Биологиялық мембраналар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2015 в 20:14, реферат

Краткое описание

Әрбір клетка негізінде ядро мен цитоплазмадан және пішіні, көлемі, құрылысы, химиялық қасиеті, атқаратын кызметі әр түрлі структуралық заттардан тұрады (1-сурет).
Цитоплазма(грекше "цитос" — ыдыс (клетка), "плазма" — жасалған, қалыптасқан) — өсімдік және жануарлар клеткасы протоплазмасының ядро мен қабықшадан басқа барлык элементтері болатын клетка құрамы.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Биологиялық мембраналар
Биологиялық мембраналардың түрлері
Биологиялық мембрананың моделі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

biologialyk_membrana.docx

— 220.36 Кб (Скачать файл)

 

 

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. Биологиялық мембраналар
  2. Биологиялық мембраналардың түрлері
  3. Биологиялық мембрананың моделі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Әрбір клетка негізінде ядро мен цитоплазмадан және пішіні, көлемі, құрылысы, химиялық қасиеті, атқаратын кызметі әр түрлі структуралық заттардан тұрады (1-сурет).

Цитоплазма(грекше "цитос" — ыдыс (клетка), "плазма" — жасалған, қалыптасқан) — өсімдік және жануарлар клеткасы протоплазмасының ядро мен қабықшадан басқа барлык элементтері болатын клетка құрамы. Цитоплазма гиалоплазмадан, органоидтардан және уақытша құрамдардан тұрады. Онда белоктар синтезі және клеткаға тән басқа зат алмасу процестері жүреді. Ядро мен органоидтардың өзара әсерін және қатынасын қамтамасыз етеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Биологиялық мембраналар

 

 

   2-сурет. Биологиялық  мембрана (көлденең кесіндісінін  сызба-нұсқасы):

1-фосфолипидтердің   молекуласының  екі қатар қабаты;

2-белоктік қабат; 3-тоннельдік  белок.

Биологиялық мембрана — клетканың және клетка ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), белокты-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты клеткада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана клеткалық мембрана депаталады. Клеткалық мембрана қосқабатты белокты –липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер   20 ғасырдың басында белгілі болды.

 

 

 

 

 

 

 

Биологиялық мембрананың түрлері

  • Жасушалық мембрана

  • Жасушаішілік мембраналар

  • Базальды мембрана

Мембрана негізінен екі маңызды қызмет атқарады: матрицалық, барьерлік (кедергі). Әр түрлі қызмет атқаратын белоктарды ұстап тұратын, керексіз бөлшектерді енгізбей жасуша мен жеке омпартаменттерді қорғаушы. Мысалы, улы зат ішкен кезде.

Мембраналардың қалыңдығы бірнеше нм шамасында, сондықтан оны оптикалық микроскоппен емес, электрондық микроскоппен ғана көруге болады

Мембрананы құрайтын липид молекулалары амфипатикалық қосынды болып келеді.

Қызметі жағынан:

  • Полярлық (гидрофильды) “бастары”

  • Гидрофобты “құйрықша”

Екі қабатты липидтік қабат екі жеке моноқабаттардан құрыладыГидрофобты “құйрықшалары” ішке бағытталады. Бұл кезде молекуланың гидрофобтық бөліктерінің сумен жанасу беті ең аз болады.

Кез келген мембрананың негізін екі қабаттық липидтер құрайды.

Мембраналық липидтер 3 негізгі класқа бөлінеді:

  • фосфолипидтер

  • гликолипидтер

  • стероидтар

Фосфолипидтердің тығыздығы фосфолипидтер құрамына қандай май қышқылдарының енуіне байланысты болады.

Холестерин – стероидтар мембрана тығыздығынаәсеретеді.

БМ –да холестериннің көбеюі мембрананың тығыздығын арттырып, заттар үшін өтімділігін азайтады.

Ақуыздар (белоктар) арқылы толықтай және жартылай  мембрананың арнайы қызметі:

  • өткізгішті

  • активті тасмалдау

  • электрлік потенциал өндіру т.б. жүзеге асады

 

Биологиялық мембрананың моделі

Сэндвич (бутерброд) моделі

   3-сурет. Биологиялық  мембрананың моделі

1931 жылы  Н.Девсон және  Р.Даниелли сэндвич (бутерброд) моделін ұсынды.

1972 жылы Синджер мен Николсон су-ауа немесе су-май аралығындағы фосфолипидтердің моноқабаттары орналасқан сұйықтық – мозаикалық моделі ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұйықтық – мозаикалық моделі

 

4-сурет. Биологиялық  мембрананың  сұйықтық – мозаикалық моделі

1 -полярлы липид молекулосының  басы; 2 - липид молекулосының көміртегі-сутегі  қосылысы; 3 – интегралды ақуыз.

 

Мембрананың сұйық мозаикалық моделінің негізіне - липидтік биқабатты мембрана алынған.

Фосфолипидтік негіз ішінде жартылай батып, қалқып жүрген белоктары бар еріткіш тәріздес.

 

Жасанды биомембрана

Бұл модельде биологиялық  мембрана моделі ретінде липосома қарастырылады.

Бұл су мен фосфолипидтер қоспасын ультрадыбыс арқылы өңдеген кезде алынатын билипидтік мембранадан тұратын кішкентай көпіршіктер (везикулалар)

Липосомалар толығымен белоктық мембраналардан тазаланған биологиялық  мембрана тәріздес болады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. «Химия» Ақанбаев.  

 

2. «Биология» Оқулық   

 

3. Қазақ ССР Энцеклопедиясы. 2-том. 

 

4. Бейорганикалық және  аналитикалық  химия. Ж.Шоқыбаев. 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Биологиялық мембраналар