Атқарушы билік органдарының жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 16:39, реферат

Краткое описание

Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.Атқарушы билік органы деп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлкеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизмінің буыны түсініледі. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме.

Вложенные файлы: 1 файл

Атқарушы билік органдарының жүйесі.docx

— 39.87 Кб (Скачать файл)

 Ұйымдардың мемлекеттік  және мемлекеттік емес сипаты  бар түрлері ажыратылады. Біріншілерін  мемлекет ресми түрде құрады. Екіншілері олардың мүшелерінің  еркімен құрылады. (мысалы, партия)  

 Мемлекеттік ұйымдардың  тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік  органдар жатады.  

 Мемлекеттік кәсіпорын  – шаруашылық жөнінен бірлесіп  қызмет атқару үшін бірлестірілген  адамдар ұжымы  (өндіріс, қызмет көрсету, т.с.с. ). Бұлар, мысалы, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (зауыттар, фабриктер).  

 Мемлекеттік мекеме  – әлеуметтік – мәдениет немесе  өзге өндірістік емес сипаты  бар қызметті жүзеге асыру  мақсатында бірлестірілген адамдар  ұжымы. Бұл, мысалы, мемлекеттік жоғары  оқу орны. Мұндай кәсіпорындар  мен мекемелерді біріктіретін  ортақ белгі мынадай. Олар өзінің  қызметін өздерін құратын мемлекеттің  атынан жүзеге асырады, бірақ  олардың қандай да бір биліктік  өкілеттіктері болмайды және  өздерінен тысқары қандай да  болмасын басқарушылық функцияларды  жүзеге асырумен айналыспайды. Кәсіпорын  мен мекеменің ішіндегі басқарушылық  сипаты бар функцияларды тиісті  ұжым емес оның басшылары, яғни  әкімшілік жүзеге асырады.  

 Мемлекеттік емес кәсіпорындар  мен мекемелерді де шамамен  осылай сипаттауға болады, тек  мына бір міндетті жағдайды  ескере отырып, оларды мемлекет  құрмайды және олар мемлекеттің  атынан бола алмайды.  

 Бұл келтірілген жағдайлар  атқарушы билік органдарының  ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік органдар жүйесінде  ерекше орын алады, ол мына  төмендегілерден көрініс табады.

  1. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Бұл, біріншіден, мынаны білдіреді, мемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен мекемелерінен айырмашылығы сол, олар тікелей мемлекекеттің атынан  қызмет атқарады , шаруашылық, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік – саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын іске асырады және, екіншіден, мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік биліктік өкілеттіктер  ауқымын береді, кәсіпорындар мен мекемелерде ондайлар болмайды.
  2. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік -  биліктік  сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады:

 

  а) мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан. Олар не тікелей ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не төменгі тұрған атқарушы органдар үшін, не ведомствалық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін, не қоғамдық (мемлекеттік емес) ұйымдар үшін, не ең соңында, тұлғалардың үлкен тобы, оның ішінде азаматтар үшін де міндетті (мысалы, жалпы міндетті болатын жол жүру ережелері, санитарлық – гигиеналық, өрт қауіпсіздігі және өзге де ережелер); 

ә) құқықтық актілермен белгіленетін  талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау (қадағалау) жасауды жүзеге асыру құқығынан; 

б) заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу, т.с.с. шараларды, ал қажет болған жағдайда – мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады. 

3. Мемлекеттік – биліктік  өкілеттіктер   барлық мемлекеттік билік органдарына берілетін болғандыұтан, атқарушы билік органдарының оларды пайдалануының шегін белгілеудің үлкен маңызы бар. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік – биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік – басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланады.  

 Бұл органдар шаруашылық, әлеуметтік – мәдениет және  әкімшілік – саяси құрылысқа  басшылық жасау процесінде заңдардың жіне заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің ( оның ішінде осы органдардың өздерінің актілерін де) орындауды қамтамасыз ету үшін құрылады. Сондықтан, олардың биліктік өкілеттіктері атқарушы – өкім етушілік немесе мемлекеттік – басқарушылық қызметті жүзеге асыратын қоғамдық өмірдің аясымен шектеледі. Бұл мемлекеттік басқару аясы. Нақ осында шаруашылық кәсіпорындар мен   әлеуметтік – мәдениет мекемелерінің жұмыстарын  тікелей  ұйымдастыру,  меншіктің әр түрлі нысандары  объектілерінің арасындағы байланыстарды ұйымдастыру, жеке және  заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ету іске асырылады.  

 Заң шығарушы орган  аталған аяда заңмен реттеу  арқылы жалпы басшылықты жүзеге  асырады. Сот билігі органдары  бұл аяда басшылық жасау қызметімен  жалпы айналыспайды.  

 Сонымен, атқарушы билік  органдарының функционалдық міндеті  – атқарушылық – олардың мемлекеттік  биліктік сипаты бар өкілеттіктерді  пайдалануының шегін айқындайды.

  1. . Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Мұның мәні мынада, заң – мемлекеттік – басқарушылық қызметтің негізгі базасы, оның субъектілері осы аталған мемлекеттік органдар. Олардың ерекшеліктерінің қатарына сондай – ақ мынаны да жатқызған жөн, өзінің қызметін заңның негізінде және оны орындау үшін жүзеге асыра отырып, олар тек заңның нақты талаптарын тікелей орындауды ғана ұйымдастырып қоймайды, сонымен бірге мемлекеттік басқару аясында заңға тәуелді мінез – құлық ережелерін дербес белгілейді. 
  2. Республикалық та, сондай – ақ аймақтық та деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды. Бұл жүйенің шегінде оның  әрбір буынының, яғни атқарушы биліктің нақты органының қажетті жеделдік дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі және тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасы, оның құзыретінен табады ( міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі). Бұл органдардың құзыретінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарда және басқа заңнамалық актілерде бекітіледі.
  3. Кәсіпорындар мен мекемелер сияқты, атқарушы билік органдары адамдардың әкімшілік – басқарушылық қызметкерлердің немесе мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір ұжымы болып табылады. Бірақ, біріншіден, бұл сияқты ұжымның мақсаты кәсіпорындар мен мекемелер ұжымдарының мақсаттарынан елеулі түрде өзгешеленеді, ол атқарушы билік органдарының ерекше мақсат міндетімен алдын – ала айқындалады. Нақты атқарушы билік органын құрайтын ұжымның шегінде белгілі бір ұйымдық – құқықтық байланыстар құрылады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай – ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік – қызметтік қатынастар, өйткені атқарушы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
  4. Атқарушы билік органдарының біріне – бірі бағынышты құрылымдық бөлімшелерін құруды болжайтын (мысалы, министрліктердің департаменттері) ұйымдық құрылымы, яғни ішкі құрылысы болады. Олардың қызметі нақты атқарушы билік органының өзінің қызметін өзінен тысқары, яғни тікелей мемлекеттік  басқару аясында тиімділікпен орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың (өзін - өзі ұйымдастырудың )  көрінісі болып табылады.

Атқарушы билік органдарының ұйымдық құрылымының бастапқы ячейкасы(ұясы) « Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша осы органның өкілеттіктерін нақты орындау және қамтамасыз ету үшін құрылатын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы болып табылады.

  1. Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік – басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Біріншісі осы органның жүзеге асыратын өкілеттіктерінің не республиканың бүкіл аумағында, не белгілі бір әкімшілік аумақта күші болатынын білдіреді. Екіншісі жалпы басқарушылық функцияларды не арнайы сипаты бар белгілі бір басқарушылық функцияларды белгіленген қызметтің аясында жүзеге асыруды болжайды. Олардың ішінде реттеушілік, рұқсат беру, бақылау және өкім ету функциялары. Бірақ олар да әр түрлі аумақ көлемінде жүзеге асырылуы мүмкін.
  2. Атқарушы билік органдары тек мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұлға болып табылады, яғни азаматтық құқық қабілеттілігі болады.» [1. 115 б.]

 


Информация о работе Атқарушы билік органдарының жүйесі