Қазақстандағы патологиялық анатомияның қалыптасу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 21:55, реферат

Краткое описание

Патологиялық анатомияның басты әдісі мәйітті ашып көру деп есептесек, тарихи деректерге сүйенсек, осыдан 4,5 мың жыл бұрын Қытайда, Египетте мәйітті бальзамдау үшін осы әдістің қолданылғаны белгілі. Бірақ та, алғашында мәйітті ашып көру адам денесінің құрылысын жете білу үшін суретшілер тарапынан ғана пайдаланылған болатын. Діни көзқарастарға байланысты адам мәйітін ашып көрген кісілердің өлім жазасына кесілу қаупі болғандықтан, негізгі анатомиялық өзгерістер әр түрлі жануарларды тексеру нәтижесінде анықталды. Ол кездегі студенттер анатомияны түн жамылып, көмілген мәйіттерді қазып алып, үйренуге мәжбүр болды немесе сол заманда мәйітті ұрлап сатуды кәсіп қылған адамдардың (рессурекционистердің) қызметін пайдаланды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Патологиялық анатомияның тарихы
Қазақстанда қалыптасуы
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Қысқаша тарихи деректер.doc

— 45.50 Кб (Скачать файл)

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Факультет: стоматология

Кафедра: патологиялық анатомия

 

 

 

 

 

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстандағы патологиялық анатомияның қалыптасу тарихы

 

 

 

 

                                   

 

 

                                          Орындаған:

                                 Тексерген: Раманкулова А.Б.

 

 

 

 

 

 

«Ақтөбе – 2011»

 

 

 

 

Жоспар:

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
    1. Патологиялық анатомияның тарихы
    1. Қазақстанда қалыптасуы
      1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Патологиялық анатомияның басты әдісі мәйітті ашып көру деп есептесек, тарихи деректерге сүйенсек, осыдан 4,5 мың жыл бұрын Қытайда, Египетте мәйітті бальзамдау үшін осы әдістің қолданылғаны белгілі. Бірақ та, алғашында мәйітті ашып көру адам денесінің құрылысын жете білу үшін суретшілер тарапынан ғана пайдаланылған болатын. Діни көзқарастарға байланысты адам мәйітін ашып көрген кісілердің өлім жазасына кесілу қаупі болғандықтан, негізгі анатомиялық өзгерістер әр түрлі жануарларды тексеру нәтижесінде анықталды. Ол кездегі студенттер анатомияны түн жамылып, көмілген мәйіттерді қазып алып, үйренуге мәжбүр болды немесе сол заманда мәйітті ұрлап сатуды кәсіп қылған адамдардың (рессурекционистердің) қызметін пайдаланды.

Дегенмен, XVIII ғасырдың басында ақ, кейбір ауруханаларда ашып көру әдісін ауру өлімінің себептерін анықтау мақсатында кеңінен қолдана бастады.

Ресейде осы жұмыстар әскери ауруханада І Петрдің рұқсаты бойынша 1706 жылдан бастап жүргізілді. Ресей императоры анатомия мұражайына тек мәйіттерді ашып көруді көзімен көру үшін ғана келмей, өзі де осы іске ынта салып қатысқаны жөнінде көптеген деректер бар.

Осылайша, жекелеген зерттеулер негізінде патологиялық анатомияның іргетасы қалана бастады десек, оның өз алдына бөлініп, медицина саласының жеке бір пәні есебіндегі тарихи Италия анатомы Джованни Батиста Морганьидің (1682-1771) «Аурулардың анатом тапқан даму орны мен себептері» деген еңбегінің (1761) жарық көруімен басталады. Морганьи өзінің зерттеулері негізінде және басқа да мәліметтерді пайдалана отырып, мәйітті ашып көрудің клиника үшін қаншалықты қажеттілігін, патологиялық анатомияның клиникалық пәндер арасындағы орнын бірінші болып анық көрсетті. Морганьидің басқа зерттеушілерден өзгешелігі – ол өз жұмысында әрбір аурудың клиникалық белгілерін, ашып көру кезіндегі табылған анатомиялық өзгерістерімен салыстыра зерттеді, көптегенбелгілі аурулардың (бауыр циррозы, бүйрек тас ауруы, қатерлі ісіктер және т.б.) анатомиялық көріністерін жазудың тамаша үлгілерін жасады.

Патологиялық анатомияның тарихи дамуындағы екінші бір кезең. Вена ғалымы Карл Рокитанскийдің (1804-1878) атымен байланысты. Осы ғалымның «Патологиялық анатомияның жеке бөлімі бойынша нұсқау» деген көлемді еңбегі 60 мыңнан астам мәйіттерді ашып көру негізінде жазылған, онда қазіргі кезде белгілі көптеген патологиялық үрдістердің көрініс белгілері анықталған. Бұл еңбегі ғылыми теориялық тұрғыдан сынауға болғанмен, оның мол анатомиялық материалдарыпатологиялық анатомияны жеке пән есебінде және бір сатыға көтерді десек қателеспейміз.

Медицинада микроскоптық тексерулердің кеңінен қолданылуы патологиялық анатомияның да өте тез дамуына себеп болды. Осы жаңа дәуірдің ең белгілі ғалымы Рудольф Вирхов (1821-1902) барлық аурудың негізінде жасуша патологиясы жатады деген даналық пікірге сүйеніп, өзінің «Целлюлалық (жасушалық) патология» деген ұлы еңбегін жазды (1858). Р.Вирховтың бұл еңбегі тек патологиялық анатомияның ғана емес, тіпті бүкіл медицинаның дамуында прогрессивті рөл атқарды. Қазіргі патологиялық анатомия Р.Вирховтың осы еңбегінен басталады десек жаңылыспаймыз.

Осы кезде Ресейде де патологиялық анатомия өз алдына отау тігіп шыға бастады.

1849 жылы Мәскеу университетінде бірінші рет патологиялық анатомия кафедрасы ашылды, осы кафедраның меңгерушісі профессор А.И.Полунин (1820-1888) мәскеулік патологанатомдар мектебінің іргетасын қалаушы болып есептеледі. Кеңес дәуірінде осы мектептен белгілі академиктер А.И.Абрикосов, И.В.Давыдовский, М.А.Скворцов, А.И.Струков, Н.А.Краевский және басқалар шықты.

Петербургтың медициналық – хирургиялық академиясында патологиялық анатомия кафедрасы 1859 жылы жеке бөлініп шықты. Петербург мектебінің негізін салушы профессор М.М.Руднев (1837-1879) болатын. Осы мектептен шыққан белгілі ғалымдар қатарына Г.В.Шор, Н.Н.Аничков, М.Ф.Глазунов, Ф.Я.Чистович, В.Г.Гаршин, В.Д.Цинзерлинг және басқалар кіреді. Кейінірек патологиялық анатомия кафедралары Қазанда, Харковьте, Томскіде және де басқа қалаларда ашыла бастады.

Патологиялық анатомияның Қазақстанда дамуы кеңес дәуіріне тура келді. Алматы мемлекеттік медицина институтында патологиялық анатомия кафедрасы 1933 жылы ашылды. 1938 жылдан 1969 жылға дейін осы кафедраны, Харьков мектебінің түлегі, профессор П.П.Очкур басқарды. Ол Қазақстанда патологиялық анатомия мектебінің негізін салушы болды. П.П.Очкурдың шәкірттері Қазақстанда алғашқы патологиялық анатомия кафедраларын,зертханаларын басқарды.

        Патологиялық  анатомия саласында КСРО кезінде  медицина ғалымдарының докторы  атанған қазақстандықтар қатарына: А.С.Толыбеков, И.С.Иржанов, М.Рысұлы, Г.В.Федотовских, Н.А.Стрелюхина, А.М. Белинская, П.В.Шкутин кіреді.

Қазақстан өз алдына, жеке мемлекет болғалы патологиялық анатомия саласына медицина ғылымдарының докторы атағын алған ғалымдар қатарына: С.Г.Ахметгалиев, А.Д. Сапарғалиева, М.М.Тусупбекова, К.Б.Манекенова, К.Н.Муканов, Ю.С.Исмаилова,А.Н.Жұмабаева қосылды. Олар өз мамандықтары бойынша табысты ғылыми- педагогикалық қызметтер атқаруда.

Патологиялық анатомияның Қазақстанда жеке ғылым есебінде әрі қарай дамуы медицина және ветеринария институттарындағы кафедралардың және ғылыми зерттеу институттарындағы ірі зертханалардың жұмыстарына байланысты.

Республика бойынша патологиялық анатомия бөлімдерінің, кафедраларының, облыстық қоғамдарының жұмысын бақылайтын патологанатомдар ассоциациясы қаржы тапшылығына байланысты өз міндеттерін атқара алмай отыр. Сондықтан, кейінгі 10 жыл ішінде тек бір ғана Республикалық семинар өткізілді (2001, Алматы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. А.И. Струков, В.В. Серов «Патологиялық анатомия» Қарағанды 1991ж.
    2. Ш.В.Ахметов «Патологиялық анатомия» Алматы 2004ж.
    3. Ә.Нұрмұхамбайұлы «Патологиялық физиология» Алматы 2007ж.

Информация о работе Қазақстандағы патологиялық анатомияның қалыптасу тарихы