Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 09:53, реферат

Краткое описание

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.

Содержание

КІРІСПЕ

ТАРАУ 1 БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау.

ТАРАУ 2. АВТОМАТТАНҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ.

2.1. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау.

2.2. АЖО-ның тілдік құралдары.

2.3. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.

ҚОРЫТЫНДЫ

Вложенные файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 35.66 Кб (Скачать файл)

 

Даталогиялық  түрдегі интеллектуалды АЖО-лар мәліметтер қорын және пайдаланушы  тілдерін кең пайдалануға негізделеді. Сондай-ақ осы жағдайда пайдаланушы  мәлімет қоры мен тілін өз бетінше  өзгерте алады және диалогтың  мүмкіндіктерімен құбылта алады. Бұл  АЖО-ларда мәліметтер қоры жоқ. Бұл басқарушы объектінің қандай да болмасын қасиетіне түсініктеме беретін ережелерді жинақтау мүмкін емес деген сөз. Құрама компонент түрлеріндегі білім қоры АЖО-ның фактологиялық түріне енгізіледі. Фактологиялық АЖО-лар АЖО шарттарындағы жұмыс жиналған тәжірибемен оның негізіндегі логикалық нәтиже көмегімен басым түрде анықталады.

 

Ұйымдастырушылық басқарудың автоматтану  түрінде таратылатын негізгі бірнеше функцияларды белгілейік:

·Интерпретатция (пәндік облыстан мәліметтер мен факті арасындағы байланыс пен жүйені анықтау үшін оларға талдаумен бейнесін жасау);

·Диагностика (басқарылатын объектінің жағдайын іздеу, анықтау және бейнелеу);

·Мониторинг (АЖО қызметін тұрақты  бақылау мен алынған нәтижені бекіту);

·Жоспарлау (әрекеттің берілген келісімін қамтамасыз ету);

·Жобалау (пайдаланушылық интерфейсті  және дамуды қамтамасыз ету);

 

2.3. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.

 

        АЖО индивидуальді,  толық және ұжымдық болады. ЭЕМ  жүйесінің нәтижелі қызмет етуі  үшін толық және ұжымдық АЖО-ларға  қолданылатын мамандарға (ұжымға) АЖО  жұмысын ұйымдастыруға талапты  қатаңдату керек және бұндай  жүйедегі әкімшіліктендіру функцияларын  нақты анықтау керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, икемді, тұрақты даму мен жетілдіруге икемдену керек. Ондай жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық  құралдарына максималды жақындығы;

Диалогты режимде жұмыс істеуі;

Эргономика талаптарына сәйкес АЖО-ның қамсыздануы;

Компьютердің жоғарғы өнімділігі;

Күрделі процесстерді максималды автоматтандыру;

Мамандардың шығармашылық белсенділігін  ынталандыратын еңбек талаптарының моральді қанағаттануы;

Мамандардың өз бетінше оқу мүмкіндігі.

 

АЖО-да шешілетін мәселелерді мәліметті  және есептегіш деп бөлуге болады. Мәліметтік мәселелерге кодтау, сұрыпталу, жинау, құрылымдық ұйым, дұрыстау, сақтау, іздеу және мәліметті беру.Көп жағдайларда мәліметтік мәселелерде арифметикалық және мәтіндік сипат пен қатынастың оңай есепті және логикалық процедуралары болады. Олар негізінен күрделі болады және маман жұмыс уақытының үлкен бөлігін алады.

 

Есептегіш мәселелерді қалаптастырылатын  және қалыптаспайтын болып екіге  ажыратылады. Қалыптастырылатын мәселелер  формальдік алгоритмдер негізінде  шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есептеу мәселелері және математикалық үлгі негізіндегі мәселелер. Тікелей есептеу мәселелері қарапайым алгоритм көмегімен шешіледі. Ал күрделі мәселелерге әртүрлі математикалық есептерді пайдалану керек.

 

Соңғы уақытта толық түрде қалыптастырылмайтын  мәселелерді шешу құралдарын жасауға үлкен көңіл бөлінген. Олар семантикалық деп аталады. Бұндай мәселелер экономикалық объектілерді оперативті басқару кезінде және көбінесе толық емес мәлімет шарттарында шешім қабылдау кезінде туындайды. Қамтамасыз етілу жүйелерге біріншіден мыналарды жатқызады: техникалық, мәліметтік, программалық және ұйымдастырушылық. Сонымен қатар кіші жүйе түрлері де бар.

 

Техникалық қамтамасыздық, маманның делдалдарсыз жұмысын (программисттер, операторлар және т.б) көздейтін маманданған персоналды компьютер негіз болатын техникалық құралдар қасиетін бейнелейді. Толық АЖО-ларда оңай компьютерлермен 4-6 адам пайдалана алады. Маманданған персоналды компьютер кешеніне процессор, дисплей, пернелік тақта, мәліметтің магниттік жинағыштары, басып шығару құрылғылары және графо құрылғыштар кіреді.

