Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 21:58, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті.
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілді.

Вложенные файлы: 1 файл

enbek korgay.docx

— 28.67 Кб (Скачать файл)

          Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  
          саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау  
               және        қадағалау

 

      Қазақстан Республикасының  Конституциясында адамдардың еңбегі  мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны,  әрбір азаматтың қауіпсіздік  және тазалық талаптарына сай  еңбек ету құқығы жарияланған.  Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен,  еңбекті қорғау және оларды  орындауға қадағалау жүргізу  туралы нормалар жүйесі арқылы  орындайды. 
Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті.  
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілді. 
Қазіргі таңда, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты өзгертілген.   

    Мемлекет өзінің азаматтарының еңбегін қорғауға құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірісте еңбекті қорғаудың жоспарлы түрде үздіксіз, тұрақты түрде жақсаруы тиіс екендігінен көрініс табады. Еңбек жағдайы өзінің ең кең мағынасында еңбек процесіндегі адамның жұмыс істеу қабілеті мен саулығына әсер ететін факторлардың, яғни сыртқы күштердің жиынтығы болып табылады. еңбек жағдайының терминін қолдануда оған әртүрлі мағына беріледі. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар өте көп. Әлеуметтік-экономикалық факторлар еңбеккерлердің бүкіл қоғамдағы жағдайын анықтайды. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында, мамандардың еңбекақысын, дайындау және қайта дайындау мәселелерін, жалпы заңда әлеуметтік игіліктер мен кепілдіктерді реттейтін еңбек заңдарында орын табады. Мемлекеттің нормативті-құқықтық актілері бір ауысымдағы жұмыс уақыты ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелерді, зейнеткерлік және жасөспірім жастағылардың, жүктілік пен босану жеңілдіктерін, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер және басқа да еңбек қатынастарына байланысты толып жатқан мәселелерді қарастыруы мүмкін.  
      Қазіргі уақытта еңбек ресурстары елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден бір факторға айналды. Мемлекеттік инспекторлардың бақылау жұмысы негізінен қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермей, олардың қатаң сақталуы мен өндірістік жарақат алудың алдын алуға бағытталған. Міне сондықтан да тұрғылықты халықтар мен ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың арыздарын қарайды. 
Қазіргі таңда жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары мына төмендегі талаптарға сай болуы тиіс: 
- Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар өзінің құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс. 
- Жұмыс жабдығы оның осы түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, оның тиісті сақтандыру белгілері болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс. 
- Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайдан шығу жолдары бос болуға және қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс. 
- Жұмыс сипатына қарай қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс орындары тәуекел дәрежесі ескеріле отырып, дәлме-дәл белгіленуге және оларға бөгде адамдардың кіруін болғызбайтын (шектейтін) құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс. 
Егер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының шарттары талап етсе, жұмыскерлерге демалыс бөлмесі немесе тиісті демалу аймағы берілуі қажет . 
Қазіргі таңда халықаралық нормалар мен талаптарды ескере отырып, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау (еңбекті қорғау жөніндегі комитеттер) енгізу көзделіп отыр. Әр ұйымда құрылатын комитеттердің құрамына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері паритеттік негізде енуге тиіс. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқарудың жаңа жүйесін енгізу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. 
Олай болса, еңбеккерлердің экономикаға қосатын үлесі олардың еңбек ету жағдайына тікелей байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы орайда үкімет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігі жоғары болуы тиіс. Ал құқықтық қорғауды жетілдіру және оның орындалуын қамтамасыз ету шаралары бұл саладағы мемлекеттің қадамы құтты болмақ.   Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi, сондай-ақ өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен өзге де уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.  

 

                                                                                                             

Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  
 саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi  
                                          бағыттары     

 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк  саясат:  
      1) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу мен қабылдауға;  
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге;  
      3) еңбек жағдайларын, қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды әзiрлеу мен жақсарту, қауiпсiз техника мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйесiн құруға және iске асыруға;  
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мониторингтi жүзеге асыруға;  
      5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргiзуге;  
      6) өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды есепке алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеуге;  
      7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауға;  
      8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қызметкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;  
      9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң заңды мүдделерiн қорғауға;  
      10) өндiрiстiң және еңбектi ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық деңгейiнде жойылмайтын ауыр жұмыс үшiн және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыс үшiн өтемақылар белгiлеуге  
бағытталған.  
   

 

              Мемлекеттiк басқару органдарының еңбектi  
            қорғау саласындағы негiзгi мiндеттерi мен  
            өкiлеттiгi     

 Қазақстан Республикасының Үкiметi және басқа мемлекеттiк басқару органдары:  
      - еңбектi қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастырады және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;  
      - еңбектi қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың мемлекеттiк бағдарламасын бекiтедi;  
      - министрлiктер мен мемлекеттiк басқарудың басқа да орталық органдарының салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайын жасау жөнiндегi қызметтерiн белгiлейдi;  
      - еңбектi қорғау шығындарын қаржыландыру тәртiбiн айқындайды.  
      Үкiмет арнайы құрған мемлекеттiк орган:  
      - еңбектi қорғауды мемлекеттiк деңгейде кешендi басқаруды жүзеге асырады;  
      - министрлiктердiң, мемлекет басқарудың басқа да орталық органдарының, атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдары мен кәсiпорындарының, басқа да бiрлестiктерiнiң еңбек жағдайы (гигиена және өндiрiстiк орта) саласындағы жұмысын реттейдi;  
      - еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар жасауды ұйымдастырады және оның орындалуын бақылайды;  
      Бұл органның еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi шешiмдерi барлық министрлiктер, ведомстволар мен кәсiпорындар үшiн мiндеттi.

 

 

Еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы                                                                               мемлекеттiк қадағалау бақылау органдары      

 Қазақстан Республикасының аумағында еңбектi қорғау жөнiндегi заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердiң сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды;  
      - Қазақстан Республикасының еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органның Үкiмет тарапынан арнайы құрылған Мемлекеттiк еңбек инспекциясы;  
      - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Қазақстан Республикасының Кентехқадағалаумемкомы) жүзеге асырады.  

 

 

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты 
                                  әлеуметтік қорғау министрлiгi      

 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) өзiнің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
      Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде, еңбек, еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтiк әрiптестiк, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру, өз құзыретiнің шегінде көші-қон процестерiн реттеу саласындағы салааралық үйлестіру болып табылады. 
      Министрлiктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 
      
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

                     Министрлiктің негiзгi функциялары мен құқықтары

  Министрлiк заңнамада белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау саласында: 
      мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: 
      еңбек қауiпсiздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету бағдарламаларын әзiрлеу; 
      еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау саласындағы заңнамалық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу; 
                оларда әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегiне шектеу қойылатын зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар өндiрiстердің, кәсiптер мен жұмыстардың тiзбелерiн бекiту; 
      орташа жалақыны есептеудiң тәртiбi бойынша ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу; 
      заңнамада белгіленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеудiң уақытылы және объективтi жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру; 
      Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру; 
      мемлекеттiк еңбек инспекторларын аттестаттауды жүргiзу; 
     2)жұмыспен қамту саласында: 
      мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: 
      жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу; 
      халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу; 
      жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау; 
      мүдделi органдармен бiрлесiп еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес кадрлар даярлаудағы қажеттілiктердi айқындау; 
      медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгiлеу; 
      әлеуметтiк қызмет көрсету, әлеуметтік қызметтер мен техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар беру мәселелерi бойынша үлгілік ережелер мен әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу; 
      атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін жиынтық кiрiсті есептеудiң әдiстемесiн әзiрлеу; 
      денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті органмен келiсiм бойынша мүгедектердi куәландыру, мүгедектіктің себептерiн, топтарын және еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу ережесiн бекiту, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеу; 
   республикадағы мүгедектiк мониторингi; 
 Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Мемлекеттiк орталық) төленетiн бiржолғы ақшалай төлемдердiң, арнайы мемлекеттiк жәрдемақылардың уақытында тағайындалуын және төленуiн қамтамасыз ету; 

3)зейнетақымен қамсыздандыру саласында: 
      мемлекеттiк caяcaтты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: 
      халықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу; 
           мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары: 
      зейнетақылардың, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жасына байланысты берілетін мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылардың және N 1 тiзiм бойынша Мемлекеттік орталықтан берілетiн мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың уақытында тағайындалуын және толық төленуiн қамтамасыз ету; 
      зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 
     4) әлеуметтiк сақтандыру саласында: 
      мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: 
      әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу;әлеуметтік төлемдердің уақытында және толық тағайындалуын және олардың алынуын бақылауды қамтамасыз ету; 
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қызметiн peттeу. 
     

 

   Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторы

1. Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтiк қорғау  министрлігінің мемлекеттiк еңбек  инспекторлары (бұдан әрі - мемлекеттiк  еңбек инспекторы) "Қазақстан  Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы, "Еңбек  қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау  туралы" 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан  Республикасы Заңдарының және  еңбек туралы өзге де нормативтік  құқықтық кесімдердiң (бұдан әрi - еңбек заңнамасы) Қазақстан Республикасының  аумағында сақталуына бақылау  жасайды. 
      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкiметінің кесiмдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады. 

