Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2015 в 17:08, реферат
Құрылыс ерітіндісі дегеніміз-байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм және су араластырғаннан кейін қатайып,жасанды тасқа айналатын материал.Көрсетілген заттармен қатар құрылыс ерітінділері құрамына олардың қасиеттерін жақсартатын қоспалар қосылады.Құрылыс ерітіндісі қатайғанға дейін құрылыс ерітіндісінің араласпасы деп аталады.Құрылыс ерітіндісі жұқа қабат ретінде пайдаланатынан қабырға қалауда,оны сылауда тағы басқа жұмыстарда қолданылады және оның құрамында ірң толтырғыш болмайды.
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
Реферат
Тақырыбы:Құрылыс ерітінділері
Орындаған:Телегенова Ақжібек
Тексерген:Сахашева Д.А.
Құрылыс ерітінділері
Құрылыс ерітіндісі дегеніміз-байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм және су араластырғаннан кейін қатайып,жасанды тасқа айналатын материал.Көрсетілген заттармен қатар құрылыс ерітінділері құрамына олардың қасиеттерін жақсартатын қоспалар қосылады.Құрылыс ерітіндісі қатайғанға дейін құрылыс ерітіндісінің араласпасы деп аталады.Құрылыс ерітіндісі жұқа қабат ретінде пайдаланатынан қабырға қалауда,оны сылауда тағы басқа жұмыстарда қолданылады және оның құрамында ірң толтырғыш болмайды.
Құрылыс ерітінділері тығыздығына,байланыстырғыш заттарына және қолданылатын орнына сәйкес топтастырылады.Тығыздығына байланысты олар:ауыр-орташа тығыздығы -1500 кг/м куб жоғары, әдетте кварцті құм негізінде жасалатын және жеңіл орташа тығыздығы 1500кг/м куб төмен,кеуекті уақ толтырғыштар негізінде жасалатын болып бөлінеді.
Байланыстырғыш заттарына қарай олар:цементті құрылыс ерітіндісі портландцемент және оның түрлері негізінде ізбесті гипсты және араласқан ерітінділер болып бөлінеді.Байланыстырғыш заттың түрі құрылыс ерітіндісінің құрғақ немесе ылғалды жерде қолданылатына сәйкес тағайындалады.Кейбір жағдайда техникалық немесе экономикалық қажеттілікке байланысты цементке әк немесе саз балшық қосылады.Оларды цемент әкті, цемент сазды ерітінділер дейді.Әкті ерітінділер тез қатаю үшін оларға гипс қосылады мұндай ерітінді әк гипсті деп аталынады.Ол үйдің ішкі қабырғасын,төбесін сылауға пайдаланылады.
Құрылыс ерітінділерін дайындау
үшін қажетті
Байланыстырғыш заттар ретінде портландцемент,қажды портландцемент қолданылады.Құрылыста пайдаланылатын цементтің 15-20%,құрылыс ерітінділерін өндіру үшін шығындалады.Сондықтан құрылыс ерітінділерін дайындау үшін жоғарғы маркалы клинкерлі цементтің шығынын азайту өте тиімді.Клинкерлі цементтің шығынын азайтудың негізгі жолы ол құрылыс ерітіндісін өндіру үшін арнайы цементтерді қолдану.Мұндай цементтер клинкерге көп мөлшерде минералды заттар,яғни активті минералды қоспалар трепел,диатомит,пемза тағы басқа және кварцті құм,әктас тағы басқа қосып,бірге ұнтақтап өндіріледі.Осындай арнайы цементтерде тек қана 20-30% клинкер болады.Яғни бұл байланыстырғыш заттарды күйдіру арқылы алынатын қымбат клинкер шығыны өте азайтылады.Құрылыс ерітінділерін дайындау үшін цементтерден басқа ауалық және гидравликалық әк,гипсцементпуццоланды байланыстырғыш (ГЦПБ),гипсті және әкгипсті байланыстырғыштар қолданылады.
Майда толтырғыш ретінде ауыр құрылыс ерітінділерін дайындау үшін кварцті,дала шпаты,табиғи құмдар немесе тығыз тау жыныстарын ұсақтаумен алынған құмдар,ал жеңіл ерітінділер үшін уақталған пемза,туф,ұлутас,қаж және құм түрінде арнайы өндірілетін немесе құм мөлшеріне дейін ұсақталған перлит,керамзит пайдалынады.Кәдімгі кірпіш сияқты формасы дұрыс кішкене бұйымдарды қалау үшін қолданылатын құм түйірлерінің мөлшері 2,5мм жоғары болмауы, шой тастарды,ірі темірбетон конструкцияларын ұштастыру үшін пайдаланылатын ерітінділердің құм түйірлері 5мм ден,ал қабырғаларды,ішкі төбелерді сылау қабатында қолданылатын ерітінділерде құм тұйірлерінің мөлшері 1,5мм ден аспауы керек.
