Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 18:45, реферат

Краткое описание

Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразитдеп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер, т.б

Вложенные файлы: 1 файл

Toty_epid.pptx

— 1.08 Мб (Скачать файл)

Паразиттік  жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері

 

Дайындаған: Абдрахманова Тоты

Курс: III

Факультет: жалпы медицина

Тобы: 030-2к

Қабылдаған:

Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.

    • Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразитдеп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер, т.б
    • Жалпы бір организмде паразиттің бірнеше түрі тіршілік етеді, олар әр түрлі органдар мен тіндерде (ұлпаларда) орнығады да, өзгеше қауымдастық — паразитоценоз құрады. Паразиттің даму сатысының бір кезеңі иесі организмінде (мысалы, тек қоректену кезінде) өтетін болса, оны «уақытша паразитизм» деп, ал дамуының көпшілік уақыты иесі организмінде өтетін болса «тұрақты паразитизм» деп атайды.
    • Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б.
    • Ит бүргелері ішек құрт жұмыртқаларын тасымалдайды. Ал ит болса, жұмыртқаларын жұтып, өзінің ылғалды дем алысы арқылы оларды 5 м-ге дейінгі қашықтыққа таратады (мысық 3 м-ге дейін).
    • Мысалы: бөсір жұмыртқасы  6 айға дейін өмірге қабілеттілігін сақтайды және шаң-тозаң, ойыншықтар, кілемдер, киім және төсек жаймалары, қол арқылы ауызға түседі. Сырқаттану ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
    • Аскарида жұмыртқалары (жылына 100 млн. сырқаттану жағдайлары)  дұрыс жуылмаған құлпынай, көк, кір қолдар арқылы жұғады, шыбындармен таралады).
    • Ал кәуап пен шошқа майында  95% -нда трихинеллезб жұққан.
    • Ал тұздалған балық, «строганина» немесе уылдырық – адамдағы гельминит анакондасындай. Үлкен дарағының ұзындығы 10 метрге дейін жетеді және ұзақ өмір сүреді - 25 жылға дейін.

 

    • Адамның сырқаттануы жиі түрде ауыр созылмалы уланудың, соның ішінде паразитарлы инфекциялардың көрінісі болып табылады. Ауыр созылмалы аурулардың артында қандайда бір паразитарлы инвазия тұр, олар аурудың себебі немесе себептерінің бірі болып табылады.
    • Олар – бізге ең қажетті және пайдалы  нәрлі заттардың  «бағалаушылары». Құнды заттарды сіңіре отыра, олар біздің ағзаны уландырушы заттармен «алғыстарын білдіреді». Адам ағзасында гельминиттердің 150-ге дейін түрі болуы мүмкін, ал паразиттердің жұққанын анықтау өте қиын. 
    • Сіздің ағзаңызда паразиттердің болуын анықтаудың қандай айқын белгілері бар:
    • Олардың белгілерінің саны шектеусіз деуге болады. Бұл «ақылды» мақұлықтар өте айлакер болып келеді, белгілерін ең кең тараған аурулардың белгілерімен жасыруы мүмкін. Сондықтан мамандар «танымал» аурулармен сырқаттанған және дәстүрлі дәрі-дәрмектер көмектеспейтіндерге паразиттерден тазартуды ұсынады.
    • Кең таралған аурулар: іш қату, іш өтуі, желдер және іш кебуі, буындар мен бұлшық еттердің сырқырауы, анемия, аллергия, реңсіз тері, жүйкенің қозуы, ұйқының бұзылуы, тістерді қайрауы, созылмалы шаршағандық, иммунды бұзылулар.  Сондай-ақ салмақтың артуы, шектен тыс ашығу, салмақ жоғалту, демікпе, эпилепсия және бас сақинасының ауруы.

 

Паразитарлы инвазияның себептері:

 

    • 1.     Жеке гигиенаның бұзылуы
    • 2.     Ішек құрттары жұмыртқасының қабығын бұзатын асқазан сөлі секрециясының бұзылуы
    • 3.     Иммунитеттің әлсізденуі
    • 4.     Қалыпты ішек микробиоценозының бұзылуы
    • 5.     Дұрыс тамақтанбау
    • 6.     Өт қозғалысының бұзылуы және оның бактериостатитті қасиеттерінің жоғалуы
    • 7.     Ілеспелі таз  жұқпасы
    • 8.     Ферменттер белсенділігінің жоғалуы

 

Паразитке жататындар:

 

    • Құрттар (аскарида, гельминттер)
    • Биттер
    • Бургелер

 

Аскарида

 

Аскарида (Ascarіdae) – жұмырқұрттар класына жататын дара жынысты құрт; нематод тұқымдасына жатады. Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары.

Организмде бірден бірнеше жүзге дейін Аскаридалар кездеседі. Соның нәтижесінде адамның орталық жүйке жүйесі зақымданады, мазасыздық пайда болады, зат алмасу процесі бұзылады. Әсіресе дернәсілдерінің зақымдау әрекеті басым келеді. Олар алғашқы өсу кезінде қан түйіршіктерін, бауыр тінін, өкпе альвеоларынтеседі, аллергиялық қоздыру тудырады. Адамда Аскарида әсерінен пайда болған ауруды қазақ бөсір деп атайды.

Гельминт

 

ГЕЛЬМИНТТЕР (грек. helmіnthos – құрт) – адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ауруларын қоздыратын құрттар. Қазір Гельминттердің 12 мыңнан астам түрі белгілі.

Гельминттердің адамды, малды құрт ауруына шалдықтыратын аскарида, эхинококк, трихинелла, миқұрт сияқты түрлері, ал өсімдіктерді гетеродероз, мелоидигиноз, дитиленхозға шалдықтыратын түрлері өте қауіпті және олар жиі кездеседі.

Бит

 

    • Бит (Anoplura) — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақбөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттіңжануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады.

Бүрге

 

    • Бүрге(Aphanіptera)[1] –буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды.
    • Қазақстанда ең зиянды адам Бүргесі (Pulex іrrіtans) адамның және жылқының, мысықтың, т.б. жануарлардың қанын сорады, сондай-ақ, алақұрт Бүргесі (Vermіpsylla alacurt) оба қоздырғышын ауру адамнан сау адамға, ауру малдан сау малға таратады. Тұрғын үйлердегі Бүргені құрту үшін инсектицидтер қолданады және тұрғын үй, қора-жай таза ұсталуы тиіс.

Антипаразитарлы бағдарламаның құрылымы:

 

    • 1. Жеке гигена ережелерін сақтаймыз:
    • 2. Асқорту трактатының жұмысын оңтайландыру қажет: Өт қозғалысын қалыпқа келтіру, ішек жиырылуын және оның пайдалы микрофлорасын қалыпына келтіру, ферменттер жұмысын арттыру, гельминиттердің құрт сатысының дамуына қолайсыз жағдай жасау.
    • 3. Ағзаны улану белгілерінсіз паразиттерден арылтуды қамтамасыз ететін мақсатты антипаризтарлы қызметке ие қауіпсіз құралдарды пайдалану қажет. Осы жағдайда жанама нәтижелері бар химиялық антипаразитарлы препараттармен бауыр мен бүйрекке токсинді әрекет ету қауіпі жоққа шығарылады.
    • 4. Бағдарламада ферменттер мен пайдалы бактериялардың теңгерімді үйлесімдік фонында фитонцидті, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және паразиттерге қарсы қасиеттері бар препараттар дегельминтизациясын қолдану өте өзекті.
    • 5. Судың жеткілікті мөлшерін (кемінде 1.5-2 литр сапалы, басқалардан гөрі сілтілі суды) ішу және тазалау кезеңінде тамақтану рационынан  ұннан жасалған, тәтті және ет өнімдерін алып тастау ұсынылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

    • 1. Әміреев С.А. Эпидемиология Учебное пособие – Алматы. – 2005. - 2 том. – 693с.
    • 2. Белозеров Ю.М., Иоанниди Е.А. Курс эпидемиологии: Учебное пособие для леч. и пед. фак. медвузов. Элиста: Джангар. – 2005. 136с.
    • 3. Ющук Н.Д. Мартынов Ю.В. Краткий курс эпидемиологии. (схемы, таблицы). - М.: «Медицина», 2005.
    • 4.       Амиреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях. 2 т. Алматы, 2008

 

 

Назарларыңызға  рахмет!!!


Информация о работе Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері