Ядролық жарылыстың қауіпті факторлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 11:05, реферат

Краткое описание

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Вложенные файлы: 1 файл

Ядролық жарылыстың қауіпті факторлары.docx

— 22.01 Кб (Скачать файл)

          Ядролық жарылыстың қауіпті факторлары

 

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін  қамтамасыз ететін әр түрлі басқару  құралдарынан тұрады. Ол – ядролық  және термоядролық болып бөлінеді. Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

Ядролық қару адамдарға  күшті моральдық және психологиялық  әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік  эквивалентпен бағаланады. Қазіргі  заманғы бұл қарудың қуаты  ондаған тротилден бірнеше ондаған  млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты  килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің  барлық түрлері қолдана алады. Ядролық  қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану  мен электр-магниттік импульс  сияқты зақымданушы факторлар пайда  болады.

 

                          Атом бомбасын сынау

 

Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде  жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы  Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады.

1947 ж. Кеңес үкіметі  КСРО үшін атом бомбасының  құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей  полигонында бірінші атом бомбасын  сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашада  АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық  қондырғы жарылды. Авиациялық  бомба түріндегі термоядролық  қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да  термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында  бірінші рет сынақтан өткізілді.

50-жылдардың ортасында  АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды  әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге  арналған әр түрлі кластар  мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің  ерекше түрі – стратегиялық  мақсаттағы ракеттік әскер құрылды.  АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық  қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды.

Кейіннен Ядролық қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық  қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам  ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі).

Ядролық қаруды межеге жеткізу  үшін әр түрлі алып ұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді. 1976 жылдың қарсаңында АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы күштерінің құрамында 1054 құрлықаралық баллистикалық зымырандар (“Титан-2”, “Минитмен-2”, “Минитмен-3”), 400-ден астам ұшақтар (В-52 және В-111) болды, 41 атомдық сүңгуір қайық  “Поларис А-3” және “Посейдон” зымырандарымен жарақтандырылды. Осы тектес атомдық  қару түрлері басқа атомдық державаларда да жеткілікті дәрежеде. Сондықтан  ядролық қару бүкіл адамзат үшін орасан қауіп болып есептеледі.

Мысалы, Америка мамандарының есептеулері бойынша қуаттылығы 20 мт термоядролық қару 24 км радиустағы барлық тұрғын үйлерді жермен жексен етіп, оның эпицентрінен 140 км-ге дейінгі  аралықтағы тіршілік иелерін жоя  алады. Атом қуатын әскери мақсаттарға  қолдануға байланысты қауіп халықтардың  ядролық қаруға тыйым салу жолындағы  қуатты қозғалысын тудырады.

Ядролық қаруға халықаралық  тыйым салу жолындағы маңызды  кезең ауада, кеңістікте, су астында, аспанда Ядролық қаруларды сынауға  тыйым салу туралы шарт (1963); мемлекеттердің Айды және т.б. аспан денелерін қоса алғанда аспан кеңістігін зерттеу  және оны пайдалану бойынша іс-әрекет қағидалары туралы шарт (1967), Ядролық  қаруды таратпау туралы шарт (1968); теңіздер және мұхиттер түбінде, олардың қойнауларында  ядролық қарумен басқа да жаппай қырып-жоятын қаруларды орналастыруға  тыйым салу туралы шарт (1971) болып  табылады. БҰҰ-ның “Халықаралық қатынастарда күш қолданбау және ядролық қаруды қолдануға түпкілікті тыйым салу туралы” резолюциясы аса маңызды қадам болды.

 

Кезінде КСРО мен АҚШ  арасында жасалған “ядролық соғыстың туу қаупін азайтудың шаралары туралы келісім” (1971) де үлкен маңызға ие. Ол бойынша кездейсоқ немесе рұқсат етілмеген жағдайда ядролық қаруды қолдануға ескерту қарастырылған. Ракетаға қарсы қозғалыс жүйесін  шектеу және стратегиялық шабуыл қару-жарағын  шектеу саласында кейбір шаралар  туралы Уақытша келісім (1972); ядролық  соғыстың алдың алу туралы келісім (1973), сонымен қатар ядролық қаруды жер астында сынауға шек қою  туралы шарт (1974), т.б. келісімдер бар. 1976 ж. 31 наурызда КСРО мен АҚШ мемлекеттері ядролық қаруды жер астында сынауды  жүргізбеуге міндеттеме қабылдады.

Осы жылы КСРО мен Франция  кездейсоқ және рұқсат етілмеген  жағдайда ядролық қаруды қолдануды  ескерту туралы шарт, ал 1977 ж. Ұлыбритания  мен Кеңес Одағы кездейсоқ  ядролық соғыс туындағанда бетін  қайтару туралы келісім жасасты. КСРО-дағы ядролық қаруды сынаудың барлық түрлері негізінен Семей  полигонында өтті. Ол Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық аудандарына  орасан зор экологиялық апат әкелді.

Сондықтан КСРО-ның ыдырауы  қарсаңында тәуелсіз Қазақстан үшін ең басты мәселе ел аумағындағы ядролық  қарудың тағдыры болды. КСРО-ның  ыдырауы алдында Қазақстанда 1040 ұрыс зарядты 104 “РС-20” ракетасы (НАТО классификациясы бойынша – “СС-18”) болды. Әлемдегі ең ауыр құрлықаралық баллистикалық ракета (әрқайсысының қуаттылығы 550 кт-дан тұратын 10 ядролық  оқтұмсық) Державинка (қазіргі Ақмола облысы) мен Жаңғызтөбедегі (Шығыс  Қазақстан) екі базада орналасты. Семейдің түбіндегі аэродромда 240 қанатты ядролық ракетасы бар 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақ орналасты.

 

Қазақстанда қуатты ядролық  ғылыми-өндірістік кешен құрылып, жұмыс  істеді. Елімізде КСРО-дағы барлық уранның 40%-ы өндірілді. 1994 ж. Қазақстан ядролық  қарудан ерікті түрде бас тартты. Осы жылы Будапештте (Венгрия) АҚШ, Ұлыбритания  және Ресей мемлекеттері басшылары  Қазақстанның тұтастығына, шекарасының  өзгермеуіне, ел экономикасына қысым  көрсетілмеуіне кепілдік берген құжатқа  қол қойды. Олар, егер Қазақстанға  қарсы агрессия туындаған жағдайда осы жағдайды талқылау үшін дереу  БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шақыруға міндеттенді.

Ядролық қаруға қажетті  зарядты жасауға Қазақстан азаматтары үлес қосқан. 1959 ж. Қазақ тау-кен институтының (қазіргі ҚазҰТУ) МЦ-54 “Түсті, сирек  және асыл металдар металлургиясы” мамандығы  бойынша бітірген түлектері: Н.Ф. Болонев, Г.Н. Бунин, А. И. Галактионов, Е.В. Космачев, А.К. Кузнецов, Э.П. Куликов, Б.В. Макаренко, С.С. Макаренко, В.М. Розманов, В.П. Статкун, С.В. Стовярский, И.В. Токмачев, Ю.П. Штефан Ресейдің Томск-7 қаласындағы п/ж  ғ153 құпия мекемесіне (қазіргі СХК  – Сібір химия комбинаты) жолдама  алды.

СХК-да жоғары байытылған уран мен плутонийдің негізінде  жасалған ядролық материалдармен жұмыс  жүргізілді. Қазақстандық мамандар ядролық  зарядты жасау технологияларын  жолға қою ісіне өз үлестерін  қосып, атом өнімдерін жасауға қатысты.

 

 

 

 

 

                               Екпінді толқын

 

Екпінді толқын өз жолында  кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті  бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын  орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты  тас ғимараттарды толықтай қиратады.

Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды  балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі  дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке  ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.

 

                            Өтпелі радиация

 

Өтпелі радиация (ядролық  жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену  мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына  әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде  жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл  дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың  радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс  бұлтынан және радиоактивтік заттардың  түсуінен пайда болады.

                 Электр-магниттік импульс

 

Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда  болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен  байланыс құралдарына әсер етіп, істен  шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың  дамуымен байланысты болды. 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ  ғалымдарының тобы ядролық жарылысты  жүзеге асырудың физика қағидаларын  дайындады.

 

                       Әуедегі ядролық жарылыс

 

Әуедегі ядролық жарылыс (орыс. воздушный ядерный взрыв) —  жер немесе су бетінен әр түрлі  биіктіктегі жарылыс. Мұнда жарылыстың жаркыл бөлігі жер (су) бетіне тимейді. Жоғары биіктіктегі ядролық жарылыс  және аласа әуе ядролық, жарылысы болады. Жарылыстың қасқағым сәтінде  зор мөлшерде энергия бөлініп, көз  қарықтыратын жарқыл пайда болады. Ол жүздеген километр жер мен аспанды  жарықтандырып, найзағай ойнағандай қатты  дыбыс шығады. Жарқылдан соң отты шар пайда болып, тез ұлғаяды  да, бірнеше километрге көтеріліп, тоқтап, дөңгелек бұлтқа айналады. Соның салдарынан қуатты соққы толқын туады. Жерден көтерілетін шаң бірнеше минуттан соң дөңгелек бұлтпен қосылып, саңыраукұлак секілді түрге ие болады. Жарылыс бұлты 10-12 минут ішінде 10-15 километр биіктікке кетеріледі, ал термоядролық жарылыста 20-30 километрге көтеріліп, желмен қозғала отырып, өз тұлғасынан айрылып, бірте-бірте тарайды.

Әуедегі ядролық жарылыс  қаладағы өнеркәсіп орындарын талқандау  үшін, ұрыс даласындағы адамдар мен  техниканы, әуежайдағы ұшақтарды, сондай-ақ ушьт жүрген ұшақтар мен қанатгы  ракеталарды талқандау үшін қолданылады. Әуедегі ядролық жарылыс кезінде  жердің радиоактивтік зақымдануы төменгі  әуе жарылысы эпицентріне жақын  жерде ғана қауіпті. Радиоактивтік  бұлт жолының зақымдауы айтарлықтай  емес және әскер кимылдарына елеулі әсер ете алмайды.

 

                   Азғыр ядролық полигоны

 

Азғыр ядролық полигоны (әскери шартты аты «Галит») – бұрынғы  КСРО Қорғаныс минститрлігі мен Атом өнеркәсібі минститрлігі және Бүкілодақтық эксперименттік физика ғылыми-зерттеулер. институты («Арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы.[1] Ауданы — 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы көкектен 1977 жылы қазан айы аралығында 17 ядролық  жарылыс (165-1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді.

Ядролық қуат күші 10-25 тротилдің  килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы  көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991—92 жылы осы қуыстарды тексеру  кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды (“Азғыр”  ядролық полгонындағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың  қалдықтары 1996 — 1997 жылы көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, мышьяк, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болып отыр.

Жер асты сулары ауыр металдармен  ластанған. Радиоактивті заттармен  ластанған топырақты, суды, егістік  жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. “Азғыр” ядролық полигонындағы  жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен  қайтыс болғандарының саны (әсіресе  балалардың) облыстағы орташа деңгеймен  салыстарғанда 2-2,5 есе жоғары болған.

Әсіресе рак, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен  қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95-і анемия ауруына шалдыққан). Сонымен  қатар мал өлімі де көбейген. Мысалы, 1992 жылы Құрманғазы ауданында ірі  қараның 40-і, жылқының 35%-і, түйенің 30%-і, қойдың 20%-і өлген.

 

                                Азғыр ауылы

 

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Азғыр ауылынан 15 км-дей  жерде орналасқан. Ауданы 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы сәуірден 1977 жылы қазан  айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165–1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10–25 тротилдің  килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы  көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991–92 жылы осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996–97 жылы көмілді). Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған.

Жер асты сулары ауыр металдармен  ластанған. Радиоактивті заттармен  ластанған топырақты, суды, егістік  жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды  мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары  мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе  балалардың) облыстағы орташа деңгеймен  салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған.

Әсіресе рак (ісік), сүйек  тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер  мен қан құрамының бұзылуы  басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына  шалдыққан). Сонымен қатар мал  өлімі де көбейген. Мыс., 1992 ж. Құрманғазы ауд-нда ірі қараның 40%-ы, жылқының 35%-ы, түйенің 30%-ы, қойдың 20%-ы шығынға  ұшыраған.


Информация о работе Ядролық жарылыстың қауіпті факторлары