Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:46, реферат
Адами әлеуеттi, азаматтардың iскерлiгiн жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрi қалыптастыру негiзiнде ғана Қазақстанды өмiр сүру сапасының стандарттары жоғары, қазiргi заманғы, серпiндi мемлекет ретiнде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгiленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясына сәйкес әзiрлендi.
Кiрiспе.
Негізгі бөлім:
1 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы;
2 Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары;
3 Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық көрiнiсi;
4 Азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi принциптерi мен құқықтық негiздерi;
Қорытынды.
Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi.
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.
Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.
Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi.
Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.
Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар.
Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны.
Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).
Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны.
Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:
азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;
мүдделердi жақындастыру және белгiлi бiр мақсаттарға қол жеткiзу негiзiнде адамдарды одақтарға, бiрлестiктерге ерiктi түрде кiрiктiру үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi жұмысқа қатысу;
азаматтардың жалпымемлекеттiк және жергiлiктi проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асыру;
қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершiлiк негiздерiн бекiту;
адамның тәуелсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн еңбек өнiмдiлiгi үшiн жағдай жасауға қатысу;
әлеуметтiк қызметтер көрсету;
билiктiң, бизнестiң және қоғамдық институттардың қатынастарын үйлестiруге жәрдемдесу, қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк жанжалдарды азайту үшiн жағдайлар жасау, әлеуметтiк және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу жолымен шешу;
мемлекеттiк шешiмдер қабылдау процесiнде ашықтық пен мөлдiрлiкке жәрдемдесу;
әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аса маңызды қоғамдық функцияларды орындайтын кәсiподақтық ұйымдардың қызметiн қолдау;
сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық кеңiстiктiң ашықтығын қамтамасыз ету.
Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерiн iске асыру:
адам құқықтары мен демократиялық бостандықтарды сақтауды;
азаматтық қоғам институттарын тұрақты дамыту үшiн қолайлы құқықтары мен бостандықтарын адамның қоғам алдындағы жауапкершiлiгiмен үйлестiрудi;
қоғамның мемлекеттiк билiк қызметiн тиiмдi бақылауын жүзеге асыруды. Билiк органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы серiктестiк принциптерi негiзiнде ынтымақтастық мәдениетiн қалыптастыруды;
әлеуметтiк қамсыздандырудың тиiмдi жүйесiн құруды;
қоғам мен билiк мүдделерiн келiсiмi жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн азаматтық қоғам моделiн өмiрге енгiзудi көздейдi.
Қабылданған шаралар нәтижесiнде елде демократиялық мемлекеттiң басты принципi - азаматтық қоғамның басты құндылығы ретiнде адам құқықтарын қамтамасыз ету жан-жақты iске асырылады.
Кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, ал ортаңғы сынып оның әлеуметтiк базасын құрайды.
Мемлекет және азаматтық қоғам институттары халықтың бай және кедей жiктерi кiрiстерiнiң арасындағы айырмашылықты қысқарту, адам мен азаматтың құқықтарын қорғау арқылы қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк билiк басты басымдықтан - қоғамға қызмет етуден шыға отырып, азаматтық қоғам институттарымен бiрлесiп, сөз, дiни ұстаным, жиылыстар бостандығын, азаматтардың бiрiгуге, әдiл сотқа, таза да ашық сайлауға құқығын мүлтiксiз қамтамасыз ететiн болады.
Мемлекет азаматтық қоғам институттарының мақсаттары бойынша әртүрлi қызметiн құру және дамыту үшiн жағдайды заңнамалық түрде қамтамасыз етедi. Кәсiби-бейiндi негiзде азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық жасау билiк үшiн мiндеттi шарт болады. Мемлекеттiк бағдарламаларды, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру жеке адам мен қоғам қажеттiлiктерi негiзiнде және оларды ескере отырып жүргiзiледi.
Елдегi еңбек қатынастары әлемдiк стандарттар деңгейiне жетедi. Экономикалық өсу қызметкерлердiң еңбекақысын арттыруға ықпал етедi. Елде мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен кәсiподақтардың әлеуметтiк серiктестiгi еңбек және әлеуметтiк-экономикалық салалардағы мүдделердi келiсудiң тиiмдi тетiгiне айналады.
Азаматтық қоғамның экономикалық құрамдас бөлiгiндегi шағын және орта бизнесiнiң үлесi айтарлықтай өседi.
Азаматтық қоғам институттары мемлекеттiк органдардың тапсырысы бойынша әлеуметтiк маңызы бар жобаларды жүзеге асырады, мониторинг жүргiзiп, түрлi әлеуметтiк-экономикалық проблемалар бойынша қоғамдық пiкiрдi зерделейдi.
Қоғамдағы саяси партиялардың ролi нығаяды, бұған заңнаманы демократияландыру, саяси партияларды мемлекеттiк қолдауды ұлғайту, Қазақстан Республикасының Парламентiндегi және мәслихаттардағы партиялық фракциялардың рөлiн күшейту ықпал ететiн болады.
Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары өмiр сүру сапасының қазiргi заманғы стандарттарына қол жеткiзу және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халыққа мемлекеттiк қызмет көрсетулер сапасын арттыруға ұмтылады.
Мүмкiндiгi шектеулi адамдар әлеуметтiк қорғаудың жаңғыртылған мемлекеттiк жүйесi мен тиiстi заңнамалық база жасау негiзiнде өздерiнiң азаматтық құқықтарын iске асыруы үшiн жағдаймен қамтамасыз етiледi.
Мемлекет саяси ағартудың және тиiмдi келiссөздер жүргiзу мен жанжалдардың алдын алу мен оларды шешу дағдысына оқытудың ауқымды жүйесiн құрады.
Сот практикасымен қатар қоғамдық, тұлғааралық жанжалдар мен дауларды шешудiң баламалы тәсiлдерi қолданылады, ұлттық менталитет пен тарихи тәжiрибенi ескере отырып құрылған мүдделердi келiсудiң (үйлестiрудiң) тұтас жүйесi әрекет етедi.
Бұқаралық ақпарат құралдары ел өмiрiн объективтi бейнелейдi және қоғамдық мүдделер мен құндылықтарды қорғауға бағдарланады.
Азаматтық қоғамды одан әрi дамыту мынадай принциптерге негiзделедi:
адам мен азаматтың iргелi құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
эволюциялық және кезеңдiлiк;
қоғамдық өмiр салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдiк дамудың жаһандық үрдiстерiн ескере отырып қайта құрулармен бiрге бағдарланушылық
заңның үстемдiлiгi, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдiгi;
мемлекеттiң iстерiн басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуы;
елдегi демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
азаматтарды демократиялық мәдениет мiнез-құлқына тарту;
билiк пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мәдениетiне бейiндiгi.
Азаматтардың бiрлестiктерi мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ешқайсысы да көпшiлiк билiкпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкiл секторының мүддесiн қорғай алмайды.
Қорытынды.
Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық прогресс, демократиялық даму, экономикалық өрлеу азаматтардың қоғам тыныс-тiршiлiгiнiң барлық маңызды салаларына белсендi қатысқан жағдайда ғана мүмкiн болады.
Осы Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдасын iске асыру елдiң адами, зияткерлiк әлеуетiн жандандыруға және жұмылдыруға, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершiлiгiн арттыруға, билiк қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге, жемқорлық пен озбырлықты, мемлекеттiк бюрократияның билiктi асыра пайдалану көрiнiстерiн түбiрiмен жою үшiн жағдай жасауға, елдiң әр азаматының өмiр сүруiнiң жоғарғы деңгейiне жедел қол жеткiзуге, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Қоғам тарапынан билiкке деген сенiм мен құрмет әлеуметтiк татулық пен келiсiмнiң, саяси тұрақтылықтың және, тиiсiнше, Отанымызды тұрақты дамытудың берiк iргетасы болып табылады.
Өзiнiң күрделi де жарқын тарихымен, еркiндiк пен егемендiк үшiн бастан кешкен мехнатымен, әлемдiк қоғамдастыққа лайықты кiруге ұмтылысымен Қазақстан азаматтық қоғамның ұсынылып отырған моделiн iске асыруға әзiр.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Азаматтық құқық. І том. Жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулық /академиялқ курс/ Өңделген
және толықтырылған 2-басылым/жауапты
редактор:М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин —Алматы:
2003 ж.
2. ҚР Азамттық кодексі (жалпы бөлім), 1994
жыл, 27 желтоқсан (өзгерт. мен толықтырулар).
—Алматы: Жеті Жарғы 2004ж.
3. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім),
1999 жыл, 1 шілде. —Алматы: Жеті Жарғы 2004ж.
4. Право и собственность Монография. /Под.ред.
М.К. Сулейменова.-Алматы:Жеті Жарғы,2001
5. Тугинский Б.И., Сафулин Д.Н. Правовая
экономика проблемы становления. М., 2002
6. “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы”.
1998 жыл, 22 сәуір (өзгерт. мен толықт.)
7. ҚР “Өндірістік кооперативтер туралы”
Заңы. 2001 ж.
8. Ә.Ерали, Жерге меншік құқығының негіздері.-Алматы,1996,18бет
9. Гражданское право Учебник ч.1./под.ред.
Ю.К Толстого А.Г Сергеева,-М,;ТЕИС,1996-552с
10. К.Маркс, Ф Энгельс Сочинение 2-е издательство
Т46.ч1 с23-24
11. ҚР “Мемлекеттік кәсіпорындар туралы”.
Президентінің заңды күші бар Жарлығы.
1995 жыл, 23 желтоқсан. (өзгерт. мен толықт.)
12. ҚР “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңы
19 маусым 1997 ж.
13. Тулеуғалиев Ғ.И. Азаматтық құқық. —Алматы:
2001 жыл
14. ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы”
заңы 16 сәуір 1997 ж.
Информация о работе Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы