Көркем еңбек технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 16:55, дипломная работа

Краткое описание

Дизартрия дегеніміз- сөйлеу мүшелерінің интервациясының жеткіліксіздігінен байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері . Дизартрия гректің «артрон» – мүшелену және « дис» –бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айтқанда, сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары , дауыстың пайда болуындағы кемістіктер,сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

1 тапсырма коркем.docx

— 22.15 Кб (Скачать файл)

Көркем еңбек технологиясы

Адамның іс-әрекеті мен технологиялық мәдениеті құраушыларын қамтыған «Технология» пәні бағдарламасындағы негізгі өзгешелік ұлттық ерекшеліктерді, қарапайым өнер элементтерін оқыту болып табылады. "Өнер – өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы. Көркем образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. ...кең мағынасында өнер ұғымына, технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады" - делінген Қазақ Совет энциклопедиясында Бұл берілген анықтама тұрғысынан қарастырғанда өнер дене және ақыл-ой еңбектерінің жоғары жетістігі деуге болады.  Өнердің шынайы мәнінің діңгегі – сұлулық, әсемдік болып табылады. Сұлулық, әсемдік адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл-күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандылыққа, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты – қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі содан адамды талпындыру, құштар ету  Сондай-ақ Қазақ Совет энциклопедиясында: “Сән және қолданбалы өнер (декоративно-прикладное искусство) – сән өнерінің бір саласы. Сән және қолданбалы өнер негізінен тұрмысқа қажетті көркем және жиһаздық заттарды өндіретін творчество түрлерінің басын құрайды. ... Сән және қолданбалы өнер (ДПИ) туындылары материалына (металл, керамика, ағаш, тоқыма), жасалу әдісіне (көркем оймыш, шекіме, әсем жазба, кесте, көркем құйма, интарсия т.б.) орай екі түрге жіктеледі”- деп мазмұндалған

 Сәндік-қолданбалы өнер (сәнді-қолданбалы өнер) – (латынша decorae - әшекейлеу (украшать)) - адамдардың көркем іс-әрекетінің ерекше саласы, практикалық мақсат үшін арналған өнімдері эстетикалық мақсатты пішінді шешіммен органикалық үйлесімділікке негізделген

 Сондықтан сәндік-қолданбалы өнерді өнердің мәнерлі түріне жатқызу қабылданған. Сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының көркем мәнерлілігі олардың жоғары-эмоционалдылығы сұңғаттылығы мен бояуында болып табылады. Сәндік-қолданбалы өнердегі ішкі түр топтамасы: материалдық, технологиялық, функционалдық принциптер бойынша жүргізіледі. Өзінің таңдалған негізіне байланысты оны: керамика, мата (текстиль), жиһаз, ыдыс-аяқ, бояма (роспись), ою (резьба) және т.б. мамандандырылған салаларға бөледі. Сәндік-қолданбалы өнерде адамның көркем іс-әрекеті дайын немесе дәстүрлі бұйымдарда жүзеге асырылады Сәндік-қолданбалы өнерде материалдарды әрлеу, ою, бояма және т.б. көркемдік іс-әрекет орындалады.

Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруашысының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішінде ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз, өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған. Сол себепті де “Шебердің қолы ортақ”, “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық”, “Ісмердің байлығы – қолында, кемеңгердің байлығы - жолында”, “Ел өнерге бой ұрады”, “Өнерлінің қолы – алтын” деген мақал-мәтелдер сол пікірді дәлелдейді

 Қазақ халқы ұл-қызын 13–15 жасқа дейін өмірге дайындап, білгенін үйретіп шығаруға тырысқан. Яғни, қазақ халқы қыздары мен балаларының тәрбиесіне, эстетикалық көзқарасының дамуына үлкен мән бергені байқалады. Қазақ халқы қыздар мен ер балаларды сәндік – қолданбалы қолөнерге үйрете отырып, әсемдікті, сұлулықты түсініп, өмірді өнегелі етуге, қоршаған ортаның түрі мен бояуын қабылдай білуге қалыптастырады. Осы ежелден қалыптасқан қолөнер кәсібі, оның сан-алуан түрлері, әдіс-тәсілдері мен амал- жолдары ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз беріліп келеді. Көркемдік өнер мен халық шеберлерінің туындысы бүгінгі жастарымызға үлгі және халықтың ғасырлар бойы жинаған көркемдік тәжірибесінің сарқылмас көзі болып отыр.

 Халқымыздың сұлулыққа  ұмтылуы оның еңбек тәрбиесімен  үйлесімдікте болуы өмірлік тәжірибесінен көрініс алған. Осыған байланысты Ә.Табылдиев “Сәндік өнерді үйрету, халық дәстүрінде негізінен, еңбек тәрбиесімен ұштастырылып жүргізіледі. Ішік, тон, қамзол, шекпен, желек, желеткі, саптама етік, шалбар, қынамалы бешпет пішу және оны ою-өрнекпен безендіріп тігу өнері – көркемдік тәрбиенің нәтижелерін бейнелейді” – деп атап көрсетеді Бұлар өз кезегінде эстетикалық қабылдау мен талғам, сезім қалыптастырудың негізін қалайды.

 М.Жұмабаевтың қазақ  мектептерінің мұғалімдеріне арналған  «Педагогика» атты еңбегінде дене, ақыл – ой, эстетикалық тәрбие және жан (рухани) тәрбиесі қарастырылып, ана тіліндегі мектептерде балаларға тәрбие берудің жолдары, түрлері мен әдістері көрсетіледі. Ол мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға айналадағы дүниені қабылдаудың ұстанымдары мен заңдары, байқампаздықты, есте ұстаудың барлық түрлерін дамыту, жағымды қасиеттерді, ерік-жігерді, мінез-құлықты шыңдау, әсемдікке, әдемілікке, мейірімділікке, жалпы адамзаттық мұраттарға ұмтылысты қалыптастыру туралы ақыл берген. Аталған еңбекте жан көріністерінің бірлігі, сыртқы сезім, яки көңіл көріністері, әсерлеулері, көру, есту, сыйпау сезімі, иіскеу, тату, ой қиялы, ойлау сезімдері жөнінде, ең бастысы, адам

үшін ең қымбаты – сұлулық (эстетика) сезімдері жайында құнды ой-пікірлерін ұсынады

 «Ұлттық мәдениет пен  өнер және қолөнер негізінде жастарға жан-жақты эстетикалық тәрбие берудің бір бөлігі - эстетикалық мәдениетті қалыптастыру; сұлулыққа, тазалыққа үйрету; мәдениеттілікке баулу; адамзат қоғамына бұрын – соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгертуге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу жөнінде ой-пікірлердің нормативтік құжаттарда көрініс табуы қуантарлық іс деп білуіміз керек. Осыған орай, жас ұрпаққа ұлттық сипатты тәрбие беру, олардың бойларына ұлтымыздың мәдени мұрасына деген құрмет сезімін сіңіре отырып, оны эстетикалық сапасын қалыптастыру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

 Өнердің эстетикалық  тәрбие беру мүмкіндіктерінің  мол екендігі белгілі. Эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оның тұлғаға тікелей емес, жанама түрде әсер етуі, яғни эстетикалық тәрбиеде тұлға көркемөнер туындыларынан ой түйіп, солардан алған эстетикалық әсер нәтижесінде таза өзінің қалауына жол таңдайды. Эстетикалық тәрбиелі жан жүріп-тұруында, киінуінде жөн-жосықсыз әрекеттер болмайды. Эстетикалық тәрбие жастар бойына талғампаздық қасиетін дарытады. Оның қалыптасуы жөнінде В.П.Беспальконың мазмұндауын басшылыққа алу қажет. Өнерге баулу, яғни оқу еңбек объектілеріндегі бейнелердің дүниетаным көрінісін; еңбек объектілерінің көркем формасын, эстетикалық сипатын, үлкендерден мектептік жеке тұлғаның эстетикалық сапасын қалыптастыруды көздейді. Ал эстетикалық сапа жеке тұлғаның әлеуметтік негізгі қасиеті болып табылады

 Жеке тұлғаның эстетикалық сапасының негізгі қасиеттерін (олардың көріністерін) төмендегідей беруге болады: эстетикалық қабылдау (түсі, формасы, мағынасы (ойы)), эстетикалық талғамы (бағалаудағы тағайындау позициясы), эстетикалық сезімі (жауапкершілігі, әсерленушілігі), эстетикалық іс-әрекеті (көркемдік белсенділігі, көркем шығармашылығы), эстетикалық өнегелігі (өнер адамдарына, өнер шығармаларына, табиғатқа қатынасы). Бұл жеке тұлғаның эстетикалық сапасының бастапқы қасиетіне ықпал етуге, қасиеттің көрінуіне тәлімгерлердің дайындығы болуы тиіс.

 Қазіргі кезде сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы жастардың эстетикалық сапасын қалыптастыру қоғамды дамытудың бірден-бір құралына айналып отыр. Сондықтан да оны іске асыру қоғам үшін маңызды алғы шарттардың бірі болып есептеледі.

 Технология пәні негізінен оқу-интеллектуалдық, практикалық іскерліктердің орны ерекше. Ал, оқу-интеллектуалдық іскерліктер - ұғымдарды, заңдылықтарды, қорытындыларды, талдап қорытуларды қалыптастыру үшін логикалық ойлау тәсілдерін игеру бойынша әрекеттер жүйесі. Практикалық іскерліктер алған теориялық мағлұматты тәжірибеде

 жүзеге асырудағы іс-әрекеттер жүйесі. Оқу-интеллектуалдық іскерліктерді танымдық әрекеттер құрайды. Оларды:

 а) қабылдау әрекеттері (байқау, ажырату, тану, есту; сипап сезу, көру, есту, дәм сезу, иіс сезу бойынша белгілер көрінісінің дәрежесін анықтау және т.б.);

 б) елестету әрекеттері (объектіні ойша түзу, осының негізінде болашақ өнертапқыштар, тиімді ұсыныс жасаушылар дүниеге келеді);

 в) логикалық әрекеттер (талқылау, қорытынды шығару) деп ажыратуға болады.

 Практикалық іскерліктерді негізінен дене қозғалыс әрекеттері (алу, қою, сығымдау, орын ауыстыру, күшті азайту немесе көбейту және т.б.) құрайды. Практикалық іскерліктер эстетикалық іс-әрекет негіздерін қалайды, оның ішінде көркем белсенділік пен шығармашылықтың кеңінен жүзеге асуына ықпал етеді

 Көркем бұйым дайындаудың  технологиялық үдерісін әзірлеу тіптен қарапайым емес болып келетіндіктен оқушылардың көздері жетуі үшін технологтың орындайтын функциясы жөнінде іс-әрекет реттілігі зерделенеді. Мұнда оқушы негізгі өңдеуден бөлек, бұйымды көркем өңдеу түрлерін кешенді зерделейді және оны практикада жүзеге асыру жағын қарастырады.

 Оқушыларды қолөнерге, сәндік-қолданбалы өнерге баулу барысында эстетикалық сапаға қатысты болжамды қалыптастырылатын білім, іскерлік және жеке тұлғалық қасиеттердің төмендегідей түрлерін атап көрсетуге болады: эстетикалық сапа қалыптастырудағы негізгі ұғымдар мен түсініктер (бұйымның сыртқы белгілері мен қасиеті (түрі, рең, түсі, т.с.); өңдеу тәсілдері (жазық бетті, көлемді денені, т.б.); әрлеу жұмыстарының түрлері, әрлеу материалдары мен құралдары, әрлеу тәсілдері; эстетикалық іс-әрекеттер (бұйымның сәндік белгілері мен көркемдік мазмұны бойынша басқа материалдардан ажырату; болашақ көркем бұйымға сәйкес біріктірудің тәсілін таңдау және оны орындау; әрлеу материалдарын, құралдарын таңдау, әрілеу жұмыстарын орындау); оқушы іс-әрекеттегі жеке тұлғалық эстетикалық сапалық қасиеттерінің сипаты (байқағыштығы, қабілеттілігі, ұқыптылығы, көз өлшемі, қол ептілігі, қозғалыс координациясы, ұйымдастырушылығы, ұзақ уақыттық көрнекі-бейнелі есі, тапсырманы орындау кезіндегі дәлдік, ұстамдылық, зейін, жинақылығы, ойлау есі, талғампаздығы).

 


Информация о работе Көркем еңбек технологиясы