады; 
— адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді; 
— азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық, қорғалады. 
"Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге "жоғарыдағы" мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ. 
Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлармын негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.  

3. Құқықтық мемлекет, оның ерекшеліктері.

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз ететін мемлекеттік құрылысты айдата Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен кызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі. 
Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идеологияның үстемдігіне жол берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және коғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды. 
Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.


Информация о работе Мемлекет және азаматтық қоғам