Басқару есебінің мағынасы, мәні, маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 12:35, реферат

Краткое описание

1-дәріс. Басқару есебінің мағынасы, мәні, маңызы
1. Басқару есебінің теориялық негіздері. Басқару есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
2. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері. Бухгалтерлік басқару есебінің "контроллинг" жүйесіндегі орны
3. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптері
4. Басқару есебінің пәні
5. Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
6. Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
1. Басқару есебінің теориялық негіздері. Басқару есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік кұн есебі ғана қолданылды. Меншіктің әр түрлі нысаны үйьмның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтык зкономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.
Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі

Вложенные файлы: 1 файл

упр.учет(1).docx

— 656.06 Кб (Скачать файл)