Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 19:07, контрольная работа
Қазіргі кезде микробиологиялық жолмен дәрумен В2-ны, A және В дәруменінің алғы заты эргостерин және биотинді тауықтар мен торайлар үшін өндіреді. Дүние жүзінде дәрумендерді 40 фирма өндіреді, олардың 18 - АҚШ-та, 8 - Жапонияда, 14 - Батыс Еуропада орналасқан. Дәрумендерді өндіру көлемі бойынша бірінші орында швейцарлық концерн Hoffman La Roche, ол барлық жалпы өндірілетін дәрумендердің 50-70%-ын құрайды. Биотехнологияның қарқынды дамып келе жатқан бағыты - медициналық биотехнология.
1. Витаминдер жайлы түсінік.
2. Суда еритін витаминдер.
Тақырыбы: Витаминдер
Жоспар.
1. Витаминдер жайлы түсінік.
2. Суда еритін витаминдер.
Лекция мақсаты: жоғары физиологиялық активтілік көрсететін төменгі молекулалық заттар табиғатын үйрену.
Лекция мәтіні.
1. Дәрумендер (витаминдер) - аз концентрацияда жоғары физиологиялық активтілік көрсететін төменгі молекулалық заттар. Табиғатта дәрумендердің негізгі көзі - өсімдіктер мен микроорганизмдер болып табылады. Қазіргі кезде микробиологиялық жолмен дәрумен В2-ны, A және В дәруменінің алғы заты эргостерин және биотинді тауықтар мен торайлар үшін өндіреді. Дүние жүзінде дәрумендерді 40 фирма өндіреді, олардың 18 - АҚШ-та, 8 - Жапонияда, 14 - Батыс Еуропада орналасқан. Дәрумендерді өндіру көлемі бойынша бірінші орында швейцарлық концерн Hoffman La Roche, ол барлық жалпы өндірілетін дәрумендердің 50-70%-ын құрайды. Биотехнологияның қарқынды дамып келе жатқан бағыты - медициналық биотехнология.
Витаминдер - әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады.
2. Суда еритін витаминдер / В тобындағы витаминдер/ .
Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5 /РР/, В6, Вс, В12, Н, С және Р жатады. В тобындағы витаминдер – суда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдер және олардың туындылары көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелілігі және бағыты осыларға байланысты. В тобындағы витаминдердің біреуі жетіспесе, организмдегі биохимиялық реакциялар бұзылып, алуан түрлі патологиялық процестер пайда болады. В1 витамині / тиамин. Тиаминнің биологиялық активтігі фосфорлану процесінен кейін ғана пайда болады. Тиаминнің фосфорлы туындысы тиаминпирофосфат липоев қышқылымен бәрігіп, пирожүзім қышқылын карбоксилсыздандыру құбылысына қатысатын ферменттер құрамына кіреді.Тиамин жетіспегенде карбоксилазаның пайда болуы бұзылып, пирожүзім қышқылы одан әрі ыдырамағандықтан оның қандағы мөлшері бірсыпыра көбейеді. Ал пирожүзім қышқылының жиналуы орталық және шеткі жүйке жүйелері бөлімдерінің қызметіне ұнамсыз әсер ететіндіктен полиневрит ауруы пайда болады.
В2 витамині / рибофлавин/.Осы витамин тотықтандыратын сары ферменттер /ФАД, ФМН/ құрамына кіреді. Бұл витамин көмірсулардың алмасуына, глюкоза мен галактозаның ішекте сіңірілуіне қатысады. Көру органының, жыныс бездерінің, жүйке жүйесінің қалыпты қызметіне және төлдің құрсақта өсуіне рибофлавин қажет.
Рибофлабин жетіспеуінен организмдегі органикалық заттардың тотығуы бұзылады. Мысалы, бұл жағдайда қанттардың алмасуы бұзылып, бауырдағы гликогеннің пайда болуы төмендеп, сүт пен пирожүзім қышқылдарының тотығуы тоқтайды.
Рибофлабин жетіспеген жағдайда организм белок пен амин қышқылдарын нашар пайдаланады.
В3 витамині / пантотен қышқылы/. Пантотен қышқылы
/ грек. Пантос – желаяқ/ 1943 жылы қолдан жасалды. Пантотен қышқылы ашық сары, жабысқақ сұйық. Бұл қышқыл өзінің биологиялық активтігін организмде А коферменті ретінде көрсетеді.
Пантотен қышқылы жеткіліксіз болса, организмнің өсіп – жетілуі баяулайды, терісі зақымданады, жүйке жүйесінің қызметі және ішкі секреция бездерінің жұмысы бұзылады.
1914жылы К. Функ пеллагра ауруын жазатын заттың табиғатын анықтады. Бұл зат никотин қышқылы болып шықты.
Никотин қышқылы – ақ түсті, қышқылдау, суда жақсы еритін, кристалдар. Ол жоғары температураға, күн сәулесіне, ауаға, сілтілі ерітінділерге тұрақты. Никотин қышқылы амидінің де витаминдік қасиеті бар.
Никотинамид зат алмасуына өте қажетті ферменттердің /кодегидраза, кодегидрогеназа, немесе НАД, НАДФ/ құрамына коферменттер ретінде кіреді. Ал бұл ферменттер сутегінің алмасуына әсер етеді. Бұл витаминнің рационда жетіспеуі пеллагра дейтін ауыр індетке ұшыратады.
В6 витамині /пиридоксин/.В6 витамин тобына пиридоксил немесе пиридоксин, пиридоксаль мен пиридоксамин кіреді.
Пиридоксин жетіспегенде жануарлардың азықты пайдалануы мен өсуі нашарлап, терісі қабынып /дерматид/, аяқтары құрысып және жансызданып, қандағы темірдің мөлшері көбеюіне қарамастан қанның жалпы мөлшері азайып гипохромдық анемия пайда болады.
В12 витамині / цианкобаламин/. Витаминнің құрамында кобальт болғандықтан, оны оны кобаламин деп атайды.
Суда еритін витаминдер.
Суда еритін витаминдерге Н, С және Р жатады.
Свитамині /аскорбин қышқылы/. С витамині су мен метиль спиртінде жақсы, этиль спиртінде нашар еритін, ацетон мен эфирде ерімейтін ақ кристалды ұнтақ.
Химиялық жағынан С витамині – аскорбин қышқылы. Организмде бос аскорбин қышқылы қалпына келтірілген / аскорбин қышқылы/ және тотыққан /дигидроаскорбин қышқылы/ түрінде кездеседі.
С витаминнің жануарлар организміндегі физиологиялық мәні өте үлкен. Клеткалардың тыныс алуына, белоктар мен қанттар алмасуына қатысу, организмнен улы заттарды шығару – аскорбин қышқылының негізгі биологиялық ролі. Аскорбин қышқылы дәнекер тканінің, коллаген мен хондрамукоид белоктарының бауырдағы гликогеннің пайда болуына, қарын шырынының бөлінуіне, тирозин қышқылының тотығуына, нуклеин қышқылдарының өзгеруіне қатысады.
С авитаминозының белгілері:
С витаминінің ұзақ уақыт жетіспегендігінен құрқұлақ ауруы пайда болады. Бұл авитаминоздың төрт белгісі бар : ішектің зақымдануы, ет пен теріге қан құйылу, буын мен сүйектердің өзгеруі және қанның азаюы.