Құқықтың пайда болуы туралы теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2014 в 18:13, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік құбылыс ретінде құқықтың пайда болу туралы бірқатар көзқарастар қалыптасқан. Бұл көзқарастар мәңгілік сипатта болады, өйткені адамзат қоғам дамуының әр кезеңінде құқық туралы жаңа қасиеттер ашыла бастады. Құқық туралы көзқарастардың көп болуы, әр түрлі ұлттық және діни салт-дәстүрге, тарихи әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерге философиялық және идеологиялық көзқарастарға байланысты. Бұл көзқарастар дамып, теорияға айналды. Олардың ішінде материалисттік, табиғи – құқықтық, тарихи, нормативтік, материалистік, психологиялық және әлеуметтік теорияларды атап өткен жөн.

Вложенные файлы: 1 файл

Құқықтың пайда болуы туралы теориялары.docx

— 34.19 Кб (Скачать файл)

Құқықтың пайда  болуы туралы теориялары

 
Әлеуметтік құбылыс ретінде құқықтың пайда болу туралы бірқатар көзқарастар қалыптасқан. Бұл көзқарастар мәңгілік сипатта болады, өйткені адамзат қоғам дамуының әр кезеңінде құқық туралы жаңа қасиеттер ашыла бастады. Құқық туралы көзқарастардың көп болуы, әр түрлі ұлттық және діни салт-дәстүрге, тарихи әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерге философиялық және идеологиялық көзқарастарға байланысты. Бұл көзқарастар дамып, теорияға айналды. Олардың ішінде материалисттік, табиғи – құқықтық, тарихи, нормативтік, материалистік, психологиялық және әлеуметтік теорияларды атап өткен жөн. 
 
Құқықтың пайда болуының материалисттік теориясы - ХІХ-ХХ ғасырларда толық қалыптасты. Өкілдері: К. Маркс, В. И. Ленин, Энгельс. Құқық - бұл үстем таптың еркі, яғни таптық құбылыс деп түсіндіріледі. Құқықта бейнеленген тап еркіннің мазмұны материалдық өндірістік қатынастардың сипатымен айқындалады. 
 
Құқықтың пайда болуының табиғи-тарихи теориясы - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда толық қалыптасты. Бұл теорияның өкілдері: Т. Гоббс, Дж. Локк, А.Н. Радишев. Олардың айтуынша, құқық пен заңды жеке бөліп қарастыру керек. Позитивті құқықпен қатар, яғни мемлекет қабылдайтын заңмен қатар адамға тумысынан тиесілі ең жоғарғы табиғи құқықтар болады. Бұл құқықтар адамға табиғаттан берілді және бөлінбейтін құқықтар деп саналады. Бұл құқық теориясын жақтаушылар мемлекет қабылдайтын құқыққа қоса адамға тумысынан берілетін табиғи құқықта болады деп санаған. Бұл – өмір сүруге, бостандыққа, теңдікке, меншікке және т.б. құқық. Яғни, табиғи құқық (адамның табиғи, мәңгі, өзгермейтін құқықтарының жиынтығы) –қолданыстағы құқыққа (заңдар, прецеденттер) қарағанда жоғары құқық, бұл өз бойына сана мен мәңгілік әділеттілікті сіңіре білген құқық. Олар құқықты мәні бойынша моральмен теңестірген. Әділеттілік, бостандық, теңдік сияқты абстрактіні өнегейлік құбылыстар құқық шығармашылық және құқық қолданушылық процесті айқындайтын құқықтың өзегі. Адам құқықғының қайнар көзі заңнамада емес, адамның табиғатында бұл құқықтар оған туғаннан тиесілі немесе құдайдан беріледі.  
 
Құқықтың пайда болуының тарихи теориясы – ХVІІІ - ХІХ ғасырларда толық қалыптасты. Аталмыш теорияның өкілдері: Гуго Савиньи, Пухта. Олардың айтуынша, құқық - бұл тарихи құбылыс. Ол тіл сияқты шартпен белгіленбейді, ешкімнің нұсқауымен еңгізілмейді, біртіндеп пайда болып, дамиды. Сондай-ақ, құқық- бұл ең алдымен, әдет құқығы, заң әдет құқығынан туындайды. Бұл теорияның өкілдері адам құқығын жоққа шығарады, өйткені, сол кезде кейбір әлеуметтік таптарда ешқандай табиғи құқықтары болмады.  
 
Құқықтың пайда болуының нормативтік теориясы – ХХ ғасырда толық қалыптасты. Оның негізгі өкілдері: Келвен, Штаммлер, Новгородцев. Олардың айтуынша, құқық - бұл заң шығарушы қабылдаған құқықтық нормалардың жүйесі. Нақты айтқанда, Кельзеннің концепциясына сәйкес, құқық нормалар жүйесі (пирамидасы) ретінде түсіндіріледі, оның ең басында заңшығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма тұрады және бұл жердегі әрбір төменгі норма өз заңдылығын заңды күші жоғары нормадан алады. Құқық туралы нормативистік бағыттың мазмұны ақиқатқа мемлекет қабылдаған нормативтік актілер негізінде қарау арқылы анықталады. 
 
Бұл құқық нормалар жүйесінде ең жоғарғы орынды Конституция иеленеді. Барлық қалған құқық конституцияға сәйкес келіп, оған қайшы келмейді. Құқықтық нормалар жүйесінде негізгі орынды жеке актілер, оның ішінде сот шешімі, шарт, әкімшілік ережелер иеленеді. Оларға құқық та жатады және олар негізгі заңға сәйкес келмеуі керек.  
 
Құқықтың пайда болуының әлеуметтік теориясы – ХХ ғасырда қалыптасты. Оның өкілдері: Эрлих, Женни. Олар құқық пен заңды бөлек қарастырады. Құқық табиғи құқықпен заңнан көрінбейді. Ол заңды іске асудан көрінеді. Құқық – бұл заңи әрекеттерді, заңи практиканы, құқық-тық тәртіпті түсіндіреді. Олардың айтуынша, құқық – бұл құқықтық қатынас, субъективтің нақты әрекеті. Осыдан, олар құқықты тірі құқық деп атады. Бұндай тірі құқықты сот қызметінде судья жүзеге асырады. Олар заңдарды құқықпен толықтырады, тиісті шешім шығарады және құқық шығармашылықтың субъектісі болады.  
 
Құқықтың пайда болуының психологиялық теориясы – ХХ ғасырда толық қалыптасты. Оның өкілдері: Петряжитский, Росс, Реиснер. Адамның психикасы қоғам дамуының, оның ішінде мораль құқықтың мемлекет дамуының негізгі факторы. Құқық - бұл адам психика санасының шығармашылығы. 
 
 
47 Құқықтың қағидаттарының түсінігі және түрлері  
 
Құқықтың қағидаттары – бұл құқытың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс-тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпықұқықтық, салааралық және салалық қағидаттарды бөліп қарастырады.  
 
Жалпықұқықтық қағидаттар барлық құқық салаларында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады: 
 
- әділеттілік; 
 
- азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі; 
 
- ізгілік (гуманизм); 
 
- демократиялық; 
 
- құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы; 
 
- сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.  
 
Салааралық қағидаттар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өндірісінің жариялылығы және т.б. қағидаттарды бөліп атауға болады.  
 
Салалық қағидаттар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта – мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидаты, қылмыстық құқықта – кінәсіздік презумпциясы.  
 
Құқық қағидаттары қоғамдық қатынастарды реттеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешімнің негіздемесіне де енуі мүмкін. 
 
 
48 Құқықтың функцияларының түсінігі және түрлері  
 
Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.  
 
Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады: 
 
1) сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынастарды реттейді, меншік нысанын бекітеді және т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.), тәрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б.) функциялар. 
 
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар–реттеуші және қорғаушы функциялар.  
 
Реттеуші функция – бұл позитивтік мінез-құлық ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуыға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты. 
 
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.  
 
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық инстиуттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда конституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.  
 
Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді мінез-құлықын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік, еңбек құқығының институттарынан көрініс табады.  
 
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты. 
 
 
49 Қоғамның құқықтық жүйесі 
 
Әлемде әр түрлі ұлттық құқықтық жүйелер мен құқықтық жанұялар бар. Ол тиісті кезеңнің, өркениеттің, елдің және халықтың ерекшелігін білдіреді.  
 
Қоғамның құқықтық жүйесі – бұл нақты тарихы құқықтардың, заңи практиканың және жкелеген мемлекеттің үстемдік ететін құқықтық идеологиясының жиынтығы.  
 
Қоғамның құқықтық жүйесінің құрылымына келесі негізгі элементтер кіреді: 
 
- құқық (заңнама); 
 
- заңи практика; 
 
- үстемдік ететін құқықтық идеология.  
 
Әлемнің құқығы көптеген ұлттық құқықтық жүйеден тұрады. Олардың барлығы бір – бірімен байланысты. Олардың байланысы ортақ белгілермен сипатталады.  
 
Ұлттық құқықтық жүйелер – бұл нақты мемлекеттің, оның тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрінің, географиялық жағдайының органикалық элементі.  
 
Құқықтық жанұя – бұл бірнеше маңызды белгілерінің ұқсастығымен сипатталатын бірнеше текті ұлттық құқықтық жүйелер (белгілері қалыптастыру және даму жолдары, қайнар көздерінің ортақтығымен сипатталады). 
 
Құқықтық жүйе – бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.  
 
Құқықтық жүйе түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады: 
 
1) романо – германдық (континентальдік құқықтық жанұя); 
 
2) англо-саксондық (жалпы құқықтық жанұя); 
 
3) діни (мұсылмандық және үнді құқықтық жанұя); 
 
4) салт – дәстүр (әдет құқықтық жанұясы).  
 
Құқықтық жүйелерді топтастырудың қажеттілігі және маңыздылығы: 
 
Біріншіден, ғылыми, танымдық, білім беру себептерге. Өйткені, әлемдегі барлық құқық жүйелерді жеке зерттеу, жан – жақты зерттеу, ол туралы түсінік береді. 
 
Екіншіден, практикалық себеппен – қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, ұлттық құқықтық жүйелерді жетілдіру. 
 
 
50 Романо – германдық құқықтық жанұя 
 
Романо – германдық құқықтық жанұясына Италия, Франция, Испания, Португалия, Германия, Австрия, Швейцария құқықтың жүйелері жатады. Бұл жанұя жеке топ ретінде славян құқықтық жүйесін (Югославия, Болгария) айтуға болады. Қазіргі кездегі Қазақстандық құқықтық жүйесі ерекшеліктеріне байланысты романо – германдық құқық жанұясына жатады.  
 
Романо – германдық құқық жанұясының белгілері: 
 
- жазылған құқық қайнар көз жүйелерінің бірыңғай иерархиялық құрылымы, онда басты орынды нормативтік актіге берілген; 
 
- жоғары заңи күшке ие жазылған Конституцияның болуы; 
 
- құқық жүйесін жеке және жария, сондай-ақ, салаға бөлі; 
 
- құқықты қалыптастырудағы басты рөл заң шығарушыға берілген, заң шығарушы жалпы құқықтық мінез – құлық ережелерін қабылдайды, ал құқық қолданушы тек нақты құқық қолданушы актілерде, жалпы нормаларды дәл іске асырады;  
 
- нормативтік қортындылардың жоғары деңгейі кодификацияланған нормативті актілер арқылы жүзеге асады; 
 
- заңға тәуелді актілерінің ерекше орын алуы; 
 
- әдет құқығы және сот прециденті қосымша, толықтырушы сипатта болады; 
 
- алдынғы орында адам мен азаматтың міндетті емес, құқығы болады; 
 
- заңи доктриналардың ерекше рөлге ие (ғалымдардың құқықтық жанұя туралы талқылауы).  
 
 
51 Англо-саксондық құқықтық жанұяға 
 
Англосаксондық құқықтық жанұяға Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия ұлттық құқықтық жүйелері жатады.  
 
Оның белгілері: 
 
- құқық басты қайнар көзі сот прецеденті (нақты істі шешу барысында судьяларды қабылдаған мінез – құлық ережелері және ұқсас істерге таралады); 
 
- құқықты қалыптастырудағы басты рөл соттарға берілуі; 
 
- алдынғы қатарда адам мен азаматтың міндеттер емес құқықтары және олар сот тәртібімен қорғалады; 
 
- процесуалдық құқықтың ерекше болуы; 
 
- кодификацияланған құқық саласының болмауы; 
 
- құқықты жеке және жариялы деп бөлудің болмауы; 
 
- статус құқығының кең дамуы, әдет құқығы қосымша, туынды сипатта болады; 
 
- заңи доктрина қолданбалы сипатта болады. 
 
 
52 Діни құқықтық жанұясы 
 
Діни құқық жанұясына Иран, Ирак, Пакистан сияқты мұсылман елдері Үндістан, Бирма елдерінің үнді – құқық жүйелері жатады.  
 
Оның белгілері: 
 
- құқықты шығарушы –қоғам, мемлекет емес, құдай, сондықтан, заңи ережелер бір рет және мәңгілікке беріледі; оларға сеніп, қатан сақтау керек; 
 
- құқықтың қайнар көзі діни - өнегелік нормалар мен құндылықтар, әдетте, Құран, Сүнна, Иджма мұсылмандарға таралса, Шастра, Веда, Ману заңдары үнділерге таралады; 
 
- заңи ережелердің діни, философиялық және мұсылмандық постулаттармен, сондай-ақ жергілікті әдетпен тығыз араласып, бірыңғай мінез – құлық ережелерін білдіруі; 
 
- қайнар көздердің ішінде заңгер – ғалымдардың еңбектері ерекше орын алуы; 
 
- құқықты жеке және жариялы деп бөлінудің болмауы; 
 
- нормативті құқықтық актілер туынды сипатта; 
 
- сот практикасы құқықтың қайнар көзіне жатпауы; 
 
- көбіне адамның құқығына емес, міндетіне негізделуі. 
 
 
53 Әдет құқықтық жанұясы 
 
Әдет құқықтық жанұясына Мадагаскар, Африканың бірқатар елдерінің құқықтық жүйелері жатады.  
 
Оның белгілері: 
 
- құқықтық қайнар көзі әдет, салт және олар ауызша сипатта, ұрпақтан ұрпаққа беріледі; 
 
- әдет пен салт заңи, мораль және аңыз ережелерінің синтезі; 
 
- әдет пен салт ең алдымен жеке адамның емес, топтың қарым – қатынасын реттейді; 
 
- нормативті актілер туынды сипатта; 
 
- сот практикасы да, туынды сипатта және құқықтық қайнар көзіне жатпайды; 
 
- сот билігі қауымның келісімін қалыптасу идеясын басшылыққа алады; 
 
- заңи доктрина рөлінің төмендеуі; 
 
- әдет пен салттың ескеруі. 
 
 
54 Әлеуметтік нормалардың түсінігі 
 
Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы әлеуметтік нормалар, арап айтқанда құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет, салт – дәстүр және ритуал нормалары болып табылады.  
 
Әлеуметтік нормалар – бұл адамдардың мінез – құлқын, және олардың ара – қатынасын, ұйымның қызметін реттейтін ережелер. Әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қолданылатын мінез –құлық ережелері. 
 
Әлеуметтік нормалардың белгілері: 
 
- әлеуметтік нормалар адамдардың мінез–құлық ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың ұжымы, мемлекет пікірі бойынша адамдардың мінез–құлқы қандай болатындығын көрсетеді. Бұл үлгілер оған сәйкес адамдар өз әрекеттерін қалыптастырады.  
 
- әлеуметтік нормалар – бұл жалпы сипаттағы мінез – құлық ережелері. Оның жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған.  
 
