Есімі мен еселі еңбегі халқымызға қайтып оралған қайран Халел

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 18:25, реферат

Краткое описание

Үстіміміздегі ХХ ғасырдың 30-жылдары орын алған зорлық-зомбылық тың, заңдылықты бұзудың кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған қазақ интеллигенциясының қыруар қайраткерлері қатарындағы ірі тұлғалардың бірі- аса көрнекті мемлекет, қоғам, және саясат қайраткері, үлкен ғалым профессор Халел Досмқхамедұлы.

Вложенные файлы: 1 файл

Есімі мен еселі еңбегі халқымызға қайтып оралған қайран Халел.docx

— 16.40 Кб (Скачать файл)

            Есімі мен еселі еңбегі халқымызға  қайтып оралған қайран Халел

Үстіміміздегі ХХ ғасырдың 30-жылдары орын алған зорлық-зомбылық тың, заңдылықты бұзудың кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған қазақ интеллигенциясының қыруар қайраткерлері қатарындағы  ірі тұлғалардың бірі- аса көрнекті мемлекет, қоғам, және саясат қайраткері, үлкен ғалым профессор Халел Досмқхамедұлы. Ол тағдырдың талқысына түсіп, қасірет шегіп, арманда кеткен Азамат. Жеті жылдам астам қуғынға қшырап, қамауға түсіп, «халық жауы» деп айыпталып, елу жасында Ішкі істер халық комиисиаратының  әскери трибуналының  үкімімен жазықсыз атылып, содан 20 жыл өткен соң ғана «ақталған» Халелдің есімі мен мұрасы енді міне халқымыздың  рухани қазынасына оралып отыр- осыған да шүкіршілік.

        Халел  Досмұхамедұлы- қысқа өмірінде қыруар  іс тындырып, көптеген еңбек жасап  үлгерді. Қазіргі заманымыздағы  оқырмандар қауымы Халел Досмұхамедұлының 1991-жылда жарық көрген бірен  саран шығармалары мен «Санат» кітап баспасы шығарған «Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы» деген басылыммен ғана таныс. Сондықтан Халел Досмұхамедұлының бізге аманат етіп қалдырған, негізгі әдеби және ғылыми мұрасымен толырақ, молырақ, танысуымыздың  кезеңі әлі алда. Оның да алғашқы сәті түскендей. Мына жинақ болса оның айқын дәлелі.

       Өзіне  табиғат аямай берген дарынды  терең біліммен толықтырып, ана  тілімізге қоса араб, парсы, латын, түрік және француз тілдерін  қажетті дәрежеде меңгеріп, сол  тілде еркін оқып, сөйлеп жаза  білген. Халел Досмұхамедұлы тірі  кезінде алдына жан салмас  ғажайып лингвист, фольклорист, тарихшы-этногроф, аудармашы боған. Жан-жақты көл  көсір әмбебап білімінің арқасында ол биология, зоология, медицина салалаына да көп еңбек қосқан. Халелдің өзі жазған «табиғат тану» « Адамның тән тірлігі» «Жануарлар» «Оқушылардың саулығын сақтау « деген еңбектерімен қатар Вагнердің «Дене бітімі мен оның жұмысы туралы  әңгімелерін» тіліне аударып жарыққа шығарғанының өзі неге тұрады! Ал енді бір сәт Халелдің  әдеби саламызға қосқан қомақты үлесіне қайтып, тоқтатылатын болсақ, онда да сан алуан тындырымның куәгері боламыз:

«Аламан »- Қазақтың ел әдебиетінен алынған сөздер жмнағы « Исатай Махамбет» - Махамбет батыр жырларының алғашқы басылымы;(«Қазақ қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы», атты жинағы;  (« Шернияз шешен » .

    Қазақ қырғыз  комиссиясының төрағасы Халел  Досмұхамедұлының шақыруымен  Мағжан Жұмабайұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сұлтанбек Қожанұлы т.б педагогика, психалогия, тарих, арифметика,әдебиет пәндерінің оқулықтарын жазғандары да тарихта бар ақиқат. Мәдениет қайраткері ретінде Халел Досмұхамедұлы Ташкентте жүргенде мемелекеттік ғылыми кеңестің жанынан « Талап» қаымын құрып, ұлттық мәдениетімізді өркендетуге қомақты үлес қосқаны да ұмытылмас оқиға. Халелдің басқа ұлтты дарабоздармен достас, қызметтес, сырлас байланыста болғаны да әдебиетімізбен мәдениетімізге көп әсер еткені мәлім. Бергенінен берері мол, халқымыздығ аяулы перзенті, мемлекет, қоғам және саясат қайраткері біртуар тұлға Халел Досмұхамедұлының зорлықпен өткен өмірі енді артында қалдырған алтын мұрасымен жалғаса бермек. Оның еңбектерін байымдап оқыған қауым Халелдің тірі жүрген біз үшін кім екені терең ұғынады, марқұмның орнымен рөлін айқын түсіне алады. Асыл ағамыз Халелдің еселі еңбектері жаңа қоғамымыздың, қазіргі және болашақ ұрпақтарымыздың рухани өсіп-өнуіне, дамуына ықпал ететініне айдан анық қағида. Көп еңбектерінің бірінде Халел:- бұл дүниеде түрлі данышпандар, шешендер,шеберлер, батырлар, ақындар, көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақтың арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сінген адамдарды қадірлеу- елдіктің белгісі- деген екен. Ендеше, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет дәуірімізде Елімізге халқымызға еңбегі сінген қаны мен жанын аямаған Халел Досмұхамедұлы сияқты ерлерімізді еске алайық, есте сақтайық, қастерлейік,біле білейік.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

            М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

                                                                                                                            Тарих және құқық факультеті

                                                                                                                                  ҚР тарихы кафедрасы

 

 

 

 

 

                                                            РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

 

 

 

 

 

 

 

                                                             

 

 

 

Тексерген:

                                                                                                                Орындаған:


Информация о работе Есімі мен еселі еңбегі халқымызға қайтып оралған қайран Халел