Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 22:39, реферат
Шағын кәсіпкерлік - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі.
Шағын кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар
Ашыкбаева М.Е., «Есеп және Аудит» мамандығының магистранты
Шағын кәсіпкерлік - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Шағын бизнестің дамуы өзінде бірнеше ерекшеліктерді көрсетеді:
Әр түрлі экономикалық секторлар арасында өзара байланысты бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өзінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолданылуы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизмінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизмін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Шағын кәсіпкерлік әлеуметтік мәселелерді шешудегі негізгі тұтқалардың бір болып отыр. Елбасының жолдауында атап өтілгеніндегі, тәуелсіздіктің 19 жыл ішінде елімізде атқарылған реформалардың бәрі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған. Қазіргі Қазақстан экономикасы әлемдік дағдарыстан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау арқылы шыға алатынымызды елбасының жолдауында атап өтілген. Бұл біздің экономикамыз стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізілуде.
Атап айтқанда, ақшалай несие және салық төлеу жағынан шағын бизнес өкілдерінің үлесі артып келеді. Сондықтанда қазіргі таңда үкіметіміз индустрияны дамыту бағдарламасында негізгі бағыт шағын бизнесті дамытуға арналған, соның ішінде жаңа инновациялық бизнесті дамытуға қолда бар кәсіпорынның негізгі қорларын жаңартуға көңіл бөлінуде. Ал халықтың әл-ауқатын көтеру, кедейшілікті жеңуде кәсіпкерліктің рөлі зор.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарға халықтың әлеуметтік – кедей тобын тарту жолымен кедейшілік деңгейін тқмендетуге мүмкіндік беретін аймақтық саясат бағыттарының бірден-бір жолы болып табылады.
Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсетеді. Көне тарих пен орта ғасыр ғалымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін қалай аталғанына қарамастан, ерекше пікірлер қалыптасқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кез-келгенінің қолынан кел бермейді. Сондықтан, кәсіпкерліктің шын, нақты субъектісі – бұған деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер жатады. Шағын және орта кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын және орта бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда.
Шаруашылық жүргізу тәсілі ретіндегі кәсіпкерлік үшін басты шарт – шаруашылық тұлғалардың тәуелсіздігі, дербестігі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызмет түрін таңдау; бизнес-жоспар құру, қаржыландыру және оны жүзеге асыру; өнім өндіру, оған баға белгілеу және оны өткізу; пайданы қолдану тәрізді еркіндік пен құқықтың белгілі бір жиынтығының болғаны дұрыс.
Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында біршама шаралардың жүргізіліп жатқаны баршаға аян. Атап айтқанда, олардың іс-әрекет барысына ықпал ететін нормативтік құжаттар қабылданып, жұмыс жасауда. Жаңа Салық Кодексі іске қосылып, онда шағын бизнес субъектілеріне салық салудың арнайы режимі қарастырылып, банктер тарапынан әр түрлі мерзімге несиелер берілуде, т.с.с. Осындай қол жеткізген нәтижелерімізді одан әрі жетілдіру барысында жекелеген қағидаларды басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауымыз керек. Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылық яғни мемлекеттік бэджет тапшылығын мүмкіндігінше төмен деңгейге жеткізу, жеңілдікпен несиелендіру, артық ақша эмиссиясын болдырмау болып табылады. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында жедел шешуді қажетсінетін мәселелердің бірі – инфляция қарқынын төмен деңгейде ұстау. Инфляцияға қарсы саясатты бюджет тапшылығын неғұрлым төменгі деңгейге жеткізбейінше жүзеге асыру қиын міселе.
Қазақстанның танымал экономист- ғалымдары шағын кәсіпкерліктің мәселелерін терең қарастырғанда, оның өтпелі экономикадағы маңызын белгілеп берді.
Сонымен қатар, біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлікті Қазақстанда дамытудың бірден-бір жолы – бұл сала аралық шағын кәсіпорындар құру, аймақтық салалық құрылымды жетілдіруде шағын кәсіпкерліктің рөлін көтеру арқылы олардың арасындағы сапалы біркелкі үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерін қалыптастыру, нарықтық экономикасы тұсында көп деңгейлі шағын кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету шараларын дайындау жатады. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық өкілдерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.
Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында шағын бизнес кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөніндегі ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.
Мемлекеттің экономикалық қызметі – шағын және орта бизнес өкілдерінің іс-әрекетіне араласпай, экономика саласындағы әрекетін ретке келтіріп отыру.
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы мағызды міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын және орта бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда.
Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп көрсетуге болады. Аталған факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.
Түйін
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді.
Қолданылған әдебиеттер
/Құрастырушы В.И.Скала. Құжаттар жиынтығы. – Алматы; ТОО «LEM», 2006.-360 бет./
2. Қазақстан Республикасының
3. Кәсіпкер және бухгалтер кітапханасы. Негізгі қаржының бухгалтерлік және салық салуын ұйымдастыру. «Бухгалтер» ИД «Бико» баспасы, №5 (106), мамыр, 2006ж.
4. Бухгалтер бюллетеньі. № 26 (376) 25-30 маусым 2007ж.
5. Бухгалтер бюллетеньі. № 43 (393) 22-28 қазан, 2007ж.
6. Русак Н.А., Русак
В.А. «Шаруашылық субъектінің
Информация о работе Шағын кәсіпорындардың дамуына әсерін тигізетін негізгі факторлар