 

Техникалық құралдар кешеніне жүйедегі әртүрлі АЖО байланысы үшін коммуникация құралдарын және телефон байланысының құралдарын жатқызады.

 

Мәліметтік қамсыздандыру –  бұл локальді мәліметтер қорында  сақталатын мәліметтер массиві. Мәліметтер, негізінен магниттік жадыларда  ұйымдастырылады және сақталады. Онымен басқару мәлімет қорын басқарудың бағдарламалық жүйесімен жүзеге асырылады. Ол мәліметті жазады, мәліметтік мәселелерді іздейді, есептейді, реттейді және шешімін табады. АЖО-да бірнеше мәліметтер қоры бола алады.

 

Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру  АЖО-ның қызмет ету, жетілдіру және дамуын ұйымдастыратын, сондай-ақ кадрлар  мамандығын даярлау және көтеру тәсілдері  мен амалдары болады. Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтаумен құжаттық рәсімдеуді көздейді. Бағдарламамен қамтамасыздандыру жүйелік бағдарламалық және қолданбалы түрде болады. Жүйелік қамтамасыздық негізі операциялық жүйе мен программалау жүйесі болып табылады, мысалы, Бейсик алгоритмдік тіл. Жүйелік бағдарламалар мәліметтің рационалды технологиялық өңдеуін көздейді. Сервистік бағдарламалар деп аталатындар (олармен АЖО олардың қажеттілігіне байланысты біріктіріледі) операциялық жүйе мүмкіндіктерін кеңейтеді.АЖО жүйелерінде мәліметтік бкйланысты және АЖО-ның әртүрлі каналдар бойынша байланысып, қамтамасыз ету үшін жүйелік программалауға жатқызуға болатын бағдарламалық құралдарды жатқызуға болады.

 

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздануды пайдаланушы бағдарламамен әртүрлі  мақсаттағы қолданбалы бағдарламалар  пакеті құрайды. Пайдаланушылардың  стандартты бағдарламалары алгоритмдік  тілдегі (көбіне Бейсик) арнайы мәселелердің бағдарламалық шешімдерін белгілейді.

 

ҚБП (қолданбалы бағдарламалар пакеті) үлгі ұстанымы бойынша жасалған және арнайы мәселе класының шешімдеріне бағытталған. ҚБП мәселесін бағдарламалық қамтамасыздың негізгі түрі болып табылады. Олар алгоритмді қалыптастырады, осы класстарға мәселелерді шешу талаптарын өзгертеді, шешімді бақылайды, алгоритмге өзгертулерді енгізеді және т.б. АЖО-да  жұмыс істегенде ҚБП-нің диалогтық режимінде жасалады.

 

ҚБП-нің мысалдары: есептік операцияларды  орындайтын әртүрлі құжатты қалыптастыруға арналған ҚБП, жоспарды қолайлы етуші ҚБП, боланстық шешімдер ҚБП болып табылады. АЖО-ны жасайтын ҚБП-ға өзгеше көңіл бөледі, олар әртүрлі мақсатта бола алады: кестені өңдейтін, мәліметтер массивін жүргізу, мәліметтер қорын жүргізу, құжаттық анықтамалар. Графикалық мәліметпен жұмыс істейтін пакеттер анық, және компактты күйде объектіге тән жағдайды, процессті көрсетеді және жорамалық талдау нәтижелерін бейнелеп береді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Елімізде тауар  және қаржылық нарықтың жылдам  дамуы қоғамның барлық салаларында  ақпаратандыру процессінің интенсивті  жүруіне әсер етті. Өндірістік шаруашылықта, басқару ісінде, қолданушылардың әр түрлі категорияларында ақпараттық қызмет көрсету мен ақпарат рольін бағалау көптеген өзгерістерге ұшырады. Біздің қоғам ашық қоғамға айналды, осыған байланысты шынайы, толық, қолданушыға түсінікті және  уақтылы берілетін ақпаратқа сұраныс арта түсуде. Мемлекетіміздің заңы мен ретке келтіруші ісі әрекеттері нәтижесінде микро- және макроэкономикалық объектілер деңгейінде алынатын есептік – статистикалық ақпараттардың заңдылығына, шынайылығы мен уақтылығына қойылатын талаптар көбейді

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delpi5. Руководство  разработчика базы данных – М.: «Нолидж», 2000г.

Баженова И.Ю. Delphi5. Самаучитель  программиста – М.: КУДИЦ – ОБРАЗ,2000г.

Томас Коннолли, Каролин Бегг, Анна Страган. Базы данных: проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд.: Пер. с англ.: Уч. пос: — М.: издательский дом «Вильямс», 2000г.

Александровский А.Д., Шубин В.В. Delphi для профессионалов. Опыт практического  применения.-М.:ДМК, 2000г. (серия «для программистов»).


Информация о работе Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері