Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 06:52, реферат
Еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйін айтамыз.
Кіріспе...........................................................................................................1
Еңбек тәртібі..............................................................................................2-3
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік..........................................3-7
Еңбек тәртіптемесінің ережелері..............................................................8-9
Еңбекке ақы төлеу..................................................................................10-11
Еңбекті нормалау........................................................................................12
Өндірістік қуаттарын есептеу....................................................................14
Қорытынды..................................................................................................15
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................16
Мазмұны
Кіріспе
Еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйін айтамыз.
Еңбек — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және әрқилы табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және түрмыспен катар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.
Еңбекке ақы төлеу
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен әрбір қызметкерге бiрдей еңбегi үшiн қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы алуға кепілдік берілген және де қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген жалақы мен өзге де төлемдердi уақтылы және толық мөлшерде төлеу жұмыс берушіге міндеттелген.
Жалпы еңбекке ақы төлеу мөлшерi мен өзге де шарттары міндетті түрде қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шартының мазмұнында көрсетілуге тиісті. Сондықтан да, әрбір адам жұмысқа орналасу барысында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасуда еңбек шартының мазмұнына өзінің еңбегіне төленетін жалақы мөлшерінің нақты көрсетілуін талап етуі қажет.
Жалақы мөлшерінің еңбек шартында көрсетілуінің өзі, әсіресе жұмыс беруші тарапынан келісілген жалақы төлемі дұрыс немесе уақытылы төленбей жатқан кезде, арада туындаған дауды шешу үшін тиісті органдарға шағымдану барысында бір дәлелді құжат ретінде пайдаланылады.
Жалақы
төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан
Республикасының Еңбек
Сонымен
бірге, жалақы төлеу кезiнде жұмыс
берушi әрбiр қызметкерге тиiстi кезеңдегi
тиесiлi жалақының құрамдас бөлiктерi,
жүргiзiлген ұстап қалулардың мөлшерлерi
мен негiздерi туралы, оның iшiнде
ұстап қалынған және аударылған мiндеттi
зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ
төленуге тиiстi жалпы ақша сомасы туралы
мәлiметтердi жазбаша түрде ай сайын
хабарлауға мiндеттi.
Жалақы төлеу күнi демалыс немесе мереке
күндерiне тура келген кезде төлем олардың
қарсаңында жүргiзiлуі қажет. Жұмыс берушiнiң
кiнәсiнен жалақыны және қызметкермен
еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де
төлемдердi төлеу кешiктiрiлген кезде, жұмыс
берушi қызметкерге берешек пен өсiмақыны
төлейдi. Өсiмақы мөлшерi жалақы төлеу жөнiндегi
мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру
ставкасын негiзге ала отырып есептеледi
және төлем жүргiзiлуге тиiстi күннен кейiнгi
күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк
күн үшiн есептеледi және төлем жасалған
күнмен аяқталады.
Егерде
қызметкермен еңбек шарты тоқтатылса
жұмыс берушiден қызметкерге
Сонымен қатар, жалақыдан ұстап қалу мәселесіне тоқталатын болсақ, ол Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 137 бабына сәйкес сот шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiледi. Еңбек заңнамасының талабына сәйкес қызметкердiң өзi жұмыс iстейтiн ұйымға берешегiн өтеу үшiн оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердiң жазбаша келiсiмi бар болған кезде, жұмыс берушiнiң актiсi негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Жалпы ай сайынғы жалақыдан ұстап қалудың жалпы мөлшерi қызметкерге тиесiлi жалақының елу процентiнен аспауға тиiс.
Еңбекті нормалау – белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орнының экономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.
Уақыт өлшеміне байланысты өнімнің сағаттық, сменалық, ал кейін тіпті айлық нормалары болады. Қызмет көрсету нормасы жұмысшының смена ішінде қанша жабдыққа немесе жұмыс орнына қызмет етуге тиіс екендігін көрсетеді.
