Жаза ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 17:02, реферат

Краткое описание

Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жаза ұғымы
2.2. Жазаның түрлері
2.3.Жазаны тағайындау
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Жаза.docx

— 42.48 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

 

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жаза ұғымы

2.2. Жазаның түрлері

2.3.Жазаны тағайындау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс жасамаған азаматтарға жаза белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескеріледі. Ол мән-жайларға мыналар жатады: байқаусыз жеңіл қылмыс жасау; айыпкердің кәмелетке толмауы; айыпкердің жас балалары болуы; зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсетуі; қылмыспен келтірілген шығынды толтыруға көмектесуі; ауыр мән-жайлардың тоғысуынан; қылмыс жасауға жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жатпайтын қылығының түрткі болуы; шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу; қылмысты ашуға, қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыс жасау арқылы қымқырылған мүлікті іздеуге көмектесу, т.б. Сонымен бірге айыпкер үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да ескерілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Жаза ұғымы

 

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-пен көзделген айыру немесе оларды шектеу б.т.

Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.(ҚР ҚК 38-бап).

Оған мыналар жатады: бірнеше қылмыс жасау; қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру; ұйымдасқан топтың құрамында қылмыс жасау; қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару; жасы кәмелетке толмаған адамдарды қылмысқа тарту; аса қатыгездікпен жәбірленушіні қинап қылмыс жасау; қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар пайдаланып қылмыс жасау; адамның өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы; өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау, т.б. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды ескеріп, сот орындарының айыпкерді жазадан босатуы да мүмкін. Бірінші рет жеңіл немесе орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер өз айыбын мойындап, өз еркімен заң орнына келсе, қылмысты ашуға жәрдемдесіп, келтірген зиянды өтеуге көмектессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ, жеңіл қылмыс жасағаннан кейін екі жыл, орташа ауыр қылмыс жасағаннан кейін бес жыл, ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл өтсе, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты айыпкер жазадан босатылады. Айыпты азаматтарды ауруға шалдығуына, төтенше жағдайларға, айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты, рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату жағдайлары да кездеседі. Егер айыптау үкімі заңды күшіне енген күнінен бастап есептегенде: әр түрлі себеппен ол үкімді жеңіл қылмысы үшін сотталғандар үш жыл; орташа ауыр қылмысы үшін сотталғандар алты жыл; ауыр қылмысы үшін сотталғандар он жыл, аса ауыр қылмысы үшін сотталғандар он бес жыл мерзім ішінде өтемеген болса, қылмысы үшін сотталған адам жазаны өтеуден босатылады.

Жаза тағайындау кезінде қылмыстардың қайталануы, бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесі, алдыңғы жазаның тәрбиелік ықпалының жеткіліксіздігіне себеп болған мән-жайлар, сондай-ақ, жаңадан жасалған қылмыстың сипаты ескеріледі. Егер айыпкер үкім шығарғаннан кейін, жазаны толық өтемей жатып жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша тағайындаған жазаға алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде сот әрбір қылмыс үшін бөлек жаза тағайындап, түпкілікті жазаны тағайындалған жазалармен толық немесе ішінара біріктіру жолымен белгілейді. Ал әкімшілік жауапкершілікке тартылған немесе әкімшілік қадағалауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын жазалар әкімшілік шара деп аталады.

 

 

2.2. Жазаның түрлері

 

Жазаның түрлері:

а)     айыппұл салу;

б)    белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в)     қоғамдық жұмыстарға тарту;

г)     түзеу жұмыстары;

д)    әскери қызмет бойынша шектеу;

е)     бас бостандығын шектеу;

ж)   қамау;

з)     тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

и)    бас бостандығынан айыру;

к)     өлім жазасы.

Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а)     арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

б)    мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.

Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК 39-бап).

Айыппұл ҚК-те көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген АЕК-ң белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша өндіріп алу.

Айыппұл ҚР-ң аңдарымен белгіленген АЕК-ң жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.

Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда  ғана тағайындалуы мүмкін.

Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол, ҚК-ң 42, 43 және  46-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе тиісінше бір ай түзеу жұмыстары есебінен қамаумен немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе айыппұл орнына тиісінше АЕК-ң үш еселенген мөлшері есебінен он күндік қамаумен ауыстырылады.(ҚР ҚК 40-бап).

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан қосымша жаза ретінде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол ҚК-ң Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкін.

Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалаудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда  оның мерзімі олардың өтелген сәтінен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.(ҚР ҚК 41-бап).

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негігі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.

Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін белгіленеді және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Қоғамдық жұмыстардан әдейі  жалтарған жағдайда олар ҚК-ң тиісінше 45 және 46 және 48-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледі.

Әскери қызетшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.(ҚР ҚК 42-бап).

Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.

Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгілен мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.

Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер ҚК-ң Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір АЕК-ке тең айыпұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының онына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.

Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарса сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыра алады.(ҚР ҚК 43-бап).

Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша  әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.

Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ жиырма проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады. Осы жазаны өтеу уақытында сотталған адамның лауазымын, әскери атағын көтеруге болмайды, ал жаза мерзімі кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдар мерзіміне есептелмейді.(ҚР ҚК 44-бап).

Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұғылықты жері бойынша өтеледі. Өзге жаза бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін.

Сот бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін және оқитын жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндеттерін орындауды жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.

Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыу мерзіміне есептеледі.

Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға қолданылмайды.

Информация о работе Жаза ұғымы