Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 18:32, контрольная работа

Краткое описание

Вирустық баяу инфекцияларды жедел инфекцияның қоздырғыштары сияқты вирустар қоздыруы мүмкін. Мысалы қызамық вирусы туа пайда болған прогрессивті қызамық және қызамықтық энцефалит, ал қызылша вирусы – жеделдету салдарынан энцефалит қоздыруға себепкер болады. ЖСПЭ кезінде нерв жүйесі зақымданып, нейрондар өзгеріске ұшырайды, қозғалыс қабілеттілігінің және психикалық жағдайдың бұзылысы дамиды. Ауру 20-30 жастағылар арасында кездеседі және ол жетілмеген вириондардың нейрогендік жасушаларда персистенциялануымен байланысты.

Вложенные файлы: 1 файл

Вирустық баяу инфекциялар.docx

— 21.62 Кб (Скачать файл)

            Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар).

Вирустық баяу инфекциялар келесі белгілермен сипатталады:

  • Жасырын (инкубациялық) кезеңі өте ұзақ болады;
  • Әртүрлі ағзаларда (әсіресе ОЖЖ-да) және тіндерде бұзылыстар туғызу қабілеттілігі болады;
  • Кесел тоқтаусыз үдемелі түрде болады;
  • Соңында өліммен аяқталады.

        Вирустық баяу  инфекцияларды жедел инфекцияның  қоздырғыштары сияқты вирустар  қоздыруы мүмкін. Мысалы қызамық  вирусы туа пайда болған прогрессивті  қызамық және қызамықтық энцефалит,  ал қызылша вирусы – жеделдету  салдарынан энцефалит қоздыруға  себепкер болады. ЖСПЭ кезінде  нерв жүйесі зақымданып, нейрондар  өзгеріске ұшырайды, қозғалыс қабілеттілігінің  және психикалық жағдайдың бұзылысы  дамиды. Ауру 20-30 жастағылар арасында  кездеседі және ол жетілмеген  вириондардың нейрогендік жасушаларда  персистенциялануымен байланысты.

        Жануарларда  типті вирустық баяу инфекцияны  ретровирустарға жататын вирустар  қоздырады. Ошл қойларда вирустық  баяу инфекция және үдемелі  қоздырады.

       Приондық аурулар  адамдар мен жануарлардың нейрогендік  аурулар тобына жатады. Ауру сирек  кездеседі анда санда болатын  жұқпалы және тұқым қуалайтын  түрде тіркеледі. Мұндай аурулар  этиологиялық тұрғыдан жұқпалы  ақуызбен байланысты деп трансляциядан  кейін иесінің қауіпті приондық  ақуызының деформациялық өзгеріске  ұшыруы нәтижесінде пайда болады.

           Англияда  сиырлар арасында қоздырғышы  прион болып табылатын трансмиссивті  сепсис тәріздес энцефалопатия  (сиыр құтыруы) эпидемиясы дамуына байланысты соңғы жылдарда приондық ауруларға көңіл аудару күрт артып отыр.

           Адамдар  арасында КЯА-ның жаңа түрімен  ауруға шалдыққандардың 50-ден  астам оқиғалар тіркелген.

       Приондар – белгілері бойынша вирустық инфекцияға ұқсас ауруларды қоздырады. Бұл аурулардың патогенетикалық және клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып оларды трансмиссивті губкатәріздес энцефалопатия ретіндеи (ТГЭ) қарстырады. Мұндай аурулар бұрыннан бері белгілі және адамдар популяциясында өте сирек кездеседі.

         Крейцтфельд – Якоб ауруы (КЯА - БКЯ) алғаш рет 1929жылы , Герсцман – Штрауслер – Шейлехер синдромы(ГШШС – СГШШ) ауруы өткен ғасырдың 50 жылдарында белгілі болды. Б. Слигурдан 1954 жылы баяу инфекцияларға тән сипаттарын анықтап берді. 1976 жылы америкалық ғадлымдар Д.Гайдузес және 1992 жылы С.Прузинар физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері болды.

          Қазіргі  кезде адамдарды зақымдайтын  4приондық аурулар және  жануарларды  зақымдайтын 6 приондық аурулар  анықталған.

    Приондық аурулар бірнеше түрде өтуі мүмкін:

  • Инфекциялық
  • Спорадиялдық
  • Тұқым қуалаушылық

Тұқым қуалаушылық түрлі инфекциялықпен бірге алғанда барлық ТГЭ-ның 10-20% құрайды, ал қалған 90% спорадиалдық ТГЭ-ның үлесіне тиеді.

     Патогенезі және клиникалық көріністері:

  • Үдемелі деменция (ақылсыздық)
  • Атаксия (қозғалыс координациясының және тепе – теңдіктің бұзылуы)
  • Психоздар
  • Зағип болып қалу
  • 100% өліммен аяқталу
  • Бас миының нейрондарының губкатәріздес дегенерациялануы
  • Тіндердің атрофиялануы және некроздануы
  • Ақуыздың аномальдық қосындыларының жинақталуы.

   ТГЭ қоздырғыштары және классикалық вирустарға тән ортақ қасиеттері:

  • Тесіктерінің диаметрі 25-100мм дейінгі сүзгіштерден өтіп кету қабілеттілігі
  • LD50 көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін титрлеуге қабілеттілігі
  • Инфицирленген жануарлар миында 1г ми массасына шаққанда 10 -тен 1028 ге дейінгі мөлшерде жинақталуы
  • Қоздырғыштарының әр түрлі вируленттілігі және патогенділігі бар штамдарының және иелерінің әртүрлі болуы
  • Агентке сезімталдығына генетикалық бақылау жүргізілуі.

ТГЭ қоздырғыштарының физикалық – химиялық қасиеттері:

  • Формальдегид, глутаральдегид, ЭДТА, нуклеазалар және детергенттердің әсеріне резистенттілігі
  • 800 та қыздыруға төзімділігіжәне 100 0С ға белсенділігінің толық жойылмауы, протеазаның әсеріне төзімділігі
  • УК сәуленің, иондаушы радиацияның және ультрадыбысты энергияның әсеріне төзімділігі
  • Электронды микроскопта вириондық құрылымдарды анықтау мүмкіндігінің болмауы
  • Қоздырғыш жұққан жануарлардың бас миында амилоид тәріздес фибриллялардың болуы

      ТГЭ қоздырғышының биологиялық қасиеті:

  • Жасырын кезеңі ұзақ мерзімді болуы
  • Қабынулық өзгерістердің, иммунитеттің болмауы
  • Патологияның үдемелі созылмалы түрде өтуі
  • Ремиссиялардың және айығу көріністерінің болмауы
  • Гисто-патологиялық өзгерістер туғызады: амилоидты түйіншектер, гликоз, нейрондардың бұзылуы
  • Интерферон өндірілуінің бұзылуы және интерферон пайда болуына әсер ету, интерферон әсеріне сезімталдық болмау
  • Т және В жасушаларының бір бірімен байланысуының болмауы
  • Инфицирленген жасушаларда ЦПЭ болмайды
  • Бірқатар реагенттердің иммунды супрессиялаушы әсеріне сезімталдығы жоқ.

Приондардың құрылымы:

 Приондық ақуыз (РyP) 2 қалыпта болады: адамдар мен сүтқоректілер ағзаларында табылған және қалыпты - PrPc приондық аурулармен зардаптанғандардың организмінде – PyPsc түрінде (патологиялық - инфекциялық) .

PrP – PRNP – ті кодтайтын ген адамның 20 хромосомасының қысқа иығында орналасады. Ол 253 кодонды, 20 шақты мутацияларды және приондық инфекцияларға қатысты көптеген инверсияларды кодтайтын 759 нуклеотидтерден тұрады.

    Приондар (PrP) – сиоалогликопротеид молекулалық салмағы 33-35 кД 254 қышқылдардан тұрады (22 мүшелі N терминалды), олардың бүйірлік тізбекшелеріне қанттық қалдықтар қосылған.

     PrP сыртқы жасушалық мембрананың құрамына кіреді және организмнің көптеген жасушалық компоненті болып табылады.

– тың физиологиялық функциялары:

  • Циркодалық ритмді реттейді, сигналдық қызмет атқарады.
  • Оксидативті стресске кедергі жасай алады және есіне сақтауды тқалыптастыруға қатысады.
  • Протеазаның әсеріне сезімтал
  • Жасушааралық тыныс алу процесіне және ұйқыны реттеуге қатысады, ал оны кодтайтын ген қартаю процестеріне бақылау жүргізеді.
  • PrPc және PrPsc - нің аминқышқылдық реттіліктері бірдей. Конформациялық ауысудың нәтижесінде қалыпты ақуыздың физиологиялық қасиеті өзгереді, ол патологиялық өзгерістің дамуына әкеледі.
  • PrPsc дәл PrPc сияқты гидрофобты гликозирленген зәкірі бар, жасушадан жасушаға нейрондар арасымен PrPc және PrPsc -ді тасымалдауды атқара алады.

Лизосомалардың  зақымдануы нейронның аутокатализін  туғызады. Олар бұзылғаннан кейін  PrPsc   көрші жасушаларға жұғады да амилоидты түйіншектерде шоғырланады. Синтетикалық құрылымдарда PrPsc -тің жиынтықталуы және осымен байланысты синапстардың бұзылуы неврологиялық өзгерістер мен деменция дамуына себепкер болуы мүмкін.

Инфекцияның берілу жолдары:

    • Аутосомды доминантты тип бойынша тұқым қуалаушылық жолменберілу(тікелей емес, жанама т.б.)
    • Алиментарлық приондармен инфицирленген өнімдерді пайдаланғанда берілу, себебі асқорыту сөлдеріндегі протеазаның әсеріне приондар төзімді келеді.
    • Парентералды жол – инфицирленген электордтарды, хирургиялық, стоматологиялық және басқа саймандарды, дәрілік препараттарды пайдаланғанда жұғу.
    • Тағамдық, фармацевтік және косметикалық өндірісте жануарлардан алынған өнімді пайдаланғанда жұғу
    • Ең қауіптісі нейроцеребралды жұғу жолы, содан кейін конустар арқылы перетоксалдық , тері астылық және ауыз арқылы жұғу жолдары болып табылады. Инфицирленген тіндер  формалинмен өңделгеннен кейін де жұқпалылық қасиетін жоймайтынын есте сақтау керек.

Приондық ауруларға  микробиологиялық диагноз қою.

Классикалық әдіс – инфекциондығын анықтау үшін трансгенді тышқандарға  (PRNP гені жоқ) жұқтыру; ОЖЖ-нің тіндеріндегі PrPsc -ді анықтау; антиген-антидене реакцияларына негізделген диагноз қою әдістері; PrPc және PrPsc   детекциялау үшін монокональды, поликональды антипептидтік және иммунды – химиялық әдістерді қолдану. ИФТ(ИФА) көмегімен ми жолының сұйықтығында приондық бұзылыстарының ақуыздық маркерлерін табу.

Емдеу стратегиясы

  • PrPc  синтезделуін және жасуша бетіне оның тасымалдануын тежеп отырып, PrPsc – нің қалыптасуын болдырмау
  •   PrPc  құрылымын тұрақтандыру
  • PrPsc   ны протеазаға сезімтал түрге айналдыру
  • PrPc  тің PrPsc-пен сезімтал және инверсиялық үрдіске қатысатын басқа молекулалармен өзара әсерлесуіне тосқауыл қою
  • организмнен PrPsc   -ті шығарып тастау
  • жаңа дәрілер –в- доменді блокаторларды қолдану

 

Приондық аурулардың алдын алу 

  • гендік – инженерлік гормондық препараттарды пайдалану
  • тіндер мен ағзаларды трансплантациялауды шектеу
  • КЯА мен науқастанғандарға қолданылған хирургиялық саймандарды жою
  • құрамында инфекциондық приондық ақуыз болуы мүмкін тағамдарды пайдалануға тиым салу
  • приондарға резистентті үй жануарларының тұқымын өсіру және т.б.

Информация о работе Вирустық баяу инфекциялар (приондық аурулар)