 

Мемлекеттiк еңбек инспекторларының негізгі 
   мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

    Мемлекеттiк еңбек инспекторларының негiзгi мiндеттерi: 
      1) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң қызметi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 
      2) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы мәселелерi бойынша өтініштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау. 
  Мемлекеттiк еңбек инспекторлары заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) еңбек заңнамасының сақталуын, соның iшiнде қызметкерлердiң ешбiр кемсiтушілiксiз бiрдей еңбегi үшiн теңдей ақы алуға, демалуға, қауiпсiздiк және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына, еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты олардың денсаулығына немесе мүлкiне келтiрілген зиянды өтеу құқығының сақталуын бақылайды; 
      2) еңбек заңнамасын бұзуға әкеп соқтыратын себептер мен мән-жайларды, шағымдарды тексеру және зерттеу жүргiзу арқылы анықтайды, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды iске асыру жөнiндегі шараларды әзiрлеуге және қабылдауға қатысады; 
      3) еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, техника қауiпсiздiгiнiң бұзылу себептерiне талдау мен қорытынды жасайды және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды; 
      4) өндiрiстегі жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды тексеруге қатысады және олардың есебiн жүргiзедi; 
      5) өндiрiстік жарақаттанушылық пен кәсiби аурулардың жай-күйi мен себептерiне талдау жүргiзедi, олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
      6) өндiрiстiк мақсаттағы объектілердiң аяқталған немесе қайта жаңғыртылған құрылысын пайдалануға қабылдау жөнiндегі комиссияның жұмысына қатысады; 
      7) тексерулердiң қорытындылары бойынша еңбек туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар бередi; 
      8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берілетiн рұқсаттарда ескертілген шарттардың орындалуын бақылауды және тексерудi жүзеге асырады; 
      9) еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшін жұмыс берушілердi, өндiрiстік бөлiмшелердiң басшыларын хабардар етедi, мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамасын орындамаған жағдайда кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізедi; 
      10) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, қорытуды, жүйелеудi және талдауды жүзеге асырады; 
      11) еңбек заңнамасы мәселелерi бойынша ұйымдарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi; 
Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өздерiнің негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы: 
      1) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауына тексеру жүргiзуге; 
      2) еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау жағдайына тексеру жүргiзу мақсатында ұйымдарға кедергiсiз баруға; 
      3) шетелдiк жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттарда ескертілген шарттардың орындалуына тексеру жүргiзуге; 
      4) мемлекеттiк инспекторларға жүктелген функцияларды орындау үшiн қажетті тиiстi құжаттар мен өзге де ақпаратты жұмыс берушілерден сұратуға және алуға; 
      5) еңбек заңнамасы нормаларының анықталған бұзушылықтарын жою туралы жұмыс берушілердің орындауы үшін мiндетті нұсқамалар беруге, сондай-ақ заңның бұзылушылығы туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жаза қолдануға және сотқа талап-арыз беруге; 
      6) өздерiнің құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша түсініктемелер беруге; 
      7) еңбектi қорғау жөнiндегi заң және нормативтік құқықтық кесiмдердi қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретін бұзушылық анықталған жағдайда ұйымдардың (кәсіпорындардың), жекелеген өндiрiстердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының және жабдықтардың пайдаланылуын осы бұзушылықтар жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға); 
      8) еңбек заңнамасы талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киiмдердiң, арнаулы аяқ киiмдердiң және басқа да жеке қорғаныш құралдарының жұмыс орындарында берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға; 
      9) қауiпсiздiк техникасы жөнiнде оқытудан және нұсқамалықтан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге, сондай-ақ еңбек туралы және еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес ережелердi, нормаларды және нұсқауларды білуiн тексеруге; 
      10) еңбек заңнамасын бұзу және жұмыс берушілердің мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындамауы фактілері жөнiндегi ақпаратты, қуыным талаптары мен өзге де материалдарды тиiсті құқық қорғау және сот органдарына жiберуге; 
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген функцияларды атқару үшiн жұмыс берушілерден және ұйымдардың тиiсті лауазымды адамдарынан жағдай жасауды талап етуге; 
     Мемлекеттiк еңбек инспекторлары: 
      1) еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 
      2) еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексерiстердi уақытында және сапалы жүргізуге; 
      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтары туралы, оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында жұмыс берушілердi, ұйымдардың басшыларын, лауазымды адамдарды хабардар етуге, кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге; 
      4) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтау жағдайларын сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, қорытуды, жүйелеудi және талдауды жүзеге асыруға; 
      5) еңбек заңнамасы мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге құқылы. 
 
      
     

 

 


Информация о работе Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару