Гипо- және гипер витаминоздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 12:48, творческая работа

Краткое описание

Витаминдер
Майда еритін дәрумендер
Рахит ауруына шалдыққан балалар
А витамин (ретинол)
Д дәрумені-кальциферол
Биологиялық қызметі
Гипервитаминозы
Е дәрумені - токоферол
Авитаминоз

Вложенные файлы: 1 файл

витам.ppt

— 468.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

Презентация 
Тақырыбы: Гипо- және гипер витаминоздар.

 

 

Орындаған:Бейсенова У

Тобы: 301-МПД

Қабылдаған:м.ғ.к. Бисимбаева

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

  • Витаминдер
  • Майда еритін дәрумендер
  • Рахит ауруына шалдыққан балалар
  • А витамин (ретинол)
  • Д дәрумені-кальциферол
  • Биологиялық қызметі
  • Гипервитаминозы
  • Е дәрумені -  токоферол
  • Авитаминоз

 

  

 

 

 

 

 

 

 

Витаминдер:

 

  • Тамақтық заттардың құрамында аздаған мөлшерде болатын, ағзадағы заттар алмасуы кезіндегі биохимиялық және физиологиялық процестердің қалыпты өтуін қамтамасыз ететін төменгі молекулалы органикалық заттар.

 

 

 

 

Майда еритін дәрумендер:

 

  • 1) А дәрумені (антиксерофтальмиялық)
  • 2) D дәрумені (антирахиттік)
  • 3) Е дәрумені (көбею дәрумені)
  • 4) К дәрумені(антигеморройлық)

 

 

 

 

 

 

 

Рахит ауруына шалдыққан балалар және остеопороз ауруына шалдыққан егде жастағы еркек

 

 

 

 

Қазіргі кезде дәрумендерді  екі түрлі әдіспен анықтайды:

 

Физико-химиялық анықтау  әдісі-адам ағзасындағы дәрумендердің  бар екендігін қан сарысуында,несепте  немесе биопсиялық материалдарды  зерттеу арқылы анықтайды.

 

 

Зерттелетін дәрумендердің  мөлшерін азайту немесе көбейту  арқылы тағаммен беру арқылы  анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

А витамині (ретинол)

 

  • А витамині – ретинол – майда еритін дәрумендерге жатады. Ретинол циклды бір атомды қанықпаған спирттерге жатады. Жарықты сезіну процесінде А дәруменінің биологиялық маңызы зор.

 

 

 

 

  • Сондай – ақ, А дәрумені клетка мембранасының өткізгішіне,кілегейлі қабаттың,терінің,бөгеттік қызметіне әсер етеді. Құрамында қос байланысы болғандықтан,тотығу- тотықсыздығу реакциясына қатсыады.

 

 

 

 

А дәруменінің жетіспеушілігі:

 

  • - Арықтау;
  • - Организмнің жалпы жүдеуі;
  • - Көз бен кілегейлі қабаттың,терінің ерекше зақымдалуы, т.б.

 

 

 

 

А дәруменінің авитаминозы:

 

  • А дәруменінің авитаминозы кезінде ксерофтальмия,яғни көздің,тұнық пердесінің бактериоцидтік қасиеті бар жаспен шайылмайды. Осының нәтижесінде қабыну,коньюктивиттер,ісік,тұнық пердесінің көрініп тұруы және жұмсаруы,кератомаляция дамиды.

 

 

 

 

А дәруменінің гипервитаминозы:

 

  • А дәруменінің гипервитаминозы кезінде көздің қабынуы,гиперкератоз,шаштың түсуі,организмнің жалпы жүдеуі байқалады. Бас ауруы,тәбеттің жойылуы,диспепсиялық құбылыс,ұйқы қашу пайда болады.

 

 

 

 

  • А дәруменінің гипервитаминозы балаларда А дәрумендік препараттар мен балық майын көп қолданғанда дамиды. Солтүстікте тұратын адамдарда теңіз мысығы,тюлень,ақ аюдың бауырын артық мөлшерде тамақпен қолдану нәтижесінде А гипервитаминозы пайда болады.

 

 

 

 

  • Ересек адамдар үшін А дәруменінің тәуліктік мөлшері 1 – ден 2,5мг дейін.
  • А дәрумені негізінен жануар текті өнімдер бай,ірі қара малдың бауыры,жұмыртқаның сары уызы,сүт,қаймақ. Теңіз окуні,треска,палтус,балықтарында бос күйінде А дәрумені көп болады. Сәбіз,томат,бұрыш және т.б.продәрумен каротин түрінде болады.

 

 

 

 

Д дәрумені-кальциферол.

 

  • Д дәрумені стериндерге жататын,химиялық құрылысы және биохимиялық белсенділгі бойынша ерекшелетін бірнеше қосылыс түрінде (Д1, Д2, Д3)болады.

 

 

 

 

  • Д дәрумені фосфор мен кальцийдің алмасуына қатысады деген болжам бар. Рахит ауруымен науқастанған адамдардың қан плазмасында неорганикалық фосфордың концентрациясы 2 есеге төмендегендіктен,қандағы фосфор мен кальцийдің қатынасы бұзылып, өз кезегінде аурудың дамуы мен сүйек кемігінің минералсыздануына әкеліп соқтырады.

 

 

 

 

  • Балаларда Д дәрумені жетіспегенде рахит ауруы пайда болады. Рахит кезінде кальций мен фосфордың алмасуы бұзылады. Остеомаляция дамиды. Рахит кезінде балалардың бастары мен іштері үлкейеді. Ересек адамдарда сүйексынғыш келіп,сүйекте жиналған тұздардың қанға өту-остеопороз дамиды,сүйек нәзік,тез сынғыш болады.

 

 

 

 

  •  Д дәруменінің тәуліктік қажеттілігі балалар үшін 12-15мкг,ал ересек адамдар үшін 12 мкг мөлшері жеткілікті. Жануар текті өнімдерде, Д3 дәрумені негізінен сары май,жұмыртқаның сары уызы,бауырда болады. Балық майында,күнбағыс,жүгері және ашытқында көп болады.

 

 

 

 

Биологиялық қызметі.

 

  • Кальцийферолдың негізгі қызметі кальцийдің алмасуын реттеу. Бірақ Д витаминінің биологиялық активтілігі жоқ,оның белсенділігі гидроксильді өнімдермен байланысу нәтижесінде пйда болады. Ең алдымен, Дз витамині бауырда,содан кейін бүйректе гидроксихолокальцийферол жасалады.
  • Рахитпен ауырған адамдарда кальций мен фосфордың алмасуы бұзылады.

 

 

 

 

Гипервитаминозы:

 

  • Д дәруменінің гипервитаминозы адамдарда рахитті емдеу барысында артық мөлшермен емдеу кезінде байқалады. Д дәруменінің артық мөлшері өлім қаупін туғызады.

 

 

 

 

К дәрумені.

 

  • К дәруменінің үш түрі бар: К1, К2, және К3 дәрумені болады.

 

                                                            

  • Описание

 

 

 

 

 

1. К витамині қанды  ұйытатын факторларды синтездеуге  қатысады. Ол факторлар синтезделіп  шыққаннан кейін ондағы глутамин  қышқылы карбоксилденеді,олардың  қызметі артады. Глутамин қышқылының  карбоксилденуі ферментінің қатысуымен  жүреді. Сол ферменттің коферменті  К витамині болады. 

 

 

 

 

  • К витаминінің ген деңгейінде әсері болады. Белок биосинтезін тоқтатытын D актиномиоцинін қолданып жасаған тәжірибелер мынаны көрсетеді: К витамині қанды ұйытатын фактордың синтезіне қатысқан кезде ДНҚ-ға тәуелді мРНҚ синтезін арттырады. Антагонизм К витамині мен дикумарин арасындағы ген-регулятор деңгейінде іске асады.

 

 

 

 

  • К1 дәруменін жоңышқадан,ал К2 дәруменін шіріген балық ұнынан бөліп аклынған. Каштан жапырағы,қалақай,жоңышқа,сондай-ақ,қырыққабат,шпинат,асқабақ,жаңғақ майы және т.б К дәруменіне бай. Жануар текті өнімдерден шошқа бауырында кездеседі.

 

 

 

 

  • К дәруменінің авитаминозы кезінде паренхиматозды және капилярлы қан кету пайда болады. К дәруменінің авитаминозы кезінде тамырлардың кез келген жарақат,қан кетуге соқтыруы мүмкін.
  • Емізулі балаларда тері астылық қан кету мен қан құйылу жиі кездеседі.

 

 

 

 

Е дәрумені -  токоферол.

 

  • Көбею дәрумені. Қазіргі уақытта биологиялық белсенділігі бар 8 табиғи қосылыс бар. Олар токол мен токотриенолдың метильдік туындылары болғандықтан,оларды токоферолдар деп айтады.

 

 

 

 

  • Токоферолдың сіңірілуі липидтер мен ет қышқылының қатысуымен жүреді. Одан соң Е витамині хиломикроондардың құрамында лимфатикалық жүйе арқылы қанға тасмалданып,қан липопротеидтерімен ұлпалар мен мүшелерге жеткізіледі. Жасушаларда токоферол биомембараға еніп жинақталады.

 

 

 

 

 

Авитаминоз :

 

  • Эритроциттердің пероксидтік гемолизе бейімделгенінің жоғарылауы.
  • Ұрықтардың атрофиясы бала көтергендердің түсік тастауы.
  • Бұлшық еттердің дистофиясы
  • Бауырдың некрозы
  • Мидың әсіресе мишықтың

 

 

 

 

  • Назарларыңыға рахмет!!!

Информация о работе Гипо- және гипер витаминоздар