Адамның туа біткен ақаулықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2015 в 12:45, реферат

Краткое описание

Гистологияның негізгі зерттеу нысаны - тіндер онтогенезің алғашқы сатысында, яғни эмбриондық даму кезінде пайда болады. Сол себепті, тіндердің қасиеттерін жан-жақты бағалау үшін, олардың эмбриондық даму көздерін механизмдерін т.б. жеткілікті білу қажет. Осы заңдылықтарды зерттейтін ғылым- эмбриология адам эмбриологиясы мен көптеген: педиатрия, акушерлік қызмет, гинекология, терапия және т. б. ғылыми іргесін қайталайды.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Адам жыныс жасушаларының құрлысы, қызметі.
1.1Ұрықтану және оның биологиялық маңызы, жалпы эмбриология.
2. Жеке даму заңдылықтары. Эмбрионалдық даму.
2.1. Даму кезендегі организмнің бөліктерінің өзара әсері.
2.2Дамудың қатерлі кезеңдері.
3. Адамның туа біткен ақаулықтары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Адам эмбриологиясы туралы түсінік.doc

— 115.50 Кб (Скачать файл)

«Астана Медицина Университеті» АҚ

Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

       

 

 

 

       Орындаған: Қасымова Б.Б.

       Топ: 204 ОМ

       Тексерген: Дусеков А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Адам жыныс жасушаларының құрлысы, қызметі.

1.1Ұрықтану және оның биологиялық маңызы, жалпы эмбриология.

2. Жеке даму заңдылықтары. Эмбрионалдық даму.

2.1. Даму кезендегі организмнің бөліктерінің өзара әсері.

2.2Дамудың қатерлі кезеңдері.

3. Адамның туа біткен ақаулықтары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Гистологияның негізгі зерттеу нысаны - тіндер онтогенезің алғашқы сатысында, яғни эмбриондық даму кезінде пайда болады. Сол себепті, тіндердің қасиеттерін жан-жақты бағалау үшін, олардың эмбриондық даму көздерін механизмдерін т.б. жеткілікті білу қажет. Осы заңдылықтарды зерттейтін ғылым- эмбриология адам эмбриологиясы мен көптеген: педиатрия, акушерлік қызмет, гинекология, терапия және т. б. ғылыми іргесін қайталайды.

Жеке организмнің өмір сүру ұзақтығы сол түрдің тіршілік ету ұзақтығынан әлдеқайда аз. Түрдің тіршілік ету оны құрайтын жеке даралардың тіршілігімен сипатталады.Табиғатта түрдің сақталуы, дамуы оның дараларының көбеюіне байланысты. Көбеюдің арқасында ұрпақтар жалғасады, түр сақталады. Әрбір түр өкілдерінің жеке дамуында осы түрдің тарихи дамуына тән ерекшеліктері қалыптасады. Жеке даму мен тарихи дамудың, онтогенз бен филогенздің арасындағы байланысты 20 ғ.Ч. Дарвин, Ф.Мюллер,Э. Геккель биогенетикалық заңында көрсеткен.

  Ғылыми жаңалықтар  бірікен соң бірі ашыла берді. Енді даму кезіндегі адамның  туа біткен ақаулықтары анықтала  бастады. Қазіргі таңда ғылыми  жетістіктердің арқасында туа  біткен ақаулықтарды тудырушы  факторларды, анаманияның алдын  алуды, оларды емдеуді қолға алды. Сол үшін ұсынылып отырған өзіндік жұмыста осы даму кезіндегі пайда болған ақаулықтар жайлы сөз болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Онтогенез. Адам эмбриологиясы туралы түсінік және оның дәрігерлер дайндау жүйесіндегі маңызы

 

