Әйел жыныс ағзаларының аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2014 в 21:46, реферат

Краткое описание

Эктоцервикс,көп қабатты жалпақ эпителимен қапталған, эндоцервикс, эпителиі призмалык эпителий.
Жатыр мойнының қабынуын цервицит деп атайды. Жедел цервицит көбінесе жыныстық қатынасқа байланысты дамитын инфекция. Оның қоздырушыларына: гонококтар, ақшыл спирохета, трихомонада, хламидилер және ішек таяқшалары стафилококк, стрептококктар кіреді. Қабыну аймағы қызарып жaтыр мойнының каналынан сұйық, қоймалжың секрет бөліп шыға бастайды.

Содержание

I Кіріспе
Жатыр патологиясы
II Негізгі бөлім
Эндометрий патологиясы
Аденомиоз және эндометриоз
Эндометрийдің безді гиперплазиясы
Жатыр полиптері
Жатыр ісіктері
Aналық бездер патологиясы
III Қорытынды:
IV Пайдаланылған әдебиеттер:

Вложенные файлы: 1 файл

Жыныс ағзалары патологиясы.docx

— 43.58 Кб (Скачать файл)

      Aналық   бездер патологиясы

    Аналық безде жиі кездесетін патологияларға: аналық без кисталары мен ісіктері жатады.

     Аналық без кисталары. Олардың үш түрін ажыратады:

1) фолликулярлы кисталар;

2) сары дене кисталары;

3) эндометроидты кисталар.

      Фолликулярлық кисталар овуляция болмаған Грааф қапшықтарынан дамиды. Олардың саны көп, көлденеңі 2 см-ден артық, ішінде мөлдір сұйықтық болады. Микроскопта қарағанда кисталардың ішкі қабаты көп қабатты фоликулярлық эпителиймен қапталған. Киста өскен сайын эпителий қабаты азая бастайды, тіпті жойылып кетеді.

   Сары дене кисталары менструациялық немесе жуктілікке байланысты дамитын сары денелерде дамиды. Оның ішкі қабаты сары түске боялған_ лютеиндік жасушалармен астарланған. Клини-Kaдa осы кисталарға қан құйылады немесе кисталар жарылып кетіп құрсақ қуысына қан құылады.

 

           Аналық без поликистозы

   Бұл патология жас әйел-қыздарда (16-30 жас) кездесетін аналық бездің екі жақты үлкейуімен, сыртқы қабының қалындауымен, қыртыс қабатында склерозға ушыраған фолликулалардың санының артуымен, дәнекер тіннің өсіп кетуімен сипатталады. Яғни, склерозды-кистозды аналық бездер көрінісі дамиды. Клиникада оны Штейн-Левенталл синдромы деп атайды. Белгілері: бедеулік, семіру, гирсутизм және вирилизм. Микроскопта қарағанда аналық без тінінің склерозы көптеген фолликулалық кисталарды көреміз. Аналық бездің қабы да қалындап склероздалған.

     Штейн-Левентал синдромы гипофиз-гипоталамус жүйесінің патологиясына жатады. Гипофиздің лютеиндеуші гормонының гиперсекрециясы фолликулаларда андрогендік гормондар секрециясын күшейтеді, оның бір бөлігі эстерогендік гормондарға айналады, кейде қанда пролактин гормоны көбейеді. Осы гормондар дисбалансы нәтижесінде айтылған өзгерістер дамиды.

  

         Aналық  без  ісіктері

1. Эпииелилік ісіктер.

      Аналық без ісіктері халықаралық жіктеу бойынша (1993) бес негізгі топқа бөлінеді:

  • эпителийлік ісіктер;
  • жыныстық жолақ стромасының ісіктері;
  • герминогендік ісіктер;
  • гистогенезі белгісіз қатерлі ісіктер;
  • метастаздық ісіктер.

       Эпителийлік ісіктердің ішінде жиі ұшырайтындары сарысулы және муцинді цистаденомалар.

      Сарысулы цистаденома түссіз немесе сарғыш сұйықтықпен толған кистапардан тұратын қатерсіз ісік, оның көлденеңі 20 см-ге дейін, салмағы бірнеше килограмға жетеді. Осы кисталардың ішкі беті негізінен призмалық эпителиймен қапталған. Кейде осы эпителий өсіп-өніп жұмсақ бүртіктер түзеді, ісіктін бұл тypі бүртікті цистоаденома деп аталады. Бұл ісіктің қатерлі түрін цистоаденокарцинома деп атайды, олар аналық бездегі қатерлі ісіктердің 40% құрайды. Ісік атипиялық жасушалардан түзілген, аналық  без қабырғасын (капсуласын) бүзып өседі, оның сыртыңда бүртіктік құрылымдар көртеді. Ісік іш пердесіне жабылып та өсе алады (рактық перитонит).

    Муцинді цuстаденома бір камералы немесе көп камералы ісік болып, оның ішіңде шырыш  тәрізді қоймалжың зат болады, ісік салмағы оңдаған килограмға жетеді. Осы ісіктің ішкі қабаты бір қатарлы v призмалы, цитоплазмасыңда шырыш тамшылары бар, эпителии жасушаларымен астарланған. Бұл жерде де эпителий бүртікті құрылымдар түзеді. Ісіктің қатерлі түріне псевдомуцинді цистоаденокарцинома деп атайды. Олар аналық без қатерлі ісіктерінің  25%-ын құрайды. Ісік жасушаларыңда полиморфизм кұбылысы басым, ядролы ірі және пішінсіз, митоздар көп. Жасушалар безді, сорғышты, криброзды құрылымдар түзіп, көп қабатты және көпқатарлы болып өсіп кетеді. Эңдометриоидты ісіктердің басым көпшілігі қатерлі ісіктерге жатады. Микроскопта эңдометрийге тән безді құрылымдар түзеді. Бұл ісіктер эндометрий карциномасымен және эңдометриозбен бір мезгілде дамуы мүмкін.

 2. Герминогендік ісіктер.

        Герминогеңдік ісіктер аналық ісіктерінің 15-20 %-тін құрайды. Оларға тератомалар, дисгерминома, эңдодермалық синус ісігі, аралас ісіктер кіреді.

(Тератомалар деп жыныстық және ұрықтық жасушалардан дамитын ісіктерді атайды жетілген тератомалар негізінен тері эпителийінен, тері қосалқыларынан түзілген. Әдетте аналық безде көлденеңі  5-10 см домалақ киста табылады. Оны кесіп қарағаңда ішіңде май,  шатасып түйінделiп  қалған шаш (оның ұзыңдығы бірнеше метрге жетеді) табылады. Микроскопта қарағаңда ісік қабының ішкі қабаты көп қабатты тері эпителийіне сәйкес келеді, қабырғасыңда май, тері бездері, шаш фолликулалары және басқа да ұрықтар бастамалардың (сүйек, шеміршек, эпителий) фрагменттері көрінеді, олар малигнизациялануы мүмкін.

етілмеген тератомалар сирек кездеседі. Ол жетілмеген тіңдерден түзілген, тератомада ұрықтық жапырақтың үш түрінің де элементтері кездеседі. Ісік тез өседі, оңда некроз, қан құйылу ошақтары көрінеді, капсулаға өсіп, метастаздар беруі мүмкін.

       Жоғары жетілген (монодермалық) тератомалардың екі түрі белгілі: аналық без струмасы және карциноид. Тератома  үлкейіп белгілі бір массаға жеткенде, олар: гипертиреоидизм және карциноидтық синдром клиникасын беруі мүмкін. Морфологиясы бойынша  қaтерсіз ісіктер қатарына жатады.

        Дисгерминома аналық без қатерлі ісіктерінін 2%-тін құрайды, негізінен жыныс белгілері толық жетілмеген қыздар мен жас әйелдepдe кездеседі көбінесе екі жақты өсіп көлденеңі бірнеше сантиметрден бірнеше ондаған сантиметрге дейін жететін капсулаға оралған түйін түрінде өседі. Кесіп қарағанда ісік жұмсақ, ақшыл-сары түсті, кейде некроз ошақтары бар, тез өсетін ісік. Микроскопта қарағанда ісік  ірі, домалақ немесе көп бұрышты, цитоплазмасы көпіршіктенген, ашық, құрамында гликоген немесе май тамшылары бар жасушалардан түзілген. Стромасы әлсіз дамыған, ісікті жеке-жеке ұяшықтарға бөліп тұрады, ол жерде лимфоидты инфильтраттар көрінеді. Дисгерминома сәулемен емделіп жазылшатын ісіктер қатарына кіреді. Операциядан кейін сәулемен емдегенді оның нәтижесі жақсы.

          З. Жыныстық созылмалар  стромасынан өсетін ісіктер

      Бұл ісіктердін ең жиі кездесетін түрлеріне: гранулезажасушалы ісік және текомалар кіреді.

 

          Гранулезожасушалы ісік

     Гранулезожасушалы ісік эстроген гормондарын бөліп шығаратын қыз балаларды тез балиғатқа жеткізетін, етеккірі тоқтаған әйелдерде етеккір келтіретін ісік. Клиникада бұл ісікті сылдып  тастағаннан кейін қайта пайда болатындғы (рецидив), қатерлі  ісіктей метастаз беретіндігі анықталған.Кесіп қарағанда бұл ақшьш-сары түсті, кейде қанқұйылған ошақтары бар, түйінді ісік түрінде көрінеді. Микроскоппен қарағанда ісік негізінен майда, бір-біріне ұқсас, ядролары домалақ, хроматинге бай жасушалардан тұрады. Олар эпителиге ұқсап бірлескен кешендер, трабекулалар, кейде фолликулаға ұқсаған домалақ, ортасында саңылауы бар құрылымдар (Колл-Экснер денешіктері) түзеді. Жасушалар цитоплазмасында майдың барлығы анықталған. Ісік стромасы өте әлсіз дамыған. Ісік жасушалары эстерогендерді көп мөлшерде бөліп шығарғандықтан эндометридін безді гиперплазиясы, кейде карциномасы дамиды.

 

 

                  Текома

       Текома да гормон бөліп шығарушы, негізінен қатерсіз, көлденеңі 20-30 сантиметр, біржақты өсетін, консистенциясы сары түсті ісік. Текоманың прогестерон  гормонын бөліп  шығаратын турі ірі, цитоплазмасы ашық түсті, көбіктенген, жаиылмалы түрде немесе ұялана орналасқан жасушалардан құралған. Судан бояуы ісік жасушаларында май барлығын анық көрсетеді. Ісіктін гормон бөліп шығармайтын турлері әр түрлі бағытта жайғасқан, бір-бірімен араласып жатқан ұршық тәрізді ядролы, үзынш ірі жасушалардан түзілген қарапайым фиброманы. Елестетеді қатерлі текома жасушаларының құрылысы әр түрлі, ядролары атипті түзілген, ісік жасушаларының арасында митоздар, некроз ошақтары көптеп кездеседі.

 

          Аналық бездердің метастаздық ісіктері

       Аналық бездерде әр түрлі метастаздар болады, олардың біріншілік ісіктерден айырмашылығы  екі  жақты  болады. Аналық бездерге асқазан-ішек жолдарының, ұйқы безінін, өт қалтасының, сүт бездерінің қатерлі ісіктері және жамбас қуысындағы жыныс ағзaларының карциномасы метастаз береді. Әдебиетте бұрыннан белгілі  Крукенберг iсігі асқазан карциномасының метастазы ол жүзік тәрізді (шырышты) карциномаға сәйкес келеді. Патологоанатом   кеиде aнық без карциномасы деп операция жасалған ісіктерде осы өзгерісті  көреді.  

        Жатыр   түтiктepiнiң аурулары  ~

    Жатыр түтіктерінің ең жиі кездесетін патологияларна қабыну, түтіктік  жүктілік кіреді. Түтіктің бірншілік ісіктері өте сирек кездесетін ісіктер қатарына жатады.

     Жатыр түтігінің қабынуы -(сальпингит - этиологиясы бойынша арнайы -туберкулездік) немесе арнайы емес (бактериялық) болып юөлінеді. Бактериялардан жиі кездесетіні гонококтар, стафилококтар, ішек таяқшалары. Инфекция жатыр арқьты немесе  гeмотогeндiк, лимфогендік жолдармен түседі. Сальпингит көбінесе іріңді түрде   өтіп, түтік ішіңде іріңді экссудат жиналады. Қабыну тез арада түтіктің аиналасына (перисальпингит) немесе аналық бездерге (сальпигоофорит) өтеді. Түтіктің біріншілік ісіктеріне аденокарцинома жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Қорытынды:

   Жыныс ағзалары жыныс гормондары мелшерiнің өзгеруiне байланысты дамитын (дисгормондық) аурулар,қабыну жене iciктep кездеседi.

     Жыныс  гормондары  мелшерiнің езгеруiне байланысты  дамитын ауруларға: эндометрийдің  бездi гиперплазиясы, жатыр мойнының  немесе денесiнің полиптерi.

       Жатыр  мойнының патологиясы. Жатыр мойнының  екі бөлігін ажыратады: оның қындық  бөлігі (эктоцервикс) және ішкі өзегі (эндоцервикс). Эктоцервикс,көп қабатты  жалпақ эпителимен қапталған, эндоцервикс, эпителиі призмалык эпителий.

    Эндометриде қабыну сирек кездеседі. Ол көбінесе аборттан кейін ұрық қабықтарының асептикалық немесе бактериялық  қабынуына байланысты, бала туылғаннан кейін жатырға инфекция түскенде дамиды.

     Жатырға тән ісіктерге трофобластық   аурулар  қатарына  кіретін   инвазиялық  қағанақ  тығыны  (хорионаденома) және    хорионэпителиома  жатады. Инвазитялық  қоғаныс  тынысы  хорион  бүрлерінің  жатыр  және   жамбас   веналарына   бойлай  өсуімен  сипатталады.

         Aналық  без  ісіктері

   Эпииелилік ісіктер.

      Аналық  без ісіктері халықаралық жіктеу  бойынша (1993) бес негізгі топқа  бөлінеді:

• эпителийлік ісіктер;

• жыныстық жолақ стромасының ісіктері;

• герминогендік ісіктер;

• гистогенезі белгісіз қатерлі ісіктер;

метастаздық ісіктер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  • Ақметов Ж.Б. «Патологиялық  анатомия» -  Алматы,   2004 ж
  • Струков  А.И. «Патологическая  анатомия» - Медицина, 1997 г
  • Абдуллаходжаева  М.С. «Основы потологии  человека» Ташкент 1997 г
  • Нұрмұханбетұлы Ә. «Патофизиология» Алматы, 2010  ж
  • http://yandex.kz/yandsearch?rdrnd

 


Информация о работе Әйел жыныс ағзаларының аурулары