- әлеуметтік нормалар – бұл қоғамдағы міндетті мінез – құлық ережелері. Құқықтық нормаға емес, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік нормалар, оларды қолданатындарға міндетті. Қажетті жағдайларда әлеуметтік нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеумен қамтамассыз етіледі.  
 
Осы белгілерге сәйкес, әлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез – құлқына белсенді әсер етеді.  
 
 
55 Әлеуметтік нормалардың түрлері 
 
Әлеуметтік нормалардың әр алуандығына байланысты, олар келесідей топтастырылады:  
 
1) Құқық нормалары – бұл мемлекет бекітетін және қорғайтын мінез – құлық ережелері.  
 
2) Мораль нормалары – бұл қоғамдағы адамдардың жақсылық пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік, қадір қасиет, ар–ождан туралы моральдік түсініктеріне сәйкес қалыптасқан және қоғамдық пікір немесе ішкі сенім негізінде қорғалатын мінез – құлық ережелері.  
 
3) Қоғамдық ұйымның нормалары – бұл қоғамдық ұйымдардың өздері бекітетін және бұл ұйымның жарғысымен көзделген қоғамдық әсер ету шаралары көмегімен қорғалатын мінез – құлық ережелері. 
 
4) Әдет нормалары – бұл адамдардың бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде адамдардың әдетіне байқалған белгілі бір қоғамда қалыптасқан мінез–құлық ережелері.  
 
5) Салт–дәстүр нормалары – бұл адамның өмір сүруінің белгілі бір саласында уақытқа сәйкес прогрессивті ережелерді қолдаумен пайда болған тұрақты мінез – құлық ережелері.  
 
6) Ритуал нормалары - бұл әр түрлі саяттарды (отряд) жасаған кезде адамдардың мінез – құлық ережелерін анықтайтын және моральдік әсер ету шараларымен қорғанатын нормалар. Олар ұлттық мейрамдарды некені қиған кезде қолданады.  
 
7) Діни нормалар – бұл әр түрлі діннің ерекшелігіне байланысты қалыптасқан ережелер.  
 
 
56 Техникалық нормалар 
 
Техникалық нормалар - бұл табиғат заттары, еңбек құралдары, әр түрлі техникалық құралдар мен адамдардың қарым – қатынасын реттейтін мінез – құлық ережелері. Техникалық нормалардың мақсаты табиғат, техника күштерін дұрыс пайдалану.  
 
Техникалық нормаларға құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, машина мен механизмдерді пайдалану нұсқаулары шикі затты, электроэнергияны, жағар майды жұмсау нормалары жатады. 
 
Техникалық нормалары әлеуметтік сипатта болады. Бірақ тікелей адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалардан ерекшелігі, техникалық нормалар техниканы пайдаланумен байланысты адамдардың мінез – құлқын реттейді.  
 
Техникалық нормалардың ерекшелігі, олар техникалық мазмұны бар әлеуметтік нормалар ретінде болады. Әлеуметтік – техникалық нормалар техниканы қолданумен байланысты қоғамдық өмірдің саласын ретеуші ретінде болады.  
 
Техникалық нормалардың мазмұны: табиғат дамуының, объективті заңдылықтарына, жаратылыстану заңына негізделген. Сондықтан да, көптеген техникалық нормалар объективті қажеттіліктің талабы.  
 
Техникалық нормалар – бұл нормалардың ерекше түрі емес, ол техникалық мазмұны бар әр түрлі әлеуметтік нормалардың жиынтығы. Мысалы, жарыс ережелері әдетке айналған, техникалық нормаға мысал, караулға командир қарумен орындау жатады.  
 
Техникалық нормалар құқықтық нысанда да болады. Осыдан барып, олар міндетті болып, қажетті жағдайда мемлекет қорғауында болады. Мысалы, қылмыстық кодекс пен көлікті жүргізу және пайдалану ережелерін бұзған үшін, жауаптылық көзделген. Техникалық мазмұны бар құқықтық нормаларды техникалық – заңи деп аталады.  
 
Әскери – техникалық нормалар техникалық мазмұны бар әлеуметтік нормаларға кіреді. Олар әскери қызметшілердің әскер техника мен әскери қару жарақты тиімді пайдалану ережелері.  
 
 
57 Құқықтың қайнар көздерінің (нысаны) түсінігі және түрлері 
 
Құқықтың бір белгісі оның формалді анықтылығы. Құқықтық нормалар міндетті түрде объектіленіп, сыртай көрінуі керек, қандай да бір нысанда болуы керек. Бұлсыз құқық нормасы қоғамдық қатынастарды реттеуге байланысты өз міндеттін атқара алмайды.  
 
Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.  
 
Құқық нысаны – бұл мемлекет еркін, заңи мінез-құлық ережелерінің сырттай көріну әдісі.  
 
Құқық нысанының түрлеріне талдау жасаудан бұрын құқық нысаны, құқықтық нысаны, құқықтық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасын қарастыру керек. 
 
Егер құқықтық нысан деп, барлық қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын барлық заңи құралдар болса, онда құқық нысаны – құқықтық нормалардан тұратын ерекше жүйе.  
 
Заң әдебиеттерінде құқық нысаны мен құқық қайнар көзі ұғымдарының ара қатынасы даулы. Бірінші көзқарас бойынша, бұл екі ұғым ұқсас. Екінші көзқарас бойынша, құқық қайнар көзі ұғымы құқық нысаны ұғымына қарағанда кеңірек.  
 
Соңғы көзқарас бүгінгі күні де үстем. Шынында да, қайнар көз сөзін бастау не негіз, түбірі, себебі сияқты қарастыратын болсақ, онда заңи құбылыстарға қатысты құқықтың қайнар көзі деп, келесі үш факторды түсіну керек: 
 
- материалдық мағынадағы қайнар көзі (қоғам өмірінің материалдық жағдайы, меншік нысаны, адамдардың мүддесі); 
 
- идеологиялық мағынадағы қайнар көзі (әр түрлі құқықтық ілімдер және доктриналар, құқықтық сана); 
 
- формальді заңи мағынадағы қайнар көзі (бұл құқық нысаны). 
 
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.  
 
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды, бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі: 
 
1) құқықшығармашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады. 
 
2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді. 
 
 
58 Құқықтың қайнар көздерінің (нысаны) түрлері  
 
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері: 
 
1) Нормативтік құқықтық актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.  
 
2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Әдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:  
 
а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;  
 
ә) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік  органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.  
 
3) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім. 
 
4) Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған кеілісімі. 
 
5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылығ қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).  
 
6) Діни мәтіндер – бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап, Сүннет – бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.  
 
 
59 Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері 
 
Нормативтік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тәртіп бойынша қабылдайды. 
 
Нормативтік құқықтық акт - бұл өкілетті орган қабылдаған, құқықтық нормалардан тұратын құқықтық акт. Нормативтік актіні қатаң белгіленген нысанда норма шығармашылық құзіреті бар орган шығарады.  
 
Оның белгілері: 
 
- нормативтік актілер мемлекеттік өкілетті органдарының бекіткен немесе халық референдумда қабылдаған нормалар;  
 
- нормативтік актілер ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндетті; 
 
- нормативтік актілер ресми түрде, заң, қаулы, жарлық ереже түрінде шығады. Олардың заңды нысаны болады. 
 
Заң күші бойынша нормативтік актілер заң және заңға тәуелді актілер деп бөлінеді.  
 
Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. 
 
Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады: 
 
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер; 
 
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер; 
 
3) мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдардың актілері (мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады); 
 
4) ведомстволық актілер (белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады).  
 
Нормативтік актілер құқық шығарушы субъектісінің құқық жағдайының ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: 
 
- мемлекет органдардың актілері; 
 
- қоғам бірлестігінің актілері; 
 
- референдумда қабылданған актілер; 
 
- бірлескен сипаттағы актілер. 
 
Нормативтік актілер таралу саласы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: 
 
- республикалық; 
 
- жергілікті; 
 
- локальді.


Информация о работе Құқықтың пайда болуы туралы теориялары