Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 21:32, контрольная работа

Краткое описание

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты............................5
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі...................................................................................................13
1.2. Қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................................... .....21
Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................

Вложенные файлы: 1 файл

экономикалық талдау бақылау.docx

— 59.19 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.

Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытын-да есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорын-ның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үл-кен роль берілген.                                                                    

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                            

•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                             

•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;                                                                            

•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;                                                                                                                           

• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    

•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.                       

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сон-дықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-лық тұрақты "кәсіпорындарға салады.  Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз об-лигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-кен   уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелері-мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез кел-ген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді жә-не төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықылас-пен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.                                        

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның ша-руашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.     

      Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:                                                                                                                               •қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;           

•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;                        

•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-мелермен арақатынасын анықтау;                                                                        

•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;                                                                     

•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;                     

•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш

және қорлар есебі;                                                                                                                            

•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;                                                                                                                                 

• кәсіпорын табыстылығын бағалау;                                                                                       

• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;                                                                                                         

• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;                                                               

• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.                  

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық  қызметін талдаудың қорытындылаушы  кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақ-тауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рацио-налдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.                                                                                                                      Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:                                                                                        

• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;                                                                                                           • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;                                                                                                                                    

• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының  абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;         

• баланс өтімділігін талдау;                                                                                                                      

• кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  және   несие қабілеттілігін талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.                                                                                               

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:                                                                                               

1) бухгалтерлік баланс;                                                                                                               

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;                                                  

3) ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп.                                                                         

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықты-рылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады.  Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырған-дығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақ-параттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгі-сіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.                        

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік  төлемдерді есептеу, сондай ақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштенаспайды;                                                                                                                                          2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;                          

3) активтердің  жалпы құны 60000 еселік есептік  көрсеткіштен аспайды.  Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бо-йынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарық-тық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байла-нысты.                                                                                                  

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектіле-рінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті анали-тикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.   Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.                                                                                                    

      Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржы-лық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.  Біріншіден, ба-ланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныс-тырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдар-дың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшы-лар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алын-ған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиім-ділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек ала-ды, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.                                                                                                                                                                                                                       

Информация о работе Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты