Ағзаларды клондау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:41, реферат

Краткое описание

Адамды клондау дегеніміз - бір адамның ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни, клон-адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс. Осы жұмыспен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға, тіпті баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп, бұл тәсілді одан әрі зерттеп, дамытқанды жөн көреді. Ал, ғалымдардың екінші тобы қолдан жасалған адамдардың көбеюі қоғамның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін деген пікірді алға тартып, адамдарды клондау әдісіне қарсы шығуда.

Вложенные файлы: 1 файл

Ағзаларды клондау.doc

— 72.50 Кб (Скачать файл)

Энуклеация әдісі. Әдіс келесі процедуралардан тұрады:

  1. Овуляциядан өткен жұмыртқа жасұшаны донордың репродуктивтық жолынан алып дайындау.
  2. Микроинемен ұрықтандырылмаған жұмыртқа жасұшаны полярлы дененің астында кесіп цитохалазин қосылған фосфаттық ортаға салады.
  3. Пипеткамен полярлы денені және оның қасындағы цитоплазманы бір сағат культивирлеуден кейін сорып алады. Сонымен жұмыртқа жасұшасы екіге бөлінеді. Полярлы дененің бар жартысында метафаза ІІ кезеңіндегі хромосома бар (жұмыртқа жасұшаның «ядролық» жартысы). Екінші бөлекте ядролық құрылымдар жоқ («энуклеардық» жарты).
  4. Жануарлардың сома жасұшаларынан бөліп алған ядроларды «энуклеардық» жұмыртқа жасұшасына салады.
  5. Электроқосылудан кейін ұрықтың цитоплазмасымен ядроны фосфаттық буферге салады.
  6. Ұрықтарды агарға салу (әдістемесі жоғарыда көрсетілген).
  7. In vivo культивирлеу. Реципиенттің жұмыртқа жолдарына ұрықтар отырғызылып 4-6 күн инкубацияға жатады.
  8. Ұрықтарды алып биологиялық толықтығын анықтау.
  9. «Құрастырылған» ұрықты ақырғы реципиентке отырту.

 

         Мен жасанды  адам жасау дегенге түбірімен  қарсымын. Себебі, қолдан жасалған адам қалай болғанда да, табиғи адамдай болмайды, ол бәрібір қандай да бір кемістікпен туады. Тіпті, жоғарыдағы жобаны жетілдірген жағдайда да, адамның тап сондай көшірмесін жасау мүмкін емес. Ал, жасағанның өзінде де жер бетін жасанды адамдармен толтыру ақылға сыймайтын нәрсе. Адамның көшірмесін жасау, меніңше, адамның құндылығын төмендетіп жібереді. Адам дүниеге бір-ақ рет келуі керек және әр адам қайталанбас тұлға. Ол сонысымен де бағалы.

 

Ал, жасушалар арқылы органдар жасап  шығаруға қарсы емеспін. Себебі, бұл  тәсіл адам өмірін құтқарып қалу үшін ойластырылып жатқан жоба. Адам баласына пайдалы нәрсенің бәрі де жұртшылық тарапынан қолдау табуы тиіс.

           

   Клондау ғылымы қадамын  алға қарай қарқынды басып  келеді. Бір қуантарлығы әлемдік  ғылыми жетістіктерге осы салада  қол жеткізген зерттеушілердің  қатарында біздің отандасымыздың  да оқ бойы озық тұр. Ол Орегон ұлттық зерттеу орталығында макаканың тірек клеткасынан алынған эмбрионды ересек ер адамның терісінен алынған клеткамен клондауды жемісті түрде жүзеге асырғаны биолог ғалым жерлесіміз Шухрат Миталипов. Жақында Алматыға келген ғалым «Тірек клеткаларымен емделу және жасару» тақырыбында еліміздің жоғары оқу орындарында көпшілікке лекция оқып жатыр. Ондағы мақсат- тірек клеткаларын емделу процесінде қолдану жөнінде жас мамандармен тәжірибе бөлісу.

Дәлмына студияда әлемге танымал ғалым  Шухрат Миталиповтірек клеткаларын денсаулық саласында қолданудың мүмкіндіктерін айтып түсіндірді. Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылы ғалым және оның қарындасы Майя тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің әдістемесін ұсынған болатын. Зерттеу барысы кезінде денсаулығы дұрыс аналық маймылдардың жұмыртқа клеткасын ауру макакаларға ауыстырып, нәтижесінде он шақты жануарлардың балаларын аман алып қалған. Осыдан соң, ғалымдар аналық қан арқылы берілетін тұқым қуалайтын ауруларды тоқтатуға болатындығын дәлелдеп шықты.


Информация о работе Ағзаларды клондау