Құрылыс ерітінділерін пластификациялайтын химиялық қоспалар (қоспалар ретінде цементті ерітінділердің жылжымалығын және су ұстағыштығын жақсарту үшін биоорганикалық қоспалар,әк немесе оның орнына отындар күлі қолданылады.Ал әкті және цементті құрылс ерітінділері үшін органикалық қоспалар:ауаендіргіш нейтральданған шайыр және сульфит ашытқы бражасы пайдаланылады.
Қоспалар ретінде құрылыс ерітінділерін
төмен температурада қатаюын қамтамасыз
ететін ерітінді араласпасының мұзға
айналу температурасын төмендететін натрий,кальций
және магний хлориттері,поташ тағы басқа
қолданылады.
Құрылыс ерітінділерінің
араласпасын(қоспасын)дайындау
Құрылыс ерітінділерін екі түрлі етіп дайындайды.1-қажетті жылжымалылығы бар пайдалануға дайын ерітінді араласпасы ретінде,2-құрғақ,яғни сусыз байланыстырғыш затпен майда толтырғыштың араласпасы күйінде дайындалады.Ерітіндінің соңғы түрі құрылыс басына жеткізілгеннен кейін қолданылар алдында су қосып тағы да араластырылады.
Ерітінділер сыйымдылығы-375және750л үзілісті жұмыс істейтін ерітінді араластырғыштарда немесе үзіліссіз жұмыс істейтін жылжымалы қондырғыда дайындалады.Араластыру мерзімі кәдімгі,яғни ауыр,ерітінділер үшін-1,8-2,5мин,жеңіл ерітінділер үшін-5мин.Ерітіндіні турбулентті араластырғышта дайындау үшін 30-40с жеткілікті.
Пайдалануға дайын ерітінді
араласпалары құрылыс басына арнаулы
жабдықталған автоцистерналармен жеткізіледі.
Құрылыс ерітінділерінің
түрлері
Қалаулық ерітінділер.Сыртқы қабырға қалау үшін цемент,цементтік және цементсаз байланыстырғыш заттар,яғни цемент және араласқан байланыстырғыш заттар негізінде дайындалған үйдің ылғалдылығына және оның неше жыл пайдалану үшін тағайындалғанына байланысты маркалары 10,25және 50 ерітінділер қолданылады.Топырағы ылғалды және жер астындағы сулар бетінен төмен орындарда фундамент тастарын қалау үшін активті минералды қоспалары бар портландцемент немесе шлактыпортландцемент негізінде жасалған ерітінділер пайдаланылады.
Сылақтық ерітінділер.Цемент,цементәк,
Сылақтық ерітінділердің құрамы басқа да ерітінділердің құрамы сияқты оның пайдаланылатын орнына байланысты.Оның жылжымалылығы және қолданылатын құмның ірілік шегі әр қабатты сылақтау үшін әр түрлі.Сылақтың ең алғашқы,яғни дайындау қабаты үшін оның жылжымалылығы,егер сылақ механикалық әдіспен төселінсе-6,10см аралығында,ал қолмен сыланса-8-12см аралығында болуы қажет.Бұл сылақтағы құм түйірлерінің ірілік шегі 2,5мм аспауы керек.Тыстама,яғни соңғы,беттік қабатқа жағылатын сылақ үшін уақ түйірлерінің ірілік шегі 1,25мм ден үлкен емес құм пайдаланылады.
Монтаждық ерітінділер ірі құрамы темірбетон элементтеді ұштастыру үшін қатайғанда кеңейетін немесе отырмайтын цементтер негізінде дайындалынады.Бұл ерітінділердің маркасы ұштастырылатын элементтердің атқаратын жұмысына байланысты М 100-ден кем болмауы тиіс,аязға төзімділік маркасы темірбетон конструкциясы бетонның маркасындай болуы керек.
Ерітінділердің арнаулы түрлеріне
декоративтік,иньекциялық,
Декоративтік (көріктік)ерітінділер сыртқы қабырғалардың,блоктардың қасбеттік бетін,ғимараттардың сыртын және ішін тыстау үшін қолданлады.Олар ақ,түрлі түсті және кәдімгі портландцементтер негізінде өндіріледі,ішкі жұмыстар үшін гипс және әк негізінде дайындалатын ерітінділер пайдаланылады.
Иньекциялық ерітінділер алдын ала кернелген темірбетон конструкциялары каналын толтыру және бетондарды нығыздау үшін қолданылады.
Акустикалық ерітінділер дыбыс шуын азайту және бөлме жаңғырықсыз болу үшін қолданады.
Рентген сәулесінен
қорғайтын ерітінді түйірлерінің ірілік
шегі 1,25мм баритті құм негізінде дайындалады.