Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2014 в 15:52, реферат
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық принциптері Декларациясы 1995ж.; Əлем мəдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж. жəне т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді.
БАЯНДАМА
Тақырыбы:Бала құқықтары
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық принциптері Декларациясы 1995ж.; Əлем мəдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж. жəне т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті.
Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері рухындағы тəрбие мақсаттары , принциптері жəне мазмұны БҰҰ білім, ғылым жəне мəдениет бойынша Бас конференциясының «Халықаралық қатынастар, өзара түсіністік жəне бейбітшілік рухындағы тəрбие жəне адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін құрметтеу рухындағы тəрбие жөніндегі» ұсыныстарында (Париж, қараша, 1974ж.) жарияланды. Сонымен бірге бұл шешім Еуропалық Кеңес мүшелері – мемлекеттерінің Министрлері Комитетінің № Р (85)7 адам құқықтарын мектепте оқыту туралы жарлығымен (14 мамыр, 1985ж.) бекіген. БҰҰ Бас Конференциясының Ұсыныстарында тəрбиеге былайша анықтама берілген: «тəрбие- ұлттар мен халықаралық қауымдастық шеңберінде жəне олар игілігі үшін жеке тұлғалар мен əлеуметтік топтардың өз дарынын, қабілеттерін жəне білімдерін саналы түрде дамытуға мүмкіндік беретін бүкіл қоғамдық өмір процесін аңдатады». Бұл процесс қандай да нақты шарамен шектеліп, тоқтап қалмайды.
Бұл құжаттың III бап (4-б.) тəрбие мазмұнының негізгі принциптері жəне аса маңызды мəселелері нақты көрсетілген:
- барша халықтарды,
олар мəдениетін, өркениетін, құндылықтары
мен өмір салтын ұлыстың
- халықтар мен ұлттар арасындағы күннен күнге ұлғайып бара жатқан ғаламдық өзара тəуелділікті сезіну;
- өзгелермен ортақтасу, қарым-қатынас жасауға қабілеттілік;
- жеке тұлғалар,
əлеуметтік топтар мен
- халықаралық
ынтымақтастық жəне
Аталған құжат адам, азаматтар құқықтары сарынындағы тəрбиенің адамгершілік рухындағы тəрбиемен (10-16б.), бейбітшілік бағытындағы тəрбиемен (6 б.), мəдени аралық тəрбиемен өзара байланысты болатынын əрі бұлардың бəрі отандық жəне əлемдік ұлыстар мəдениетін меңгеру негізінде орындалатынын баса насихаттайды (17,21,22,23 б.б.).
Аса жоғары педагогикалық маңызға ие болған құжат – бұл Бала құқықтары жөніндегі Конвенция. Қазақстан Республикасында бұл Конвенция ресми түрде бекіп, қабылданды. Оның тұжырымдары төрт негізгі талаптарға саяды: баланың тіршілік ету, даму, қорғану жəне қоғам өміріне белсенді араласу құқықтарын қамтамасыз ету. Конвенцияда ересектердің балалармен қарым-қатынас жасаудың жалпы адамзаттық мəдениет идеяларының негізіне арқау адамгершілік – инабаттық қағидалары айқындалған. Мұнда барша жұртшылыққа өз арақатынастарын гуманистік негізде құрып, бала тұлғасын құрметтеу жəне əлпештеу, оның ой-пікірлері мен көзқарастарын қолдап-қуаттау жəне осылардың бəрін ізгілік тəрбиесінің негізіне қалау қажеттігі жөнінде ұран тасталды.
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тұжырымдарын, Бала тіршілігін, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік Декларациясы жəне оны іске асыру əрекеттерінің Жоспарын орындау мақсатында ҚР үкіметі өз Қаулысын қабылдады. Осыған сəйкес Республикалық бағдарлама түзіліп, С.Назарбаева бастаған «Бөбек» қоры жəне балалар қамқорлығын өз міндетіне алған басқа да қоғамдық мекемелер іске қосылды.
Бала құқықтары жөніндегі Конвенция жəне БҰҰ-ның басқа да тұғырлы құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мəні – білім жəне тəрбие толығымен тұлға дамуына, сонымен бірге адамның құқықтарын жəне негізгі еркіндіктерін құрмет тұтуға бағышталуы.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тəрбиеленушілердің
2. Тұлға сапасы ретінде
3. Кəсіп таңдауға дайындық
4. Қай жағдайларда адамгершілік
талаптары мен ережелері терең
мəнді де тиянақты болуы
5. Қандай құндылықтар жалпы