Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 20:24, реферат

Краткое описание

Жеке қорғаныс құралдары, тыныс алу органдары, көзді және тері жамылғылары УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиактивті шаңның аурутудырғыш микробтар мен токсиндерді түсуінен қорғайды. Олар тыныс алу органдарының қорғау жән теріні қорғау құралдары болып теріледі. Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені.

Содержание

1. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары.
• Жалпы түсінік
• АИ-2 қорапшасы
• Жеке химиялық улануға қарсы пакет (ИПП-8)
• Медициналық таңғыш пакеті
2. Жеке медициналық қорғаныс құралдарын беру және сақтау тәртібі
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

обж Жеке қорғаныс құралдары.docx

— 26.37 Кб (Скачать файл)

     Жоспар:

1. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары. 
• Жалпы түсінік 
• АИ-2 қорапшасы 
• Жеке химиялық улануға қарсы пакет (ИПП-8) 
• Медициналық таңғыш пакеті 
2. Жеке медициналық қорғаныс құралдарын беру және сақтау тәртібі

3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары.

ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ  
Жеке қорғаныс құралдары, тыныс алу органдары, көзді және тері жамылғылары УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиактивті шаңның аурутудырғыш микробтар мен токсиндерді түсуінен қорғайды. Олар тыныс алу органдарының қорғау жән теріні қорғау құралдары болып теріледі. Жеке қорғану құралдары — жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шүлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нүсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шулық, колғап) болып табылады

 
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау әсерін және сақтандыру кезіндегі күнделікті төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады. 
Кестелік медициналық қорғаныс құралдарына мыналар жатады: 
- АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы; 
- ИПП-8, ИИП-10 радиациялық қауіпті аймақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы; 
- ППМ медициналық таңу пакеті.

АИ-2 пластмасалы қорапшасы 
- АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі — 90*100*20 мм, массасы – 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан: 
1-ұя – резервтік, ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті ( 2% промодел ерітіндісі – 1мл) салуға арналған. 
2-ұя – қызыл түсті пеналды, фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткасы (тарен, 6 таблетка). Бір таблеткада 0,006 гр таза тарен бар. Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланады. 
3-ұя – үлкен түссіз пеналды, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2 (әрқайсысы 0,2 гр сульфадиметоксидінің 15 таблеткасы). Таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды (алғашқы тәуліктерде 7 таблеткадан қабылдайды, екінші немесе үшінші күннен кейін тәулік сайын 4 таблеткадан). 
4-ұя – алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1 (әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин). Бір таблеткада 0,2 гр препарат бар. Таблеткаларды сәулелену басталғанға дейін 30-60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды (6 таблетка). Таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі. 
5-ұя – екі ақ пеналдағы кеңінен қолданылатын антибиотик, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 1. Тетрациклиннің бір таблеткасында 1 000 000 бірлік антибиотик бар. Хлортетрациклинді бактериялық зақымдану қаупі кезінде шұғыл дәстүрлі емес профилактикалық мақсатта қолданады. Бір жолғы мөлшері 500 000 бірлік. Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды. Әр пенал 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін сол мөлшерде тағы қабылдауға болады. 
6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2 (йодты калий – 0,125*10 таблетка). Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда қабылдайды (10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан). 
7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек (этаперазин – 0,006 гр 5 таблетка). Бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде пайдаланылады. 
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы тізбеленген дәрі-дәрмектермен қатар оларды пайдалану және қолдану жөніндегі нұсқаулық бар. 
Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапефтік препараттар (аспирин, седальгин, аммияк, бесалол, валидол, нитроглицирин, папазол, диазол, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар ( бриллианттық жасыл, калий пермаганат, деринат, левоменол немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицитті жабысқыш, бинт).

Жеке химиялық улануға қарсы пакет (ИПП-8) 
Адамның денесі мен киіміне, жеке қорғау құралына, приборға, аспапқа түскен улы сұйық зат тамшыларын залалсыздандыруға арналған. Ол жалпақ ыдыстан (газсыздандырылған ерітіндімен толтырылған) және төрт мақталы дәрі тампонынан тұрады. 
     Әуелі пакетті ашып, ыдысты алады. Бұдан кейін оның тығынын ашып, тампонның бірін жақсылап малып алады. Содан соң терінің күдікті ашық жерлерін мұқият сүртеді де, қайтадан шаяды. Сонымен қатар жаға мен жеңнің ұшын міндетті түрде сүрту керек. Оны жаққан уақытта теріні күйдіруі мүмкін. 
     Пакеттегі сұйық улы және көз үшін қауіпі, сондықтан көздің айналасындағы теріні құрғақ шүберекпен сүртіп, таза сумен немесе ас содасы ерітіндісімен жуу керек. 
       Химиялық уланудан қорғайтын жеке пакет жоқ жағдайда улы заттарды қолда бар химиялық заттармен залалсыздандыруға болады. Ересек адамдардың терісін емдеу үшін алдын-ала 1 л 3%-тік сутегі тотығы мен 30гр күйдіргіш натрий даярлау керек. Оларды пайдаланардың алдында жақсылап араластырады. Күйдіргіш натрийді селикаттық желіммен ауыстыруға болады (150 гр желімге 1 л 3%-тік сутегі тотығы). Қолдану әдісі химиялық уланудан қорғайтын пакеттегі сұйықтықтікіндей. Құрғақ натрийді қолданған кезде оның тері мен көзге тимеуін қадағалау қажет. 
ИПП-10 құтысының бет жағы хайуанат қабырғасына ұқсас, қақпағы ыңғайлы. Қақпақ қолданған кезде тампонды емес тікелей тері мен киімнің зақымданған жерін шаяды.

Медициналық таңғыш пакет 
      Өнеркәсіпте пакеттердің 4 түрін шығарады: жеке, дәстүрлі, бір жастықшасы бар алғашқы көмек және екі жастықшасы бар алғашқы көмек пакеттері. Олар бір-бірінен жинақталу әдісімен, жастықшалар санымен, және көлемімен ерекшеленеді. 
      Жеке таңғыш пакеті дәкеден, екі мата-мақта жастықшасынан, жамылға мен түйреуіштен тұрады. Пакетті ашып, дәкені және таза таңғышты олардың ішкі жағына қол тигізбей алады. Жастықшалар жараның үстіне ішкі жағынан қойылады, тесік жараның астыңғы және үстіңгі жеріне қойғаннан кейін таңып тастайды, дәкенің ұшын түйреуішпен түйрейді. 
Таңғыш қою тәртібі: 
• Пакетті ашады, түйреуішті алып оны киімге түйрейді. 
• Сол қолмен бинттің ұшын, оң қолмен бинт орамын ұстап оны бұрайды. 
• Басқа заттарға тигізбей жастықшаны жараға немесе күйікке жіппен тігілмеген жағымен басады. 
• Жастықшаны орайды, ал бинттің ұшын түйреуішпен бекітеді.

Жеке медициналық қорғаныс құралдарын беру және сақтау тәртібі 
Бірінші кезекте жеке медициналық қорғаныс құралдарымен категориялық қалаларда орналасқан бөлімшелердің жеке құрамдары, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері және химиялық қауіпті өндірісі бар қалалар мен елді-мекендердің халқа қамтамасыз етіледі. 
       Екінші кезекте медициналық қорғаныс құралдарымен категорияланған қалалардың қалған халқы, ықтимал қирау аймағында тұратын елді-мекендердің тұрғындары және қалалардың бүкіл халқы мен категорияланған объектілерде орналасқан аумақтағы өзге елді-мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі. 
       Үшінші кезекте медициналық қорғаныс құралдарымен бүкіл қалған халық, оның ішінде ауылды жердің адамдары қамтамасыз етіледі. 
Медициналық қорғаныс құралдары жеке химиялық уланудан қорғайтын пакеттермен қоса беріледі. Ол жағдайда оны кімдердің беретіндігін, кімдердің алатындығын, қашан алатындығын білу өте маңызды. 
Дәрі-дәрмек қобдишасын алғаннан кейін оның жиынын тексеріп, нұсқаулық бойынша пайдалану тәртібін оқып үйрену қажет. Өте қажет болмаса қобдишаны ашу, таблеткалары бар пеналды жұлу және ауыстыру ұсынылмайды. Таңғыш және химиялық уланудан қорғайтын пакеттер орамдарының қымтылуын бұзуға болмайды. 
Алынған медициналық құралдар халықты азаматтық қорғаныс басшылығының ерекше өкімін алғанша сақталады. Пайдаланылмаған пакеттер мен дәрі-дәрмек қобдишалары белгіленген тәртіппен қоймаға тапсырылады, жау шабуылының қауіпі кезінде жеке медициналық қорғаныс құралдары ке-келген сәтте әзір болуы тиіс. 
Жеке бөлімшелер құрамаларына жұмысшылар мен қызметшілерге, халықтың жұмыс істемейтін басқа санаттарына, оқушыларға, студенттерге арналған медициналық қорғаныс құралдарын сақтау, күту және әзірлікте ұстау ұйымдар АҚ бастықтарына, ал қалған халық үшін қалалар мен аудандар АҚ бастықтарына жүктеледі. 
Медициналық қорғаныс құралдары тікелей ұйымдардың өзіне, не болмаса, қала сыртындағы резерв қоймаларында сақталады.

        Газтұмылдырықтар - тыныс алу органдарын сенімді қорғау құралы. Олар тыныс алу органдарын, адамдардың көзін, бетін ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған. Барлық газтұмылдырықтардың әрекеті сүзгіш және жекелегіш болып бөлінеді. 
Сүзгіш газтұмылдырықтар - тыныс алу органдарын қорғау құралдарының негізі болып табылады. Оның қорғау әрекеті адам жұтқан ауаны әртүрлі зиянды қоспалардан алдын ала тазалауға (сүзуге) негізделген. 
Жекелегіш газтұмылдырықтар (ИП-4, ИП-5, ИП-46, ИП-46М) деп тыныс алу органдарын, бет терісі мен көзді ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған арнайы қорғау құралдарын айтамыз. Оларды сүзгіш газтұмылдырықтар қорғай алмаған жағдайда, сондай-ақ ауада оттегі жеткіліксіз болған кездерде қолданады. Тыныс алуға қажетті ауа жекелегіш газтұмылдырықтардың регенераторлық патрондардағы оттегімен молаяды. Газтұмылдырық алдыңғы жағымен регенеративті патронның тыныс алу қапшығынан тұрады.....

 

      Қорғану құралдарын анықтау

      Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған .  
       Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық .

Емдеу-профилактикалық құрал – жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары. 

       Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету. 

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы - тұрмыстық құралдармен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады . Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім - шарттармен анықталады . Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып , немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі .  
 
Ұйымда міндетті түрде санитарлы - тұрмыстық орындар болуы қажет , оларға : кім ілу , жуыну , тазалау , дәретханалар , ішетін су орнатылған орындар , арнайы киімдерді жуып , тазалау орындары кіреді . Жұмыс берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс . Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергікелтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс .  
       Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдерін жұмысшы тарапынан әсерсіз оны ауыстыру қажет . 
Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі . 
Жеке қорғаныс құралдары ( газдан қорғану құралы , қорғану белдіктері , каскалар және т . б ) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы , ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақтылы жаңарып отыруы тиіс . 
        Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады . 

Жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану 

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы - тұрмыстық құралдармен , емдеу - профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныс жабдықтарын сақтаудыұйымдастырады . Профилактикалық өңдеуді және жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жөндеуді уақытында жасау керек.  
       Егер бұл еңбек жағдайында талап етілетін болса , ұйымдарда кептіргіштер , қоймалар мен жеке қорғаныс құралдарына басқа да профилактикалық өңдеулер жүргізіледі . 
       Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау кезінде олар залалсыздандырылып , шаң тозаңнан тазартылуы , кептірілуі тиіс .  
Жеке қорғаныс құралдарын өңдеу мен жөндеу өзара ауысу үзілісі немесе жұмысшылар жұмыс істеп жатпаған кезде жасалуы тиіс . 
Егер жұмысшыларға екі немесе үш арнайы киім берілу нормамен қарастырылған болса , жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары басқа кездерде жасалады . 
Қауіпті және зиянды жерлерде жұмыс істейтін ( сынап , қорғасын , этилді бензин , радиоактивті заттар ) жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары өз күшіндегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі .

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 
1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. 1-кітап Алматы 2003 ж. 
2. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. 2-кітап Алматы 2003 ж. 

 


Информация о работе Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары