Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 23:34, реферат

Краткое описание

Гидросфера (гр. Һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен Гидросфера теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Гидросфера.doc

— 86.00 Кб (Скачать файл)

Кіріспе.

 

Гидросфера (гр. Һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен Гидросфера теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. [1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді; 
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м)

Гидросфераның ластануы — ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты суларын ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы

Гидросфера —  Жер шары суларының жиынтығы, агрегаттық күйіне (сұйык, қатты және газ) қарамастан, химиялық байланыспаған барлық суды қамтитын Жердің сулы қабығы. Ылғал айналымы процесінде судың барлық турі бірінен екін- шісіне өтеді. Гидросфера мұхиттардың, теңіздердің, құрлықтың жер асты және жер үсті суларын қамтиды. Судың біршама мөлшері атмосфера мен тірі организмдерде болады. Көбінесе Гидросфера деп жер бетінің 71%-ын құрайтын теңіздер мен мұхиттарды ғана санайды. Гидросфера көлемінің 96%-ын теңіздер мен мұхиттар, 2%-ға жуығын жер асты сулары, шамамен, 2%-ын мүздар мен қарлар (негізінен, Антарктида мен Гренландияның), 0,02%-ын құрлықтың жер үсті сулары (өзендер, көлдер, батпақтар) құрайды

Гидросфера –  табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау. Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.  
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.  
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Гидросфера — Жер су қабығы, ол ғаламшардағы химиялық қосылысқа түспеген аймақтардың барлығын (сұйық, қатты және бу түріндегі) қамтиды. Гидросфераны a құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды. Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға:

Дүниежүзілік мұхит пен онын бөліктерін зерттейтін мұхиттану және құрлықтағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі.

Гидросфераның жалпы көлемі, шамамен, 1,4 млрд км3. Бұл  орасан мол су массасының тек 2,5%-ы  ғана тұщы су, қалған бөлігін Дүниежүзілік мұхит пен құрлықтағы ащы сулар  құрайды. Тұщы сулардың басым бөлігі мұздықтарда шоғырланған. Гидросфераның құрамдас бөліктері мен олардағы су 3-кестеде көрсетілген.

Судың қасиеттері

Су — Жершарындағы ең көп таралған айрықша зат, химиялық құрамы жөнінен сутек оксиді (Н2О) болып табылалы. Оның өзіне тән қасиеттері бар, бұл қасиеттерінің географиялық қабыққа жүретін процестерінің маңызы зор.

Біріншіден, суқалыптыжағдайдыңөзіндеүшбірдейкүйдеболаалады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы белгілі бір мелшерде жылу жұмсалады (булану, қармен мұздың еруі) немесе бөлініп шығады (конденсация, судың қатуы). Мысалы, 1 г суды буландыру үшін жұмсалатын жылу 1 г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 еседей артық болады.

Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде көлемін ұлғайтады. Таза су қалыпты қысым жағдайында +100°С-тақайнап, 0°С-тақататынын білесіңдер.

Гидросфераның құрамдас бөліктері  және олардағы су көлемі

Гидросфераның құрамдас бөліктері

Су  көлемі, км3

Дүниежүзілік мұхит

1 370 000 000

Жерасты сулары

60 000 000

Топырақ ылғалы

82 000

Мүздықтар

24 000 000

Көлдер

230 000

Өзендер

1 200

Атмосферадағы су

14 000

Барлығы

1 454 327 200


 
Қатқан мезетте судың көлемі күрт артып, бастапқы сұйық күйіндегі  көлемінен 10%-ға жуық ұлғаяды. Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы бар. Су айдындарының бетін жалған мұз судың төменгі қабаттарының одан әрі салқындауына жол бермейді. Өйткені, су қатқан сайын тығыз бола берсе, су айдындары түбінен бастап қатар еді. Мұндай орасан мол мұз жаз кезінде еріп үлгермес еді, мүның өзі қоршаған ортаға, судағы тіршілікке кері әсерін тигізген болар еді.Үшіншіден, су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның құрамында еріген күйде азды-кепті бөгде заттар кездеседі. Суда тұздардың шоғырлану мөлшері, яғни тұздылығы әркелкі болады. Судың тұздылығын бір литрдегі грамм есебімен (г/л), пайыз (%) және промилле (%о) есебімен өлшейді.

Судың тұздылығы артқан сайын, қату температурасы  төмендей береді. Сол себепті тұздылығы жоғары болатын терең көлдердің небір қатты аяздарда да қата қоюы қиын. Ал мұхит жағдайында беткі түзды су қату барысында біртіндеп тығыздығы артып, теменге батады. Осының нәтижесінде мұхиттың неғұрлым төмен қабаттарына оттек жеткізіліп, ондағы тіршілікті қамтамасыз етеді.Төртіншіден, су баяу жылынып, баяу суиды. Бұл судың жылу сыйымдылығының өте жоғары болуымен түсіндіріледі. Судың жылу сыйымдылығы құмға қарағанда 5 есе, темірмен салыстырғанда 10 есе жоғары. Ал судың ауамен салыстырғандағы жылу сыйымдылығы 3 мың есе жоғары. Яғни, 1 см3 суды 1°-қа салқындату барысында 3 000 см3 ауаны 1°-қа жылытуға жетерлік жылу бөлінеді. Дүниежүзілік мұхиттың ғаламшарымыздағы алып жылу жинақтағыш ретіндегі рөлі судың осы маңызды қасиетімен түсіндіріледі. Тіпті кішігірім су айдынының маңында айрықша жұмсақ климаттың орнайтындығы да осыған байланысты.

Судың аталған ғажайып қасиеттері Жер  шарында тіршіліктің пайда болып, дамуына және сақталуына жағдай жасады. Қасиеттеріне байланысты су географиялық қабықта жүріп жатқан проаегкряа маңызды рөл атқарады.

Табиғаттағы су айналымы, оның манызы ауырлық күші әсерінен гидросфера, атмосфераны қамтитын үздіксіз айналымын Дуниежузілік ылғал  деп атайды. Күн жылуы әсерінен теңіздер мен мұхиттардың, көлдермен  қатар, топырақ пен өсімдіктерде буландырушы сфераға бөлініп шығады. Су айналымында ауа алғалдығылығы: ауа массалары мұхит үстінен буланған ылғалдық апарып жеткізеді. Жаңбыр күйінде жер бетіне қайта су айдындарын толықтырып, біразы топыраққа сіңеді, өсімдіктер оның артық бөлігін қайтадан бу күйінде атмосфераның Құрлық өзендері өз суын теңіздер мен мұхиттарға жеткізіп, орнын толтыруға өз үлесін қосады. Ал теңіздер мен эсухнтадам су атмосфераға түсіп, айналым тұйықталады.Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер су айналымының төмендігін дәлелдеп отыр. Өйткені, атмосфераның жоғары қабатына күн сәулесінің әсерінен оттек пен сутек иондарына ыдырап, ғарышқа өтіп кетеді. Ал жанартау атқылаулары барысында жердін ішкі келетін су (шамамен, жылына 130 млн т) гидросфераны толықтырып, осы сулар есебінен гидросфераның көлемі ұлғайып келеді деген болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 млрд км3 (гидросфера көлемінен 151 артық) деп шамалануда.Судың барлық табиғат құрамбөліктерін қамтитын айналымы миллиондаған жылдар бойы тоқтаусыз жүруде. Жыл ішінде гидросфераның мардымсыз бөлігі ғана айналымға түседі

 

 

Гидросфераның құрамдас бөліктерінің жанару кезеңдері

Гидросфераның кұрамдас беліктері

Жаңару  кезеңі

Гидросфераның құрамдас бөліктері

Жаңару  кезеңі

Дүниежүзілік  мұхит

2500 жыл

Х

Х

Жерасты сулары

1400 жыл

Көлдер

17 жыл

Топырақтағы ылғал

1 жыл

Батпақтар

5 жыл

Полярлық  мұздыктар мен тұракты қар  қабаты

9700 жыл

Өзен  арналарындағы сулар

16 тәулік

Тау мұздықтары

1600 жыл

Атмосфералык  су

8 тәулік

Көпжылдық тоң аймактарындағы жерасты мұздары

10000 жыл

Биологиялык су

Бірнеше сағат


Су  айналымы литосфера, гидросфера мен атмосфераны бір-бірімен байланыстыру арқылы географиялық қабықты қалыптастырды. Осы шарының жаңа қабығы — биосфераның (тіршілік қабығы) түзілуіне жасады. Су айналымының табиғаттағы айрықша рөлі мұнымен ғана тоқталмайды. Ылғал айналымы барысында жылудың алмасуы қоса жүреді. Өйткені бір жерде булануға жылу жұмсалса, екінші бір жерде ылғалдың конденсациялануы барысында, керісінше жылу бөлініп шығады. Бір жыл ішінде су айналымына Күннен келетін жылудың 25%-ға жуығы қатысады. Сонымен су мен жылуды тасымалдау арқылы су айналымы Жер шарының табиғат кешендерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.Су айналымына адамның шаруашылық әрекеті елеулі түрде ықпал етуде. Ормандардың жойылуы, орасан зор егістік алқаптардың пайда болуы, батпақтарды құрғату мен шөлдерді суландыру, жасанды алып бөгендердің құрылысы, шаруашылық мақсатта пайдаланылатын су мөлшерінің күрт артуы Жер шарындағы гидрологиялық, яғни сумен байланысты процестердің жүру барысын өзгертуде. Өйткені, су айналымын үздіксіз тізбек түрінде елестетсек, сол тізбектің бір буынындағы өзгеріс бүкіл тізбектегі өзгерістерге себепші болады.Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өзен суларының жылдық ағыны өзгерген. Өндірісте пайдаланылатын сулар өндірілген өнім құрамына еніп немесе қалдық су күйінде жердің терең қойнауына кетіп, айналымға тусуі қиындайды. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластанған сулар табиғаттағы су айналымының нәтижесінде гидросфераның барлық дерлік бөлігіне таралуда. Ғалымдар қазіргі кезде адамзат үшін судың тапшылығы емес, ластануы басты проблема деген пікір айтуда

Қорытынды:

 

 

Өз  өлкеміздің су қорларына келетін  болсақ Жамбыл облысының барлық өзендері Арал теңізі алабына жатады. Қырғызстан жерінен бастау алатын Шу, Талас, Аса өзендері облыстың негізгі өзендері болып табылады.  
Облыс көлеміндегі жерүсті суларының сапасын зертханалық талдауда өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шу, Талас, Аса өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған.  
Жалпы облыс бойынша ластағыш заттар төгінділері “Шолақтау” таукен өндіру комбинаты, Шатыркөл руднигі, Ақбақай таукен металургиялық комбинаты, “Монолит ” ашық акционерлік қоғамы сияқты кәсіпорындардан болып отырғандығы расталып отыр.  
Қорта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланған әдебиеттер

 

 

1.      Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері». Алматы 2003 ж

2.      В.И. Вернадский «Биосфера», М. 1967 ж

3.      А.А. Горелов «Концепции современного естествознания» М. 2002 ж

4.      М.С. Панин «Химическая экология» М. 2002 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Жоспар:

 

 

I.Кіріспе

 

    1. Гидросфера, биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде

 

         II.Негізгі бөлім

 

2.1  Гидросфера-Жер шары суларының жиытғы

 

2.2  Гидросфера және оның бөліктері

 

        2.3 Судың қасиеттері.

 

 

        IV.  Қорытынды

       

 


Информация о работе Гидросфера және оның құрамдас бөліктері