Вирустардың генетикалық сипаттамасы.ДНҚ және РНҚ-сы бар вирустар. РНҚ-сы бар вирустардың геномикалық репликация әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2014 в 00:22, реферат

Краткое описание

Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыстар мен о қиғаларға өз көзқарасын білдіруге және олардың маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

1 Тарих.docx

— 15.76 Кб (Скачать файл)

1               Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз   жағдайын  айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыстар мен о қиғаларға өз көзқарасын білдіруге және олардың маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып табылады.

Тарих ғылым ретінде халықтың ұлттық санасын қалыптастыруы, әсіресе, өз тәуелсіздігін жариялаған кезде орнықтыруы және әлемдік қауымдастықта өзін тең құқылы мүше ретінде сезінуі тиіс.

Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар:

1.     Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;

2.     Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;

3.     Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;

4.     Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.

Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.

Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.

Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаттары мынадай:

-         тарихи дәуірлерге талдау жасау;

-         этностық тарихқа талдау жасау;

-         түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;

-          түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.

2     Қ Т кезеңдерге бөлу

  • Ежелгі дүние тарихы (адамның п.б. бастап - 476 жылы Батыс Рим империясының құлағанына дейін)
  • Орта ғасырлар тарихы(VI-XVII ғ)
  • Жаңа заман тарихы (XVIII-XIX)
  • Қазіргі заман тарихы(XX ғ басынан бүгінгі күнге дейін)

3    Қазақстан тарихының дерек көздерінің түрлерін былайша жіктеледі: 1. археологиялық деректер; 2. Жазба деректері, 3.фольклорлық деректер және халық ауыз әдебиеті дерек ретінде (батырлар жырлары, эпостар, дастандардағы ұлтымыз тарихына байланысты мәліметтері); 4. жылнамалар, 5. Мерзімді басылымдар; 6. Заң актілері; 7. Шежіре. Бұл шартты түрлері.  
 
Деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшеліктеріне қарай үлкен типтік топтар сыныпына, оның ішінде шағын топтарға бөлуге болады: 
 
-заттай деректер – археологиялық ескерткіштерден бастап қазіргі машиналар мен техникаға дейін; 
 
-көркем сурет деректері-сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары; 
 
-сөздік деректер – күнделікті сөйлеу мәнерінен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткіштері толығымен; 
 
-жазба деректер-этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы  сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі; 
 
-дыбысты деректер – сөзсіз немесе сөзбен бірге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.); 
 
-салттық деректер – тұрмыста, мінез-құлыққа қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.

4    Археология ғылымы адамзаттың өткен тарихын заттай дерек - тарихи мұралар арқ.зерттейтін тарих ғылымының құрамдас бөлігі.гр-ше "архео" - көне, "логос" - зерттеу деген мағ. Археология ежелгі уақыттағы тарихи оқиғалар , қоныстар мен қалалар, кесенелер мен зираттар болған орында қазба жұмыстарын жүргізіп, заттық деректерді зерттеумен айналысады. 

Антропология - адамның дене бітімін,сүйек қалдықтарын,нәсілін,түрін зерттейді.Ертеде адамдар өз өмірінен кейінге белгілі бір із қалдырып отырған. Мысалы, сүйек қалдықтары,қарулар,еңбек құралдары т.б.

Этнография - Халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, тілін, дінін, шаруашылығын зерттейтін ғылым. "этнос"-халық,"графия"-жазу деген мағ.Мысалы, Қаз.да қазақ этносымен қатар 100-ден астам этнос өкілдері бар.Олардың бәрі Қазақстан халқын құрайды.

 


Информация о работе Вирустардың генетикалық сипаттамасы.ДНҚ және РНҚ-сы бар вирустар. РНҚ-сы бар вирустардың геномикалық репликация әдістері