Қар көшкіні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 23:24, реферат

Краткое описание

Қар және Мұз Көшкіні– тау шыңдары мен беткейлеріндегі қар және мұздықтардың төмен қарай сырғуы және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын әуе толқыны болады. Қар көшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті.

Вложенные файлы: 1 файл

кошкын баяндама.docx

— 42.35 Кб (Скачать файл)

Қар көшкіні

Қар және Мұз Көшкіні– тау шыңдары мен беткейлеріндегі қар және мұздықтардың төмен қарай сырғуы және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын әуе толқыны болады. Қар көшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті.Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар көшкінінің көлемі 2 млн м3 жетеді. Ұру күші 1м 2 қа 60-100 тонна.

Қар көшкіндері құлама тау беткейлерінен жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын – шашын наурыз – сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруышылық объектілеріне қауіпін тигізуде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде.

Қар көшкінін тоқтату іс-әрекеттері пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті әдісінде дамбаларды, қар ұстағыш щиттерді және орманды қалпына келтіру іс — әрекеттері жатады. Активті әдісіне уақыты мен қауіпсіздік әрекеттерін белгілеп, қолдан қар көшкінін жасау жатады.

Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы - сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қар көшкінінің қауіпті белгілері:

- қар қалыңдығы 20-30 см, қысқы қардың  көп көлемде түсуі;  
- қыс мезгілінде ұзақ уақыт күннің суықтығы немесе ауа-райының жылынуы;  
- қар үстіне жауын-шашынның түсуі;  
- қар қаңқасын жасаушы  қатты жел және тау беткейлеріне қарды үрлеп тастауы;  
- тау беткейлеріндегі қар қалыңдығының биіктігі 30-60см мөлшерден артық болуы;  
- қар жамылғысының ұйтқуы және жатуы, тау жоталарында жарықшақтың пайда болуы.

- Қатты жел тұрып, қар «карниздері» құрылғанда. тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;

- Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар іздерінің болуы;

       - Сейсмикалық ауытқушылық. 
       Жел көшкіннің қалыптасуы кезіндегі негізгі әрекет етуші күш болып табылады.  

             Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады. Қар көшкінінің алуан түрлі қалыптасу жағдайының нәтижесінде олардың түрі мен көлемінің айтарлықтай айырмашылықтары бар. Қар көшкіні тау баурайындағы қардың салмағы оның беріктігінен асып кеткен кезде пайда болады. Қазақстаңдағы қар көшкіні қауіпі бар аймақ 95 мың км2 жуық аймақты алып жатыр, жоғарғы және орташа қар көшкіні қауіпі бар аймақ – 25 мың км2 жуық. Олар негізінен еліміздің таулы аймақтарының шығыс және оңтүстік – шығыс аймақтарында орналасқан. Республикада жаңа жауған қардан пайда болатын және қаркынды жылымық кезінде пайда болатын қар көшкіндері саны жағынан көптеп кездеседі.

 Апатты көшкін - көшкін құрайтын факторлардың қалыпты тіркесі жағдайында пайда болатын және көшкін науасында кәдімгі көшкіндерден қалыптасқан минералдық ысырынды конустан тыс алысқа тарайтын, сирек қайталанатын көшкін.

 Апаттық қар көшкіні құбылыстарының арасынан атап көрсетуге болатыны 1966 жылдың наурыз айындағы оқиғаны айтуға болады, 1ле Алатауының солтүстік баурайындағы көшкінді қардың жиынтық көлемі 110 млн. м3 құрады. Аса үлкен, 300 мың м3 болатын қар көшкіні Кіші Алматы өзенінің бассейінінде байқалды. 1951 жылғы кезеңнен Іле Алатауындағы қар көшкінінен 91 адам зардап шегіп, оның ішінде 56 адам қаза тапқан. 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зубовский елді мекенінде қар көшкінінен бір мезгілде 30 адам қаза тапқан. Қазақстанда қар көшкінінен қорғау бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.

 

 Қар көшкініне қарсы қорганыс — қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы.

               Республика аумағында 800-ге жуық қар көшкінінің ошақтары бар, оның ішінде 369 ошақ 211-ден аса әртүрлі объектілерге, мемлекетаралық, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар 350 шақырым автомобиль жолдарына және 2 мыңға жуық тұрғындарға тікелей қауіп төндіреді.

Қазақстан төңірегіндегі көшкін апаттары

Қазақстандық Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатау және Қаратау жоталары аса көшкінге белсенді болып табалады.  
Осылайша,Алматы облысында, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде (Іле Алатау) қар көшкінінің 123 қалыптасу ошағы саналады. Шымбұлақ спорт кешенінің тау шаңғы күрежолы ауданында, сондай-ақ Медеу-Шымбұлақ жол учаскесінде көшкіндер жылжуы жиі болғандықтан, бұл объектіні қауіптілігі жоғары дәрежеге жатқызуға болады. Жағдайды ерте болжамдау мақсатында Медеу бөгетінің оң жағына қарай көшкін қауіптілігі үшін қашықтық мониторинг жүйесі енгізілді.

Жетісу Алатауда солтүстік және солтүстік-батыс жота беткейлерінде (Көксу, Текелі өзен бассейндерінде) жоғары қар көшкінің қаупіті 10 ошақ тіркелген 52 әртүрлі объектілерге және 146тұрғындарға қауіп төндіруде.  
Алматы облысында79объектіге және 225 тұрғындарға қауіпті барлығы 133 көшкін жиналуы анықталды,.

Шығыс Қазақстан  облысында230 көшкін жиналуы саналады 92 әртүрлі объектілерге 1060 аса тұрғындарға қауіп төндіруде. Автожол бойындағы көшкін ошақтары аса қауіпті болып табылады. 262 шақырым автожол қар көшкінінің астында қалуы мүмкін. Зубовск кенті, Огневка, Каменный карьер кенттері, Серебрянск қаласының маңы, Өскемен қаласы, Риддер қаласы, Алтынсай ауылы және т.б.жеті елді мекен қауіпті қар көшкін аймағында орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан  облысындаҰғам, Қаратау және Талас  жоталары көшкін қауіпті болып табылады, онда 6 көшкін қауіпті учаскелер  тіркелген.Олар 40 түрлі объектілерге және 360 тұрғындарға қауіп төндіреді.

Республиканың басқа өңірлерінде қар көшкіндері елден және коммуникациядан бірталай алыстау қашықтарда орналасқан шатқалдарда қалыптасады.

«Қазселденқорғау» ММ адамдардың өмірін және шарушылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшкін жағдайын бақылау бойынша байқау және хабарландыру қызметтерін жоғары әзірлікке келтірді.

Алдын алу шараларын өткізуді ұйымдастыру үшін қар көшкінінің жылжу қаупі жөнінде ақпарат алу туралы «Қазгидромет» РМК қар көшкіні қызметтерімен өзара іс-қимыл жоспары нақтыланды.

Жарылғыш материалдарды жеткізу менқар көшкінін мәжбүрлі түсіруді жүзеге асыру үшін арнайы мамандарды (жарылғыш заттармен жұмыс жасайтын адамдар) жұмылдыруға «Алматы жарылыс өнеркәсіп» ЖШС және «Өскемен жарылыс өнеркәсіп» ЖШС шарт жасалды. Осы жұмыстарға Алматы қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының ТЖД, «РЖҚЖ» ММ, ШӨАЖҚЖ, «АМО» ММ қызметкерлерінің қатысуы, сондай-ақ  көшкіндердің профилактикалық түсіруін өткізу орындарына халықтың баруын шектеу үшін бірлескен блок-посттарын қою қарастырылды. 2011 жылғы желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында автожол ауданында Өскемен – солтүстік таулы Үлбі - 2 рет, Өскемен – Самара - 2 рет, Өскемен – Зыряновск - 3 рет) 8 мәжбүрлі қар көшкінін түсіру және Алматы өңірінде (Іле Алатау) 1 профилактикалық түсіру жүзеге асырылды.

«Қазселденқорғау» ММ-нің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі №78 бұйрығына  сәйкес көшкін қаупі бар учаскелерде 68 ескерту және ақпараттық қалқандар орнатылды, оның ішінде Алматы облысында - 20, Шығыс Қазақстан облысында – 48 қойылды, 125 ескерту хаты берілді. «Абайлаңыз! Көшкін қаупі!», «Мұздағы жүріс-тұрыс қағидасы» тақырыптарына бұқарлық ақпарат құралдарында 9 баяндама жасады. 

Мамандар қар жоталарында оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында тек арнайы жабдықталған орындарда (таулы шаңғы базаларында және курорттарда) ғана шаңғы тебуді ұсынады.

Туристік топтарға Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменттерінде, сондай-ақ «РЖҚЖ» ММ-нің арнайы құтқару бөлімшелерінде тіркелуді ұсынады, ҚР ТЖМ сайтындағы «аумақтық бөлімшелер» және «құтқару бөлімшелері» тарауларда мекенжай және байланыс телефондарымен танысуға болады. Топтарды тіркеу кезінде адамның саны, жүру бағыты, бақылау нүктесі және байланысқа шығуы бойынша ақпарат ұсыну қажет.

Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.

Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін. 
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда – қазан-мамыр. 
Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті. 
Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуезқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғи тәртіп бұзудан болады. 
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінінің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкінінің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады. 
Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.

Ресейдің көшкін қаупі бар аймақтары: Кольск жартылай аралы, Орал, Солтүстік Кавказ, Шығыс және Батыс Сібір, Алыс Шығыс болып табылады. Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тағы басқа тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті. Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қармен жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың қардың астында қалуы мүмкін.

Көшкін қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары.

1. Көшкін апаттарының  статистикасы адамдардың қаза болуын сипаттайтын барлық үйінділер тікелей адамдардың өздерінен болғандығын көрсетеді. Қар қалың түскен жоталарға шықпай, тек тапталған жолдармен ғана жүрмеңіз.

2. Таулы жерлердегі жағдайларды  ұдайы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасынан тыңдаңыз.

3. 2-3 күн қатарынан  қар жауғанда тауға шықпаңыз.

4. Ірі беткейлердің қиылысынан алыстап, аяқ астынан қардың шуы естілсе тез арада қозғалысты тоқтатыңыз.

5. Көктем мезгілінде, әсіресе күннің екінші жартысында қар еріп беткейлерден тез сырғыған кезде аса сақ болыңыз.

6. Көшкін қаупі  бар учаскеден өткенде айқайлауға, шулауға болмайды.

7. Көшкін қаупі  бар учаскеден өткенде жалғыз, рюкзакты бір жақ бауымен көтеріп, абайлап өтіңіз.

8. Қалың қар жамылған  беткейлерге жақын демалуға және лагерлік шатыр қойып тоқталмаңыз.

9. Қар көшкіні  түскен кезде оның жолынан кетіп, рельеф, жартас астына тығылыңыз.

10.Тауға ешқашан жалғыз бармаңыз! Топпен бір уақытта қатерде қалмауға жағдай жасаңыз!

Көшкін қаупі бар учаскелер бойынша қауіпсіздік шаралары:

1. Көшкін қаупі  бар беткейден өтуге тыйым салынады.

2. Күнмен шағылысқан  беткейлердің етегінде, тар жолдарда тоқтауға болмайды.

3. Қатты дауыстап сөйлеуге, сондай-ақ беткейде тегіс немесе ұсақ қар түйіршіктерінен жинақталған жерлерге із қалдыруға болмайды.

4. Тас құлайтын науаларды, бос тұрақсыз үйінді, сырғыма  жолдарды басуға болмайды.

5. Еш уақытта ауа-райының  бұзылуы кезінде, тез арада жылынғанда, қысым түскенде, тұманда, қар түскен  соң, бұрқасын мен қатты жел соққанда көшкін қауіпі бар жолға шығуға болмайды.

6. Нашар көрінетін кезде, беткейде қар қалыңдығы 30 см. және одан да жоғары болғанда, жауын-шашын жауғанда, қатты жел тұрғанда, бұрқасын соққанда, температура кенеттен төмендегенде көшкін қаупі бар аймақтан тез арада кету керек.

7. Көктемде шуақты  күндерде көшкін қаупі бар  аймаққа түскі сағат 12.00-ден кейін бармау керек.

Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелері:

- тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз;  
       - тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз

Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын  құлайды. Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.

Көшкін түскеннен кейін не істеу керек?  
Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қарай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.

 

 

 

 

              Қар көшкініне тап болған кездегі өзін – өзі құтқару әдістері:

  1. Көшкін сырғыған жағдайда жүктерд    і лақтырып тастап бірінші кезекте бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен таяқтан босаныңыз;

  1. Көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз;

  1. Шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда одан тұншығып қалмас үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен жабу керек;

  1. Қолдан келген барлық әдіспен аяқ қолды қозғалта отырып үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз

Қар көшкіні қауіптілігі 
Өздігінен жаппай көшкін түсуі байқалатын жерлер

    1. 25 қаңтарда «Өскемен-таулы Үлбі-Северное» автожолының 21-33 километрінде жалпы көлемі 7300 текше метр 4 қар көшкіні түскен. Жол жабылып, «ОблШығысЖол» ҚМК жолды тазалады.

    1. 28 қаңтарда «Өскемен-Зырян» автожолының 61-64 километрінде жалпы көлемі 9850 текше метр 6 қар көшкіні болған. Жолдар «КазАвтодор» РМК 2 бірлік техникасымен тазартылды.

    1. Зырян-Зубовка автожолында №9 және № 10 көшкін жинағынан 7300 текше метр 2 көшкін түскен. Көшкін жолға дейін жетіп, саяжай алқабының шаруашылық құрылысы зардап шеккен.

    1. 29 қаңтарда «Өскемен-Зырян» автожолының 63.5, 63.7 километрінде ауданы 9850 текше метр 2 қар көшкіні болған. Түскен қар толығымен жолды жауып тастаған. Қармен 1 жеңіл автомобилі көміліп қалған. Жолды тазалау «КазАвтодор» РМК және «ОблШығысжол» күштерімен тазартылды.

Информация о работе Қар көшкіні