Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 19:10, курсовая работа
Тіршілік ортасы – ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі. Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді, тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады. Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады. Орманда мекендейтін қоян өсімдіктермен немесе түлкімен тікелей өзара әрекеттеседі. Алайда ол өсімдіктер арқылы топырақпен, топырақ ылғалдығының мөлшерімен және тағы сол сияқтылармен өзара жанама әсерлеседі. Кез келген жануарлар және өсімдіктердің бейімдеушілікке мысал бола алады. Бейімделе алмағандардың барлығы өліп бітті. Мәселен, шөлде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ұсақ немесе тікен тәрізденіп өзгереді. Бұл буланудан сақтап, ылғал сақтайды. Көптеген бунақденелілердің реңі қоршаған ортаға сай келеді
Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдануға бейімделуі
Абиотикалық фактордың адаптациялануы
Өсімдіктер мен жануарлардың температуралық бейімделуі
Бейімделушіліктің түрлері
Қорытынды
1. Бүркеніш (жасырушы)
рең және оның түрлері. Бүркеніш
рең — жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік
ететін организмдердің жауынан қорғануы
үшін қажет болып табылатын бейімделушілік.
Жерге ұя салып балапан басатын (шіл, құр, бөдене, сайрауық, т.б.) құстардың реңі мекен
ететін орта жағдайына ұқсас. Сондықтан
олар жұмыртқа басып ұясында козғалмай
жатқан кезде жауына байқалмайды. Тіпті
жүмыртқаларының қабығындағы (сыртындағы)
секпілді дақтары да, жұмыртқаны жарып
шыққан балапандарының түсі де тіршілік
ететін орта жағдайына ұқсас болып келеді.
Ұяларына ешкім бара алмайтын өте биік
құз жартастарға ұя салатын ірі жыртқыш
құстар мен жұмыртқаларын жерге көметін
құстардың жұмыртқа қабығында теңбіл
дақтар болмайды. Көбелектердің жапыра
Күндіз ұшатын көбелектердің
бүркеніш реңі қанаттарының астыңғы
жағында (қанат асты түрлі түсті) болғандықтан
қонғанда қанаттары жайылмай бір-біріне
беттесіп жиналып тұрады. Ал түн көбелектерінің
бүркеніш реңі қанаттарының үстіңгі жағында,
сондықтан олар қонғанда қанаттары жазылып
тұрады.Бүркеніш реңі қанаттарының астыңғы
жағында болмағандықтан жауына байқалып
қалады (қанаттарының астыңғы жағы бірыңғай
акшыл реңді).Бүркеніш рең жәндіктердің
дене пішінінен де байқалады. Мысалы, көбелектің
бүтаққа жабысып тұрған қуыршағы бүршікке
ұқсаса, дернәсілдері бұтаққа жабысып
оқтай түзу болып қозғалмай тұрғанда бұтақтан
аумайды. Бүркеніш рең, әсіресе организмнің
жеке дамуының алғашкы (бастапқы) сатысында
(жұмыртқа, дернәсіл, балапан) және өте
баяу козғалатын немесе колайсыз жағдайда
тыныштық қалыпқа көшкен жануарлар үшін
өте қажет. Ал оқпан құс қамыстың арасына
ұя жасайды, абайсызда жакындаған жауын
байқап қалса дереу мойнын созып қозғалмай
қалады. Басқа орта жағдайына бейімделу
үшін жануарлардың тез арада реңдерін
өзгерте қою құбылысы тұқым куалайды.
Мысалы, құбылғы, камбала, ешкі
2. Сақтандырушы рең. Бұл рең улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерде айқын байкалады. Олардың реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болып келеді. Мысалы, ханқыз қоңызы (қызыл, сары, коңыр, күрең қызыл, айкын жолақты, т.б.) улы, ащы, сары түсті күйдіргіш сұйықтық бөлетіндіктен оған құстар еш уақытта жоламайды.Бал ара, түкті ара, жабайы аралар, улы жыландардың реңдері — оларды жыртқыш жануарлардан сақтайды. Сақтандырушы рең кейбір жәндіктер мен жануарлардың мінез-қылығынан да айқын байқалады. Мысалы, жорғалап бара жатқан қоңыздарға тиіп калсаң дереу өлгендей болып, біраз уакыт козғалмай қалады.
3. Қызықтырушы рең. Бұл рең, әсіресе жануарларға көбейер кезде пайдалы болады. Мысалы, қызыл орденді көбелектер, көгілдір қанатты шегірткелер, қосаяқтар, құстардың қораздарының өте әдемі реңдері өз дараларына көбею кезінде айқын көрінеді. Жайшылықта олардың реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып жауына байқалмайды.
4. Қауіп төндіруші рең. Кейбір жануарлар қауіп төнген кезде жауынан қорғану үшін айбар шегіп денесін әр түрлі пішінге келтіре алады. Мысалы: кең алқымды жылан кауіп төнсе басын тік ұстап, алкымын жалпайтып, кеңейтіп айбар шегеді. Ал түкті бүйі алдыңғы аяқтарын көтеріп құрсағымен жер тірейді. Қарақоңыз тиіп кетсең басын жерге тіреп құрсағын көтеріп дереу жағымсыз иіс шығарады. Құлақты кесіртке басының екі жағындағы әшейінде жиналып тұратын тері қатпарларын жазып жіберіп аузын ашып тұра калады. Дәуіттің канатында көзге ұксаған екі дақтары бар, ол тек қанатын жазғанда ғана көрінеді, қауіп төнсе қанатын жазып жауын үркітеді.
5. Еліктеуші рең (мимикрия грекше "mimikos" — еліктегіш). Бұл
рең өсімдіктер мен жануарларда
6. Түйсік-сезімдік бейімделу. Жануарлардың кей түрлері қауіп төнген кезде қимылсыз өлген кейіпте тыныш жатса, кей түрлер өз жауына айбат көрсететін мінез-қылық көрсетеді. Бейімделудің бұл түріне кей жануарлар түрлерінің қоректік заттарды қор ретінде жинауы да жатады. Сонымен бірге кей түрлердің жазғы немесе қысқы ұйқыға кетуі немесе түнде, не күндіз белсенді тіршілік әрекет етуі, т.б. жатады.
7. Ұрпағына қамқорлығы. Бейімделудің бұл түрі кейбір балықтарда, құстарда және сүтқоректілерде жақсы дамыған. Олар өз ұрпақтарын жауларынан корғауда белсенді мінез-қылық көрсетеді.
8. Физиологиялық бейімделу. Әрбір организмде өзінің тіршілік ортасына сәйкес зат алмасу процесінде едәуір бейімделушілік белгілер мен қасиеттер қалыптасады. Ылғалды немесе қуаңшылық жерлерде өсетін өсімдіктер жәндіктердің белгілі бір түрімен ғана тозаңданады.Жануарлардың (әсіресе сүйекті балықтардың) паразитті құрттардың өте көп ұрпақ қалдыруға ұмтылуы да, олардың бейімделушілігінің бір көрінісі болып саналады.
Сонымен, бейімделушілік дегеніміз
тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы
жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын
ерекшеліктерді иемдену қасиеті. Кезінде
Ламарк тірі ағзалардың өздері өмір сүретін қоршаған
орта жағдайларына бейімделуге мәжбүр
болатынын байқады. Дарвин теориясында бейімделгіштік
дамытылып, толықтырылды. Тірі ағзалардың
әркайсысы өз табиғи қоршаған ортасынан
барынша көп пайда алуға, сондай-ақ әркайсысы
оған қарама-қайшылық көрсетпеуге тырысады.
Тіршілік иелерінің барлығының міндеті
- тіршілік үшін қүресте онша шиеленіссіз
өтетін өз экологиялық таушасын (ниша) табу. Сонымен эволюция нәтижелерінің бірі - тірі ағзалардың
қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштік.
Қоршаған орта тек әлі табиғат қана емес, сонымен бірге өзара
құрделі әрекеттесіп, біріне-бірі өзара
ықпал көрсететін тірі және өлі зерзаттардың
барлық құрамдас бөліктері. Бейімделгіштік нәтижесінде
түрлердің әркайсысы арнаулы сапалар
мен қасиеттерге ие болды. қоршаған ортаның
осы нақтылы жағдайларында сол қасиеттер
олардың тіршілік етуін жеңілдете түсті.Әр
түрлі отрядқа жататын құстардың (күндіз қоректенетін
жыртқыш құстар, түйеқұстар, пингвиндер
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдануға бейімделуі