Капиталистік және социалистік өндірісте еңбекті нормалаудың мәні мен мақсаты мүлде өзгеше. Капитализм жағдайында қолданылатын еңбекті нормалау тәсілдері еңбекті мейлінше интенсивтендіруге, барынша мол пайда табу үшін жұмысшыларды қанауды күшейтуге бағытталады. В.И.Ленин бұл тәсілдерді «терді сығып алудың ғылыми жүйесі» деп атады. Социалистік қоғамда еңбек шығындарының нормасы жекелеген қызметкерлердің өнемді дайындауға байланысты жиынтық еңбекке қатысу үлесін анықтайды. Еңбекті нормалау өнімділігін арттыруды көтермелей отырып, социалист өндірістің озат техникалық негізінде үздіксіз өсуі мен жетілдірілуіне мүмкіндік береді. Ғылми негізделген нормалар арқылы өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті жұмыс уақытыының шығынын және осының негізінде қажетті мамандықтарды жұмысшылардың санын дұрыс жоспарлауға, социалистік жарыстың пәрменділігін арттыруға болады. Көптеген жағдайларда бірдей жұмыстар түрліше еңбек құралдарын қолдану арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Сондықтан да сол жұмыстарды орындау кезінде неғұрлым жоғарғы еңбек өнімділігіне жету үшін еңбек құралдарын анағұрлым тиімді пайдалануға, өнімділігі жоғары технология мен еңбекті ұйымдастырудың мейлінше жетілген түрін қолдануға мүмкіндік беретін тәсілдерді жасау қажет болады. Еңбек нормалауды ғылыми тұрғыдан іске асыру еңбек құралдарын жүйелі түрде жүргізуді, жұмыстың озық тәсілдерін зерттеп, таратуды және хронометражды кеңінен қолдану арқылы жұмыс уақытының шығынын зерттеуді керек етеді.
Өндірістік қуаттарын есептеу
Еңбек шығындарының нормалары жекелеген учаскелердің, цехтардың
және тұтас алғанда кәсіпорынының өндірістік
қуаттарын есептеу үшін, белгіленген тапсырманы
орындауға мүмкіндік беретін жабдықтың,
жұмысшылардың және жалақы қорының қажетті
мөлшерін анықтау үшін, бөлшектерді, бұйымдарды
әзірлеу мерзімін белгілеу үшін бастапқы
деректер болып табылады. Бұл келтірілген
есептеулер кәсіпорындардың, цехтардың,
учаскелердің өндірістік жоспарын жасаған
кезде қажет болады. Демек, жоспар сапасы
норма сапасына байланысты. Көптеген кәсіпорындардың
жұмыс практикасында кеңінен қолданылып
жүрген тәжірибелік-статистикалық нормалар
кәсіпорының көшегі күнін бейнелеп, өндірістің
өзгерген жағдайларын, қолдағы бар мүмкіндіктер
мен резервтерді онша ескермейді.
Бұл нормалар өндірісті ұйымдастыруды
одан әрі жетілдіруді тежеп, еңбек өнімділігін
арттыруға ұмтылдыратын стимулдарды әлсіретеді.
Жаңа техника мен технологияның енгізілуі,
қызметкерлердің мамандығы мен тәжірибесінің
артуы нәтижесінде ғылыми негізделген
нормалардың өздері ескіруі мүмкін. Сондықтан
да уақыт нормаларын, оларды азайту жағына,
ал өнім мен қызмет көрсету нормаларын
арттыру жолына қарай әлсін-әлсін қайта
қарап отырған жөн. Әдетте еңбекті нормалауды
бұлайша қайта қарау кәсіпорындарда жаңа
техниканы енгізіп, игеруге және ұйымдық-техникалық
шараларды жүргізуге байланысты жүзеге
асырылады. Озаттардың тәжірибесіне сүйене
отырып жасалған еңбек нормалары социалистік
өндірісті үздіксіз жетілдіруге мүдделендіреді.
Озат нормаларды кеңінен қолдану өндіріс
резервтерін толық пайдалануға жұмылдырып,
жаңашылардың инициативасын өрістеуге,
социалистік еңбек тәртібін нығайтуға
мүмкіндік береді. КПСС 24-съезінің Директиктиваларында
әрбір қызметкердің еңбек ақысы оның қоғамдық
өндіріске қосатын еңбек үлесіне сай келуі
үшін техникалық жағынан негізделген
нормаларды қолдану ұлғайтылсын деп атап
көрсетілген.
Қорытынды
Еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Қазақстан
Республикасының еңбек