Эндокриндік бездердің функционалды анатомиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 23:02, реферат

Краткое описание

Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады

Содержание

I.Кіріспе.
II.Негізгібөлім.
A)Эндокриндік бездердің ерекшеліктері.
B)Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен бөлінуі.
C)Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар.
D)Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы
E)Аралас,ұйқы,жыныс,сүт бездері.
III.Қортынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

СӨЖ Эндокриндик жуйе.docx

— 31.64 Кб (Скачать файл)

Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Морфологиялық пәндер кафедрасы

 

 

 

Тақырыбы: Эндокриндік бездердің функционалды анатомиясы.

 

 

 

 

Орындаған:Ускенбаева А.А.

Тобы:101- Б МІК

Қабылдаған:Сисабеков Қ.Е.

 

Шымкент 2012ж

Жоспар

I.Кіріспе. 
II.Негізгібөлім. 
  A)Эндокриндік бездердің ерекшеліктері. 
  B)Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен бөлінуі. 
C)Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар. 
D)Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы 
E)Аралас,ұйқы,жыныс,сүт бездері. 
III.Қортынды. 
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Адам денесінде көптеген құрылымдар арасында үздіксіз,уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен механиздер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады.Бұл мәліметтер гуморальдық жолмен жүреді.Гуморальды реттелуде маңызды ролді    эндокриндік бездер атқарады.Ішкі секреция бездері Секреция – латын тілінен аударғанда secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ішкі секреция, немесе эндокриндік, бездер деп өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін, бездік құрылымы бар органдарды айтады. Грек тілінен аударғанда «эндон» деген сөз — ішкі, «крино»— бөлемін деген мағына береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда пайда болған заттарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон қозғаймын деген сөз) деп атайды.

Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі  топқа бөлінеді:

  • 1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқанша серік бездері, гипофиз, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), эпифиз және тимус жатады.
  • 2) аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

 

   Ішкі секрециялық бездерді топографиялық орналасу жағдайы мен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады 1. Нейрогенді бездер тобына гипофиз бен эпифиз жатады. 2. Бронхиогенді бездер тобына табиғаты жағынан ұрықтың желбезек аппараты мен жұтқыншақ қабырғасынан дамитын қалқанша, қалқанша серік бездер мен айыршық без (тимус) жатады. 3. Хромофинді бездер тобына бүйрек үсті безі жатады. 4— топқа үйқы безінің аралық бөлігі жатады. 5— топқа жыныс бездерінің эндокриндік бөлігі жатады.

Гормондар

    Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска  келтіремін) - ішкі секреция бездерінен  бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге  әсер ететін биологиялық белсенді  заттар. Гормондардың барлығы ағзалық  заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан,  екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі  май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі.

Бүйрекүсті безі

     Бүйрекүсті  безі, (glandulae suprarenales) — екі бүйректің үстінде орналасқан, организмде белоктың көмірсуға айналуын және минералдық тұздардың алмасуын реттейтін жұп орган. Салм. 15 г, сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Бүйрек үсті безі 50-дей гормон (мыс., адреналин, альдостерон, кортикостерон, кортизон, т.б.) бөліп шығарады.Оның жұмысын орталық жүйке жүйесі басқарады.Бүйрек үсті безінің сыртқы қабаты зақымданса, адам аддисон ауруына шалдығады. Адам мен жануарларда ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметін қоса атқаратын ұйқы безі болады. Ұйқы безі (pancreas) — организмде көмірсу, май, белок алмасуына, яғни, ас қорытуға қатысатын орган. Омыртқасыздарда ұйқы Б-і тек моллюскілерде ғана болады. Адамда қарынның артқы жағында 1-, 2-бел омыртқа тұсында орналасқан. Ұзындығы 15 — 25 см, ені 3 — 9 см, қалыңдығы 2 — 3 см., салмағы 70 — 80 г. Ол тәулігіне 1,5 — 2 л сөл бөледі.

Айырша без

     Айырша без (грек, thymus -тимус)- омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен түрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сүйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады.

Қалқанша безі

   Қалқанша безі(glandula thyroіdea)-адамда кеңірдектің қалқанша шеміршегі мен 5—7-кеңірдек сақиналары аралығында орналасқан, организмнің өсуін, дамуын, ондағы зат алмасуды реттейтін, құрамында иоды бар гормон түзіп, оны өзіне жинайтын орган.      Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) – біршама ірі без. Ересектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 тр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2 г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секілді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 м км болатын фолликулалардан тұрады.

Томпақ дене

    Томпақ дене(ми эпифизі), corpus pinale ,(epyphysis cerebri) аралық мидың эпиталамусына жатады және ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктерін бір-бірінен бөлетін жүлгеде орналасады.

     Томпақ дененің  эндокриндік рөлі:оның жасушалары  жыныстық жетілуге дейін гипофиз  әсерін тежейтін зат бөледі  және зат алмасудың көбін реттеуге  қатысады.

Томпақ дененің  қанмен     қамтамасыз етілуі.

   Томпақ денені артқы милық және жоғары мишықтық  артериялардың тармақтары қанмен  қамтамасыз етеді.

      Томпақ  дененің веналары үлкен милық  венаға  немесе артерияға құяды.Тамырлармен  бірге мүше тініне симпатикалық  жүйке талшықтары енеді.

       Қарынасты (ұйқы) безі аралас сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі, әрі сыртқы сөлініс қызмет атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру қызметі жатады .Ұйқыбезінің эндокриндік бөлігі parsendocrina pancreatae түзетін эпителиалды жасушалардың топтпрынан түзілген ,олар қалған экзокринді бөліктен жұқа дәнекер тінді қабықпен бөлінген.Панкреаттық аралшықтар ұйқы безінің барлық бөлімдерінде кездеседі,әсіесе ұйқы безінің құйрығы аймағында көп шоғырланған.

      Ұйқыбездің  құрылысы: ұйқыбез бозғылдау қызғылт  түсті, ұзындығы 15-22 см, құрсақ қуысының  сол жағында асқазанның астына  таман орналасады. Ұйқыбездің сыртқы  секрециялық (экзокриндік) қызметі:  өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі (панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей  ұлтабарға құйылады.  секрециялық  (эндокриндік) қызметі: ұйқыбездің  әр жерінде топтанып орналасқан  ерекше жасушалар жиынтығына  байланысты.

       Ұйқыбездің  экзокриндік қызметі асқорыту  ферментін бөлу болса, эндокриндік  қызметі инсулин, глюкагон гормондарын  бөлумен байланысты.

      Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқыбез бен жыныс бездері жатады.

        Жыныс  бездерінің сыртқы секрециялық  белгісі: ер адамдардың жыныс  бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар,  әйелдер-де жұмыртқа жасушасы  түзіледі. ішкі секрециялық белгісі:  жыныс бездерінде түзілген жыныс  гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс  гормондары - андрогендер (грекше - еркек), оның негізгісі - тестостерон.  Әйелдердің жыныс гормондары  экстрогендер деп аталады 

      Еркектерде  аталық без testis,әйелдерде аналық  без ovarium. Аталық бездің интерстициалды  эндокриноциттері аталық жыныс   гормоны тестостеронды бөледі.

       Аналық  безде эстроген және прогестерон  жыныс гормондары түзіледі.Прогестерон  қынаптың шырышты қабығын ұрықтанған  жұмыртқа жасушаны қабылдауға  дайындайды да,жаңа түйіншелердің  өсуін тежейді. 

     (glandula parathyroidea) aca үлкен емес эпителилі құрылым,  саны 2-6, салмағы 20-50 мг. Әдетте, олар  қалқанша безінің артқы жағында,  жоғарғы және төменгі ұштарында  жұптап орналасқан. Бездер өте  жақсы тамырланған 

        Гипофиз  мидың түп жағындағы түрік  ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден  тұрады. Алдыңғысы -аденогипофиз, ортаңғысы  – меланогипофиз, артқы бөлігі  – пейрогипофиз деп аталады.  Құрылысы және қызметі жағынан  бұлар әртүрлі, сондықтан олардың  әрқайсысын бөлек без деуге  де болар еді.

         Гипофизді апып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал  ересек адамның бездерін алып  тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы  бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті  бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез  күшейіп, шыжындық белгілері пайда  болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді.

    Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді. 
  Эпифиз жеткіліксіз зерттелген безге жатады. Төменгі сатыдағы жануарларда (кесіртке, сүйекті амфибия, қосмекенділер) эпифиз бастың төбе аймағында орналасқан. Оның үстінде тек жұқа дәнекер тінмен жабылған тесік болады. Қабылдағыштық қызмет атқаруына байланысты оны төбе көзі деп атайды.

  Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді. Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т.б. жағдайларда ылғи да гипергликемия – қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті глюкозурия – несепте қант пайда болады.

    Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің миды қабатынан, қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.

     Сүт бездері – адам мен жануарларда сүт түзетін қос без. Малда оны желін деп атайды. Адамда сүт бездері 15 – 20 безді бөліктерден тұрады. Осы бөліктерде ана сүті түзіледі. Сүт бездерінің өсіп-жетілуі ішкі секреция бездерінің (гипофиз, қалқанша без, т.б.) бөліп шығаратын гормондарына байланысты. Бұл кезең қыздарда (жыныстық жетілу кезеңінде) 10 – 12 жаста байқалады.

      Cүт бездерінің негізгі қызметі – сүт шығару. Бұл процесс мишықтың алдыңғы бөлігінде шығарылатын гормондар (пролактин, маммотеген – Қ және ҚҚ, т.б) арқылы басқарылады. Баланы ана сүтімен ұзақ уақыт емізу пролактин мен эстроген гормондарының қызметіне байланысты.

      Параганглилер  катехоломин түзетін хромафин  денешіктерінің жиынтығы.Олар симпатикалақ  нерв жүйесінің ұрығынан түзіледі.Паранганглилерге  келесі түзілістер:жалпы ұйқы артериясының сыртқы және ішкі ұйқы артерияларға бөлінген жерінде орналасатын ұйқы шумақшасы,glomus caroticus , құрсақтық қолқаның алдыңғы бетінде орналасатын -бел –қолқа парганглиі,және өкпе сабауы мен қолқаның аралығындағы жүрекүсті парганглиі жатады.

 

 

 

Қорытынды

     Бұлардан басқа ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады – бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы, бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда ренин, гастрин, секретин, панкреозимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б. Эндокринді жүйеге шығару түтіктері жоқ бездер жатады, бірақ организмнің ішкі ортасына активті физиологиялық активті заттар бөлетін (гормондар), организмнің гуморалді реттелуін қалыптастыратын, жасушалар тіндер мен мүшелердің қызметтерін күшейтеді немесе төмендетеді. Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің миды қабатынан, қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Дайырбекова М.М “Адам  анатомиясы”. Алматы ”Медицина баспасы”2002-288бет 

2 .Рақышев А.Р.”Адам анатомиясы’1 том. Алматы.2004ж

3. Жұмабаев У.Әубәкіров  Ә.Б Досаев Т.М “Адам анатомиясы”.  Атлас 1 том.Астана : Фолиант ,2005


Информация о работе Эндокриндік бездердің функционалды анатомиясы