Азаматтық қорғаныс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 17:02, доклад

Краткое описание

Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы;

Вложенные файлы: 1 файл

Азаматтық қорғаныс.doc

— 98.50 Кб (Скачать файл)

           

 

 

 

              Реферат

      Тақырыбы: «Азаматтық қорғаныс»

 

 

 

 

 

 

 

                            Орындаған: Көңілқошева Ару

                              Тексерген:

                         

                             2012-2013 оқу жылы

                                  Жоспар:

1) Жалпы ережелер

1-бап. Осы  Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан  Республикасының Азаматтық қорғаныссаласындағы  заңдары

3-бап. Азаматтық  қорғаныстың негiзгi мiндеттерi

4-бап. Азаматтық  қорғанысты ұйымдастырудың принциптерiмен тәртiбi

2)Қазақстан Республикасының халқын, аумағы мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау саласындағыазаматтық қорғаныс шаралары

5-бап. Халықты,  аумақтар мен шаруашылық жүргiзуобъектiлерiн  табиғи және техногендiк сипаттағытөтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

6-бап. Жер  сiлкiнiсiнен қорғау жөнiндегi Азаматтыққорғаныс  шаралары

7-бап. Теңiздер  мен iрi су айдындары деңгейлерiөзгеруiнiң  зардаптарынан қорғау жөнiндегiАзаматтық  қорғаныс шаралары

8-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарын игеругебайланысты төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегiАзаматтық қорғаныс шаралары

9-бап. Халықты,  аумақтар мен шаруашылық жүргiзуобъектiлерiн  осы заманғы зақымдау құралдарынанқорғау  жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

10-бап. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалықшаралары

11-бап. Азаматтық  қорғаныс бойынша мамандар мен  халықтыдаярлау

 

 

 

 

 

 

 

1-бап. Осы Заңда  пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар  пайдаланылады:

Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы;

Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi - Қазақстан  Республикасының Үкiметi құратын  Азаматтық қорғаныстың әскер  бөлiмдерi;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар  қызметтерi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылатын, әкiмдер, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi;

Азаматтық қорғаныс күштерi - Азаматтық  қорғаныстың әскери бөлiмдерi, аумақтық, объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтары;

Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектiлiк құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамалары;

Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Азаматтық  қорғаныс саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

Азаматтық қорғаныстың басқару  органдары - бейбiт уақытта және соғыс  уақытында Азаматтық қорғаныс iс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар;

"Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен  және басқа да дабыл беру  құралдарымен берiлетiн бiрыңғай  дабылы. Осы дабыл бойынша халық  теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын iске қосып қоюға, берiлiп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, iс-әрекет тәртiбi мен жүрiс-тұрыс ережелерi жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi;

жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделi объектiлерде iздеу-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;

қорғану құрылыстарының қоры - өндiрiстiк  персонал мен халықты осы заманғы  зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлiк құрылыстардың жиынтығы;

шаруашылық жүргiзу объектiлерi - өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және қоғам қызметiнiң басқа да салаларының  мүдделерi үшiн пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;

эвакуациялық органдар - халықты, материалдық  құндылықтарды қауiпсiз аймаққа  эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндiрiстiк  қызметтi және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн орталық  және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары.

2-бап. Қазақстан Республикасының  Азаматтық қорғаныссаласындағы  заңдары

1. Қазақстан Республикасының азаматтық  қорғаныс саласындағы заңдары  Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.   
2. алып тасталды

3-бап. Азаматтық қорғаныстың  негiзгi мiндеттерi

Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн  қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар  болып табылады:

1) басқару, құлақтандыру және байланыс  жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту  және оларды ұдайы әзiрлiкте  ұстау;

2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше  жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға  ұдайы әзiрлiкте ұстау;

3) орталық және жергiлiктi атқарушы  органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн  даярлау және халықты оқыту;

4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;

5) Азаматтық қорғаныстың әскери  құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;

6) шаруашылық жүргiзу салалары мен  объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын  арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;

7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының  және Азаматтық қорғаныстың басқа  да мүлкiнiң қорларын жинау  және әзiрлiкте ұстау;

8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың  өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;

9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа  да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап  шеккен халықтың тiршiлiгiн және  оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды  ұйымдастыру;

10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ  шикiзаттарын, жемшөптi, мал және  өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен  қорғау.

4-бап. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың  принциптерiмен тәртiбi

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында  аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша  ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан  Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы  зақымдау құралдарының дамуы және аталған  аумақта, салада немесе ұйымда барынша  ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде  және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгiлейтiн  тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша  қалаларды топтарға, ал ұйымдарды  санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру  мен жүзеге асыруға Қазақстан  Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының  халқын, аумағы мен

шаруашылық жүргiзу объектiлерiн  қорғау саласындағы

азаматтық қорғаныс шаралары

5-бап. Халықты, аумақтар  мен шаруашылық жүргiзуобъектiлерiн  табиғи және техногендiк сипаттағытөтенше  жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтыққорғаныс  шаралары 

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн  қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс iс-шаралары алдын ала жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдары мен халқы үшiн мiндеттi болып табылады. 

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында:  
1) уәкiлеттi орган:  
халықты және аумақтарды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтарына бекiтуге берудi;  
шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын бекiтудi;  
шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн бекiтудi;  
төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөнiндегi күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзiрлiк жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетудi;  
мониторинг жүйесiн ұйымдастыруды, халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн техногендiк авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкiндер мен басқа да қауiптi экзогендi құбылыстар туралы құлақтандыруды;  
2) жергiлiктi атқарушы органдар:  
ықтимал су тасқындарын, селдердi, көшкiндердi және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;  
төтенше жағдайлар кезiнде баспанасыз қалған халық үшiн уақытша тұрғын үй резервiн жасауды;  
тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнде азық-түлiктiң, дәрi-дәрмектiң және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды;  
3) ұйымдар:  
шаруашылық жүргiзу объектiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi;  
шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн әзiрлеудi;  
төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөнiндегi күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзiрлiк жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетудi;  
мониторинг жүйесiн, персоналды, шаруашылық жүргiзу субъектiлерiн және халықты техногендiк авариялар туралы құлақтандыруды ұйымдастыруды;  
ықтимал су тасқындарын, селдердi, көшкiндердi және басқа да қауiптi экзогендi құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;  
тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнде азық-түлiктiң, дәрi-дәрмектiң және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды жүргiзедi.

6-бап. Жер сiлкiнiсiнен  қорғау жөнiндегi Азаматтыққорғаныс  шаралары

1. Халықты, аумақтар мен шаруашылық  жүргiзу объектiлерiн ықтимал жер  сiлкiнiстерiнен қорғау мақсатында  алдын ала мынадай шаралар кешенi жүргiзiледi:

сейсмологиялық байқаулар мен  жер сiлкiнiстерiн болжаудың республикалық  жүйесiн дамыту;

республика аумағының сейсмологиялық қауiптiлiгiн ғылыми тұрғыдан болжау, бағалау және оны сейсмологиялық ықшам аудандарға бөлу;

құрылыс нормалары мен ережелерiн  сейсмологиялық қауiптi ескере отырып жасау;

сейсмикалық орнықты үйлер мен  ғимараттардың тиiмдi конструкцияларының және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң  сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есептерiн  ғылыми тұрғыдан негiздеу және оларды жобалау;

сейсмикалық орнықты үйлер мен  ғимараттар құрылысының сапасын  бақылауды жүзеге асыру;

бұрын салынған үйлер мен ғимараттардың  сейсмикалық жағынан орнықты  болуын және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

аумақтарға құрылыс салуды ықтимал  сейсмикалық әсерлердi ескере отырып реттеу.

2. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын  жою кезiнде мынадай шаралар  жүргiзiледi:

жер сiлкiнiсi туралы ақпарат алу, шешiм  қабылдау және оны республика аймақтарына  жеткiзу;

iздеу-құтқару және басқа да  шұғыл жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарының iс-қимылына және жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын  жою жоспарына сәйкес басқа да шараларға басшылық жасау.

3. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, ұйымдардың басшылары өз құзыретi шегiнде болуы ықтимал жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау және олардың экономикалық залалын азайту мақсатында алдын ала:

халық пен қоршаған ортаға аса қауiп  төндiретiн, шаруашылық жүргiзу объектiлерi орналасқан ведомстволық бағыныстағы аумақтарда, сондай-ақ интенсивтi түрде мұнай, газ өндiрiлетiн аудандарда және жерасты жұмыстарында сейсмикалық аудандастыру жүргiзу мен сейсмикалық қауiпке баға берудi ұйымдастыруға;

үйлер мен ғимараттарды, ең алдымен  тұрғын үйлердi, мектептердi, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, ауруханаларды, адамдар жаппай болатын басқа үйлердi, ғимараттарды және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде (жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау және байланыс, канализация), химиялық және жарылыс қаупi бар өндiрiстердi сейсмикаға қарсы күшейту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;

сейсмикалық жағынан осал үйлер  мен ғимараттарды күрделi жөндеуден  өткiзген кезде олардың құрылыс  конструкцияларын мiндеттi түрде сейсмикаға қарсы күшейтудi көздеуге;

үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық  орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiнде  арнаулы шаралар қолданбайынша  оларды салуға, сондай-ақ тектоникалық жарық шақтар, топырағы жайсыз аймақтарда және көшкiн болу қаупi бар беткейлерде  құрылыс салуға жол бермеуге мiндеттi.  

Информация о работе Азаматтық қорғаныс