Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2015 в 18:37, реферат

Краткое описание

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы.
2.2. Балалардың жүрегінің пішіні
2.3. Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі. Тумастан біткен жүрек ақаулары
ІІІ.Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

анатомия журек.docx

— 31.31 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. Жүрек. Жүректің анатомиялық  құрылысы.

2.2. Балалардың жүрегінің пішіні

2.3. Балалардың жүрек және қантамыр жүйесінің АФЕ-рі. Тумастан біткен жүрек ақаулары

ІІІ.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Кіріспе

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Жүрек. Жүректің  анатомиялық құрылысы.

Адам  жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы    0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді.

 

Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады:

 

Ішкі

 

Ортаңғы

 

сыртқы.

 

Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады — фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке  жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.

         Перикард ( жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.

       Жүректе екі қақпақша (клапан)  бар: атривентрикулярлы және  айшық.

       Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.

      Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін  қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

        Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл  айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп,  ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.

        Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

       Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет.  Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне  (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті  шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.

          Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні  арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен  0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне  ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

        Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне байланысты болады.  Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Жылжымалы жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді — брадикардия. Жүрек ырғағына  ми қыртысының  күйі әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырмау- татарпау- локализация) жылумен жергілікті тітіркендіргенде, жүрек ырғағының жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- қарама- қарсы эффектінің болатындығы анықталған.   Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын өзгертуі мүмкін және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның жүрегінің жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады. Осы мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.

          Жүрек қызметінің көрсеткіштері.

 

     Жүрек жұмысының  көрсеткіштеріне жүректің систолалық  және минуттық көлемі  жатады. Жүректің систолалық немесе соққы  көлемі дегеніміз — әр жиырылу  кезінде сәйкес тамырларға жүректің  ығыстырып шығаратын  қанының  мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы  жүректің өлшеміне, миокард күйіне  және ағзаға байланысты. Салыстырмалы  тыныштықтағы ересек сау адамның  әр қарыншасының систолалық көлемі  шамамен  70—80 мл- ді құрайды. Сөйтіп  қарыншалар жиырылуы кезінде  артериялық жүйеге қанның 120—160 мл  көлемі келіп түседі.

      Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.

     Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының қызметін сипаттайды.

    Жүрек қызметінің сыртқы көріністері.

     Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің (жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондары) берілген мәліметтері бойынша дәрігер жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.

 

 

 

2.2. Балалардың  жүрегінің пішіні

Қантамыр жүйесіндегі  орталық мүше – жүректен және онымен байланысқан көлемі  әр түрлі, қан тамырлары деп аталатын түтікшелерден      тұрады.  Жүрек  ырғақты жиырылуы арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді. Жүрек – өзіне құйылатын  вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі  арқылы  айдайтын  қуыс бұлшықетті мүше болып табылады. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2  қарынша. Сол  жақ  жүрекше менсол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне  қарай сол жақ  немесе  артериялық жүректі құрайды; оң  жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп, ал босаңсуы диастола деп аталады. Жүректің формасы біршама жалпайған конус тәрізді.Онда ұшын–арех, негізін–basis, алғы жоғарғы және төменгі беттерін, осы беттерді бөліп тұратын екі – оң  және    сол   жиектерін ажыратады. Жүректің дөңгелектенген ұшы – apex cordis – төмен, алға және сол жаққа қараған, ортаңғы сызықтансолға қарай 8 – 9 см қашықтықта бесінші қабырғааралыққа жетеді; жүрек ұшы тұтасынан сол жақ қарыншадан түзіледі. Негізі – basis cordis – жоғары,артқа және оң жаққа қарай орналасқан. Ол жүрекшелерден, алдынан – қолқадан және өкпе сабауынан түзіледі. Жүректің балалық шақтың әртүрлі кезеңдеріндегі кеуде қуысындағы орналасуы Жаңа туған балалардың жүрегі жоғары орналасқан, омыртқа деңгейінде IV және VIII аралығында. Өмірінің 1 – ші жылының соңына қарай жүрек орналасуы көлденеңнен қисық бағытқа ауысады. 2-3 жасқа келгенде жүрек тұрақталып, жүрек ұшы алға, төмен және солға бағытталған. Жүректің оң контуры жоғарғы қуыс венасынан, оң жақ жүрекше және төменгі қуысты венасынан құралған. Оң қарынша оны құрамайды. Жүректің сол контуры негізінен оң жақ қарыншадан құралады. Эмбрионалды күйде бала жүрегі 3-ші жұмадан бастап дамиды. Жүрек соғысы 22-23 күннен бастап байқалады. 6-шы жұмадан кейін бастап эмбрион жүрегі ырғақты жұмыс істей бастайды. Жиілігі 110/мин. 8-ші жұмада ең жоғарғы жиілікті жүрек соғуы байқалады – 175/мин. 9 айдағы жүрек соғу жиілігі – 130 рет. Туғаннан кейін 20 – 30 күн ішінде жүрек массасы оң жақ қарынша есебінен кішірейе бастайды. 6 айдан соң сол жақ қарынша төмен және артқа бұрылады. 2 жасқа дейін балаларда өткізгіш жүйе жиырылғыш талшықтар дифференцировкасы жалғасады. Миокард салмағы артады. 2 жастан бастап жүрек өсуі баяулайды. 2 жастан 6 жасқа дейін магистральдық артериялар қалыптасады, жүректің өткіз-гіш жүйесі мен жүйке аппараты дамиды. Жасқа байланысты бала жүрегінің соғу жиілігі 1 – ші күні – 140/мин 2-3 күн – 110/мин 1-4 жұма – 140/мин 2-3 ай – 127/мин 10 ай – 125/мин 1 жас – 120/мин 2 жас – 115/мин 4 жас – 105/мин 5 жас – 100/мин 7 жас – 85/мин 10 жас — 78/мин Ересек – 72/мин Балалардағы жүрек және қан тамырларының анатомиялық ерекшеліктері Балалық   шағында жүрек – қан тамыр  жүйесінің дамуы, функциялық жетілуі үздіксіз жүреді. Әсіресе баланың алғашқы 2 жасында жыныстық жетілу кезеңінде және  17  –20 жастың арасында  бұл   процестер жоғары қарқынмен өтеді. Жаңа туған балалардың жүрегі дене салмағының 0,8% құрайды, ересектерде 0,4 %. Сол және оң қарыншалары өзара тең, қабырғалардың қалыңдығы 5 мм шамасында, ал 14  жасар  балаларда  1 см – ге жетеді. Емшектегі  сәбилерде жүрекшелері мен күре тамырлары  (аорта, өкпелі артерия) қарыншалардан біршама үлкен болады, кейін қарыншалардың, әсіресе  сол  жақ  қарыншаның дамуы озып кетеді. Оң қарыншаның массасы  
өкпе тамырларының қар 
сылығы төмендегеннен кейін, керісінше алғашқы айларда 20% — ке кішірееді. Ұлдардың жүрегі қыз балаларға қарағанда, біршама үлкен, бірақ қыздардың жүрегі 10 – 11 жастан қарқынды өсіп, 13 – 14 жаста ер балалардың жүре салма 
ғынан асып кетеді. Жы 
ныстық жетілу кезеңінен кейін ұлдардың жүрегі қай 
та қарқынды өседі. Балалық шағында жүректің өсуімен қатар жүрек тіндерінің қайта құрылуы, ажыратылуы жүреді. Жаңа туған балалардың миокарды жіңішке, өзара толық   ажырамаған, көп ұсақ, сопақша  ядролары бар бұлшық  ет талшықтардан құрылады. Дәнекер тіні мен  эластикалық талшықтар аз дамығандықтан  көлденең сызықталу және ұзынша бөліну нашар білініп тұрады. Жас  өскен   сайын  миофибрилдер, Пуркинье талшықтары  қалыңдайды, ядролары таяқша тәрізді, ірі болып өзгереді, бірақ саны азаяды. Дәнекер және эластикалық тіні одан әрі дамып, бұлшық еттердің көлденең сызықталуы күшейеді. Баланың жүрегі үздіксіз өсіп, жетіліп, 10 – 14 жастың арасында  жүректің ақырғы тіндік дифференциясы аяқталады, сонымен морфологиясы жағынан өлшемінен  басқа, ересектер жүрегінің даму дәрежесіне жетеді. Ерте жастағы балалардың эндокарды борпылдақтығымен ерекшеленеді, өскен сайын    клапандары, эпикарды қалыңдайды. Оң және сол тәж артерияларының арасында анастамоздары көп болғандықтан жүректің қан  жабдықталуы өте жақсы, мол. Жас өскен сайын тәж тамырларының сыйымдылығы ұлғаяды, анастомоздар кері дамуға ұшырайды. Жүректің өсуімен қатар магистральды  тамырлардың дамуы байқалады, бірақ олардың өсу қарқыны неғұрлым баяу болып келеді. Тұар кезінде  өкпе  артериясының саңылауы аортадан кең, аорта 16 мм, өкпе   артериясы 21 мм, 10-12 жаста олардың саңылаулары теңеледі, ал ересектерде аорта өкпелі артериядан біршама кең болады – аорта 80 мм, өкпе артериясы 74 мм. Жаңа туған балаларда қан тамырлары жұқа, бұлшық ет және эластикалық талшықтары нашар дамыған. Артериялардың және веналардың саңылауы шамамен бірдей,  бірақ веналардың өсуі озып кетеді, сондықтан 16 жасар балаларда олардың ені 2 еселенеді. Сонымен қатар тамырлардың  бұлшық еті,  дәнекер тіні дамиды, әсіресе  ішкі  қабаты қалыңдайды. Бала өскен сайын тұрғаннан, жүргеннен бері капиллярлардың саны, ұзындығы ұлғаяды, коллатеральді тамырлар көбейеді, дененің төменгі бөлігінің вена жүйесінің үдемелі дамуы байқалады. Ал кіші шеңбер тамырлары, керісінше инволюцияға ұшырап, жұқарады,  саңылаулар кеңейеді. Баланың тік қалпына көшу және белсенді қимылдауының басталғандығы жүрек жиырылуының сиреуіне, жүрек қызметінің  тиімді  және  үнемді  болуына  себептеседі. Кезбе нервтің жүрекке алғашқы көрсететін әсерінің белгілері тыныш жағдайда пульстің сиреуі және тынстық аритмияның пайда болуы. Тыныстық аритмия кезінде пульс жиілігі  демалуда және дем шығаруда өзгеріп тұрады.  Бұл  белгілерді  2 жастан  бастап анықтауға болады, ал спортпен шұғылданатын жас өспірімдерде анық   білініп  тұрады.   Аз қимылдайтын балаларда пульс жиілігі біршама артық, сондай – ақ қыздарда жүрек жиырылуы ер балалардан жиі болады. Ұйқы кезінде пульс баяулайды,бірақ бұл ерекшелік алғашқы 3 айындағы сәбилерге тән емес. Бала өскен сайын  систолалық максимальды артериальды қысымы жоғарылайды, ал диастолалық   минимальды қысымы бір  қалыпта дерлік болып, систолалық қысымның 1/2 — 2/3 бөлігін  құрайды. Артериальды қысым жоғары қарқынмен баланың алғашқы 2-3 жасында, препубертат және пубертат кезеңдерінде өседі. Қысымның жоғарылауы артериальды тамырлардың тонусының жоғарылауына, баланың  жалпы  дене  дамуына тікелей    байланысты. Сонымен   қатар  жасөспірімдерде қысымның өзгеруіне эндокринді жүйесінің, әсіресе бүйрек үсті бездерінің жетілуі себеп болып табылады. Жас өскен сайын қанның соқпалы көлемі және минуттық көлемі ұлғаяды. Бір  жастың   ішінде   қанның соқпалы көлемі 4 есе, 7 жаста – 10 есе, 15 жаста – 24 есе артады. Ал минуттық көлемнің өсу қарқыны жүрек  жиырылуының  сиреуі  салдарынан біршама төмен болады. Ұлдарда оның өсімі 4 пен 11 жаста, қыз балаларда – 5 және 14 жаста байқалады. Балаларда қан ағынының жылдамдығы  — ересектерден жоғары болады. Өскен сайын тамыр арнасының ұзаруынан және жүрек жиырылуының азаюынан жылдамдығы баяулайды. Сонымен баланың өсу мен даму процесі кезінде жүрек – қан тамыр     жүйесінде елеуілі өзгерістер жүреді. Қан айналысының реттелуі, жүрек мүмкіншіліктерінің артуы, қызметінің жетілуі баланың дене тәрбиесінің арқасында жүзеге асырылады. Жасөспірімдік жүрек түрлері Митральды пішінді – жүректің сол жақ шегінің тегістеу көрінуі. Кіші немесе тамшылы жүрек – кеуде қуысының ортасында орналасуы, тамырларда ілініп тұрған тәрізді. Систолалық көлем аз, жүрек соғысы жиі, қан қысымы төмен, функциялық систолалық шу тән. Гипертрофиялық жүрек–сол  жақ қарынша кеңіген, минуттық көлем артады, жүрек соғу жиілігі  төмен, қан  қысымы  артады. Функциялық систолалық  шу тән.

 

 

 

2.3. Балалардың  жүрек және қантамыр жүйесінің  АФЕ-рі. Тумастан біткен жүрек  ақаулары

Туа біткен жүрек ақаулары жайлы түсінік, даму себебі, негізгі клиникалық көріністері, диагностикалық әдісі және емдеу.

Балаларда қан  тамырларының тонусының бұзылуы, себебі, клиникалық көріністері және емдеу әдістері.

Балалардың жүрегі үлкендердің жүрегіне қарағанда жоғары орналасқан, шар тәріздес. Жүректің бұлшық еті қанмен жақсы жабдықталған, сондықтан көп ауыр жағдайларды көтере алады.Артериалар мен веналар бірдей кең, сондықтан қан қысымы төмен. Жаңа туған балалардың қан қысымы 70/35 мм сын.бағ. бойынша, 1 жастағы балада бұл көрсеткіш 80/45 мм сын.бағ. Бір жастан асқан балалардың максимальды (жоғарғы) қан қысымы Молчанов формуласы бойынша анықталады: ҚҚ=80+2п, п-баланың жасы. Ал максимальды (төменгі) қан қысымы бұл санның жартысына тең.  Мысалы: 5 жасар баланың қан қысымы-80+2х5=90, яғни 90/45 мм сын.бағ. Қан қысымы Рива-Роччи аппаратының көмегімен Коротковтың әдісімен айқындалады. Балалардың тамыры (пульсі) жиі тұрақсыз ағады.

 

Жаңа туған балада-120-140 рет минутына

 

1 жастағы балада   -110-120 рет

 

7 жастағы балада   -85-90 рет

 

15 жастағы балада -80-76 рет

 

Тамыр соғу жиілігін тұтас 1 минут ішінде кәрі жілік, самай, ұйқы артерияларының үстінен, үлкен еңбектің қимылдауы (соғуы) бойынша табуға болады. Бала жылағанда, дене қызуы көтерілгенде тамыр соғуы жиіленеді.

 

Тумастан бұрын біткен жүрек ақаулары.

 

   Жүректің қан жолы  тетіктерінің зақымдануын жүректің  ақауы дейді. Бұл зақымданудың  нәтижесінде жүректің негізгі  қанды айдау қызметі бұзылады. Жүректің ақауы тумастан бұрын  және кейіннен пайда болуы  мүмкін. Мысалы, ревматизм атакаларынан  кейін. Жылына біздің елімізде 40 000-ға жуық нәресте жүрек ақауымен  дүниеге келеді.

 

Тумастан бұрын біткен жүрек ақауларының себептері:

1.            Аяғы ауыр әйелдің жүктіліктің  бірінші 3 айында жұқпалы вирустық  аурулармен ауыруы (тұмау, қызылша, қызамық т.б.)

2.            Жүктіліктің бірінші жартысының  токсикозы.

3.            Маскүнемдікке салыну, темекі шегу.

4.            Тұқым қуалаушылық.

5.            Жиі түсіктер мен аборттар.

 

Аурудың айқындалуы: Ақауы бар жүректің өз қызметін орындауына байланысты жүрек ақауынкомпенсацияланған және компенсацияланбаған деп бөледі.

 

Компенсацияланған ақауларда-ақау кішкене. Сондықтан жүрек өз қызметін толық орындайды, сырттан қарағанда бұл балаларда қан айналымының бұзылуы көрінбейді, тек тыңдағанда жүректе шу айқындалады.

 

Декомпенсацияланған ақауларда-жүректегі ақау үлкен немесе ақау бірнеше, сондықтан жүрек өз функциясын толық орындай алмайды, қан айналымы бұзылады, балада декомпенсация симптомдары пайда болады:

 

Терінің көкшілдігі (цианоз).

Ентікпе.

Тахикардия.

Тыңдағанда – жүректе дөрекі шу естіледі, бұл шу жауырын, қолтық астында да естіледі.

Баланың кеудесінде көгеріп вена тамырлары шығып, жүрек тұсында дөңес пайда болады.

Тырнақтары «сағат әйнегі», саусақтары «барабан таяқшалары» тәріздес.

Бала өсу жағынан өз құрдастарынан артта қалады (бойы, салмағы).

Организ төзімділігі төмендеп, бала жиі ауырады-өкпе қабынуымен, әртүрлі жұқпалы аурулармен.

Тумастан жүрек ақауы бар балалар отырып, жатып ойнағанды қалайды, кей кезде мәжбүрлі қалып қабылдайды: екі тізесін қолдарымен құшақтап алдына қарай еңкейіп жүресінен отырады.

Жүректің зақымдану дәрежесіне байланысты тумастан болған жүрек ақаулары жәй (моноақаулар) және құрастырылған (күрделі) ақаулар болып бөлінеді.

Моноақаулар: Боталлов ағымының бітелмеуі, құлақша аралық перденің ақауы, қарынша аралық перденің ақауы.

Күрделі ақаулар: Фалло ауруы-Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы… Мысалы: Фалло тетрадасы-өкпе артериясының стенозы, қарынша аралық перденің ақауы, аорта сол және оң қарыншадан шығады, оң жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдауы.

Күрделі ақаулар әрқашан декомпенсацияланған болады.

Бұл аурудың асқынулары: қан айналымының жетіспеушілігі бала денесінің құрысып-тырысуына, талуына әкеліп соғады, балалар жиі өкпе қабынуымен ауырады, тыныс жетіспеушілігі дамиды.

 

Аурудың диагностикасы:

1.       Аурудың  клиникалық белгілері: цианоз, демікпе, тахикардия, «жүрек дөңесі», баланың  мәжбүрлі қалпы.

2.       Рентген  тексеру.

3.       ЭКГ, ФКГ.

4.       Жүрек  қуыстарын зондпен тексеру, ангиокардиография.

 

   Емі: 90% жағдайда жүрек  ақауларын оперативті жолмен  емдейді. Жүрекке жасалынатын операциялар  радикалдық (ақаудан мүлдем айықтыратын) және полиативтік (баланың жағдайын  жеңілдететін, өмірін ұзартатын) болып  бөлінеді.

 

 

  Күтімі:

Бала жатқан палатаның ауасы үнемі таза, жылы болуы керек, 20-220 С.

Бала төсекте өзіне ыңғайлы жағдайда жатуы керек, бас жағы жоғары, кішкене балаларды бос жөргектеу керек.

Баланың терісін, шырышты қабықтарын таза ұстау керек.

Информация о работе Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы