Адвокаттық қызмет туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 21:24, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 40.57 Кб (Скачать файл)

      2. Адвокат Қазақстан  Республикасының бүкiл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған  тапсырманы орындау үшiн қажет  болса және тиiстi мемлекеттердiң  заңдарына және Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарына қайшы  келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.

      14-бап. Адвокаттың  құқықтары

      1. Адвокат көмек  сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.

      2. Адвокат өзiне  өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша келiсiм жасасады. <*>

      3. Адвокат, қорғаушы  немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:

      1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу  кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар  мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап  өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары  мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;

      2) барлық мемлекеттiк  органдардан және мемлекеттiк  емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға;

      3) заң көмегiн көрсету  үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;

      4) көмек сұрап  өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;

      5) iске қатысуға  жiберiлген сәттен бастап жолығулар  санын, олардың ұзақтығын шектемей  және мұндай жолығулардың құпиялығын  қамтамасыз ететiн жағдайларда  өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып  тұруға;

      6) заң көмегiн көрсетуге  байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

      7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

      8) мемлекеттiк құпияларды  құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен  қорғалатын өзге де құпияны  қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң  актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;

      9) заң көмегiн сұрап  өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары  мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;

      10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

      4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.

      5. Адвокаттың мемлекеттiк органдардың, соттардың, прокуратураның, анықтау және алдын ала тергеу органдарының әкiмшiлiк үйлерiне кiруi осы органдар мен соттар белгiлеген тәртiппен өзiнiң адвокаттық куәлiгiн көрсетуi бойынша жүзеге асырылады.

      Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен  жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк  берген әлеуметтiк қорғалуға құқылы.

      Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.

       15-бап. Адвокаттың мiндеттерi

      1. Адвокат заң  талаптарын сақтауға, адвокатураны  ұйымдастыру мен оның қызметiнiң  принциптерiн басшылыққа алуға, кәсiптiк  мiнез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға мiндеттi.

      2. Егер адвокат  осы iс бойынша мүдделерi көмек  сұрап өтiнiш жасаған адамның (тараптардың  өзара келiсiмi бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.

      3. Адвокат заң  көмегiн көрсетуге байланысты  өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.

      4. Iс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.

      5. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан  бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.

      6. Адвокатқа мемлекеттiк қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады.

      16-бап. Адвокаттың  кәсiби мiнез-құлық нормалары

      Адвокат заң көмегiн  көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк  ережелердi сақтауға тиiс:

      1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;

      2) заң мәселелерiн  қарап жатқан органдар мен  лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;

      3) өз кәсiби мiнез-құлқын көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастыра және тежей отырып, iстi негiзсiз сөзбұйдаға салуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеу;

      4) көмек сұрап  өтiнiш жасаған адамның мүдделерiне адал болу және оның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасамау.

      17-бап. Адвокаттық  қызметтiң кепiлдiктерi

      1. Мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктердiң  және өзге де ұйымдардың лауазымды  адамдарының адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға тiкелей немесе жанама түрде кедергi жасауға құқығы жоқ.

      2. Адвокатты ол  заң көмегiн көрсетiп отырған адаммен теңдестiруге тыйым салынады.

      3. Адвокаттан өз  кәсiби мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты оған мәлiм болған мән-жайлар туралы куәгер ретiнде жауап алуға тыйым салынады.

      4. Адвокаттардан, адвокаттар  алқасы төралқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң басшылары  мен қызметкерлерiнен, заңмен белгiленген  жағдайларды қоспағанда, белгiлi бiр  адамға заң көмегiн көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәлiметтер берудi талап етуге тыйым салынады.

      5. Адвокаттық iс жүргiзу  және адвокаттың соған байланысты  өзге де материалдары мен құжаттары, заң актiлерiнде тiкелей көзделгеннен  басқа жағдайларда, тексеруге, қарауға, алуға, алып қоюға және тексерiске жатпайды.

      6. Адвокатқа өзi қорғайтын  адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын  қамтамасыз ететiн жағдайларда  осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.

      7. Анықтау, алдын  ала тергеу органдары мен соттар  адвокатты iске қатысуға жiберген сәттен бастап оған өзi қорғайтын адам қамауда болатын бүкiл кезеңге iске қатысуға жiберiлгенi туралы дереу жазбаша растау беруге мiндеттi.

      8. Анықтау және  алдын ала тергеу органдары, iс  жүргiзу заңында көзделген жағдайларда, адвокатпен келiсiлген мерзiмде  тергеу және өзге iс жүргiзу  әрекеттерiне оның қатысуы қажеттiгi туралы адвокатқа хабарлауға мiндеттi.

      9. Мемлекеттiк қызметшiлер  мен мемлекеттiк емес ұйымдардың  басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он күн мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауап беруге мiндеттi. <*>

      10. Адвокаттардың  қызметiне заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметтi жүзеге асыруға кедергi келтiретiн адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.

      18-бап. Адвокат  құпиясы

      1. Адвокат құпиясын  адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

      2. Адвокаттардың, адвокаттар  алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң  заң көмегiн көрсетуге байланысты  алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе  үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн  пайдалануға құқығы жоқ.

      3. Адвокат құпиясына  жататын мәлiметтердi көмек сұрап  өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз  жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

3-тарау. АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТI ҰЙЫМДАСТЫРУ

      19-бап. Адвокаттық  қызметтi ұйымдастыру нысандары

      Адвокат өз қызметiн  заң консультациясы арқылы жүзеге  асыруға не дербес немесе басқа  адвокаттармен бiрлесiп, сондай-ақ  заңды тұлғаны тiркемей-ақ жеке дара адвокаттық кеңсе құруға құқылы.

      Адвокат тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiк аумағында құрылған және  әрекет ететiн адвокаттар алқасының  мүшесi болуға тиiс.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.

      20-бап. Адвокаттар  алқасы

      1. Адвокаттар алқасын  адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар адамдар құрады.

      2. Адвокаттар алқасы  жеке және заңды тұлғаларға  бiлiктi заң көмегiн көрсету үшiн, адвокаттардың құқықтары мен  заңды мүдделерiн бiлдiру және  қорғау үшiн, осы Заңда белгiленген  өзге де мiндеттердi орындау үшiн  құрылатын адвокаттардың коммерциялық  емес, кәсiби, өзiн-өзi басқаратын және өзiн-өзi қаржыландыратын ұйымы болып табылады.

      3. Облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  аумағында адвокаттардың бiр ғана  алқасы құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оның басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құруға құқығы жоқ. <*>

      Облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  аумағында адвокаттар алқасы  болмаған жағдайда, ол осы Заңның 7-бабының талаптарына сәйкес келетiн кемiнде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады.

      Адвокаттар алқасын  құруға мемлекеттiк органдардың  арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.

      Адвокаттар алқасының  атауы аумағында өзi құрылған  әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң атауын  қамтуға тиiс.

      4. Адвокаттар алқасының  негiзгi мiндеттерi:

      1) адвокаттық қызметтi жүзеге асыру кезiнде алқа мүшелерiне жәрдемдесу, кәсiби көмек көрсету және оларды қорғау;

      2) алқа мүшелерiнiң  қызметiн материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;

      3) адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға кәсiптiк бақылауды ұйымдастыру;

      4) алдын ала тергеу  және сот органдарының белгiлеуi бойынша тегiн заң көмегiн көрсету (осы Заңның 6-бабы) мен қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

      5. Адвокаттар алқасы заң консультацияларын құрады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.

      21-бап. Адвокаттар  алқасының жарғысы

      1. Адвокаттар алқасының  жарғысы:

      1) адвокаттар алқасының атауын, қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын;

      2) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн;

      3) адвокаттар алқасына  мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата  тұру мен тоқтату тәртiбiн;

      4) адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының қалыптасу тәртiбi мен құзыретiн;

      5) заң консультацияларын  құру мен олардың жұмыс iстеу тәртiбiн;

      6) мүлiк жинау көздерi мен оған иелiк ету тәртiбiн;

      7) мүшелiк жарнаны төлеу тәртiбiн;

      8) адвокаттардың  тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбiн  және адвокаттар арасында сот, анықтау және алдын ала тергеу  органдарының тағайындауы бойынша  заң көмегiн бөлу тәртiбiн;

      9) адвокаттарды аттестациялауды  өткiзу тәртiбiн;

      10) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң және адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлердiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мен оған тарту тәртiбiн;

      11) адвокатты лицензиясынан  айыру туралы өтiнiш жасау тәртiбiн;

      12) адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбiн;

      13) адвокаттар алқасы таратылған жағдайда мүлiктiң тағдырын көздеуге тиiс.

      2. Адвокаттар алқасының  жарғысы заңдарға қайшы келмейтiн өзге ережелердi де қамтуы мүмкiн.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      22-бап. Адвокаттар  алқасының органдары

      1. Адвокаттар алқасының  жоғары органы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы); оның атқарушы органы - төралқа; бақылаушы органы - тексеру комиссиясы болып табылады.

      2. Жарғыда көзделген  реттерде адвокаттар алқасында  адвокаттар алқасы мүшелерiнiң  жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдайтын  ережелер негiзiнде жұмыс iстейтiн  басқа органдар құрылуы мүмкiн.

Информация о работе Адвокаттық қызмет туралы заң