Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2012 в 19:34, реферат

Краткое описание

Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі.

Вложенные файлы: 1 файл

әлеуметтік институттар.docx

— 31.59 Кб (Скачать файл)

     ҚР Парламентінде  неке мен отбасы туралы жаңа  Заңды талқылау кезінде көп  әйел алу (полигиния) пікірталас  болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай,  әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен  кейін, көп әйел алу мәселесі  күн тәртібінен алынып тасталды.

     Некелік серік  таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады).

     Нормативті  актілерде некеге анықтама берілмейді  және оның құқықтық 

табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда  да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып  жүр: неке-келісімшарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық.

     Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режімін белгілеу мүмкіндігі жазылады.

     Келісімшарт  тұжырымдамасына қарсылар неке  келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған  құқықтар мен міндеттер болуы  мүмкін және тараптар оны өз  еркімен өзгерте алмайды дейді.  Жұбайлардың мүлік режімін белгілейтін  неке келісімшартына отыру жағдайы  келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы  үшін жеткілікті дәлел бола  алмайды, өйткені некенің мақсаты -отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субьектіні үйленген адамдар санатына жатқызады.

     Соңғы жылдары  неке сыбайластыққа негізделеді  деген идея кеңінен тарауда.  Сыбайластық неке тұжырымдамасы  әлеуметтік зерттеулерде көрініс  тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің  неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі  жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.

     Маңызды мәселе  дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі  формасы болып саналады. Батыс  Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу  саны көбейіп, некеге тұрушылар  саны азаюда, "сынама неке" деген  түрі кеңінен тарауда немесе  оны зерттеушілер "екі қадамдық  неке" деп атайды, яғни адамдар  қай кезде бала жасағысы келсе,  сонда барып некелеседі. Мәселені  зерттеушілер сондай-ақ "алмаспа  неке", "ашық неке" үрдісінің  бар екенін көрсетіп жүр, яғни  әр жұбай кез келген қатынасты,  соның ішінде жыныстық қатынасты  да, үшінші адаммен ашық жасай  береді. Бірақ жалпы қорытынды  мынадай: қоғамда отбасы мен  отбасылық қатынастарға жоғары  құндылық ретінде қарау сақталған  және қоғамның көпшілігі некенің  жаңа түрлерін қолдамайды.

     Бұл институттың  көкейкестілігін мойындаған ерлер  неке келісімшарты негізінен  "әйелдердің мүліктік құқығын"  қорғауға арналған деп есептейді.  Сондықтан оларды өз балаларының жеке мүддесі аз толғандырады, бірақ олар өз ата-аналары мен жұбайының ата-анасының мүддесін көрсетеді. Ер респонденттер тобының белгілі бір бөлігінің жауаптарында отбасылық өмірдің моральдық жақтарына алаңдаушылық байқалады, олардың көзқарасы бойынша, оны жұбайлардың мүліктік құқығы мен міндеттерінін, призмасы арқылы реттеуге болады. Неке келісімшартын кейбір жақтаушылар келісімшартқа отыру-жұбайына құрмет пен сенім білдірудің тағы бір мүмкіндігі, ал "қағазбен қорғау" — салқын есептің емес, қарым-қатынастың жетілгенін және тұрақтылығын көрсету деп санайды.

     Неке-отбасылық  қатынаста әлі тәжірибесі жоқ  респонденттер романтикаға берілген, олар басқалардан  гөрі   бұл   жағдайдың   этикалық   қыры    туралы 

"Осындай заттар түрінде қағаз жүзінде келісу ме!" деген көзқараста. Азаматтық күй тіркелінетін офистерге фотографтар, музыканттар және басқа да қызмет көрсету саласындағылар өз қызметтерін көрсетеді, бірақ неке келісімшартын ресімдейтін нотариустар жоқ: сұраныс жоқ жерде ұсыныс та жоқ.

     Неке келісімшартының  жоғары дәрежеде индифференттілігін  ескере отырып, нарықтың қалыптасуы  халықтың негізгі бөлігін кедейшілікке  ұшыратқанын назарда ұстау қажет.  Бұл заңдастырылған жаңалықты  қолданушы толық мәнді орташа  топ, әзірше "жарқын болашақтың" шындығы болып саналады.

     Зерттеудің  көрсеткеніндей, алматылық сұрау  алынған тұрғындар жынысына, жасына, ұлты мен әлеуметтік мәртебесіне  қарамастан, бірінде неке келісімшартына  отыру қажеттілігін гипотетикалық мәселеге жатқызады, көбінесе сенімсіздікпен қарап, бұл құқықтық институттың маңызы мен қажеттілігін қабылдамайды. Бүтіндей алғанда, респонденттердің басым бөлігі (36 проценті) жауаптарын анық бере алмаса, сол көлемдегі сұрақ қойылғандар (34 процент) біржақты қарсылық білдірді. Олардың жауаптарын жұмыс гипотезасы нақтылай түсті: адамдар этика-психологиялық себептер бойынша некелік одақтасудың дәстүрлі формасын жақтап, біздің қабылдау дәрежемізге сәйкес, жаңа институтқа тосқауыл қоя отырып, оны шетке шығарады. Біздің респонденттеріміздің пікірінше отбасы ұғымына махаббат, берілгендік, өзін қию, бәрін кешіру сияқты сезімдер тән, оны осы ежелгі әлеуметтік институт өлі де реттей алады.

     Осылайша, қоғамдық  пікірді зерттеу бұл институттың  өлі де көптеген себептерге  байланысты қолдау таппағанын  көрсетеді және осы мәселеде  азаматтардың таңдауына қандай  да бір баға беріп немесе  олардың кұқықтық нигилизміне  қысым жасау қиынға соғады.

·   Иллюстративті құрал:  -

·   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1.   Аитов Н.А. Основы  социологии. Алматы, 1997.

2.   Андрушенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука  об обществе. Харьков, 

      1996.

3.   Антонов А.И., Медков  В.М. Социология семьи. М., 1996.

4.   Базарханова И.Л.  Семья — основа всех основ. //Мысль, 1994.

5.   Елизаров А.Н. Ценностные ориентации неблагополучных семей.  

      //Социологические исследования. 1995. №4.

6.   Максимович Л.Б. Брачный контракт. //Комментарии. Разъяснения. М.,

      1997.

7.  Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории, методологии и

      методики. М., 1989.

Қосымша:

1.   Семья на пороге третьего тысячилетия. М., 1995.

2.   Сергунина В.М. Брачный договор. Алматы, 1996.

3. Смелзер Н. Социология. М., 1994.

4. Социология: Учебник для вузов. /Под ред. проф. В.Н. Лавриненко. М.,

·         Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

1.      Әлеуметтік институттардың түрлері.

2.      Әлеуметтік институттар түрлерінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар.

3.      Отбасы әлеуметтік институттардың қай түріне жатады.

4.      Отбасы деген не.

5.      Отбасының қандай түрлерін білесің.

6.      Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері.

7.      Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар.


Информация о работе Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар