Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2015 в 10:24, реферат
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Кәсіпкерлік түсінігі, негізгі түрлері және негізгі атқаратын қызметтері
2.2. Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кәсіпкерліктің негізгі түрлері.
Жоспар
2.1 Кәсіпкерлік түсінігі, негізгі түрлері және негізгі атқаратын қызметтері
2.2. Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.
19-шы ғасырдың екінші
жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда
жалғасуын тапқан бұл
Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:
1.Новаторлық қызметі.
Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету
үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа
формаларын, жаңа технологияларды қолдануға
мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді
шешеді.
2.Ұйымдастыру қызметі.
Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау
және максималды пайда табу мақсатымен
ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті
ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек,
капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.
3.Басқару қызметі.
Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде
негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын
өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі,
өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты
мәселелерді шешеді.
4. Тәуекелге бару қызметі.
Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін
істің айқындылығын талдап , қорытындысына
не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек
қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін
тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске
кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе
акционерлерінің қаржыларын тәуекелге
салады.
Кәсіпкерліктің экономикалық,
әлеуметтік және құқықтық жағдайлары.
Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық,
әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі
қажет.
1. Экономикалық жағдайлар:оған: нарыққа
тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің
алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат
көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі,
жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі,
еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз
беретін мекемелердің ақша ресурстары
болуы керек.
2. Әлеуметтік жағдайлар: кәсіпкерлікті
ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда
тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың
тауарға, қызметке деген талғамы, төлем
қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік
жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы
жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты.
Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге
белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс:
денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау,
еңбек ақы мөлшерін қадағалау.
3. Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлікті реттейтін
заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың
болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді
қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті
қолдайтын органдар, меншікке құқықтық
заңдар.
Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру
формалары.
Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру,
делдалдық кәсіпкерлік жатады.
Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.
Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық
мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық
кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді.
Кәсіпкерліктің объектілері:
шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері,
коммерциялық делдалдық, инновациялық,
кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен
операциялар.
• Коммерциялық
кәсіпкерлік – бұл өнім
Коммерциялық кәсіпкерліктің
негізгі зерттеу объектісі – тауар, капитал.
Капитал кезінде қаржылық кәсіпкерлік
пайда болады.
Комерсант болу үшін
тек өзінің аумағында ғана емес, сонымен
бірге басқа жерлерде коммерция туралы
әртүрлі ақпараттарға ие болу керек.
Коммерциялық келісімнің барлық
маңызды салалары уақыт бойынша бір-бірімен
байланысады, реттеледі, ал кейбір жерлерде
операциялар қатар жүргізіледі. Қорытындыда
бизнес жоспар жасалады және үйлестірілген
жалпы жоспар бекітіледі.
• Қаржылық кәсіпкерлік
–бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта,
құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық
кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке
коммерциялық банктер және қор биржалары
жатады. Коммерциялық банк – акционерлік
түрдегі төлем негізінде коммерциялық
ұйымдарды несиелендіретін, ақшалай салымдарды
қабылдайтын (депозиттерді) және клиенттердің
басқа да өтініштерін, талаптарын орындайтын
қаржылай-кредиттік мекеме. Коммерциялық
банктің кірісінің көзі – депозиттік
пайыздық шама мен кредиттің пайыздық
мөлшерінің айырмасы болып табылады.
Қазақстағдағы коммерциялық банктердің ерекшеліктері олар ақша құралдарын көп уақытқа тартады, ал кредит құралдарын беру уақыты салыстырмалы түрде әлдеқайда төмен. Соңғы жылдары коммерциялық банктер салымдарды қайтаруға кепілдік беру жүйесіне кірген. Еліміздегі коммерциялық банктер негізінен депозиттік салым қабылдау мен несие беруді жүзеге асырады.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің тағы бір ерекшелігі – көпшілігі көп мөлшерде ұзақ уақытты несие бере алмайды. Өйткені Қазақстанның коммерциялық банктерінің көпшілігінде ондай қаржылар жоқ. Ал дамыған елдердегі коммерциялық банктердің негізгі кірісі ұзақ уақытты несие негізінде қалыптасады. Біздің банктерде сол күнге жетеді деп ойлаймыз.
Қор биржалары.Нарық институтының тағы бір түрі, қаржылық кәсіпкерлік істің бір элементі – қор биржасы болып табылады.
Қор биржасы – активтердің нақты бағасын анықтайтын, капиталдық іс-қимылын тездететін, қалыпты жұмыс істейтін, ұйымдастырылып, реттелген бағалы қағаздар нарығы.Қор биржасының жұмыс істеу принципі сұраныс пен ұсынысты оперативті түрде реттеу негізінде қалыптасқан. Қор биржасында бағалы қағаздардың баға белгілеуі жүргізіледі. Ол биржа арқылы өтетін, сатылатын, сатып алынатын құнды қағаздардың арнайы мамандармен жүйелі түрде бағалануы деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде ағымдық бағамдар дәл осы уақыттағы биржада бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға болатын баға деңгейін көрсетеді.
Шетелде фирмалар мен кәсіпорындар биржаға
тікелей қатыспайды. Олардың атынан банк,
холдингі компания немесе биржаның делдалдық
компаниясы қатысуы мүмкін. Бұндай мүшелердің
саны реттеліп отырады және олар жаман
атаққа ілікпеген болуы керек. Қор биржасына
мүше болу үшін ақша төлеу керек. Мысалы,
Нью-Йорк қор биржасындағы бір орынның
бағасы 450-ден 6000 мың долларға дейін тұрады,
мүшелерінің саны – 1469 дан өзгермейді.
• Кеңес беру кәсіпкерлігі
– бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық
шаруашылық талдауды жасауға, басқару
мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен
айналысатын кәсіпкерлік.
- Жеке кәсіпкерлерді тіркеу;
- Жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтату;
- Арнайы салық тәртіптерін қолдану;
- Бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды қолдану;
- Салық есебін жүргізу үлгісін толтыру және ұсыну тәртібі;
- Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау;
Жылжымайтын мүлік пен капиталды заңдастыру.
• Сақтандыру кәсіпкерлігі
– бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан
сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда
болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру -мүліктік сақтандырудың ішкі
саласы. Мұнда кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасасушы
• Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар
өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты
кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік іс – алуан түрлі. Кез келген
бизнес ұдайы өндіріс циклдерінің негізгі
фазалары – тауар мен қызметті өндіру
тауарларды айырбастаумен байланысқандықтан
кәсіпкерлік істің келесі түрлерін анықтап
көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық,
қаржылық кәсіпкерлік іс.
Сондай-ақ соңғы жылдары экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік істің жеке түрі ретінде консультативтік (консалтингтік) кәсіпкерлік іс ерекшеленіп келеді.
Өндірістік кәсіпкерлік істі кәсіпкерлік істердің алдыңғы, жетекші түрі деп атауға болады. Бұл жерде өнім, тауар өндіру, жұмыс атқару, қызмет көрсету жүзеге асырылады, белгілі рухани байлықтар жасалады. Бірақ нарықты экономикаға өту барысында тура осы өндірістіккәсіпкерлік іс ортасында өте көп жағымсыз өзгерістер болып, өндірістік кәсіпорындар зардап шекті: шаруашылық байланыстар үзілді, материалдық-техникалық өамтамасыз ету бұзылды, өнімді өткізу бірден төмендеді, кәсіпорындарды қаржылық жағдайы нашарлады.
• Делдалдық кәсіпкерлік
– бұл белгілі бір мәмілеге
мүдделі тараптарды
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру
формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық
кәсіпкерліктер жатады.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік,
серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.
Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе
бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.
Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:
1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін
өнеркәсіп саласындағы корпорацияның
кең тараған формасы.
2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың
ерікті бірлестігі.
Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық,
өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік міндеттерді
бірігіп шешу.
3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын
істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін
тауар сатуға біріктіру.
5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы,
нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері,
патент айырбастау жөнінде келісім.
6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру
бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік
бірлестік.
Информация о работе Кәсіпкерлік түсінігі, негізгі түрлері және негізгі атқаратын қызметтері