Темекі тарту , алкоголизм, норкамания

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 14:27, реферат

Краткое описание

Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания,Бельгия,Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай,Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Темекі тарту
Алкоголизм
Норкамания
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

темекі тарту.docx

— 61.68 Кб (Скачать файл)

       Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі

                Қазақ технология және бизнес университеті

 

 

 

 

 

 

                              СӨЖ

Тақырыбы: Темекі тарту , алкоголизм, норкамания.

 

 

 

                                                                  

 

                                                                     Орындаған: Ишанова.А

                                                                     Тексерген: Абдыханова.А

 

 

 

 

                                            Астана 2015

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.
  3. Темекі тарту
  4. Алкоголизм
  5. Норкамания

  3.Қорытынды.

  4.Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.

Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания,Бельгия,Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай,Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.

Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.......

Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.

Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.

Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:

аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.

Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.

Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет. 

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні. 
Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті. 
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады. 
Нашақорлық 
Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр. 
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген. 
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет....... 
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр. 

Темекінің зияны:

  • Асқа деген тәбетті қайтарады.
  • Ас қорытуды қиындатады.
  • Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
  • Асқазанда жара пайда болады.
  • Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.
  • Тыныс алуға
  • Жөтел және қақырық пайда болады.
  • Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
  • Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

Қан айналымына

  • Тамырды қатайтады (атересклероз).
  • Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
  • Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
  • Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
  • Басқа да зардаптары
  • Есте сақтау қабілетін азайтады.
  • Көңілсіздікке душар етеді.
  • Ұйқыны азайтады.
  • Теріге әжім түсіреді.
  • Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
  • Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
  • Өте ескерусіз келе жатқан және бір зияны, темекінің өртке себепші болуы.

 

Темекінің түтініндегі зиянды заттар:

Темекі түтінінде никотин иіс газы, көгерткіш қышқыл, аммиак, формальдегид, т.б. зиянды заттар көп. Пәле (рак) ісігін асқындыратын бензопирен ерекше зиянды болып табылады. Шылым шегетіндер шылым шекпейтіндерге қарағанда пәле аурымен (өкпе 10 есе, көмей 6-10 есе, өңеш 2-6 есе) жиі ауырады. Олардан басқа өкпенің созылмалы қабыну, туберкулез, тыныс демікпесіауруларына жиі ұшырайды. Шылым шегуші өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағыларға да зиянды. Шылым шегілген бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Бір адамның шылым шегуі көп адамды уландырады. Шылым шегуден әйелдер мезгілінен ерте қартайып, жүкті кезінде әр түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайызға жоғары.

Никотин қан тамырларының түйілуіне және олардың ішкі қабықшасының өзгеруіне себепші болады. Мұндайда қантамырлардың саңылауы тарылып, қан айналымы қиындайды, дене мүшелерін оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз ету және олардан зат алмасудың зиянды өнімдерін әкету нашарлайды. Шылым шегушілер арасында көп тарааған ауру- стенокардия, мұнда жүрек қан тамырлары кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен ажал қатерін туғызатындай оқтын-оқтын түйілуі мүмкін. Стенокардия көбіне жүректің ауыр жарақаты миокардинфарктіге әкеліп соғады. Шылым шегушілердің басқа бір әдетті ауруы- ұстамалы ақсастық (эндартериит). Мұнда адам бірнеше ғана қадам жасап үлгереді, ал содан кейін бір немесе екі аяқ та ұйып, кенет ауырады. Тоқтаған соң бірнеше минуттан кейін ауырсыну басылады, бірақ әрі қарай жүруге ыңғайланғанда қайта пайда болады. Сөйтіп, осылайша жалғаса береді. Шылым шегу адам денесінің жетілу мүмкіндіктерін әжептәуір шектейді. Никотин дене күшін және бұлшықет сезімінің өткірлігін кемітіп, қимыл үйлесімділігін, шапшаңдықты және әсіресе төзімділікті нашарлатады. Спорт пен темекі бір-біріне қарама-қайшы. 

Темекі туралы қызықты мәліметтер:

  • 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде.
  • Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;
  • АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына жетіп қалды (35%). Европада айырмашылық 20 пайыздай(46 пайыз ер адамдар, 26 пайыз әйел адамдар). Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз.
  • Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен.
  • Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда.
  • 1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.
  • Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.
  • АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі – темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы.
  • Бүкіл-әлемдің Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, сатылымдағы темекінің 25 пайызы көшірме.
  • Әрбір тартылған шылым өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады. Жыл сайын 12 миллион папирос пен темекі тартылады екен. Тұқылдардың (окурки) салмағы – 2 520 000 тонна болады екен.
  • Темекі құрамы: аммиак, көміртегі оксиді, концерогенді көмірсутектер(рак), радиоактивті элемент полоний 20, темекі қарамайы, мышьяк, калий. Фильтр осы заттардың 20 пайызын ғана ұстап тұрады.
  • Анлияда темекі тартуға кеткен уақыт үшін жалақыдан ақша ұстап қалады екен. Дания қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салған. Сингапурде темекі тартқан адамға 500 доллар штраф, әрі темекі өнімдеріне жарнама жоқ. Финляндияның дәрігерлері бір күн – 17 қараша, темекішілер жұмысқа темекісіз келуін белгілеген. Жапонияның Ваки қаласынның шешімімен, айына 3 күн темекісіз деп жарияланған. Франциядағы антитемекі бағдарламасынан кейін темекі тартушылар саны 2 млн адамға азайған.
  • Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет өткен флюрографиямен тең.
  • 20 қараша – Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні.

 

 

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі дедәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады. 
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдеткеайналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі. 
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.

Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың жүйке клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады. 
Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге дейін — әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн. ҚРДенсаулықсақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы бақылау және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты — маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі . үш кезеңі бар: олар — алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары — республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар.Сонымен бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері қолданылады. Ауылдық жерлердемас күнемд ерді емдеу үшін аудандық орталық аурухана жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді.

Информация о работе Темекі тарту , алкоголизм, норкамания