Қазақстан халқының Ассамблеясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 21:07, реферат

Краткое описание

Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. БүгінгікүніҚазақстанРеспубликасы 40 -танастамконфессияменденоминацияөкілдері, сондай-ақ 130 ұлтпенэтникалықтопөкілдерібейбітжәнеөзаратүсіністіктеөмірсүреалатындығыныңбірденбірмысалы.

Содержание

I. Қазақстан халқының Ассамблеясы
II. Қазақстан халқы Ассамблеясының институтын нығайту саласында
III. Ассамблея жүйелі институт ретінде қалыптасуы
IV. Ассамблея туралы заңдар

Вложенные файлы: 1 файл

саясаттану.docx

— 90.96 Кб (Скачать файл)

   10-бап. Ассамблея Кеңесi     

1. Сессиялар аралығындағы  кезеңде Ассамблеяны басқаруды  Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылатын Ассамблея Кеңесi (бұдан әрi — Кеңес) жүзеге асырады. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 
      2. Кеңес Ассамблеяның құрамына кiретiн этномәдени бiрлестiктердiң өкiлдерi, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары, мемлекеттiк органдар басшылары арасынан қалыптастырылатын алқалы орган болып табылады. Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Ассамблеяның басқа да мүшелерi енгiзiлуi мүмкiн. 
      3. Кеңестiң отырыстарын Кеңестiң Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келiсiм бойынша Ассамблея Төрағасының орынбасарлары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылдықта кемiнде бiр рет шақырады. 
      4. Кеңестiң өкiлеттiктерiне: 
      1) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну; 
      2) Ассамблея мүшелiгiне кандидатураларды қарау; 
      3) Қазақстан Республикасының Президентiне кезектi Сессияны шақыру және оның күн тәртiбi туралы ұсыныстар енгiзу; 
      4) Ассамблея Аппаратының (Хатшылығының) жұмыс жоспарына ұсыныстар енгiзу; 
      5) Сессияның ерекше құзыретiне жатпайтын өзге де шешiмдер қабылдау жатады. 
      5. Егер Кеңестiң жұмысына оның мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болып есептеледi. 
      6. Кеңестiң шешiмi, егер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.    

   11-бап. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы)      

1. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы  Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрамына  кiретiн, қызметi Қазақстан Республикасының  заңнамасымен регламенттелетiн Ассамблеяның  жұмыс органы болып табылады. 
      2. Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушiсi басқарады. 
      3. Сессияның, Кеңестiң шешiмдерi және Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 
      4. Аппараттың (Хатшылықтың) негiзгi функциялары: 
      1) Ассамблеяның қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның iшiнде Ассамблеяның қызметiн сараптамалық-талдамалық және ақпараттық тұрғыдан қолдау; 
      2) елдегi этносаралық келiсiмге ықпал ететiн халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, басқа да iс-шаралар мен акциялар өткiзу; 
      3) мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен және шет елдердiң осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген мiндеттердi iске асыруға бағытталған өзара iс-қимыл жасау болып табылады.    

   12-бап. Ассамблея Төрағасы     

1. Ассамблея Төрағасы  Ассамблеяны, Ассамблея Кеңесiн басқарады  және Ассамблеяның қызметiне жалпы  басшылықты жүзеге асырады. 
      2. Ассамблея Төрағасы: 
      1) Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекiтедi және оларды iске асыру жөнiнде тапсырмалар бередi; 
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық ұйымдарда Ассамблея атынан үндеулер және мәлiмдемелер жасайды. 
      3. Ассамблея Төрағасы өз өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Ассамблея Төрағасының орынбасарларына беруге құқылы.    

   13-бап. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары     

1. Ассамблея Төрағасының  орынбасарларын Қазақстан Республикасының  Президентi тағайындайды. 
      2. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары: 
      1) Ассамблея Төрағасының ерекше құзыретiне кiрмейтiн өкiлеттiктердi жүзеге асырады; 
      2) Ассамблея Төрағасының тапсырмасы бойынша Ассамблея атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында және халықаралық ұйымдарда өкiлдiк етедi; 
      3) Ассамблеядағы iстiң жай-күйi және бағдарламалық құжаттарының iске асырылу барысы туралы Ассамблея Төрағасына қажеттiлiгiне қарай ақпарат бередi.    

   14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, 
               астананың) ассамблеялары     

 1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Ассамблеяның алдында есеп бередi және жауапты болады. 
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi лауазымы бойынша облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеяларының төрағалары болып табылады. 
      3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының ұйымдық құрылымын онда өңiрлердiң ұлттық, әлеуметтiк-мәдени және қоғамдық мүдделерiн бiлдiру қажеттiгiн ескере отырып, Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келiсiм бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының төрағасы айқындайды. 
      4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады. 
      5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының кеңесi сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады. 
      6. Әкiм аппаратының құрылымына кiретiн аппарат (хатшылық) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының жұмыс органы болып табылады. 
      Аппарат (хатшылық) меңгерушiсi өз мәртебесi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылады, оны тиiстi әкiм қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. 
      7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары: 
      1) Ассамблеяның және оның Кеңесiнiң шешiмдерiн, Ассамблея Төрағасының өз шешiмдерi мен тапсырмаларын орындайды; 
      2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олар Ассамблея Кеңесiне жiберiледi; 
      3) өңiрдегi этносаралық қатынастардың жай-күйi және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негiзде жүзеге асырады; 
      4) жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметiн жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасайды.

15-бап. Ассамблеяға мүшелiк      

1. Ассамблеяның  және облыстар (республикалық маңызы  бар қала, астана) ассамблеяларының  құрамы Қазақстан Республикасы  азаматтарының — этномәдени және  өзге де қоғамдық бiрлестiк  өкiлдерiнiң, мемлекеттiк органдар  өкiлдерiнiң және олардың қоғамдағы  беделi ескерiле отырып, өзге де  адамдардың қатарынан қалыптастырылады. 
      2. Ассамблеяға мүшелiкке кандидатуралар: 
      1) облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктерiнiң ұсыныстары негiзiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешiмi; 
      2) республикалық, өңiрлiк этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң жоғары органдарының шешiмi бойынша ұсынылады. 
      3. Ассамблеяға мүшелiкке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесiнiң отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады. 
      Қазақстан Республикасының Президентi ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кiргiзуге құқылы. 
      4. Этномәдени қоғамдық бiрлестiктерден облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелiкке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешiмiмен ұсынылады және тиiстi аппаратқа (хатшылыққа) енгiзiледi. 
      5. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелiкке барлық кандидаттар кеңестiң отырысында, ал кейiннен тиiстi ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының бекiтуiне ұсынылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы төрағасының шешiмi бойынша тиiстi ассамблея мүшесiнiң өкiлеттiгi осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкiн.    

   16-бап. Ассамблея мүшелерiнiң өкiлеттiгi     

1. Ассамблея мүшелерi қызметiн осы Заңмен айқындалған өкiлеттiгi шеңберiнде жүзеге асырады. 
      2. Ассамблея мүшелерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде: 
      1) мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесуге; 
      2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тiлi мен мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауға берiлген конституциялық құқықтарын iске асыруына, нәсiлдiк, ұлттық немесе тiлдiк белгiсi бойынша кемсiтушiлiктi болғызбауға қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға; 
      3) этносаралық қатынастар мәселелерi бойынша конференциялардың, семинарлардың, "дөңгелек үстелдердiң" және өзге де iс-шаралардың жұмысына қатысуға; 
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзуге бағытталған өзге де қызметтi жүзеге асыруға құқылы. 
      3. Ассамблея мүшелерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде: 
      1) этносаралық келiсiмдi, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiнiң сақталуына ықпал етуге; 
      2) Ассамблея қызметi мәселелерi бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға; 
      3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелердi талқылауға және шешiмдердi қабылдауға қатысуға; 
      4) мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, ұлттық, рулық және дiни араздықты, өшпендiлiктi және дұшпандықты қоздыруға бағытталған iс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге; 
      5) Ассамблея қызметiнiң принциптерiн және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi. 
      4. Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары мүшелерiнiң Ассамблея мүшелерi үшiн осы бапта көзделгендей құқықтары мен мiндеттерi болады.    

   17-бап. Ассамблея мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтату     

1. Ассамблея мүшесiнiң  өкiлеттiгi мынадай негiздер бойынша: 
      1) Ассамблея мүшесiнiң өз бастамасы бойынша; 
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына немесе Қазақстанның шегiнен тыс жерлерге тұрғылықты тұру үшiн кетуiне байланысты; 
      3) Ассамблея мүшесi болып табылатын және атқаратын мемлекеттiк қызметi бойынша Ассамблеяның құрамына кiретiн мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс орнын өзгертуiне байланысты; 
      4) Ассамблея мүшесiнiң қайтыс болуына байланысты; 
      5) Ассамблея мүшесiн заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануға байланысты тоқтатылады. 
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Ассамблея мүшесiнiң өкiлеттiгi: 
      1) денсаулық жағдайы бойынша Ассамблея мүшесi ретiнде қызметiн жалғастыру мүмкiн болмаған; 
      2) Ассамблея мүшесiнiң осы Заңда белгiленген өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармаған; 
      3) Ассамблея мүшесi атағына кiр келтiретiн қылық жасаған; 
4) Ассамблея мүшесiне қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген; 
      5) өзге де негiздер болған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн. 
      3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы мүшесiнiң өкiлеттiгi осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша, сондай-ақ басқа облысқа (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға) тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда тоқтатылады.    

   18-бап. Парламент Мәжiлiсiнiң Ассамблея сайлаған 
               депутаты өкiлеттiгiнiң тоқтатылуы      

1. Парламент Мәжiлiсiнiң Ассамблея сайлаған депутатының өкiлеттiгi Ассамблеяның шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Ассамблея сайлаған депутатын керi шақырып алу туралы шешiм Ассамблея Сессиясында қабылданады. 
      3. Парламент Мәжiлiсiнiң Ассамблея сайлаған депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы Ассамблеяның шешiмi қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына берiледi.

3-тарау. ҚЫЗМЕТТI ҚАРЖЫЛАНДЫРУ     

19-бап. Ассамблеяның және  облыстар (республикалық маңызы 
              бар қала, астана) ассамблеяларының қызметiн 
              қаржыландыру көздерi     

 Ассамблея, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары, Ассамблеяның  құрамына кiретiн этномәдени қоғамдық бiрлестiктер ұйымдастыратын Қазақстандағы этносаралық келiсiмдi қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржыландырылады.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР    

  20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi      

 Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.    

  Қазақстан Республикасының 
      Президентi                                        Н.НАЗАРБАЕВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

 

1. Ассамблея  народа Казахстана: исторический  очерк / Тугжанов Е.Л., Кан Г.В.,

Коробков В.С., Шаяхметов Н.У. – Алматы: Раритет, 2010. – 304 б.

2. «Бiз тұратын үй» - «Дом, в котором мы живём»

Павлодар: Типография Сытина, 2011. – 352 б.

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан халқының Ассамблеясы