Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 04:27, магистерская работа
Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, әрі пайдаланушылар болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез келген эқономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Халықты көптеген ғылымдар
Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі
Еңбек ететін адамдар - қоғамның
негізгі өндіргіш күші болып табылады.
Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер
ғана емес, әрі пайдаланушылар болып саналады.
Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез
келген эқономикалық-географиялық зерттеудің
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Халықты көптеген ғылымдар, ең алдымен
- халықтар географиясы, демография мен эт
Халық саны және динамикалық өсу қарқыны
Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 402 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды.
Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады.
Халықтың табиғи қозғалысы: екі демографиялық революция
Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейд
Халықтың көші-қоны (миграция)
Халықтың көші-қоны, -адамдардың бір ауданнан екінші ауданға тұру үшін қоныс аударуы болып табылады. Көші-қон (миграция) - өте күрделі әлеуметтік процесс (былай айтқанда танымайтын жерге орнығу). Бұл тек қана көшіп бару емес, барған жеріңе бейімделуің керек (мүмкін өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде адамның жинақылығы, шыдамдылығы, кәсіпшілігі және жаңа жердің жағдайына үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді. Көші-қонның қоғамдағы рөлі ерекше орында. Ол қазақ халқының қалыптасуына, мәдениетіне, тіліне үлкен өсер етті. Бұл процеске қазір де үлкен мән берілуде:
1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар);
2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының толықтырылуы;
3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.
Бұл мәселелердің шешімін
табу мемлекетті модернизациялаудың
Бағыты бойынша оны
ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы
көші-қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатр
Экологиялық көші-қонға - халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға - вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал — маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады. Формасына қарай - ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Ерікті түрде көшу - өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.
Еріксіз көші-қон - сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен
күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында
Қазақстанға кәрістер, поляктар
Біріншісі - ұлғаюшы ағым.
Шетелден қандастардың көшіп келуі
(репатриация). Ол көрші елдерде қалыптасқан.
Бұл елдерде 3,5 млн қазақ бар. Көшіп
келушілердің 9/10 бөлігіӨзбекстаннан, Ресейден,
бөлінгенімен, көбінесе оңтүстік-батыс аймақтарда қоныстануда.
Екінші - саябырсыған ағым - орыс және украиндардың Ресейге, немістердің Германияға көшуі. Олар көбінесе Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан тұрғындары. Олардың 9/10 бөлігі Ресейде орналасуда.
Үшінші - еңбек күші ағымы (гастарбайтерлер). Батыстағы мұнай-газ өндірісіне жұмыс істеуге келгендер. Ішкі көші-қонның масштабы сыртқы көші-қоннан үш есе
артық. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап халықтың 1/3 бөлігі мекенжайын ауыстырған. Қазақстан халқы дүние жүзіндегі ең икемді халықтың бірі болып шықты.
Облыс ішіндегі көші-қонның екі ағымы бар:
1) ауыл халқының қалаға көшуі;
2) кіші-гірім қалалардан үлкен қалаға көшу.
«Қаладан - ауылға», «ауылдан - ауылға» ағымдарының мөлшері әте аз. Облысаралық көші-қон арасында 2 көшбасшы қала бар, олар - Астана және Алматы. Көшіп кеткендердің жартысы осы қалаларға қоныс тебуде. Даму әлуеті жоғары болғандықтан, бұл қалаларға көшіп келушілер саны болашақта да арта бермек. Мемлекеттің көші-қон саясаты екі мәселені шешуге бағытталған.
Бірінші мәселе - көші-қон көлемін төмендегі жағдайлар бойынша көтеру:
1) репатрианттар - қандастар;
2) реэмигранттар - бұрынғы Қазақстан азаматтары;
3) экономикалық және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан көшіру.
Екінші мәселе - мемлекетті модернизациялау үшін халықты тиімді орналастыру және емір сүру сапасын жоғарылату. Бұл шаралар жаңадан шыққан «Нұрлы көш» бағдарламасында қарастырылған
Информация о работе Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі