Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2015 в 18:19, реферат
Айналым қаржыларының қозғалысы
Орнықты пассивтер айналым қаражаты ретінде
Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы
Тақырып: Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
Жоспар:
Айналым қаржылары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндірс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі — дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айнылым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ,айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір иезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнмдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай- әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтұнушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады (1):
А-Қ…Ө…Д-А1 |
(1) |
Мұнда:
А-шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ-өндіріс құралы;
Ө-өндіріс;
Д-дайын өнім;
А1- өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірстік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жібереді. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші айналым қаражат мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждықтың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Орнықты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдаланатын, бірақ оның менгішіне жатпайтын пассивтерді айтады.
Орнықты пассивке жататындар:
— Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
— Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
— Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
— Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады — ол өндіріс тұрақсыздығы.
Айналым қаражатының ауыспалы айналымы процесінде олар қалыптастырылған көздер, әдетте, ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Артық айналым қаражаты кәсіпорын капиталының бөлігі әрекетсіз және кіріс әкелмейтінін білдіреді. Сонымен бірге айналым капиталының жетіспеуі кәсіпорын қаражатының шаруашылық айналымының жылдамдығын баяулатып, өндірістік процестің жылдамдығын тежейді.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені екінші маңызды жағынан алып қарастырайық. Нарық жағдайы үнемі өзгереді, сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына сұранысы да тұрақсыз болады. Іс жүзінде осы қажеттілікті тек меншік көздің есебінен өтеу мүмкін емес. Кәсіпорынның меншікті қаражат есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды. Ал көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдаланғаннан гөрі қарыз қаражатты пайдалану тиімді екенін растайды.
Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру процесін баскарудағы негізгі міндет болып табылады.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы:
— меншікті көзді;
— қарыз көзін;
— қосымша тартылған көзді қамтиды (4-кесте).
4 кесте
Айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы
Айналымның қаражат көзі | ||
Меншікті |
Қарыз |
Қосымша тартылған |
1. Жарғылық капитал 2. Үстеме капитал 3. Резервтегі капитал 4. Бөлінбеген таза кіріс 5. Жинақтау қоры 6. Мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім |
1. Банкінің ұзақ мерзімді кредиті 2. Ұзақ мерзімді қарыз 3. Банкінің қысқа мерзімді кредиті 4. Қысқа мерзімді қарыздар 5. Коммерциялық кредит 6. Инвестициялық салық кредиті 7. Қызметкерлердің инвестициялық жарнасы |
1. Кредиторлық берешек: — жеткізушілер мен мердігерлерге — енбекақы төлеу бойынша — сақтандыру бойынша -бюджетпен — өзге кредиторлармен 2. Тұтыну қоры 3. Алдағы шығыс пен төлемнің резерві 4. Күмәнді борыш бойынша резерв |
Әдетте, кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің: пайданың, жарғылық капиталдың, резервтегі капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) кәсіпорынға уақытша қосымша айналым қаражаты қажет болады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметті қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі: банк және коммерциялық кредит, қарыз, инвестициялық салық кредиті, кәсіпорын қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы, облигациялык қарыз тартылады.
Уақытша мұқтаждық тудыратын айналым капиталына деген қосымша қажеттілік екінші деңгейлі банкілерден қысқа мерзімді несие алу арқылы қамтамасыз етіледі. Банкіден қысқа мерзімді несиелер алатын кезде оның қайтымдылығы мен материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуі қатаң тексеріліп, содан кейін ғана беріледі.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның жыл бойындағы айналым капиталына деген мұқтаждығы әрдайым біркелкі бола бермейді. Сол себепті айналым капиталын толықтай меншікті көздер есебінен құрастырған дұрыс емес. Бұл жағдай белгілі бір кезеңде артық айналым капиталының пайда болуына және оларды үнемдеп пайдалануға әкеп соғады.
Информация о работе Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері