Про температуру и ее проблемы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2015 в 17:29, доклад

Краткое описание

Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4°С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1 - 0,6°С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17 - 21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу –таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы кыстағыға қарағанда 0,1 - 0,5°С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спротшыларда) кезінде байқалады.

Вложенные файлы: 1 файл

temparute.ppt

— 2.23 Мб (Скачать файл)

ТЕРМОМЕТРИЯ

Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Оны бірқалыпты ұстау күрделі жылу реттеу үрдістерімен қамтамасыз етіледі - құрамына перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (гипоталамус) терморецепторлар, бас миында орналасқан жылу реттегіш арнайы орталықтар және жылу белу әрі беру деңгейін реттейтін эфференгті жолдар кіреді

Термометрия

 

Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С.

 

Сау адамның температурасы

 

қолтықта

36,3-36,9⁰ С.

 

 

ауыз қуысында

36,8-37,3⁰ С.

 

 

тік ішекте

37,0-38,0⁰ С.

 

Температура өлшеуге болатын жерлер

 

Қолтық аустында

 

Шекеде

 

Құлақ арқылы

 

Ауыз қуысында

Орындалу тәсілі

 

1) 35⁰С-қа дейін термометрді сілку

2) Қолтық астында аллергия немесе ісінулер жоқ болуының қадағалау

3) Термометрдің ұшын толықтай жабатындай етіп қолтық астына ынғайлап орналастырамыз

4) 7 - 10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады

Дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек: таңертең - ұйқыдан кейін, ашқарынға(сағат 7.00 - 9.00 аралығында) және кешке -күндізгі демалыстан кейінгі, кешкі асқа дейінгі уақытта (сағат 17.00-19.00 аралығында). Кейбір жағдайларда (дәрігердің белгілеуі бойынша) дене қызуын әрбір 3 сағат сайын өлшеу керек, оны температураның профилін өлшеу деп атайды.

ЕСКЕРТУ!  
Дене қызуы, артериялық қысым, пульс көрсеткіштерін температуралық параққа графикалық тәсілмен тіркейді, сол жақта тігінен "Т", "П", "АҚ" шкалалары болады. Кейбір температуралық парақтарда бір минут ішінде тыныс алу жиілігін графикалық тіркеуге арналган "Ц" шкаласы да бар. Температуралық парақтың төменгі бөлігінде емделушінің дене салмағын тәулік бойы қабылданған және бөлінген сұйықтық (су балансы), мөлшерін   нәжіс бөлу туралы деректерді жазады және жүргізілген санитарлық өңдеуді  +  белгісімен белгілейді. 
ЕСКЕРТУ! 
Т, РS, АҚ деректерін дұрыс енгізу үшін шкаланың бөлінулерінің    
бағасын есептей білу қажет. 
Ауруханада алған күн графасын екіге бөледі:- "У" - таңертеңгі және "В" - кешкі. Таңертеңгі деректер "У" графасында нүктемен белгіленеді. "В" графасында кешкілік деректер белгіленеді. Нүктелерді бір-біріне қосқанда температуралық кисық пайда болады. 

электронды

 

жидко-кристаллический

 

сынаптық

 

инфрақызыл - құлақ

 

термоқағаз

 

Термометрдің

түрлері

Қызба (febris) - бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организмнің белсенді қорғану-бейімделу реакциясы. Көбінесе бұл пирогендер.- белоктық заттар - патогенді бактериялар мен вирустар, олардың токсиндері, сондай-ақ ыдырау өнімдері. Қызба көптеген жұқпалы аурулардың негізгі белгісі болып табылады

Қызбаның түрлері:

Қызудың кетерілу дәрежесіне байланысты: субфебрильді (38°С-тан артпайды), орташа немесе фебрильді (38 - 39°С), жоғары немесе пиретикалық (39 - 41°С), аса жоғары немесе гиперпиретикалық (41°С-тан жоғары).

Ағым ұзақтығына байланысты: еткінші (ұзақтығы бірнеше сағат), жедел (15 күнге дейін), жеделдеу (15 - 45 күн) және созылмалы (45 күннен артық).

  • Дене қызуынын тәулік бойғы (кейде ұзағырақ уакыттағы) тербелу сипатына байланысты:
  • 1) тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі ГС-тан аспайтын тәуліктік тербелумен;
  • 2) ремиттеуші (босаңсытатын) (febris remittens) - ұзақ қызба, қызудың тәуліктік   тербелуі   1-ден   1,5°С-қа  дейін   қалыпты   деңгейге  дейін төмендеусіз;
  • 3) ұстамалы безгек (febris intermittens) қызудың 1°С-тан жоғары тәуліктік тербелуімен сипатталады, бірақ танертеңгілік уақытта оның қалыпты деңгейге дейін төмендеуі байқалады;
  • 4) гектикалық (febris hectica) (титықтататын) – тәулігіне бірнеше рет қайталанатын дене қызуының көп (3-5°С-қа) көтерілуімен және тез түсуімен сипаталатын қызба. Дене қызуы қалыпты немесе қалыптыдан төмен - 36°С-тан төмен түседі;
  • 5) бұрмаланған қызба (febris inversia) - әдеттегі тәуліктік ырғақтың ауысуымен сипатталады, бұл кезде таңертеңгілік қызу кешкідегіден жоғары;
  • 6) толқын тәрізді қызба (febris indulans), тұрақты көтеріңкі кезеңдер қалыпты қызу кезеңдерімен бірнеше күн бойы алмасып отырады;
  • 7) бұрыс қызба (febris atypica), тәулік бойғы тербелуде заңдылықтың болмауымен сипатталады.

 

Қызба дамуы үш кезеңнен түрады: 

 

  • Бірінші кезең – дене қызуының көтерілуі: жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Жылу бөлу тері тамырларының тарылу салдарынан бірден төмендейді. Дене температурасының жоғарылауына қарамастан тері суық "қаз терісіне ұқсас" болады. Науқас бас ауруына, сүйектердің сырқырауына, қалтырауға шағым жасайды да, көпке дейін жылына алмайды.
  • Бұл кезеңде емделушіге тыныштық жағдай жасап, оны төсекке жатқызып, жылы жауып, аяғына жылытқыш қойып, ыстық шай беру керек.

 

  • Дене қызуының салыстырмалы тұрақтылығының II кезеңі: бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Тері тамырлары кеңейіп, жылу бөлу күшееді де, жылу жасаумен теңеледі. Сондықтан температураның әрі қарай жоғарылауы тоқтайды да, температура тұрақталады. Осы кезеңде емделушінің денесі қызып, бас ауруы, сүйектің сырқырауы, ауыздың құрғауы байқалып науқас шөлдейді. Науқас есінен танып, есеңгіреуі, сандырақтауы мүмкін. Терісі ыстық, беті қызарған. Осы кезеңде жылы көрпелерді жеңіл жамылғышпен ауыстыру керек, науқасқа (мейілінше көбірек) витаминді салқын сусындар (морс, итмұрын тұнбасы) беру керек. Арасында ауыз қуысын әлсіз сода ерітіндісімен шаю керек (0,5 литр суға 2 ас қасык сода). Осындай емделушілерге жеке мейірбикелік пост белгілеу керек, егер мүмкін болмаса посттағы мейірбике науқасқа жиі-жиі келіп, оның тамыр соғуы мен жалпы жағдайын бақылауға міндетті.

 

  • III кезең. Дене қызуының төмендеуі әртүрлі жүреді. Температура кризистік түрде, яғни жоғары цифрлардан бірден төмен қарай (мысалы 40-36°С) бір сағат ішінде төмендеуі мүмкін. Ол тамыр тонустарының, артериялық қысымның бірден төмендеуімен, жіп тәріздес пульстің болуымен қатар жүреді. (Жедел тамыр жетіспеушілігі - коллапс). Науқастың терісі бозарады. Сипағанда суық көрінеді, қатты терлейді, ерні көгереді, күшті әлсіздікті сезінеді. Бұл жағдай кризис деп аталады және шұғыл шаралардың өткізілуін талап етеді.

 

Науқастың жағдайын бақылау 
Медбике науқас жағдайын бақылап, өзгерістерді уақытылы анықтап, дәрігерге хабарлауы тиіс. 
Науқасты бақылау кезінде медбике назар аударуы қажет: 
-сана жағдайына; 
-науқастың төсектегі қалпына; 
-бет-әлпетіне; 
-тері жамылғылары мен кілегей қабықтардың түсіне; 
-қан айналым және тыныс алу мүшелерінің жағдайына; 
-зәр шығару мүшелерінің қызметіне т.б. 

Фактілер

 

ЕҢ үлкен температура 10 тамыз 1980 Грейди клиникасында тіркелген. 52-жастағы Уилли Джонстың температурасы 46,5°C болды. Ол клиникадан тек 24 күннен кейін ғана шықты.

ЕҢ төменгі температура 23 ақпан 1994 Канадада, 2-жастағы Карли Козолофскида тіркелген болатын. Үйдің есігі жабылып қалған соң, далада қалып қалған қыз 6 сағ -22°C температурадағы аязда тұрды, оның дене температурасы 14,2°C дейін түсіп қалды.

 


Информация о работе Про температуру и ее проблемы