Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 20:54, лекция
Бүйректегі тас
Бүйректің ауруы басқа түскен елеулі қасіреттің бірі. Өйткені, ол адам жанын жегідей жейтін дертке жатады. Бүйректегі аурулар алдымен құмның, содан кейін бүйрек пен қуықта тастың пайда болуынан басталады. Ең бірінші кезекте сүт пен сүт тағамдарын шамадан тыс артық пайдаланудың көрінісі. Тағы да, тамақтану мәселесіне оралып жатпай-ақ, бүйректегі тазалаудың халық арасында кең тараған, тиімді де ең залалсыз түрлеріне көшейік.
Бүйректегі тас
Бүйректің ауруы басқа түскен елеулі
қасіреттің бірі. Өйткені, ол адам жанын
жегідей жейтін дертке жатады. Бүйректегі
аурулар алдымен құмның, содан кейін бүйрек
пен қуықта тастың пайда болуынан басталады.
Ең бірінші кезекте сүт пен сүт тағамдарын
шамадан тыс артық пайдаланудың көрінісі.
Тағы да, тамақтану мәселесіне оралып
жатпай-ақ, бүйректегі тазалаудың халық
арасында кең тараған, тиімді де ең залалсыз
түрлеріне көшейік.
Қарбызбен тазарту
Бұл процедураны жаздың соңында,
қарбыз маусымы кезінде жасайды. Ол үшін
бір апта бойына қарбыз бен қара нан ғана
жейсіз. Бұл әрі тамақ, әрі сусын ретінде
сіздің бір аптаны, тіптен одан көбірек
мерзімді қиналмай өткеруіңізге мүмкіндік
беретін, әрі ешқандай залалы жоқ тамаша
емдік тәсіл ретінде бағаланады.
Бір апта өткеннен кейін ыстық ванна қабылдай
отырып, үстін-үстін мұздай қарбыз жеу
керек. Бұл мерзім бүйректің белсенділігі
артатын 17-21 сағат аралығына немесе түнгі
2-3 аралығына тұспа-тұс келгені жөн. Ыстық
ванна мен мұздай қарбыз зәрді қуалайды
және онымен бірге тас пен құм сыртқа шығады.
Мұны пышақсыз операция десе де болады.
Сондықтан жүрегі сыр беретіндер үшін
корвалол, валидол, мүсәтір (нашатыр) спиртін
дайындап қоюға кеңес беріледі. Нәтиже
күткендегідей болмаса араға екі апта
салып процедураны қайталау қажет.
Пихта майымен тазарту
Жыл маусымының жағдайына қарай бір апта
бойына зәр бөлетін тұнбалардың бірін
әселмен ішеді. Бұл кездегі тамақтану
вегетарианды. Ал, жетінші күні бұл тұнбаны
пихта майымен қосып бес күнге дейін ішеді.
Жазда қарбызды, күзде және қыста дущиса,
шалфей, спорыш, мелисса, итмұрын (шиповник)
немесе зверебой шөптерінің 50 грамынан
жасалған тұнбаны пайдаланады. Оны 1 стақан
қайнаған суға салып, қошқыл түске жеткізе
демдейді. Бір апталық дайындықтан соң
ішіп жүрген 100-150 грамм тұнбаңызға 5 тамшы
пихта майын қосып, тамақтың алдында 30
минут бұрын күніне 3 реттен бір апта бойы
қабылдайды. Оны әбден араластырып барып,
түтікше арқылы ішпесе тісті бүлдіреді.
Нәтижесі бір аптадан соң, немесе бір айдан
соң байқалуы да мүмкін. Егер осы айтқандай
өзгеріс бола қоймаса екі аптадан кейін
процедураны қайталауға болады.
Бұл әскери әдіс деп те аталады. Ол үшін
1-2 литр сары түсті сыраны ішеді де белге
грелка байлап, баспалдақ бойымен жоғары-төмен,
жоғары-төмен зәр қыстағанша жүгіреді.
Одан соң 5-6 минут демалып барып, дәретханаға
шығады.
Егер бүйректегі тастың көлемі 0,5 сантиметрден
үлкен болса, онда бұл шараларды қолдануға
болмайды, дәрігерге көріну керек.
Жоғарыдағы тазалау әдістерінен кейін
бүйректегі тас пен құмды тезірек қозғалысқа
келтіру үшін «жемтігіне ұмтылған аш жолбарыс»
жаттығуын жасау жақсы нәтиже береді.
Ішпенен етпеттей жатып, аяқ пен қолды
бір мезгілде серпи 3-5 рет жоғары көтереді.
Әлгі жаттығуыңыз осы.