Пайда болуынан бастап, өмірінің ақырына дейін өтетін әрбір организмде өтетін бір ізділі морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің жиынтығы онтогенез немесе идивидуальды яғни жеке даму деп аталады. Онтогенез грекше ontos-мақұлық, тірі жәндік, genesis - пайда болу деген мағнада . Дәрігерлік қызметтің негізгі нысаны - адам онтогенезінің қалыпты жағдайы немесе патологиялық ауытқулары. Жыныс жол арқылы көбейетін организмдерде онтогенездің екі түрін ажыратады: эмбриондық және постэмбриондық. Аналық жасуша ұрықтануынан бастап нәрестенің дүниеге келген шағына дейін өтетін жаңа организмнің даму процестерін эмбриондық даму немесе эмбриогенез деп атайды. Туылғаннан кейін жалғасып, организмнің табиғи өлімімен аяқталатын постэмбриондық кезең басталады. Онтогенезде осы периодтармен қатар прогенезді (проэмбриондық, ұрықтық даму алдындағы), яғни гаметалар (жыныс жасушалары) қалыптасатын кезеңдіде ажыратады. Шын мәнінде прогенез эмбриогенезге жатпайды. Бірақ, егер  гаметалар дамуы кезінде кешкен күйі болашақ онтогенезге ықпалын тигізуі мүмкіндігін  еске алсақ, онда прогенезді адам эмбриологиясы бөлімінде қарастыру орвндв болып шығады.

Жалпы эмбриология- ұрықтың қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Жануар әлемінің түрлі типтері мен кластары өкілдерінің жеке даму процестерін салыстыру арқылы, эмбриогенездің ерте кездік сатылары барлық жануарларда (омыртқасыздар, сұтқоректілер) және адамда ұқсас екендігі анықталды. Сондықтан, адам эмбриологиясын зерделеу кезінде көптеген заңдылықтарды анық бейнелеп түсіндіру үшін, жалпы эмбриологиядан алынған мәліметтер жиі қолданылады. Олар тұралы оқу мтериялы егжей- тегжейлі биология курсында бағаланған. Эмбриологияның қазіргі кездегі зерттейтін фундаментальды проблемалары мыналар: тіндердің дамуы (гистогенез), дифференсиялдануы мен регенерациясының заңдылықтары, тіндер мен мүшелердің морфогенездік (құрлымдар, пішіндер қалыптасуы) процестері өтуі кезінде нервтік, эндекриндік және имунндық механизмдердің ролін, ана - ұрық, ана - нәресте жүйесінде өтетеін морфогенездің  ерекшеліктері т. с. с.

ХІХ ғасырдың соңына дейін эмбриологиялық зерттеулер алғашқы кезде қарусыз көзбен, сонан соң, микроскоп арқылы  бейнелеу әдісіне негізделді. Осы кезден бастап әсіресе ХХ ғасырда, эмбриология жаңа саласын - даму механизмдерін зерттеу механизмдерін зерттеуге мүмкіндік тудырған эксперименттік әдістер қолдалынады. Нәтижесінде, эмбриондық дамудың  ұйымдастырушылары, оның нейрогуморальді реттелуі туралы түсініктер және сыртқы орта факторларының эмбриогенезге тигізетн әсерінің заңдылықтары анықталады.

Адам эмбриологиясы- адам ұрығы дамуының, яғни оның құрлысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттецтін ғылым. Студент үшін кейбір клиникалық пәндерді (педиатрия, акушерлік қызмет, гинекология) игеруіне және болащақ дәрігерлік практикасына эмбриологиялық мәліметтерді жетік білудің маңызы зор. Себебі, әр түрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты эмбриондық даму ана- нәресте жүйесіндегі қатнастар бұзылып түсіктер, туа біткен ақаулар, нәрестенің туылғаннан кейін болатын аурулар  пайда болады. Олардың даму механизмдерін, факторларын анықтау негізінде медициналық мбриология осы эмбриопатияларды (embrion-ұрық, pathos-азап шегу) алдын алу, емдеу шараларын жете зерттейді. Бұл ғылымның соңғы он онбес жылдықтағы жетістіктері ретінде бедеуліктің себептерін анықтау, оны емдеу экстракорпоральы (ананың денсінен тыс) ұрықтандыру фетальды ( лат,fetus- жатырдың ішіндегі нәресте) мүшелердің трансплантациясын (жаму, көшіп қондыру) т.б. атап өтуге болады.

 

Адам жыныс жасушаларының құрлысы мен қызметі

 

Аталық және аналық жыныс жасушаларының дамуыжәне пісіп жетілуі яғни гаметогенез, жыныс бездерінде өтеді.  Согдықтан бұл процес  жеке гистологияның аталық және аналық жыныс жүйелеріне арналған тарауларында толығымен қаралады. Прогенездің нәтижесінде ұрықтануды және және организм дамуының алашқы кезеңдерін қамтамасыз етуге, яғни репродуктивтік қызметңн атқаруға қаблетті жыныс жасушалар пайда болады. Дененің басқа сомалық жасушалармен салыстырғанда, атқаратын осы біреген қызметіне байланысты, гметалардың генетикалық, метоболиттік және физиологиялық  ерекшеліктері бар. Біріншіден, гамета ядросының  генетикалық аппараты хромосомдардың гаплоиттық, яғни екі есе төмен жиынтығынан (n=23 хромосомдар тұрады) тұрады. Ұрықтану кезінде жыныс жасушалар зиготаға бірігіп, хромосомдар жиынтығының  адамға тән  диплоидтық саны  (2n=46) қалпына келеді. Екіншіден, жыныс жасушалары зат алмасу деңгейінің  төмендігімен өзгешеленеді, атап айтқанда оларда ДНҚ синтезделмейді және РНҚ мен ақуыздардың синтезі байау өтеді. Сондықтан олар әртүрлі зиянды заттардың әсеріне белгілі дәрежеде резистентті материальдың  ұрпақтар қатарында өзгермей берілуін қамтамасыз етеді.

Көбею кезінде  атқаратын нақтылы ролдеріне,и яғни  физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, аталық және аналық арасында да бірнеше айырмашылықтар бар.

 

Аталық жыныс жасушалар

 

Жыныстық жетілу кезінен бастап аталық жыныс безінде үздіксіз пацда болып отырады. Жетілмеген жыныс жасушалар – спермогонилерден бастап, 72 тәулік бойы өтетін спермогенез арқасында, кемелденген спермотозоидтар дамып шығады. Көбею кезінде жыныс жасушалары екі негізгі қызмет атқарады:

  1. Хромосомдардың гаплойдты жиындығын жұмыртқа жасушасына ендіру
  2. Оның даму бағдарламасын іске қосу. Осыған орай спермотозойдтардың өлшемі  ұсақ диаметрі 4 - 5 мкм, ұзындығы 70 мкм - аналық жасушамен салыстырғанда 300 есе төмен, пішіні сүйір болады. Олардың сұйық ортада өте қатты жылдамдық пен – 30 - 50 мкм/сек, жылжуын қамтамасыз ететін құйрығы бар. Нәтижесінде, спермотозойдтар бар  қынаптан жатыр түтігне дейін 20 см аралықты 3 - 4 сағатта өтеді. Ұрықтандыру ықтималдығын арттыратын спермотозойдтардың тағы бір ерекшелігі- спермада  олардың санының көп болуы 150-400 милион шамасы. Бұл көрсеткіш төмен болған жағдайда, олигоспермия яғни олиго-аз дамып, ер адам бедеулікке ұшырайды. Ұрықтану өтетін жерге дейін милиондаған спермотозойдтардан 200 - 400 ғана жетеді, ал аналық жасушаның ішіне оның біреуі ғана еніп, басқалары аналық жыныс жолдарының  әртүрлі болігінде опат болады.

Спермотозойд- құрлысым  мен қызметі жағынан аырмашылығы бар және ортақ плазма леммамен  қапталған төрт бөліктен тұрады: бас, мойын, дене, құйрықтан.  Басының пішіні бет жағынан қарағанда  дөңгелек  болады,  қырынан қарағанда жалпақша. Мұнда ДНҚ тез жинақталғандықтан, активті емес гаплойдты  ядросы орналасады. Оның құрамындағы  23 хромосомдардың 22 - сі аутосомдар, ал біреуі - жыныс хромосомдар.

Соңғылар ұрықтану кезінде хромосомдық жыныстық  анықтайды .

 Цитоплазмасында  рибосомалары, ЭПТ, Гольджи апараты жоқ болғандықтан ядросы мен цитоплазмасы  көлкмдерінің қатнасы  жоғары. Ядроның алдыңғы ұшына жанасып акросома (гр. Acron-үш, soma-дене) деп аталатын секреторлық көбікше орналасқан. Оның ішіндегі гидролиздік ферменттері  (гиалуронидаза, протеазалар және т. б.)  аналық жасушаның қабықтарын ертіп, спермидің  овоцит плазмасына енуін қамтамасыз етеді. Спермотозойт басының алдыңғы бөлігін  қаптаған плазмалеммасында, жұмыртқа жасушалардың  бетіндегі рецепторлармен  әрекеттесіп танығаннан кейін  олармен байланысуды қамтамасыз етеді гликозилтрансфераза деп аталатын рецепторы болады. Басынан кейін  орналасқан спермотозойдтың сақина тәрізді таралуы - мойнында, проксимальды және дистальды центройлдер бар.  Бозальды денешеге дистальды центройлден өсіп шыққан аксонема спермидің денесі мен құйрығының ішінде білік жіпшесі түрінде өеді.

Спермидің аралық бөлігі - денесінде аксонеманы спираль түрінде қоршаған  митохондриялар түрінде қоршаған. Мұндай өнделген АТФ микротүтікшелер  құрамындағы динеин ақуызы әсерінен ыдырап,  фосфадтық байланыстардағы босаған химиялық энергия спермидің қимылына жұмсалатын  механикалық энергияға айналады.  Динеин өзгерілсе немесе митохондрия  ферменттерінің синтезіне жауапты гендер мутацияға ұшыраған жағдайда, спермотозойдтар қимылынан айрылып, ер адам бедеулігінің түрі-Картогенер синдромы дамиды.

Спермитозойд құйрығының негізгі бөлікшесінде аксрнеманы айнала қоршап серпінділік беретін, 9-жұп микрофилбдерге сәйкес, тығыз фибрильдер орналасқан. Сыртынан оларды плазмолемманың астындағы фибрильді футляр қаптайды. Құйрықтың терминальдыбөлікшесінде тек  қана бірлі жарым қысқарғыш филаменттер өтеді. Сонымен, ферментің морфологиялық, физиологиялық, т.б. ерекшеоіктері оның көбею кезінде атқаратын белсенді рөліне тура келеді.

Сперманы талдау - спермоиграмма медицинада екі жағдайда қолдалынады:

  1. Жанұя және неке консультациясында ер адам бедеулігінің себептерін анықтау үшін.
  2. Медициналық-генетикалық лабороторияларда - адамның тұқым қуалаушылық аппараиына зиянды факторлардың мутагендік әсеріне баға беру мақсатында.

Осы себептен болашақ дәрігер сперманың қалыпты көрсеткіштерін білуі тиіс. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұиымы жариялаған мәліметтер бойынша, адам шәуетінің қалыпты сипаттамасы төменде көрсетілгендей. Сперманың мөлшері үш мл спермотозойдтардың косентрациясы 20-200 млн/мл қалыпты формалары 60%-дан жоғары болуы керек . сонымен қатар адам шәуетнде спермидің аномальды түрлеріде ұшырасды: басы үлкен не кішкентай ; басы, мойны немесе құйрығының пішіндері өзгерген, екі құйрықты екі басты, т.с. қалыпты жағдада аномальды спермотозойдтардың  саны-30%-дан жоғары болмайды. Сперма құрамындағы тірі жасушалар саны-75%-дан , ал белсенді қимылдайтвндары-50%-дан жоғары болуы керек.

 

Аналық жыныс жасушасы

 

Жыныстық жетілу мезгілінен, яғни 12 - 14 жастан бастап, ұзақтығы 24 - 28 күндік  әрбір овориальды-менустральді (етеккір) цикл соңында , әйелдердің аналық жыныс бездерінде  әдетте бір ғана  аналық жыныс жасушасы (жұмыртқа жасушасы, овоцит ІІ)  пісіп жетіледі. Әйелдің репродуктивтік  қызмет кезеңі аяқталғанша, яғни 45 - 50 жаста басталатын климаксқа дейін , 400-ге жуық пісілген жетілген аналық жыныс жасушалары дамиды. Овуляция немесе кемелденген овоциті бар Грааф көбікшесінің  жарылуы нәтижесінде, аналық жыныс безінен құрсақ қуысына шыққан ІІ-ші ретті овоцитті жатыр түтігінің қуысына түсіреді. Мұнда оның пісіп жетілуінің мейоздық  екінші бөлінубасталып, метафаза тоқталады. Бұл процес ұрықтану кезінде жалғасады. Көбею процесі кезінде  атқаратын негізгі роліне-имплантацияға дейінгі эмбрион дамуының алғашқы кезеңдерін қамтамасыз етуіне байланысты, жұмыртқа жасушасының ең айрықша  ерешелігі-өлшемінің үлкен болуы. Шар тәрізді пішінге ие, өздігінен қимылдай алмайтын  аналық жыныс жасушасының диаметрі 130-200 мкм, көлемі спермотозойдтан 300 есе жоғары болады. Цитоплазмасында белок синтездеуші  (ЭПТ, рибосомалар)  және Голджи аппараты жақсы дамыған қоректік макромолекулалары (мысалға сары уыздың белоктары, фосфолипидтер, көмірсулар) бар. Ұрығы аналық организмнің құрсағында дамуына байланысты, адам овоцитінде сары уыз қосындылары аз болады және біркелкі орналасқан.  Класификация бойынша, мұндай жұмыртқа жасушаларын   Шекіншілік олиго (гр. oligos-кішкене) және изоцетальды (гр. isos-бірдей, тең; leicithos-сары уыз) типіне жатқызады.

Плазмолемманың астында, яғни цитоплазманың шеткі аймақтарында,  Гольджи кешенінің өнімі болып табылатын, диаметрі 1 мкм кортикальды  гранулдар ( лат. Cortex-қабық, қыртысғ, granulum-дән, түйіршік) орналасқан. Олардың құрамындағы  глюкозамингликандар  (ГАГ)   және әр түрлі ферменттер  экзоцитоз арқылы шығып, ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасының ішіне біреуден астам спермотозойдтар енуінен, яғни  полиспермиядан  саққтайтын кортикальды  реакцияға қатысады. Овоцит өлшемі үлкен  болғанымен , ядросының хромосомдар жиынтығы-гаплойдты және ол жыныс хромосомдардың тек қана Х-типіне ие болдады, ядрошығы жақсы дамыған. Жұмыртқа жасуша құрлысының  екінші ерекшелігі-үш қабатты-плазмолемма, жылтырақ зона, фолликулдық жасушалар қабығы болуы. Жылтырақ немесе  мөлдір зона (zona pellucida) гликопротейндер мен ГАГ – т ардан тұратын , плазмолемманың сыртында орналасқан  қабат болып табылады. Оның қалыптасуына  көбінесе овоцит жәнеде оны қоршаған  фоллуколдық жасушалар қатысады. Мөлдір қабат гликопротейндердің  бір түрлері  кортикальды реакцияға қатысып, полиспермия қатысуына  кедергі жасайды. Сыртқы шетінде орналасқан басқа түрлері  ұрықтану кезінде  спермотозойдпен әрекеттесіп рецепторлардың рольін атқарады, оның овоцитке жабысуын - адгезиясын қамтамасыз етеді. Овоцитті  жан-жақтан радиальды бағытта қоршаған көп қабатты фолликульдық жасушалар сәулелі тәж деп аталатын, қорғаныс және трофикалық, қызметтер атқаратын тәж құрайды. Овоцитке жанасқан оның бірінші қабаттарының жасушалары ұзын тармақталған мөлдір қабаттан өтіп, овоциттің плазмолеммасысен саңлаулы контакттар құрайды. Олар арқылы жұмыртқа жасушасы ұсақ қоректік молекулалармен жабдықталады. Фолликульдық жасушалардың өсінділері арасында плазмалемманың микорбүрлері өтеді.

Сонымен аналық жыныс жасушаның құрлысы, химиялық құрамы оның көбую процесінде атқаратын қызметтеріне (ұрықтану, полиспермияны алдын алу және ұрық дамуының алғашқы сатыларын қамтаасыз ету) сәйкес келеді.

        Онтогенез деп генетикалық информацияның іске асырылуы негізінде әрбір организмнің зигота түзілуден басталып,оның өлуіне дейінгі жеке даму процестерінің толық жиынтығын айтады.

Онтогенездің негізгі типтері:

 

Түрленіп даму(личинкалық )-организмнің есейіп жетілуі бір немесе бірнеше лечинкалықстадиялардың пацда болуы прқылы жүреді. Мысалы, қосиекенділердің, кейбір омыртқасыздардың дамуы.

Тікелей даму-личинкасыз және ұрықтың жатырда дамуы арқылы жүреді. Личинкасыз даму типі құстарда,жорғалаушылардан балықтарда байқалады, олардың жұмыртқалары сарыуызға бай келеді, сондықтан ьолық дамып жетіледі. Ұрықтарында қоректік , тыныс алу, зәр шығару қызметтерін уақытша аиқаратын провизорлық мүшелер қалыптасады. Тікелей дамудың жатырда жетілу типі тек жоғары сатыдағы сүтқоректілерге тән.Адам онтогенезі 3 кезеңге бөлінеді:

Информация о работе Адамның туа біткен ақаулықтары